Қазақша реферат: «Пилокарпин» қазақша мәлімет |

0






Пилокарпин. Оңтүстік Америкада өсетін Pilocarpus тұқымдас бұталардың алуан түрлерінен алынған алкалоид. Бұл бұта Кавказдың Қара теңіз жағалауының субтропикалық аймағында өсіріледі. Қазіргі кезде синтетикалық пилокарпинді жиі пайдаланады. Емдік мақсаттармен пилокарпин гидрохлоридін — Рііоcarpini hydrochloridum CH16N202 қолданады. Иіссіз, дәмі онша ащы емес түссіз кристалдар немесе ақ кристалды ұнтақ, ол өте ылғал тартқыш, судың бір бөлігінде ериді. «Аң тізімімен сақталады. Судағы ерітіндісі төзімді емес. Ерітінді түрінде тері астына енгізіледі. Пилокарпин М — холинореактивті жүйелерді қоздырады. Оның әсер ету ерекшелігі оның қозғалыс -қимыл жүйкелерін біршама әлсіз жандандыратындығында және секреторлық жүйкелерді күшті коздыратындығында. Пилокарпинге қарама-қарсы препарат болып табылатын атропин оның өсерін толық жояды. Пилокарпиннің әсерінен холинергиялық жүйкелер иннервациялайтын барлық бездердің функциясы күшейеді, әсіресе, сілекей, кілегей, бронхы бездерінің секрециясы, ал қарын, ішек және тер бездерінің секрециясы айтарлықтай кеп күшеймейді. Секреторлық әсердің күшті болатыны соншалық, пилокарпин ерітіндісі бір рет енгізілгеннен кейін жылқының тірілей салмағы 35 килограмға азаяды, қойда шайырдың мөлшері едәуір көбейеді. Пилокарпинді көп мөлшерде қолданса орталық жүйке жүйесі қозады.













.

Тері астына енгізілген пилокарпиннің әсері 10-15 минуттан кейін-ақ басталып, 30-60 минутқа созылады, ал кейбір жағдайда одан да ұзақ уақытқа созылады. Аз мөлшерде қолданғанда жылқыда сілекейдің бөлінуі күшейіп, ол сұйылады және ферменттері азаяды. Сілекейдің шұбырып ағуы 1-3 сағатқа созылады, оның мөлшерін көбейткенде сілекей бөлуге әсер етуінде елеулі өзгешелік байқалмайды, тек сілекей бөліну кезеңі ғана ұзарады. Сонымен бірге қарын жөне ішек секрециясы күшейеді, оның үстіне бұл бездердің секреті сұйылып, белсенділігі неғұрлым азаяды. Бронхы бездеріңің секрециясы күрт күшейеді. Мұның өзі көбінесе бронхының қабынуын асқындатады, әсіресе тыныс жолдарының, өкпенің және жарғақтардың қабынуы жағдайында, сондай-ақ жүрек ауруына шалдықкан малда ерекше күшейеді. Ірі қарада, қойда және мысықта бронхы бездері ерекше жанданады. Сөйтіп бұл жануарларда асқыну басқа жануарлардан гөрі жиі байқалады, кілегей бездерінің секрециясы едәуір күшейеді.

Шаншуға ұқсас күшті ұстама кезеңінде тердің шығуы тек секреторлық жүйке ұштарының қозуына ғана байланысты, сонымен бірге малдың жалпы тынышсыздануына да байланысты. Пилокарпиннің мөлшерінің көбеюіне байланысты тердің шығуы да күшейе түседі. Бездер секрециясының көбеюі салдарынан қан қоюланып, оған ұлпалардан сүйықтың, ең алдымен ісінген ұлпалардан сұйықтың тұсуі күшейеді. Бүл ерекшелікті көбінесе жіті қабыну процестерінде жалқаяқ пен сарысудың бойға сіңіп таралуы кезінде практикада жиі пайдаланылады.





.

Ірі қарада 0,2-0,3 грамм пилокарпинді, ал уақ малда 0,04 грамм пилокарпинді қолданғанда-ақ месқарынның жиырылуы күшейеді. Ішектің қозғалыс — қимыл функциясының күшеюі және қарын мен ішек бездері секрециясының көбеюі ішектің кұшті, бірақ жұмсақ жиырылуы үшін жағдай жасайды. Алайда мұндай қолайлы әсер тек аз мөлшерде қолданғанда ғана болады, мөлшерді көбейткенде ареколинді қолданғандағыдай өте күрт болады. Пилокарпин кеңірдектің, куықтың, жатырдың бұлшық еттерін аздап жиырылтады, күйіт кезеңін ұзартады. Ол ареколинге қарағанда жүрекке едәуір әлсіз әсер етеді, тіпті оқшауланған жүректің жүмысын да тоқгатпайды, ал жануарларда жүрек қызметі, әдетте, жиілей түседі. Осы топтағы басқа заттар сияқгы (бірақ біраз бәсеңірек) пилокарпин көздің карашығын кішірейтеді, көздің ішкі қысымын төмендетеді, бейімделгіштікті жақсартады. Пилокарпинді көбінесе ұлпадан сұйықты көп мөлшерде бөліп шығаруға жәрдемдесетін және сол арқылы жіті қабынуда, мысалы, тұяқтардың ревматикалық қабынуында, мидың жіті қабынуында және басқалардай ісікті азайтатын күшті секреторлық дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады. Сонымен бірге оны іш өткізетін дәрі ретінде бір өзін немесе физостигминмен қосып тағайындайды. Пилокарпинді соңдай-ақ бүйректің уремия (несептегі кан) қатерін төндіретін жеткіліксіз функциясы жағдайында тер шығаратын дәрі-дәрмек ретінде организмнен уларды айдау (сынапты, қорғасыңды және т.б.) үшін де қолдануға болады. Көзді емдеу практикасында пилокарпинді секрецияны күшейту үшін және көздің ішкі қысымын төмендету үшін қолданады (1-2 % ерітінді).