Қазақша реферат: Қалқанша без және оның қызметі

0






Қалқанша без туралы реферат оның қызметі. Әр түлік малда бездің пішіні әрқилы: ірі қара мен итте без бөліктері мойнақ арқылы жалғасса, жылқы мен қой-ешкіде мойнақ онша сезілмейді, ал шошқада без бөліктерге бөлінбей тұтаса жатады. Филогенездік тұрғыда без ас қорыту ағзаларымен байланысты, жұтқыншақ қабырғасынан дамиды. Без сыртынан дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталған. Одан бездің ішкі ұлпаларына перделер тарап, без жеке-жеке көпіршіктерден (фолликулалардан) тұратын бөліктерге бөлінеді. Көпіршіктер қабырғасы бір қабат эпителий торшаларынан құралып, сырт жағынан қан капиллярларына бай дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған. Көпіршіктер қуысы қүрамында тиреоглобулині бар біртекті коллоидпен толған. Көпіршіктегі коллоидтың мөлшері бездің функционалдық күйіне байланысты өзгеріп отырады: жүмыс үстіндегі безде коллоид азаяды.

Қалқанша без қанмен өте мол жабдықталады. Қанды ол алдыңғы және артқы жұп қалқаншалық артериялардан алады. Адамда без арқылы сағатына 5-6 л қан өтеді. Иттің денесіндегі қан қалқанша безден күніне 16 рет өтіп шығады. Органның 100 г массасына шаққанда қалқанша бездегі қан айналым қарқыны артқы аяқтан 100 есе, қанқа еттерінен 46, мидан 28, бүйректен 5,5 есе артық. Без кезеген және симпатикалық жүйке талшықтарымен жүйкеленеді.

Қалқанша без тироксин және үшйодты тиронин деп аталатын екі гормон түзеді. Олар тирозин амин қышқылының туындысы болып табылады. Тироксиннің қүрамында йодтың төрт атомы, ал үш йодты тирониннің құрамында — үш атомы болады. Үш йодты тиронин тироксинмен салыстырғанда, 5-10 есе белсендірек, бірақ ол аз мөлшерде түзіледі. Тироксин без торшаларында белокпен қосылып, тиреоглобулин түзеді де, көпіршіктер қуысына бөлінеді. Ол молекулалық массасы 670000-ға тең гликопротеид болып табылады және көпіршік қуысында бүйығы түрде бірнеше айға дейін сақталады. Гипофиздің тиреотроптық гормонының эсерімен тиреоглобулин ыдырап, оның қүрамынан тироксин және үш йодты тиронин бөлінеді. Бұл гормондар эпителий торшалары арқылы қанға сіңеді де, тироксин альбуминмен байланысып, тиреоалъбумин түзіледі. Гормонның тек аз ғана мөлшері еркін күйде кездеседі.












.

Қалқанша без гормондары организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын, малдың өсіп-жетілуін реттейді, жоғары дәрежелі жүйке қызметіне эсер етеді. Бұл гормондар торша мито-хондрияларындағы тотығу процесінің қарқынын жоғарылатып, торшадағы қуат жэне белок алмасуын күшейтеді. Тироксин белоктардың, көмірсулардың, майдың тотығуын жандандырып, ұлпалардың глюкозаны сіңіру қабілетін жоғарылатады, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауын шапшаңдатады. Тироксин әсерімен тек қуаттық алмасу ғана емес, құрылымдық өзгерістер жақсарып, организмнің өсіп-жетілуі шапшаңдайды. Қалқанша без гормондары денедегі су мен минералды тұздардың алмасуын да реттейді, ас қорыту ағзаларының қызметіне ықпал етеді: кілегейлі қабық эпителийінің қызметін жандандырып, белоктың, ұшпалы май қышқылдарының, кальций мен фосфор түздарының, т.б. қосылыстардың сіңуін жақсартады. Олардың әсерімен бұлшық еттегі алмасу процестері күшейіп, сүт түзу процесі жақсарады, желінде казеин мен бета-лактоглобулиннің синтезі артады (130-сурет). Бұл гормондар мал тұқымдарының пісіп-жетілуіне де ықпал етеді деген пікірлер бар.






.

Малға қосымша тироксин ексе (жасанды гиперфункция) негізгі зат алмасу күшейіп, жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды, жүректің соғуы жиілеп, жиырылу күші артады, дене қызуы көтеріледі, организмдегі көмірсулар қоры кеміп, мал тез қажиды, әлжуаздық байқалып, салмақ кемиді.
Қалқанша безді сылып тастау (гипофункция) негізгі зат алмасу процесін күрт төмендетіп, малды әлсіретіп жібереді. Мұндай операциядан кейін ет тонусы нашарлап, дене температурасы төмендейді, жыныстық қызмет бүзылып, жүйке жүйесінің қозғыштығы әлсірейді, жоғары дэрежелі жүйкелік қызмет бүзылып, шартты рефлекстердің қалыптасуы қиындайды. Безі жас кезінде сылынып тасталған малдың сүйегі қатайып-жетілмей, жыныстық ағзалардың, жүйке жүйесінің дамуы тоқтап қалады, мал өспейді.

Бездің гиперфункциясынан адамда базед дерті байқалады. Бұл жағдайда зат алмасу қарқыны жоғарылайды, адам қатты арықтап, жүректің соғуы жылдамдайды, дене қызуы көтеріліп, жүмыс қабілеті төмендейді, әлжуаздық, тершеңдік, ашушаңдық сезіледі. Гипертиреоз (бездің қызметінің жоғарылауы) жағдайын-да ми қыртысының қызметі бұзылып, қозу процесі басымдық алады да, тежелу процесі нашар туындайды, мал тез болдырып, жылдам арықтай бастайды.

Организмде йод жетіспеген жағдайда без шырышты секретті көп бөліп, көпіршіктер қабырғасы керіліп кетеді де, бездің көлемі өседі, бірақ секрециялық торшалар қызметі нашарлайды, гормондардың түзілуі бұзылады. Бұл ауруды жемсау (зоб) деп атайды. Без қызметі біржола тоқтап қалса, шырышты ісік — микседема дерті байқалады. Ауру балалардың өсуі тоқтап, сүйектің жетілуі тежеледі, жүрек соғуы сиреп, зат алмасу процесі нашарлайды, дене температурасы төмендеп, ас қорыту ағзаларының жүмысы бүзылады. Мүндай балалар өспей, жарымес болып қалады. Ересек адамдарда зат алмасу процесінің қарқыны 30 — 40 пайызға төмендеп, белоктың алмасуы бұзылады, ұлпа аралық қуыста муцин мен альбуминнің мөлшері көбейіп, ұлпалық сұйықтың онкостық қысымы жоғарылайды. Осының салдарынан су үлпаларда қалып қояды да, организм ісініп кетеді, жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет нашарлайды, адамның ойлау қабілеті төмендейді. Қалқанша бездің қызметі бэсеңдесе, малдың өсуі баяулап, жыныстық жетілуі тежеледі, жыныс айналымы бұзылады. Бұл бездің қызметі эртүрлі жағдайларға байланысты ауытқып отырады. Қыста бездің белсенділігі жоғарылап, жазда төмендейді. Бездің физиологиялық гиперфункциясы буаздық, сүттену кезеңдерінде байқалады, ал маусымдық ұйқыға кететін жануарларда қысқы ұйқы кезінде без қызметі төмендейді. Мүндай жануарлардың үйқыдан оянуы бездің жүмысының күшеюімен байланысты. Қалқанша без көпіршігінің сыртында орналасқан ерекше торшалар (парафолликулярлық торшалар) тиреокалъцитонин гормонын түзеді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!