Қазақша реферат: Қанабек Байсейітов |

0






Байсейітов Қанабек 1905 жылы 15 наурызда Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, «Қәлпе» ауылында туылған. Қазақ кеңес әнші-артисі, режиссер, кино-актер, драматург, қазақ музыкалық театрының негізін салушылардың бірі. ҚКСР-інің халық артисі (1936).
Қазақ сахна өнерінің негізін қалаған аға буын өнерпаздар жұлдызды тобының ішінде Қанабек Байсейітовтің есімі өнерсүйер қауым арасында ерекше ықласпен ауызға алынады. Қанабек Байсейітовтің өмірлік, шығармашылық жолы ұлттық театрдың дүниеге келуіне, қалыптасыуына биіктеп жоғары шыңдардан көрінуіне тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ музыкалық театрының тарихына көз жібергенде орындаушылық шеберлігінің өсуіне, режиссурасының қалыптасуына, репертуарының толығуына, дамып, өркендеуіне өзіндік үлес қосқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанабек Байсейітов есімінсіз елестету қиын.
Ауыл молдасынан хат таныған Қанабек Байсейітовтің жастық шағы төңкерістің аумалы-төкпелі кезеңінде өтті. Жаңа үкіметтің тәртібін ел арасында орнатуға ат салысқан ол милиция қызметінде болып өзінің еңбек жолын бастайды. Жастайынан жаңалыққа, өнер білімге жаны қүмарлығы білім іздетіп Алматы педагогикалық техникумына алып келді. Осы жерде ол актерлік өнердің не екенін біліп, орындаушылық шеберлігінен өзінің кәсіби сахнаға алғашқы қадамын жасады. Қазақтың түңғыш профессионал режиссері Жүмат Шанинді жазушы-драматург ретінде танытқан, бірнеше бөлімнен түратын «Арқалық батыр» пьесасын техникумнің көркем-өнерпаздар тобымен дайындаған қойылымында жас жігіт Қанабек басты түлға Арқалық батырдың рөлін орындап шықты.
Жас республиканың кәсіби өнер үжымдарын жасауға бет бүрған алғашқы қадамдарында сахналық өнерінің қалыптасуына Қанабек Байсейітовтің бойындағы ана сүтімен еніп жинақталған: әншілік, орындаушылық шеберлік, жазушылық, үйымдастырушылық қасиеттері молынан жарады. Осы бағытта ол өзге де өнер саңлақтарымен қазақ өнерінің көшбасшыларының біріне айналды. Алғашында драма театрының әртісі бола жүріп репертуарға қажетті орыс драматургтерінің пьесаларын қазақ тіліне аударып сахнаға қоюға мүрындық болды. Уақыт өте келе өзі де драматургияға қалам сермеп ұлттық сахна мен оның көрермендері қажет еткен комедия, операбалет либреттоларын дүниеге әкелді. Қ.Шаңғытбаевпен бірге жазған замандастар өмірінен сыр шертетін «Беу, қыздар-ай», «Ой, жігіттер-ай» комедиялары үлттық драма театрларының сахнасынан берік орын алды. Ал, оның либреттосына жазылған белгілі композитор С.Мүхамеджановтың «Айсүлу» операсы қазақ сахнасындагы алғашқы комедиялық жанрдағы туынды ретінде тарихта қалып халықтың сүйіп тамашалайтын спектакліне айналды. Бүл операның жекеленген музыкалық нөмірлері теле-радио, концерт сахналарынан жиі орындалатын жекеленген концерттік шығармалар болып кетті. Сонымен бірге біз Қ.Байсейітовті «Алтын таулар», «Достық жолымен» опера балеттерінің либреттосының авторы ретінде танимыз.
Қанабек Байсейітовтің режиссерлік жүмысы өзінше бір төбе. Ол театр репертуарында үзақ жылдар орын алған үлттық, орыс, әлемдік операларына қоюшы-режиссер ретінде белгілі. А.Жүбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ду-дарай», Е.Рахмадиевтің «Қамар сүлу», Палиашвилидің «Даиси», П.Чайковскийдің «Евгений Онегин», Бородиннің «Князь Игорь», т.б. туындыларын үлт опера театрының репертуарына алып келді. Әр қойылымга өте жауапкершілікпен қараған режиссер Қанабек Байсейітовтің бүл опералары үлкен шығармашылық дайындық, көп ізденістің арқасында дүниеге келді. Өзге халық туындыларын сахналауда сол халытың театрында жүретін түпнүсқа қойылымды тамашалап қажетті ой қорытулар жасағаннан кейін сахнаға шығаруды қолға алады. Орыс композиторлырының операларын Мәскеудегі Үлкен, Ленинградтағы С.М.Киров атындағы театрлар сахнасындағы озық үлгілермен танысып өзінің ой түйіндерін салыстыра зерттеулер арқылы дайындық сатысынан өткеннен кейін барып қояды. Мысалы, «Даиси» операсына дайындықты соғыс жүріп жатқан кездегі қиындықтарға қарамастан Тфилис қаласына барып түпнүсқа орындауда көріп, сол елдің үлттық маман кадрларымен кеңесіп, ақылдасқаннан кейін қазақ сахнасына қойды. Грузиннің аттары шар тарапқа тараған, танымал сахна жүлдыздары Алматыға келіп қазақ сахнасында, өз кезегінде сахнамыздың бүлбүлы -Күләштің грузин үлттық опера театры сахнасында алма кезек өнер көрсетуі қазақ музыкалық театрының, үлттық сахна тарихының айтулы беттері десек қателеспейміз. Міне осындай театр тарихына үмытылмастай беттер жазып кеткен Қанабек Байсейітовтің драма, опера сахналары мен кинодағы сомдаған партиялары жэне рөлдерінде қайталанбас өзіндік қолтаңбасы бар үлттық дэстүрмен сусындаған әралуан образдар элемін жасады. «Аманкелді», «Қыз бен жігіт», «Ботагөз» фильмдерінде Жағыпар, Жүрқа, Итбай бо-лыстарды, «Айман — Шолпанда», «Ер Тарғында», «Абайда» Арыстан, Тарғын, Абай бейнелерін сомдаған Қанабек Байсейітовтің музыкалық театрда сомдаған алғашқы туындысы «Қыз Жібек-те» Төлеген партиясы — суреткер шығармашылығындағы елеулі жүмыстарының бірі.
«Қыз Жібек» операсының дүниеге келуінен бастап қазақ сахнасы репертуарының түрақты туындасына айналуына, сөйтіп қазақ опера өнерінің дамуына қосқан үлестің астарында әнші Қ.Байсейітовтің де еңбегі зор. Қазақ музыкасының іргесін қаласқан композитор Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсына қалай кіріскені жайлы, жұмыстың барысына жэне сол кездегі күш қуаты толықсыған жігіт Қанабектің келбетіне «Дүйім дүлділдер» атты естелігінде былай баға береді: «Шанин мен Байсейітов Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек» пьесасының мазмүнымен егжей-тег-жейлі таныстырды. Ол кезде Қанабек Байсейітов күш қуаты то-лықсыған жігіт толысқан, кемел шағы. Таңертең ертемен қымыз сіміріп алып, жалаң трусишең таза ауаға шығатын, екі пүттық гирді арлы-берлі лақтырып, оны көтере лақтырып жіберетін, қүлағынан шап бере үстап, ермек қылатын. Қанабектің бойында қазақ батыр-ларына тэн сүлулық мол еді — иегінің дэл үшында сэл ғана шүқыр үялаған дөп-дөңгелек, жігерлі жүзі, бүлшық еті тырсиған сом де-несі, атқа мініп үйренген жылқышыға жарасатын нық та берік қисық аяқтары — бэрі де эсем сияқтанатын. … Жүмат, Қанабек жэне мен үшеуміз А.В.Затаевичтің екі жинагын алып алдық та, Қалыбек пен Елубайдың ақыл кеңестерін тыңдай отырып, «Қыз Жібек» қойылымына керекті әндерді іріктей бастадық. Біздің на-зарымызға іліккен эрбір эн жайында Қалыбек пен Қанабек дереу өз көзқарастарын айтады, ол эннің қайсыбір түстары «дәл солай» жазылмағанын атап көрсетеді. ««Алғарай көк» бүлай айтылмай-ды» — дейді де Қанабек өзі дұрыс деп санайтын нүсқасын эндетіп айтады. Ал, Қалыбек оған түзету енгізеді. …
Осындай айтыстың ақырында Затаевич жазып алған нүсқадан екі-үш тармағы әзер қалады. Ақырында, спектакльде кім орын-дайтын болса, соның сөзі шешуші болып шыға келеді. Төлегеннің партиясын Қанабек айтатын болғандықтан, соңғы түйін соныкі болып қалады. Ол, элбетте, өзі айтып жүрген нүсқасына тоқта-ды. Бірақ та, қайсыбір қайырымдарына келгенде Қалыбектің не-месе Елубайдың ескертпелерін пайдалануға да мүмкіндігі бар еді» [1, 64-65] — дейді.
Алғашқы кірпіштерін осылай қалап бастаған «Қыз Жібек» операсының энші үшін ерекше ыстық болуы заңды. Төлеген партиясы әншінің дауысына, орындаушылық мүмкіндігіне өлшеп-пішілген қонымды рөлдерінің бірегейі.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!