Қазақша реферат: Қазақ режиссурасы қашан қыр асады?..

0






Қазақ кәсіби театр өнерінің өткені мен кеткенін безбендейтін уақыт мезгілі сексен жеті жылдың қоңырауын соқты. Сан жанрлы, қилы салалы ұлттық мәдениетіміздің ұйытқысы, мәйегі іспетті тұңғыш драма театрымыздың «шекпенінен» шыққан кеп түрлі өнердің, бүгінде, рухани мәртебеміз екендігін дәлелдеп жатудың өзі артық. Филармониялық, концерттік, опералық ұжымдар (айналып келгенде) жоғарыдағы қазақ драма өнерінің қара шаңырағынан енші алғандар. Қазақ топырағында бүршік атып, гүл шашқан өнер атаулы, ең алдымен, сол баяғы академиялық өнер атаулы — қазіргі М.Әуезов атындағы ежелгі (өз өлшемімізбен санағанда) сахна ұжымына қарыздар. Ол жағы сандаған өнер әдебиеттерінде, газет- жорналдарда, ғылыми зерттеу жүмыстарында, бүқаралық акпарат күралдарында барынша сөз болып келе жатқаны белгілі. Өнердің қай жанрын болмасын, шарпып өтер драма саласы бүкіл мәдени ахуалымыздың айқын көрсеткіші іспетті. Соның ішінде, дүниежүзілік (бұрынғы одақтық, берісі азиялық, шығыстық қана емес) деңгейде әжептәуір мойындалып үлгерген кәсіби актерлік мектебіміздің үлестік салмағы кэдімгідей салиқалы. Кене Грекиядан тамыр тартқан театр көші Еуропа мен орыс жерін баса көктей қазақ даласына енгенін еске алсақ, әлемдік өреге иек арта сөйлегеніміздің түк те сәкестігі жоқ секілді. Әсіресе, актерлік өнеріміздің кең өрісі, өнегелі түстары жөнінде. Шыққан биігі жайында. Актерлік кәсіптің әуелгі тізгінін ұстаған сонау алғашқы жеті ақсақал салған сара жолды бетке ұстаған бертінгі ұрпақ өкілдері қашандағыдай ширақ па? Ол енді басқа әңгіменің өзегі.












.

Ал режиссура турасында не айта аламыз? Актерлік тарихтағы зор бедел бүл салада қалайша көрініс тапқан?! Ойлануға тура келеді. Біріншіден, драма режиссурасы өмірге кешеуілдей енген. Ол кенжелік тек бізге ғана тән емес, өзге жұрттарда да солай. Режиссура кәсібінің немен айналысар тұлға екендігін француздар белгілеп, режиссер деген атауды атақты неміс И.Гете тәптіштей таңбалаған тұсқа дейін бұл мамандықтың қалың жұртқа «судай сіціп, тастай бата» қоймағаны тарихтан мәлім. Осынау жаһандық даңқы жер бетіне жайлап тарай бастаған тың да тылсым өнер түрі қазақ топырағына да жылжып жетті. Оның өзіміздегі ең алғашқы кэсіби ірі өкілі — ұлы Жұмат Шанин. Иә, ол сахна режиссурасы деп аталатын тың да түсініксіздеу тіршілік үлгісіне тұңғыш түрен салған нағыз өнер қайраткері. Тұңғыш деген сөздің өзінің салмағы таудай. Жас кәсіби театрдың алғашқы онжылдықтарында көл-көсір еңбек етіп, маңдай терін суша сыпырған асыл азаматтың өр түлғасы ұлт топырағында режиссура сынды нәзік те күрделі, пәлсапалық жұмбағы мол жауапты саланы халқымыздың санасына сауатты сіңіре білуі, сөз жоқ, үлан-ғайыр, үшы қиырсыз ауыр мехнат. Актерлігі, қаламгерлігі, музыкаға деген аса талапшыл талғампаздығы оның түңғыш режиссер атануына кең жол ашты. Афина аспаған, Мәскеу көрмеген, Петербург араламаған қарапайым дала перзенті бұрындары қанымызға сіңбеген, еліміздің тұрмысына енбеген тым жұмбақ та күрделі элемге қалай ғана қорықпай қол салғаны бертінгі ұрпақ, біздер, үшін әлі күнге дейін қызғылықты айғақ. Тыңнан жол салып, тақыр жерден театр тұрғызған алып баһадүрдей көзге елестер үлы режиссер бейнесі сан кеуделерде мақтаныш сезімін оятары табиғи құбылыс.

Алғашқы драма, опера қойылымдары сол кісінің еншісінде. Ұлт актерлерін тәрбиелеуді де мойнына алған сол азамат. Біріншілердің қатарында пьеса жазуды да өзіне міндет санап, өзі жазған «Арқалық батырды» әдемі актерлік, режиссерлік шеберлігімен табиғи суреттей білген жан-жақты сүңғыла өнер иесіне айтар тағы қандай назыңыз бола қояр екен? Әрине, жоқ! Жоқ! Тек алғыстан өзге айтарыңыз жоқ. Театр қүрылған сэттен-ақ үлы Шекспирге қол созып, өз эріптестерін элемдік биіктерге жетелеген түңғыш үлттық сахна бапкерінің, ойы озық үйымдастырушының зор парасат пайымы (осы күнге дейін) эрбір өнер адамын таңданыс сезімдеріне бөлер аса жағымды жағдай. Режиссура (актерлік өнерге қарағанда) мүлдем зерттелмей келе жатқан тың сала. Кезінде, академик, марқұм Рымғали Нүрғалиевтың аталған ұлы режиссер жөнінде жазылған «Талант трагедиясы» атты еңбегінен өзге татымды дүние жоқтың қасы. Сол сияқты, ұлы Жұмат Шанинді үстаз түтқан тағы да алғашқыларымыздың бірі — Асқар Тоқпановтың да өз жазбаларынан өзге ештеңе жоқ деуге болады. Таяуда ғана дүние салған келесі бір режиссура сардары Әзірбайжан Мәмбетов шығармашылығы мэскеулік маман Ирина Шостактың жалғыз кітабынан ғана орын тапқаны аян. Әлі жарық көріп, жұрт назарына түспеген өнертану ғылымының кандидаты Бақыт Нүрпейістің дэл қазір жазылып жатқан «Қазақ режиссурасының тууы мен қалыптасуы» деп аталатын докторлык еңбегі осы кемшіліктеріміздің орнын толтырар деген сенімдеміз. Қалай болғанда да, бұл күрделі саланың ғылыми тұрғыдан тиесілі бағасын беріп, оны шұқшия зерттеп-зерделеу (жасымыз бар, ересегіміз бар) — қазақ театртанушыларының төл мін-деті. Бұл әрбірден кейін рухани-мәдени, тарихи жағын былай қойғанда, патриоттық, азаматтық парыз. Ұлттық режиссурамыздың теориялық жүйесін бір ізге түсірмейінше, аталған саланың хронологиялық, реттілік сипаты жөнге келе қоймасы анық. Ол мақсаттардың, әрине, Жүмат Шаниннің мүраларынсыз жүзеге асуы тіпті де мүмкін еместігі екі бастан белгілі. Шанин замандастары төңірегінен сөз қозғағанда Жүсіпбек Аймауытов, Смағұл Сэдуақасовтардың режиссура ілімін дамытуға деген ішкі құлшыныс-көзқарастарын да ескермеу өзімізді-өзіміз қасақана тұқырту болып табылары сөзсіз. Аймауытовтың 1915-ші жылы «Біржан Сарадан» үзінді сахналап, сол кезгі мүмкіндіктердің шектеулі екендігіне қарамай, М.Әуезов, Қ.Сэтпаев, Т.Қозыбағарова сынды таланттармен шығармашылық одақ кұруының өзі талдап, талғай келгенде ғылыми теориялык нысанаға сұранып тұрған дап-даяр зәру тақырып. Қазақ театрының туған кезеңін осы жылдардан бастап кетсе болатындығын марқұм профессор Бағыбек Құндақбаев сан рет айтып, баспасөз беттерінде ресми пікір де білдірген, кезінде. Тіпті, қоғамдық ой бөлісу ретінде арнайы ғылыми-конференция өткізуді де жоспарлап жүрген едік. Амал не? Ойдағылар түгелімен орындала бермесі тағы бар. Әйтсе де, болашақ театртанушыларының ойлана жүрер бір мэселесі осы болуға тиіс. Егемен елдің еркін үрпақтары өз тағдыр-тарихтарын қайтадан қарап, дүдэмал тұстарды қайыра, елеп-екшеп жатса онда түрған өрескел түк те жоқ. Шанин, Әуезов, Жансүгіров, Тоғжанов және тағы басқалардың театр жөніндегі ойларын әлсін-әлсін толықтырып немесе олардың қайсыбір пікір-леріне орынды қарсылық танытып, соның ішінде, режиссура тарапынан сөз қозғап қана қоймай, іс жүзінде сол саланың төл топырағымыздағы даму процесіне жан-жақты жанашырлық танытқан ірі тұлға С.Сәдуақасов екендігіне еш күмэн жоқ. Белгілі экономист, марқүм Нүрым Сансызбаев (Сәдуақасовпен туыстық жайы да бар ғой деймін) театр туралы не жазсам да: — «Смағүл ағаны неге үмытасыңдар?»-деп наз айтудан жалықпайтын. Айтса айтқанындай, Смағүл атамыздың орынды ойлары бүгінгілерге зор мирас.





.








Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!