Қазақша реферат: Қазақстан банк жүйесі – кеңестік дәуірде
Кеңестік билік кезінде Қазақстанның өзіндік банк жүйесі болған жоқ, себебі республикасыздың территориясында КСРО несиелік жүйесінің бөлімшелері жұмыс атқарды. Сондықтан банк жүйесінің тарихы КСРО тарихы және көтеріліске дейінгі Ресейдің тарихымен тікелей байланысты. Патшалық Ресейдің банк жүйесінің құрамына кірді: Мемлекеттік банк, акционерлі банктер, өзара несие беру қоғамдастықтары, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері және басқа да несиелік мекемелер.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (1860 ж. Бастап жұмыс істейді) бүкіл несиелік жүйенің Орталық банкі болфп табылады. Оның қолданысқа қағаз ақшаны еңгізуге монопольді құқығы болды. Ресейдің Мемлекеттік Банкі 1914 ж. ағымдағы есептердің және салымдардың жартысынан көбін, акционерлі-коммерциялық банктердің қарыз беру операцияларының 1/3 иемденді. Басқа елдердің орталық банктеріне қарағнада Ресейдің Мемлекеттік Банкісі тек қана банктерге несие беріп қана қоймай, өндірске, саудаға да қаражат берді. 1914 ж. оның құрамында 10 кеңсе, 124 бөлімше, 791 мемлекттік қазынаның тіркелген кассалары болды.
Акционерлі коммерциялық банктер (47 банк және оның 743 бөлімшесі) қарыз беру капиталдары операцияларында басты орынға ие болып, 1914 ж. өзінің жоғарға деңгейіне жетті.
Орта және шағын буржуазияға қызмет көрсету үшін шағын несие мекемелері қызмет етті: өзара несие беру қоғамдастығы (11081), қалалық, халықтық банктар (343).
Ипотекалық несие беру жүйесі мемлекеттік дворянды жер банкінен, мемлекеттік жерге берілетін банкі, 10 акционерлі жер банклері, 36 қалалық несие банкілері және басқа да ипотекалық несие беретін банкілерден құрылды.
Басқа да несиелік мекемелердің арасында несиелік кооперацияның орын бөлек. Ол ауылдың адамдарына қызмет көрсетті. Құрамына несиелік серіктестіктер және қарыз сақтау кассалары болды.
1917 жылғы Қазан көтерілісінен кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекттік монополия принципі қолданылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейін, жеке коммерциялық және басқа да банктер мемлекет меншігіне өткен соң, мемлекетке тәуелді салалық және территориялық банктер құрылды. Банк жүйесінің тағы бір буыны болып мемлекеттік еңбек сақтандыру кассалары пайда болады. Кеңес билігінің алғашқы жылдарында мемлекттік банктармен қатар, мемлекттік емес несиелік мекемелер – кооперативті және жеке мемлекетті-капиталдық, шетел капиталын кірістірумен пайда болды.
1930 – 1932 жылдары КСРО-да өткізілген несие реформасы нәтижесінде жаңа принциптермен жұмыс істейтін салалық банктер пайда болды. Капиталды салымдарды қаржыландыру үшін арнайы 4 банк құрылды:
Өндіріс құрылысы және электр шаруашылығын қаржыландыру банкі (Промбанк). Ол 1959 ж. КСРО Құрылыс банкі болып қайтадан құрылды.
Социалистік жержі өңдеуді қаржыландыру банкі көптеген несиелік серіктестік және мемлекттік ауылшаруашылығы банктердің орынына ұйымдастырылды. 1959 жылы оның функциялары Мемлекттік Банк және Құрылыс банктері арасында бөлініп алынды.
Кооперациялық құрылысты қаржыландыру банкі (Всекобанк) Бүкілресейлік кооперативті банк негізінде құрылған. 1936 жылы жойлды, оның активтерімен пассивтерң жаңа ұйымдастырылған Сауда банкіне берілді.
Коммуналды және тұрғын үй құрылыс банкі (Цекомбанк) 1959 жылы құрылып, оның функциялары Құрылысбанкі және Мемлекеттік банкі арасында бөлініп алынды.
1990 жылы Егемендік Декларациясын қабылдағаннан кейін, 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан нарықтық экономика талаптарына сай өзіндік банк жүйесін құра бастады. 1991 жылдың қаңтарында «Қазақ КСР»-де «Банктар және банктік іс-әрекет туралы» Заң қабылданып, елде банк реформасы жүргізіле бастады. Мемлекттік банк Қазақстандағы өз бөлімшелерімен бірге Ұлттық банк болып, ал Мемлекттік Құрылыс банкі — акционерлік-коммерциялық Туранбанк деп өзгертілді. Агропромбанк – Қазақстан Республикасының акционерлік-коммерциялық Агропромбанкіне айналса, Внешторгбанк – акционерлі – коммерциялық Алем банкіне ауысты. Сбербанк — Қазақстан Республикасының акционерлік-коммерциялық Сбербанкідеп атала бастады. 1993 жылы осы банктер акционерлі банктер деп өзгертілді, Сбербанк Қазақстан Республикасының Халық банкі деп өзгертілді.