Қазақша реферат: Қазақ жерлерінің ресей империясының құрамына қосыла бастауы мен алғы шарттары туралы қазақша реферат
ХІІғасырдың аяғы менХІІІғасырдың басында Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда беделді орын алды. Жайылым жер үшін қырқысқан ру аралық тартысқа белсене қатысқан Шыңғыс тұқымдарының алакөздігін уақытша болсада әлсіреткен Тәукенің мемлекеті Қасым, Хақназар және Тәуекел тұсындағы елден қайда берік болды.Алайда 1718жылы Тәукенің өлімінен кейін қазақ жерінің бірлігі әлсіреп кетті. Тәукенің мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Алғашында Қайып ханға тәуелділігін мойындаған кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр 1723 жылдан жетекші хан болып саналды.
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне бас болған билеуші ретінде Әбілқайыр қолбасшылық, дипломатиялық қабілетін барынша көрсете білді.
Қазақ жеріне қауіп төндірген әсіресе Жоңғарлар еді
XVIIғасырдың 40жылдарынан бастап сан рет жойқын шабуылдар ұйымдастырған жоңғар мемлекетінің мақсаты қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, оны бағындырып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату болды.
1711-1717жылдар аралығындағы жоңғарлардың қаптаған қолы қазақ жүздеріне басып кіріп, қазақ халқын қанқақсатты. Жоңғария әскери өктемдігін пайдаланып, XVIII ғасырдың аяғы — XVIII ғасырдың басында Жетісудың бір бөлігін басып алды, жоңғардың әскери топтары Сарысу өзені алқабына дейін жетті. Қалмақтардың соққысының ауыр болғандығы сонша, енді үш жүздің өкілдері жауға қарсы күрес ұйымдастыруды бірлесіп шешуді қажет деп тапты. Осы мақсат пен 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері Қарақұм маңында бас қосып, жоңғарларға қарсы төтеп беру мәселесін талқылады. Осы кеңестің шешіміне сай біріңғай халық жасағы құрылып, жоңғар әскерлері шығысқа қарай ығыстарылды. Күшті біріктіру кейінгі жылдары да тамаша нәтиже берді. 1711жылы жоңғар феодалдары Қазақстанға шабуыл жасағанда қазақ батырлары тізе қосып, халық жасақтарын бастап жауға соққы берді. 1712жылы қазақ жасақтары Жоңғарияға кірді. 1713 жылғы жоңғар қоңтайшысының қазақ жеріне жасаған жорығы олар үшін сәтсіздікпен аяқталды. Алайда келесі жылы қазақ хандығы Жоңғариядан жеңіліс тапты. 1718 жлы қзақтардың жеңісі қазақ халқының жағдайын жақсарта алмады.1723 жылы қазақтардың арасындағы қырқысиы сезген жоңғар жасақтары тұтқиылдан баса – көктеп кірді . Жоңғарлардың күтпеген жерден ұйымдастырған шабуылы қазақтардың халін, тарихта Ақтабан шұбырынды-алқакөл сұлама деген атпен қалған қайғылы оқиғаға душар етті.
Қзақ халқының халықаралық жағдайының нашарлауының нәтижісінде Әбілхайырдың өзінің шешімімен қазақ халқын тесей империясының құрамына кіргізу керек деп ұйғарды.
Осылайша 1726жылы Ақтабан шұбырынды ақтабан шұбырынды мейлінше қақап тұрған кезде Әбілқайыр патша үкіметіне өкілін жіберіп, империяның құрамына кіруге талпынған болатын. Бұл жолы да ханның ұсынысы жауапсыз қалды.
Әбілқайырдың шешімі, әрине қазақ жерін басты жау жоңғарлардан қорғауда белгілі рөл атқарды.
Алайда жылдан-жылға Ресей мемлекеті отарлау саясатын үдете түсті. Бұл жағдай қоғамында хандық партия мен Ресей мемлекетінің билігінің қазақ жерінде нығаюына о бастан қарсылық білдіргендер арасындағы жікті алауыздықты А.И Тевкелевті кейіннен өзінің журналында атап көрсетті. Әбілқайыр Ресей үкіметінің қолдауын арқа тұтып, өзінің қарсыластарын әлсіретуге тырысты. Кіші жүз ақсүйектерінің өзара күресін шебер пайдаланған патша үкіметі әкімшілік және саяси шаралармен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды жеделдетті .
Осылайша Ресей үкіметі біртіндеп қазақ жерінің бүкіл аумағын өзінің қол астына кіргізді.