Қазақша реферат: Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуі |

0






Қазақ мақал-мәтелдерінің табиғатын сөз етуден бұрын жалпы мақал-мәтелдерге қатысты зерттеулерді қысқаша шолып өту артық емес. Бұл құбылысты арнайы зерттеуге байланысты ғылымда қалыптасқан пәнді паремиология деп атайды. Көп жағдайда бұл сала әдебиет құзырында қарастырылады. Бұл нысанды зерттеуші екінші бір салаға тіл біліміне қатысты тұрақты тіркестерге жатады. Басқа сала мамандарының (философия, педагогика, этнография т.б.) бұл саламен шұғылдануы әлдеқайда сирек және олар ММ-дің мағына-мазмұнына байланысты. Сондықтан да паремиологиялық зерттеулердің ішінде филологиялық зерттеулер мен ізденістер басым. Қай салада болмасын, ММ-дер жеке тіл, не тіл топтары және жалпы түрде зерттелініп, әрбір саланың өз мүддесіне сәйкес заңдылықтары мен ерекшеліктері прагматикалық және теориялық тұрғыдан қарастырылуда. Тіл топтарына байланысты теориялық еңбектердің ішінде біздің нысанға тікелей қатысы бар зерттеулерден біз Г.Л.Пермяковтың бірнеше еңбегін атаған болар едік. Олар: 1) От поговорки до сказки. М., 1970; 2) К вопросу о структуре паремиологического фонда // Типологические исследования по фольклору. М., 1975; 3) О смысловой структуре и соответствии классификации пословичных изречений // Паремиологический сборник. М., 1978; 4) Пословицы и поговорки народов Востока. М., 1979; 5) Основы структурной паремиологии. М., «Наука», 1988 т.б.





.

Автор өзінің бұл еңбектерінде жалпы шығыс халықтарының (соның ішінде қазақ, қырғыз, өзбек т.б. түркі халықтарының) ММ-дерінің тілдік табиғатын, мағына-мәнін, логика-семантикалық, заттық-тақырыптық топтарға жіктелу заңдылықтарын, т.б. ерекшеліктерін салыстыра-салғастыра қарап, жалпы паремиология теориясына қомақты үлес косқан деп айта аламыз. Алайда, бір өкініштісі, жеке тілдердің ММ-деріне бағышталған зерттеулерде Г.Л.Пермяковтың бұл жаңаша көзқарастары, әсіресе оның ММ-ді жіктеу, жүйелеу, топтастыру теориясы кең үрде өз жалғасын таба алған жоқ. Бұл теориядан біз біршама пайдаландық.








Жеке тілдердегі ММ-дерге бағышталған паремиологиялық зерттеулер өте көп және олар әр деңгейде әр түрлі мақсатқа, көпшілігі ММ-дер жинағын, не сөздігін жасауға, бүл қүбылыстың жеке аспектілерін айқындауға бағышталған. Бұл салада орыс тілі ММ-деріне бағышталған ірі-ірі зерттеулерден, мысалы, мына еңбектерді атаған болар едік: Снегиров И.М. Опыт рассуждения о русских пословицах. М., 1923; Даль В.И. Пословицы русского народа. М., ГИХЛ., 1957; Савенкова И.Е. Структура и семантика пословиц и поговорок современного русского языка. М., 1989; Жуков В.П. Словарь русских пословиц и поговорок, М., 1966, т.б.





.

ММ-дердің тілінен басқа табиғаты барлық тілдерде ұқсас болып келуіне байланысты біз бұл аталған еңбектерді қажеттігіне қарай қарастырдық.
«Халық даналығы» атты бұл жұмысымызды Жазуда біздің көбірек назар аударған әдеби бұлақтарымыз, негізінен, түркі тілдеріндегі ММ-дердің жеке аспектілерін, ерекшеліктерін зерттеуге, жинақтап жариялауға байланысты еңбектер. Солардың ішінде айрықша атауды қажет ететін еңбектердің бірегейі — татар ғалымы Нәқый Исәнбәттің «Татар халық мәкәльләре» деп аталатын (Қазан, 1959-1967 жж.) үш томдық жинағы. Бұл еңбекте дарынды фольклортанушы ғалым өзінің ұзақ жылдар бойы тірнектеп жинап, тәптіштеп зерттеу нәтижесінде татар тіліндегі 40 мыңға жуық (38.670) мақал мен мәтелді жүйелеп, топтастырып, зерттеп, жариялап отыр. Біздің пайымдауымыз бойынша халық даналығына арналған бұл тәрізді жұмыс жалпы түркология әлемінде, бірде-бір түркі тілі бойынша әлі істелінген емес. Түркі паремиологиясы бойынша істелген және істелініп жатқан жұмыстарды практикалықжәне теориялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, негізінен, мақал-мәтелдер жинағын шығару және олардың жеке аспектілерін (қырсырын) қарастырумен шектеліп келеді. Ал, Н.Исәнбәт сияқты әрі жинақ, әрі зерттеу мәселесімен қатар шұғылданушылар жоқтың қасы.






.

Дегенмен, бұлардың бәрі, қалай болғанда да, түркі әлеміне тән даналықтың ұйытқысы болып саналатын мақал-мәтелдердің шығу торкінін, қалыптасу зандылығын, жіктелуіндегі, ой-толғанысындағы, қолданысындағы ортақтық пен ұқсастықты айқындауда қажет мағлұматтар. Сондықтан біз бұларды қарастыруды да артық санамадық. Ондай жұмыстар түркітану саласында өте көп. Кейбіреулері мыналар: Ефимов Ю.Ф. Лексико-грамматические особенности чувашских пословиц и поговорок. АКД. Алматы, 1978; Гапаров С. Синтаксический строй киргизских пословиц и поговорок. АКД, Фрунзе, 1983; Мамедов А. Эллипсис в азербайджанском языке. АКД, Баку, 1981, т.б.

Мақал-мәтел жинақтары барлық түркі тілдері бойынша бірнеше рет жарияланды деп есептеуге болады. Ал, қазақ тілінің өзіне келетін болсақ, ММ-дердің жинақ ретінде жариялануы да, басқа тілдерден көне түркі ескерткіштерінен аударылуы да, зерттелуі де бұл тілде аз деп айтуға болмайды. Оларды мақсат-мазмұнына қарай іштей бірнеше топқа бөліп қарастыру ләзім. Солардың біріне оз мақсатына қарай қазақ ММ-дер табиғатын көптен бері тұрақты зерттеп, зерделеп келе жатқандардың бірі — әдебиетші ғалымдар болса, екіншілеріне тілші ғалымдарды жатқызамыз.

Алдымен қазақ мақал-мәтелдерінің топтастырылып, жинақ ретінде жарияланғандарын атап өтейік. Мәселен, паремиологиялық деректерге қарағанда қазақ мақал-мәтелдерін халық арасынан толық болмаса да жинап, әр түрлі басылымдарда жариялау XIX ғасырда көріне бастайды. 1879 ж. алғаш қазақ ММ-дерін жариялаған (Хрестоматия., Орынбор) және 1906 ж. толықтырып, ең таңдаулыларын қайта жариялаған қазақ ағартушысы Ы.Алтын-сарин болатын. Одан соң, 1899 ж. озіне дейінгі жарияланған 1500 ММ-ді жинақтап, «Сборник киргизских пословиц» (Оренбург) деген атпенен қазақ тілін алғаш зерттеуші түркологтардың бірі В.В.Катаринский жариялайды. Осы дәстүр жалғасып, қазақ ММ-дері 1923 жылы Мәскеу қаласында «Мың бір мақал» деген атпен, 1927 жылы Ташкентте «Казақ мақалдары» деген атпен (құрастырушы Ә. Диваев), Алматыда 1935 ж. «Қазақ мақалы мен мәтелдері» деген атпен (құрастырушы — Ө.Тұрманжанов) жариялана бастайды. Мақал-мәтелдердің толықтырылып шығарылған жинақтардың күні бүгінге дейін 10 шақты басылымы жарық көрді. Өткен ғасырдың 50-жылынан кейінгі басылымдары, мыс. Б. Акмуқанова, БАдамбаев, М.Әлімбаев, Б.Әбдильдина, ЖДәуренбековт.б. құрастырушылар, авторлар тарапынан толықтырылып, жаңаланып, толассыз жарияланып келеді. Ең соңғы, 2003 ж. жарияланған «Кдзақтың мақал-мәтелдері» (Алматы, 2003, 312 6. жалпы саны -4440 ММ) А.Т.Смайлова тарапынан құрастырылып, жарияланып отыр.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!