Қазақша реферат: Қапан Бадыров |
Халқымыздың рухани тарихында аттары алтын әріппен жазылған табиғи талант иелері, ұлттық сахна өнерінің тұңғыш көшін тартқан құдіретті топтың өкілі, әрі кенжесі — Қапан Бадыров. Ол өнердегі тұңғыш қадамын өзінің туған елі Қостанайдағы Табын дейтін ауылда әуесқой жастардың қойған әйгілі жерлесі Б.Майлиннің сол кезеңде қазақ даласын кезіп кеткен «Бетім-ау, құдағи» комедиясындағы үндемейтін Айқын деген қалыңдықтың ролін ойнаудан бастаған. Осылай ауылдық мектептің іргесінен тұтанған өнерге деген құштарлық жас Қапанның келешегіне түрткі болып, машақаты мол шығармалық жолға түсіреді. Оның алдыңғы ағалары сияқты домбыра тартып, ән салатын, майын тамызып күлдіргі әңгіме айтатын қулар өнерінен де құралақан қалып, актерлік сапардың алғашқы жылдары көп қиналғаны бар. Ауылда ескіше оқып, әжептәуір хат тануынан үйге жиналғандарға әңгіме, жыр, қиссаларды оқуды кәдімгідей меңгерген бозбала Қапан сол кездегі замана ағымына қарай өнер-білімге ұмтылған жастармен ілесіп қалаға аттанады.
1922 жылы Қ.Бадыров сол уақыттағы Қазақстанның орталығы болған Орынбор қаласындағы Қазақтың халық ағарту институтына (Кино) оқуға түседі. Осында ол өзінің болашақ сахналық әріптестері Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, ақын И.Байзақовтармен танысып, «Шығыс кештеріне» солармен бірге қатысады. Орталық жастар клубының (оны «Кіндік клуб» деп те атаған) жұмысына жиі араласып, көркемөнер үйірмесі қойған спектакльдерге, түрлі концерттерге қатысады. Қ.Бадыров мұнда қойылымдардың көпшілік сахналарына қатысып, билет сатушының да қызметін атқарган.
1925 жылы ұлттық театр мәселесін ұйымдастыруды қолға ал-ғанда алғашқы актерлердің бірі болып Қ.Бадыров та қабылданады. Ол жазғы гастрольге дейін театрда істеп, өзінің шамашарқына қарай бірлі-жарым шағын рольдер ойнайды. Ол уақыттағы көрермен қауым әлі драмалық спектакльдерге үйрене қоймағандықтан соңынан концертке көп көңіл бөлінетін. Ән салып, домбыра тартатын немесе басқа жеке орындайтын өнері барлар көрерменнің қошеметіне бөленген. Жазғы гастрольге сондай өнері барларды ғана сұрыптап алып, қалғандары театрдан шығып қалатын. Міне, сондай тағдырға Қапан Бадыров та душар болған. Мұнан кейін Қ.Бадыров Алматыға келіп, зоотехникумға оқуға түскенмен өнерден қол үзбейді. Көркем үйірмелер жұмысына араласып, қалалық жұмысшы жастар театрының (ТРАМ) шығармалық басшылығына араласады. Бұл театрда сол уақыттағы оқушы-студент жастар, кейін қазақ сахна өнерінің мақтанышы болған К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, К.Қармысов та роль ойнап, өздерінің алғашқы қадамдарын бастаған. Талантты жастар Мұхтар Әуезовтің «Қаракөз», «Еңлік — Кебек» спектакльдерін қойып, қала жұртшылығына ұсынып отырған. Осылай Қ.Бадыров студенттік өмірмен әуесқой сахнадағы өнерін ұштасып жүргенде Қызылордада ашылған тұңғыш ұлт театры Алматыға көшіп келеді. Мұнда ол шығармалық жұмысқа қызу араласып, көп ұзамай ұжымның белді актерлерінің қатарына қосылады. Қ.Бадыров енді бойындағы өнерін тәжірибемен бірге оқумен толықтыруға күш салады. Ұжымның алғыр да білікті басшысы Орынбек Беков театрда өте бай кітапхана жасақтағана болатын. Мұндағы қызық кітаптарға қоса Мәскеудегі «Бюро вырезок» мекемесінен келіп түсетін тікелей сахна өнеріне қатысты мол материалдарды оқып, білімін тереңдету Қ.Бадыровтың үйреншікті ісіне айналады. Енді оның шеберлігі қалыптасып, дамудың тың белестеріне көтеріледі.
Қазақ театрына қызметке келген тұңғыш орыс режиссері Я.П.Танеев М.Тригердің «Сүңгуір қайық» пьесасын (қазақшаға аударған Орынбек Беков) сахнаға қойғанда Қ.Бадыров мұндағы ірі кейіпкер кеме капитаны Игорь Алениннің ролін ойнайды. Ол орындаған капитан батыр пішінді, ешкімнен қорқып жасқанбайтын, қажырлы да қайратты, саяси-әлеуметтік жолы айқын, революция ісіне берік, байсалды болып шыққан. Жас актер күрделі характердің бар ерекшелігін толық меңгермегенімен Игорь оның актерлік шыгармашылығында айқын із қалдырып, ұнамды кейіпкердің бейнесін жасаудағы алғашқы табысы болды.
1930-шы жылдардың орта шенінен бастап қазақ театрының репертуарынан ұлттық пьесалармен бірге орыс-кеңес драма-тургиясының озық үлгілері берік орын алады. Осы тұста қойылған В.Киршонның «Астығында» Қ.Бадыров райком секретары Михай-лов, Н.Погодиннің «Менің досымда» Басшы, К.Треневтің «Лю-бовь Яроваясында» Яровой рольдерін ойнап, актерлік өнерінің қалыптасып қалғанын көрсетеді. Алдыңғы екі рольде орындаушы партия ісіне берік, жетекші болыпевиктер бейнесін жасаған. Ол Михайловтың Кеңес үкіметінің жауларымен айқасқа түсетін көріністерде жігерлі, қауып-қатерді елемейтін, партиялық принципті жоғары ұстайтын ұнамдылық белгі-бедерлерін айқын ашқан. Ал, кейіпкер характерінің өзіне ғана тән ішкі дүниесі, психологиялық арпалыстары актер ойынынан толық көріне бермеген.
Басшы ролінде Қ.Бадыров партияның ірі басшыларының жи-нақты бейнесін жасауды мақсат түтты. Мүндай қайраткердің түл-ғасын актер іздену үстінде оның Серго Орджоникидзеге үқсас болуын қалаған, эрі сол ойын жүзеге асыруға барын салған. Сол тапқан сыртқы бейнелеу тэсілдеріне қарай Қ.Бадыров сахналаған Басшы өндіріс мэселесіне байланысты пікір таластарында өзін салмақты үстап, эр сөзін ойланып, мағыналы айтуға үмтылады. Бүл екі партия қызметкерлерінің сахналық бейнелері — кейбір олқылықтарына қарамастан Қ.Бадыровтың актерлік қызметінде елеулі орны бар, болашағына үлкен ықпал жасаған кейіпкерлер. Жэне осы рольдерді меңгеру түсында актер М.Т.Насонов сияқты тэжірибелі режиссер педагогпен шығармалық ынтымақта болып, сахналық өнердің сырын үғуға мүмкіншілік алады. Түптеп кел-генде, осының бэрі актердің шеберлігін үштап, мүнан кейінгі күр-делі сахналық бейнелердің тэжірибесі, үлкен асудың алдындағы түбегейлі дайындық еді.
Міне, осындай ірі шығармалық өсудің белгісі Қ.Бадыров жаса-ған — Михаил Яровойдың сахналық бейнесі. Бүл күрделі бейнені кескіндеуге актер мол дайындықпен кірісті. Ол Кеңес театрының сахнасына шыққан Яровой бейнесін жасаған басқа актерлердің тэжірибесімен танысты. Әсіресе, Добронравов сияқты шебердің латораториясына тереңірек үңілді. Алматыдағы республикалық орыс драма театрындағы Ю.Л.Рутковский ойнаған рольге де қатты көңіл аударып, жете танысты. Және осы роль үстінде актердің өз бетінше ізденіп, мол дайындық жүмыстарын жүргізу мэселесіне барынша көңіл аударуы да өз эсерін тигізбей қойған жоқ. Осын-дай тыңғылықты ізденістен, ерінбей еңбектенудің нэтижесінде Яровойдың сахналық бейнесі актер шығармашылығының жар-қын беті болып театр тарихына енді.
Қ.Бадыров жасаған Яровой — өз табының күшті де айлалы уэ-кілі, ақ гвардия ісі мен идеологиясы үшін аянбай күресетін, сол жолда ештеңеден аянбайтын жан. Ол өзін қоршаған топтан элде қайда жоғары түр. Сондықтан ол Малинин мен Кутов сияқты полковниктердің таяздығына, өмір ағымын болжай алмайтынды-ғына, келте ойлайтындықтарына іштей ыза болып, мазақ етеді.