Қазақша реферат: Педагогикалық қызметтің технологиясы |
Педагогикалық қызметтің технологиясы мен оның негізгі бағыттары. Бірінші бағыт. Балалардың ойынын ұйымдастыру. Осы жастағы баланың психикасы ойын арқылы өзгеріп қалыптасады, мектепке дайындалады. Өзі басқалардың қылығына баға беруге үйреніп, өмірді тани бастайды. Баланың ойыны арқылы оның қалай өсіп келе жатқанына баға бере аламыз, қисық жерін түзетуге кірісеміз. Қазақ «Баланы жастан» деп тегін айтпайды. Ойын арқылы бала өзінің қалай өсіп, дамып келе жатқанын білдіреді. Ойын — әкспериментті құрал. Ойынның ішінде сюжеттік ойындар бар. Ол өзінше спектакль. Сондықтан біріншіден, ересектер осы бір қолайлы жайтты ұтымды пайдаланғаны жөн. Мәселен, отбасы ойынын ойнағанда көргенін қайталайды, түзетулер енгізеді, әр отбасы мүшесінің міндет, құқықтарын, т.б. көрсетеді.
Осы рөлдік, сюжеттік ойындарда мынаны есте сақтаған дұрыс:
— біріншіден, жас балалардың ойынына араласпай, мұқият бақылау;
— екіншіден, осы бақылаудан қорытынды шығару;
— үшіншіден, кемшіліктерді түзетуге ойындық өдіс-тәсілдерді қолдану.
Ойын барысына араласу, түзетулер енгізу, ескерту жа-сау, бақылау балалардың ойынын бүзады, жалтақ қыла-ды, оның дамуына кесірін тигізеді.
Екіншіден, ересектер рөлдік ойындардың сюжетіне зер салғаны жөн. Себебі осы ойындар балада қатыгездік, жүрексіздік, өзімшіл, өркөкірек сияқты мінезді қалып-тастырып жүрмесін. Содан баланы сақтау керек. Ойын баланы жалықтырмауы тиіс. Себебі күндегі бір сарынды ойын өзінің тәрбиелік қүндылығын жоғалтады.
Екінші бағыт. Отбасының баламен қарым-қатынасын үйымдастыру. Қарым-қатынас — тек әлеуметтік-психологиялық құбылыс емес, бүл әдептілік, адами құбылыс. Шетелдік психико-физиологтардың (Боулди) пайым-дауынша омыраудағы баланы омыраудан шығарғанда, ол біраз уақытқа дейін жылайды, мінез көрсетеді. Баланы емізу — ол да қарым-қатынас. Сол қарым-қатынас үзілсе немесе сол қарым-қатынас дүрыс болмаса, сөби қарсылық білдіреді. Бүгінгі айтып жүрген қиын балалардың 92 пайызы — отбасында дұрыс қатынаста болмағандар. Сондықтан да ата-аналарға айтарымыз — балалармен қарым-қатынасты үзбеу керек. Қарым-қатынас сөз жү-зінде, іс жүзінде, ойын арқылы, күнделікті өмір арқылы жүреді. Отбасылық қатынас дегеніміз — ата-ана, ата-өже, бала-шаға және осылардың бір-бірімен қатынасы. Отбасылық қатынас дегенде біз қаңғыбас, маскүнем ата-аналар туралы айтып отырғанымыз жоқ. Ондайдан аулақ болайық. Ондай ата-ананың «барынан жоғы». Осы жер-де орыстың белгілі ғалымы Бестужев-Ладаның «Отбасы» академиясы» еске түседі, яғни бір отбасында үш буынның ата-әже, ата-ана, балалардың бірге тұруы. Бұл — адамгершіліктің тірегі, өзегі, қайнар бұлағы, үлгісі.
Біз отбасылық тәрбиенің балага ықпалын айта отырып, мына қағидаларды есте ұстағанымыз жөн: — біріншіден, ата-ананың баламен қанша уақыт бірге болғанында емес, сол уақыт аралығында баланың жүрегінде қандай жаңсы, ізгі қасиет қалдырғанында. Негізі уаңыт мөлшерінде емес, оның нәтижесінде. — екіншіден, бала отбасы мүшесі екенін әр уақытта сезінуі тиіс, яғни отбасында оның да өзіндік орны бар. Осы екі ңағида орындалмаған жағдайда бала д үрыс төрбие алмайды. Ол адамгершілік, ізгілік, инабаттылық деген түсініктерді игеруден, сол қасиеттерді бойына сіңіруден аулақ болады. Бала осы қасиеттерді бойына дарытқанын немесе дарытпағанын, оның эмоциясынан, сезімінен, жылау, күлуінен, көңіл-күйінен білуге болады. Оның өзінің жылауы, күлуі арқылы қандай бағытта дамып бара жатқанын білесің. Бала қулық жасай алмайды. Ол өзінің жан дүниесін сезімі, көңіл-күйі арқылы білдіріп қояды.
Келесі бір отбасы қатынасының тағы бір түрі — баламен бірге еңбектену, саяхат жасау. Бұл қатынастың ең жоғарғы түрінің бірі. Орыстың психолог-ғалымдары О.А.Пинт, А.И.Кочетов: «Отбасының баламен 2-3 апталық саяхаты, оған оның (жас баланың) психологиялық, санаткерлік дамуына бір жылдың азың болады», — деп айтңан екен.
Үшінші бағыт. Баланы қанағаттылыққа үйрету. Баланы қанағаттылыңқа ес білгеннен бастап баулу керек. «Қанағаттылық қарын тойғызады, қанағатсыздық жалғыз атын сойғызады» дейді қазақ. Материалдық байлық пен рухани байлық егіз. Екеуін екі ажыратуға болмайды. Баланың рухани байлығы болса, ол материалдың байлықтың не екенін түсінуге жол салады. Әрине, материалдық байлыңты көруге, қолмен үстауға болады, ал рухани байлықты көруге де, үстауға да болмайды. Дегенмен рухани байлық жоқ жерде, материалдық байлықтың не екенін бала түгіл үлкендер де түсінбейді.