Қазақша реферат: Қан және қан айналымы физиологиясы
Жануарлардың тірі жасушалары қан — тін сұйықтығы және лимфа түзілетін ішкі орта сұйықтығымен жанасып жатады. Үнемі жаңарып отыратын қоймалжың келген тұздырақ дәмді, тән иісі бар сұйық зат. Түсі бірыңғай қызыл. Ағзадағы атқаратын қызметі:
1. Қоректендіру — заттарды ағза жасушаларына жеткізіп тұрады.
2. Зәр шығару — улы және керексіз заттарды арнайы мүшелер арқылы шығарып тастайды.
3. Тыныс алу — оттегін өкпеден ұлпаларға тасиды, көмір қышқыл газын тасымалдап сыртқа шығарады.
4. Қорғаныс — ағзаға түскен микробтарды қорытып жойып жіберетін лейкоциттер болады (фагацитоз құбылысы арқылы).
5. Жылуды біркелкі таратып, жылуды реттеуіш қызметін атқарады.
6. Гомеостаздың тепе-теңдік сақтайды.
Қан негізінен екі бөліктен түрады, сұйық бөлігі плазма және арнаулы элементтер: қанның қызыл түйіршіктері -эритроциттер, ақ түйіршіктері — лейкоциттер және ңан табақшалары — тромбоциттер.
Қанның сүйық бөлігінде ерітілген минералды заттар -түздар болады. Сүтқоректілерде оның мөлшері 0,9%-ға тең.
Жануарлар ңанының реакциясы сәл сілтілі, рН-ы 7,35-7,55% тең, онда 4 түрлі буферлік жүйесі бар: 1. Карбонаты. 2. Фосфаты. 3. Ақуыздың. 4. Гемоглобиндік.
Плазма ңанның жалпы көлемінің 60 %-ын алады, құрамының 90-92%-ы су, ал 8-10%-ы ңүрғаң зат, оның 7% -ы ақуыз, 0,8% -ы май, 0,12% -ы жүзім қанты — глюкоза, 0,9%-ы минералды түздар, аз мөлшерде гармон-дар, дәрумендер, ферменттер мен пигменттер болады. Плазма ңүрғаң затының негізі — ақуыз, олар альбумин мен глобулиндер, глобулиннің өзі альфа, бетта, гамма -глобулиндерге бөлінеді.
Эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері). Балың пен ңүстарда эритроциттер ядролы болады. Ал сүтқоректілерде эритроциттер ядросыз болады, қызметі -оттегін, көмірқышқыл газын, қоректік заттарды тасымалдайды, иммунитеттің пайда болуын қалыптастырады. Ядроның орнында гемоглобин орналасады, оның ңүрамында екі валентті темір бар, гемнің мөлшері 4% ал глобин ақуызының мөлшері 96%, бүл жілік майының эритробласт жасушасынан бөлінеді. Гемоглобиннің бірнеше түрі бар: Нв9 — төлде болатын фетальді түрі; НвА- анасында бола-тын түрі.
Лейкоциттердің ңызметі мен маңызы. Лейкоциттер-қандағы ңорғаныш жөне қалыпқа келтіру маңызды рөл атңаратын қанның аң ңүнды жасушалары, олар грануло-циттер — түйіршіктілер және агранулоциттерге — түйір-шіксіздер болып екі топңа бөлінеді. Фагацитоз қызметін атңарады.
Тромбоциттер — ңан табақшалары, сопақша не дома-лақ пішінді, ядролары жоң плазматикалық өсінділер, қызыл сүйек майларының мегокариоциттерінен пайда болады. Ауада пластинкалар тез бүзылып, ңанды үйы-татын серотонин затын бөледі. Тромбоциттер ңанды сүйық жағдайдан ңоймалжың жағдайға ауыстырып ұйытып, ағзаны ңансыраудан сақтайды. Бұл қан тамырының жарақатталған жерінде тығын тәрізді тромб түзіп, жараның бетін бітейді.
Қан айналымы
Жан-жануарларда ңан айналым жүйесі екі түрде кездеседі: тұйық және ашық. Түйық жүйеде қан бір-бірімен тізбектесіп, қабырғалары жалғасып жатңан ірі және үсақ тамырларды бойлап ағады.
Ағза жасушалары мен тіндері тіршілік ету үшін өте маңызды процесс — қанның тамырларды бойлап ағуы. Жалпы ңан қызылтамыр (артерия), көк ңан тамыры вена арналарында айналымда болады. Қанның айналымы екі: үлкен және кііпі қан айналым шеңберінде өтеді.
Қан айналу жүйесінің оң қарыншада өкпе қызылта-мырынан басталып, сол жақ жүрекшеде өкпе көктамы-рымен аяқталған бөлігін қан айналудың кіші шеңбері деп атайды. Үлкен қан айналым шеңбері сол жаң қарыншадан ңолңадан басталады, одан ңызылтамыр, қызылтамыршалар (артериола) және қылтамырлар (капиллярлар) мен көк тамырларға тармаңталады да, сол жақ ңүлақшада аяңталады, ол қүлаңшалар босаңсығанда, яғни диастола кезінде олардың ңуыстары ңанмен толады (сол жағы-артериалды, оң жағы-венозды). Жүрек-ңан айналуының орталың мүшесі. Жүрек үш қабат көлденең-жолақ тіннен қүралған. Оның сыртңы қабатын эпикард, ортаңғы ңаба-тын — миокард, ішкі қабатын — эндокард дейді. Жүрек төрт камерадан ңүралған. Екі жүрекше мен екі ңарын-ша болады және қанды бір бағытта өткізетін қақпақшалар бар.
Жүрек жүмысы бірнеше кезеңдерден түрады. Алғаш-қы кезең систола (жиырылуы)*, диастола (босаңсуы) және үзіліс паузадан құралған. Қанның жылжуы қызылта-мыр, қызылтамырша, қылтамырлар, көк тамыр, көк та-мыршалар (венулалар) арңылы өтеді.
Жүрек ңанды айналым шеңберлеріне бөлшектеп шығарып отырады, осыған орай ңан тамырларының ңабырғалары ырғаңты соғып, тамыр соғуы (пульс) пай-да болады. Қанның ңысылуы әсерінен қан тамырлары ңабырғаларының керіліп кеңеюі цан цысымы деп ата-лады. Систола кезінде пайда болған максималды ңысым систолалың деп, ал диастола кезіндегі минималды ңысым диастолалың деп аталады.