Қазақша реферат: Қазақстандағы әскери педагогиканың дамуы |

0






КСРО ыдырағаннан кейін 90-жылдардың басында Қазақстанның біртұтас Қарулы Күштерінде, басқа көптеген посткеңестік мемлекеттердегідей егеменді мемлекет ретінде әскери ғылымның дамуының тежелу, тоқырау мәселесі пайда бола бастады. Ол өткір де өзекті мәселе еді. Шынайы себептермен көптеген офицерлердің өз елдеріне оралуына байланысты сол жылдарда жас Қазақстан армиясының офицерлер құрамының корпусы сандық және сапалық деңгейі бойынша, сол кездегі талаптарға сай келмеді.
Сол жылдардағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың өте маңызды мәселесі «маман тапшылығы» болды. Тек қана 1992-1994 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен ТМД аумағындағы мемлекеттердің Қарулы Күштеріне ауысқандар, сондай-ақ, қызметтен запасқа босатылған офицерлер құрамының қатары бірнеше мыңда-ған әскери қызметшіге жетті.
Сондықтан «жедел» түрде офицерлерді қызметке тағайындау бойынша шешім қабылдауға тура келді, өйткені әскери бөлімдердің жеке құрамы, рота, батальон тіпті полктарға дейін командирсіз қалды. Полктарда жартысы Қазақстаннан кетуге жиналған азғантай офицерлер ғана қалды.
Қорғаныс министрлігі қызметінде, қарулы күштер түріндегі дивизион басқармаларында мамандарға қатысты жағдай, яғни оларда офицерлер қүрамының жеткіліксіздігі жан ауыртатындай жағдайда болды. Бүл қүрылымдарда негізінен Ресейден және Украинадан шыққан тәжірибелі офицерлер қызмет атқарды. Олар қысқа уақытта басқа мемлекеттің қарулы күштеріне ауысуға өтініш білдірді. Сол жылдары офицер мамандарды дайындау қүлдырауға жақын болды.
Бүл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бастапқы даму сатысы кезеңінде басшылық құрамның кәсіби шеберлігі мен әскери педагогиканың дамуына өз кесірін тигізді.
Сонымен бірге 90-жылдардың басында елімізде Қазақстан армиясын құру мен дамытудың мәселелері бойынша бірқатар маңызды заңдар қабылданды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын 2030 жылға дейін жеделдетудің стратегиялық курсына сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың оқу-тәрбиелік қызметін түбегейлі қайта құруды жүзеге асыруға міндеттер қойды.
Кейінірек, 1999 жылы 9 мамырда Н.Ә.Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық қүрамының алдында сөйлеген сөзінде: «Біз жаңа армия құрамыз. Ең алдымен мемлекетке, әскери міндетке берілгең терең құзіретті басшылар, генералдар мен офицерлерді қалыптастыруымыз қажет», — деді.
Оқу және тәрбие жұмыстарын қайта құру бойынша, офицерлердің жоғары педагогикалықжәне кәсіби шеберлігін қалыптастыру бойынша міндеттерді шешу ұзақ уақыттық кезеңге есептелген. Отандық әскери педагогикадан әскери тәжірибеге өту қажеттіліктен туды, армиядағы оқу-тәрбиелік жүмыстардың барлық түрін кешенді жасауды, офицер-лер, прапорщиктер және сержанттардан бастамалар мен педагогикалық шығармашылық тұрғысында шешуші өзгеріс жасауды талап етті. Сондықтаң әскери педагогиканың іргелі теоретикалық мәселелерін жасаудың қатарына, біздің көзқарасымыз бойынша, озық әскери-педагогикалық тәжірибені зерттеуге, толықтыруға және ендіруге, сондай-ақ, жеке құрамның жоғары деңгейде ұрыстық дайындығың әскери шеберлігің тәртібі мен ұйымдастыру үшін барлық офицерлерге, командирлерге белсенді көмектесетін тәжірибелік ұсыныстар жасауға ерекше назар аудару қажет.
Отандық әскери педагогиканың басқа педагогикалық ғылым-дармен зерттеу саласында бірқатар жалпы мәселелері бар. Көбінесе, әскери педагогика әлеуметтік және тәрбие мен оқытудың, қоғамдық құбылыстардың табиғаты мен адамдардың өзара қарым-қатынасы мәселелерін зерттейтін ғылымдар тобымен тығыз байланысты ғылым ретінде түсіндіріледі.
Отандық әскери педагогиканың нақты мәселелерінің дамуы үшін үлкен мәнге ие және зерттеулері мен нұсқаулары бар қоғамдық ғылымдар арасында философия, әлеуметтану, этика, эстетика, саясаттану, қоғамдық және әскери психология, тарих, сондай-ақ, бірқатар ғылыми-техникалық және әскери пәндер бар.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери педагогикасы қазіргі уақытта отандық педагогикалық ғылымдар мен кеңестік әскери-педагогикалық мектептердің озық жетістіктерін өзіне жинақтаған жас ғылым. Сонымен бірге, заманауи отандық педагогика әлемдік педагогиканың кезеңі болып табылатың педагогикалықғылымдардың тарихымен тікелей байланысты кеңес педагогикасының озық идеяларының негізінде қалыптасты. Педагогиканың ғылыми таным саласы адамды тәрбиелеу мен оқыту үрдісі болып табылады деп саналады (отандық, кеңестік, әлемдік).
Отандық әскери педагогиканың мақсаты — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының барлық деңгейдегі командирлері мен офицерлерін біліммен қаруландыру.
Сондықтан отандық әскери педагогика біздің көзқарасымыз бойынша жеке құрамды әскери оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің мәселелерің ұрыстық шеберліктің қалыптасу заңдылықтарың әскери қызметшілердің рухани және дене тұрғылық күштерінің дамуың олардың моральдық-психологиялық қалпы мен ұрыстық дайындық міндеттерін жемісті орындауға дайындығын зерттеуге тиіс.
Бұл аспектіде Отандық әскери педагогиканың алдында біз көріп тұрғандай Қарулы Күштердің әскери қызметі мен әрекетінің барлық үрдісінде тиімділік пен шынайылықты қамтамасыз ететін Қазақстан-ның армиясын қайта құру жағдайында жеке құрамның әскери оқуы, тәрбиесі мен психологиялық дайындығы үрдісіне қатынасы мен берік байланысын терең ашып зерттеу тұр.
Сонымен бірге қазіргі жағдайда армияның жеке құрамының әскери оқуы мен тәрбиесі үрдісінің педагогикалық аспектілері мен мәнін зерттей отырып, отандық әскери педагогика біздің көзқарасымыз бойынша, әскери ұжымдағы оқу-әдістемелік жұмыстардың әдістерің түрлерің негізгі қағидаларын анықтайды.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!