Қазақша реферат: Қаржы инвестициялары туралы қазақша реферат

0

Қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындарды,кәсіпорындарға үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқада борыштық міндеттемелер, нарық экономикадағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.
  Капиталды берудің формасы мен табысты бөлудің әдісіне қарай бағалы қағаздар ьорыштық және борыштық емес болып бөлінеді. Борыштық бағалы қағаздар-заттай емес активтерге берілген салым ретінде, пайыз түрінде табыс табуға құқық алу үшін айырбасқа қарызға берілген қаражат болып есептелінеді. Қарыз алуға алған қарызды белгілі бір белгіленген уақытта қайтаруға міндеттенеді.
Әдетте инвесторлар компанияның капиталына қатысу үшін бағалы қағаздарды-акцияларды сатып алады.
Акция-акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар ,ұйымдар,банкілер,кооперативтер шығаратын,осы қоғамдарды және т.б дамыту мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі.Акция шығару арқылы акционерлік қоғамдар ірі инвестицилық жобаларды тақарады.Акциялар эмиссиясы-дегеніміз акционерлік қоғамдарды құру, мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу,компанияның жарғы капиталын көбейту.
Қарыздық міндеттемелер инвестор мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынасты нақтайды.Қарыздық міндеттемелерге-облигациялар, мемлекеттік заемдар,банкілердің депозиттік және сақтау сертификаты, вексельдер жатады.
Туынды бағалы қағаздар иелерінің акцияларды және қарыздық міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығын бекітеді.Олар –опциондар,фъючерстік келісімдер.
Опцион –еңбек ұжымының мүшелеріне тегін берілген немесе жеңілдік шартымен сатылатын және кейіннен жазылым құқығын беретін бағалы қағаздар.
Қаржылық фьчерс –белгілі бір базистік активті болашақта тіркелген бағамен сатуға және сатып алуға жасалған келісім.
Бағалы қағаздардың иелеріне акциялар мен облигациялардың орнына берілетін бағалы қағаздардың сертификаттары бағалы қағаз болып есептелмейді. Олар бағалы қағаздарды сатып алу туралы куәліктің қызметін атқарады және бұл сертификаттарда қанша көлемде, қандай бағамен , қандай сомаға бағалы қағаз сатып алынғаны көрсетіледі.
Сертификаттың бір түріне –жамбо –сертификат немесе номиналдық құны өте жоғары аса ірі сертификат жатады. Мысалы:Швеицарлық жамбо –сертификат аса ірі акцияларды (1000 дана ) біріктіреді де, сомасы наминал бойынша 100 мың швейцарлық франк болады.
Ақшаларды акцияларға, облигацияларға және басқада да бағалы қағаздарға айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады. Кәсіпорын активтерінде ұзақ мерзімді (1 жылдан көп), қысқа мерзімді(1 жылдан аз)қаржылық инвестициялар болады.Көрсетілген активтерге қаражат құюшылар –инвестролар,ал бағалы қағаздар шығарушылар –элименттер деп аталады.
Инвесторлардың негізгі мақсаттарына жататындар:
-Салымдардың қауіпсіздігі;
-Салымдардың табыстылығы;
-Салымдардың өсуі;
-Салымдардың өтімділігі.
Инвестициялық жобаларды орындап,есептеп,олардың тиімділігі жобаға кеткен шығындар мен жобаның іске асу нәтижелерін салыстыра отырып,талдау нәтижелерін салыстыра отырып,талдау нәтиежесінде анықтау қажет.
Жобалық талдау дегеніміз капиталдық жобаның табыстылығын талдау процесі.Басқаша айтқанда, инвестициялық жобаға кеткен шығындар мен осы жобадан түскен табысты салыстыру.Ол үшін инвестициялық жобаның барлық сатылары мен аспектілеріне ұзақ талдау жасалынады: Негізгі талдау аспектілері:
Техникалық талдау.Инвестициялық жобаға неғұрлым дәл келетін техника мен технологияны анықтау.
Коммерциялық талдау (маркетингтік) Инвестицилық жобаны іске асырғаннан кейін,шығарылған өнімнің сатылу нарығын талдау, яғни қаншалықты көлемде өнім шығарылуы қажеттігін талдау, жобаға қажетті өнім нарығын талдау.
Институционалдық талдау –жобаны іске асырудың ұйымдық –құқықтық, әкімшілік және саяси ортасын бағалау . Осы ортаны мемлекеттік ұйымдардың талабына сай келтіру; тағы бір басты жай –фирманың ұйымдық құрылымын жобаға сай келтіру.
Әлеуметтік (әлеуметтік –мәдени) талдау жобаның жергілікті тұрғындарға әсерін зерттеу.
Қоршаған ортаны талдау –жобаның қоршаған ротаға тигізген кері әсерін экспертиза арқылы анықтау және ондай кері әсерлерді болғызбау әдістерін қарастыру.
Қаржылық талдау.
Экономикалық талдау.