Қазақша реферат: Қазақстандағы қуыршақ театрлары |

0






Қазақстандағы Ұлттық өнеріміздің кенжелеп дамыған түрі және де дұрыс көңіл бөлінбей келе жатқан саласы — қуыршақ театры. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе, халық боламын десең, қалпыңды бұзба!» — деп халық даналығын жарыса қайталағанымызбен, нақтылы күнделікті ісіміз кереғар жататынын мына дәлелдерден-ақ көруге болады. Қазақстанда бар-жоғы мемлекеттік алты-жеті қуыршақ театры бар, ал, сол бар театрлардың өздерінің өнерлері мұқият сараланып, кэсіби мамандардан нақтылы көмек-кеңес алмағандарына, бір-бірімен тәжірибе алмаспағандарына көп жылдардың жүзі өтті десек, оның түк те жалғандығы жоқ. Осы олқылықтардың орнын толтырып, жас ұрпақты ұлттық рухта өз ертегілерімізбен, төл әдебиетіміздің негізінде — қазақстандық ізгі сезімдерге тәрбиелеу мақсатында Мэдениет министрлігі Алматы қаласында сонау 2002-ші жылдың мамыр айының 13-і мен 16-сы аралығында, еліміз тэуелсіздік алғаннан бергі қазақстандық қуыршақ театрларының тұңғыш фестивалін өткізген-тін. Фестивальге қатысуға сұраныс білдірген театрларға сол жолы мынандай талаптар қойылды: қойылым, тақырыбы жағынан және айтар ойы мен мазмұны тұрғысынан, жас ұрпақтың бойында Отанға, елге, туған жерге деген ізгілікті адами сезімдерді тәрбиелейтін драматургиялық шығарма болуы керек. Қуыршақ театрларының заңдылықтарына сай, өзіндік ерекшеліктеріне сүйене отырып, оқиға желісінің өрбуін, кейіпкерлерінің қарым-қатынастарын, олардың мінез-құлықтарының ашылу жолдарын қуыршақ өнерінің бар мүмкіндігі мен жетістігін толық пайдалана отырып, көрсетілген сахналық қойылым ғана фесивальге қатысуға жолдама алды. Қазақстандық қуыршақ театрларының кәсіби деңгейін көтеріп, жаңа ізденістерге бастау үшін және фестиваль жұмысының тиімділік жолдарын арттыру мақсатында қазылар алқасының құрамына белгілі өнер қайраткерлері енгізілді. Қазақ мультипликациялық кино өнерінің атасы — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әмен Хайдаров, Т. Жүргенов атындагы Өнер академиясының сол тұстағы ректоры, профессор Тілеуғали Қышқашбаев, театр сыншылары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Әшірбек Сығай, өнертану ғылымының кандидаты Еркін Жуасбек, Мэдениет комитетінің театр, музыка жэне кинематография бөлімінің сол кездергі бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылханұлы және осы бөлімнің бас маманы Мұрат Хамитұлы Ерғалиев бекітілген болатын.












.





.

Алматы қаласында өткізілген бұл фестиваль қуыршақ өнерін жаңа белестерге көтеріп, жас таланттарды қанаттандырып, қуыршақ театрына деген мемлекеттік тұрғыдан жанашырлық жаңа көзқарасты қалыптастырып, алдағы уақытта үкімет тарапынан нақтылы қолдау табады-ау деген сенімдерге негізделді. Еркін еліміздің ертеңі, отанымыздың болашағы қандай болмағы әр күнгі ыждаһаттылықпен атқарған еңбегімізден көрінетіні даусыз. «Еккенің тікен болса, орарың балауса болмас» деген бабалар өсиетін әрбір ата-ана, елінің ертеңін, жерінің тұтастығын ойлаған әрбір азамат бір сәт те есінен шығармай, әкелік парызым деп түсінгендері абзал. Сонда ғана республикалык қуыршақ театрларының саны ғана өсіп қоймай, шын мәнінде оның сапасымен де жас ұрпақтың жан әлемін сәулелендіріп, сайын даласындай дархан, биік тауларындай өр, өмір берген, жарық берген Отан-Анасы үшін от кешуге де әзір ұрпақтарды тәрбиелейтін әуелгі рухани мектепке айналары негізгі ұстаным болуы тиіс. Алматы, Астана, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жезқазған, Ақтөбе, Қостанай облыстарында өнердің бұл жанрына деген сүйіспеншілік еш бәсең тартпаған. Оған тағы да бір дәлел — 2004-ші жылдың күзіне қарай Ақтөбе қаласында болып өткен халықаралық қуыршақ театрларының II-ші фестивалі. Демек, бұл саладағы ізденіс әрекеттерін аттап өтуге болмайды. Ең кішкентай бүлдіршіндерге арналған қызықты репертуар жасаудағы қаламгерлердің де белсенділігі өз деңгейінде емес. Самарқаулық сезіледі. Қысқасы, балалар ұғымына лайықты шығармаларға зәрулік байқалады. Театрларымыздың да өзіндік ізденістері тым баяу дерлік. Аңыз-ертегі, көне жыр-эпос дегеніңіз халқымыз тарихында жетіп артылмай ма? «Тазша бала», «Жалғыз көзді жалмауыз», «Шойын кұлақ», «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», т.б. қилы тақырыптарға әр қырынан тап-сырыс беріп, жазармандарды қызықтырарлықтай жұмыс жүргізсе, қалай болғанда да әжептәуір нәтижелерге қол жеткізуге болар еді деген ойдамыз. Оның бер жағында, С.Бегалин, С.Омаров, Т.Ізтілеуов, С.Жүнісов, Қ.Мырзалиев, Е.Елубаев, О.Әубәкіров сынды, т.б. осы заманғы ақын-жазушыларымыздың туындыларын аударыстырып көрсе, тәп-тәуір дүниелерге тап боларымыз бек рас. Тек кұлық керек, кұлшыныс қажет.

Әйтсе де, Республика шеңберінде қашанда осынау жетіс-тіктерінен гөрі, жетпей жатқан тұстары көп болып жататын қиын өнермен шаршап-шалдықпай, қажымай-қожырамай тынбай ізденіс үстінде жүретін сергек жандар сирек те болса баршылық. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Құралай Ешмұратова сонау алпысыншы жылдардың бел ортасынан бері қарай осы аталмыш жанрдың, яғни қуыршақ театрларының жоғын іздеумен әуре. Көп жылдар бойы Алматыдағы республикалық қуыршақ театрының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Одан Астанаға барып, ол жерден де осы өнердің отын түтетті. Қуыршақ өнерін «баланың ойыны» деп қарамай, керісінше, оны сәбидің ой-өрісін толыстырар рухани қазына деп қабылдайтын алғыр ұйымдастырушы, көрнекті режиссердің адал еңбегіне дән риза болмасқа әддіңіз жоқ. Сол сияқты, Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының ұстазы, режиссер Серік Макұлбеков те өз кәсібінің шын жанашыры. Мәселен, Ақтөбе қалалық «Алақай» атты қуыршақ театрында Г.Біржанова, Л.Сүлейменова, Ә.Құрманалина есімдері әрдайым кісі жүрегін қуанышқа бөлейді. Ептеп іздестірсең, осындай-осындай өз мамандықтарына барынша берілген жандар әр тараптардан да табылатыны хақ. Тек, оларды қоштап, қолдап отырған жөн. Хош дей отырып, осы орайда, айта кетер бір мәселе, Алматыдағы Республикалық бас қуыршақ театрына күлкі әлемінің классигі, балаларға арнап бірнеше туындылар жазған марқұм Оспанхан Әубәкіровтің есімін берсек, бұл да болса аталған өнердің бедерін көтере түсер бірден-бір ізгі шара болып есте қалар еді. Балабақша түлегі — ертеңгі үлкен көрермен. Ал, көрерменді бала жасынан тәрбиелемесек, тығырықтан шығудың жолы қиын-ақ. Әдебиеттерді ақтармайынша репертуар тапшылығынан шыға алмасымыз әбден мүмкін. Қазақ перзентінің театр өнеріне деген қызығушылығын оятпайынша, сауатты, салиқалы, саналы сахна сүйер қауымды қалыптастыру, олардың мәдени-рухани көзқарасына өзгеріс енгізу — күрделі мәселе.





.

Қазақтың Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академия-сының қуыршақ бөлімінде оқып жатқан актер, режиссерлерге, осы ретте артылар жүк тым ауыр. Қуыршақ өнерінің болашағы соларда. Сондай-ақ, Қуыршақ театрларының фестивальдерін өткізу, қуыршақ театрларының репертуарын толықтыру мақсатында әдеби конкурстар жариялау, басқа да өнер салаларының қайраткерлеріне құрметті атақтар үлестірер тұста аталған өнер иелері бейнеттерін де ұмытпау жағын ойлансақ нұр үстіне нұр болар еді. Әйтпесе, Республикадағы жалпы саны онға жетер-жетпес қуыршақ театрлары ұжымдарында тек бірді-екілі кісінің ғана қолдары атақ-моншаққа жеткендері мәлім. Сонда, стимул қайдан келмек? Қайрат-жігер қалайша жаңылмақ? Ұлт болашағын ойласақ, бала тілегінен, перзент талабынан қымбат ештеңе жоқ. Ендеше, қуыршақ театр өнерінің ертеңі — бүгінгі тәрбиемен тікелей байланысты.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!