Қазақша реферат: Педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері

0






Біз педагогиканы диалектиканың заңдарына бағынатын ғылым дедік. Сондықтан философиялық тұрғыда педагогикалық процестің заңдылықтарымен принциптері бар. Педагогикалық процестің заңдылықтары бұрынғы педагогикалық оқулықтардың көпшілігінде көрсетілмеген немесе көмескі түрінде берілген. Тек кейінгі кездегі шыққан Ю.К. Бабанскийдің, И.Ф. Харламовтың, Ж.Б.Қоянбаевтардың Педагогика оқулықтарында (1988 г., 1997 г., 1992 ж.) педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері берілген. Мысалы, Б.Т.Лихачев (Педагогика. Курс лекции. — М.: Прометей, 1999.) педагогикалық процестің заңдылыңтары мен принциптері деп келеді де, заңдылықтарға тоқталмайды. Ал қазақстандық ғалымдар Р.М., Ж.Б.Қоянбаевтар «Тұтас педагогикалың процестің заңдылыңтары» деп заңдылыңтарға бөлекше тоңталады. Біздің ойымызша Р.М., Ж.Б.Қоянбаевтар көрсеткен заң-дылың дұрыс. Бірақ ол да толық емес.








Осының алдындағы сұрақта педагогикалық процестің диалектикасын қарастырдың, диалектиканың барлық заңдары көрсетілгенін айттың.
Макаренко А.С. педагогиканы диалектикалың ғылым деп санаған. «Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жыл-жымалылыгында және қарама-қайшылығында ашылады» деген. Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Педагогикалық процестің заңдылыңтары оның тұтастығын дәлелдейді. Біз соған тоқталайық:
а) Оқыту мен тәрбие қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайына байланысты. Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ңоғамның тапсырмасы, қоғам өзіне лайықты ұрпақ дайындайды, өз жағдайымен байланыстырады. б) Тәрбиенің, оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы бар. Оқытусыз тәрбиені іске асыруға болмайды. Себебі адам баласы белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі әсер етеді. Егер оқушы оңуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жаңсы ұйымдастыруға болмайды. в) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі өте зор. Іс-әрекеттің барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: ңарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі. г) Тәрбие мен оқыту — іс-әрекеттің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар. Олар: ойын, еңбек, оңу, спорт, көркемдік, ңоғамдық іс-әрекеттер, т.б. Іс-өрекет процесінде қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас — ақпарат, пікір алысу, мінез-құлық, білім, мәдениет, өнер, белгілі нормалар жиынтығы. Іс-әрекет, қарым-қатынас — таным процесін дамытады.

д) Педагогикалық процесте оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу: 1. Жас ерекшеліктер адам агзасына, жасңа байланысты, психикаға қатысты. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысын соған лайыңтап жүргізеді. 2. Жеке адамның дербес ерекшеліктері — темперамент, қабілет, өзінің психикасы. ж) Педагогикалың процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. Жеке адам ұжымға тәуелді, ұжымсыз өмір сүруі мүмкін емес. Үжым үлкен де, кіші де болуы мүмкін. Жанұя даұжым. з) Педагогикалық процестің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының (түрлерінің) өзара байланыс заңдылықтары.

Олар: 1) Оқыту мен төрбиенің мазмүны ңоғамның мақсаттарын жөне қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты. 2) Оқыту мен тәрбиенің формалары, оларды ұйымдастырып, өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты. 3) Оқыту мен тәрбиенің өдістері, олардың мақсаттарымен анықталады. Педагогикалық процестің заңдылықтары осы жетеуімен шектеліп қоймайды. Мысалы, ғалымдар Н.Д. Хмель, Б.Р. Айтмамбетова, Н.Д.Иванова, Н.Н.Тригубова, Н.Н.Хан 1994 жылғы педагогикаға арналған бағдарламаларында педагогикалық процестің бағыттылың заңдылықтарын, оқу-тәрбие процесінің екі жақтығы жөне сана мен іс-әрекеттің бірлігін заңдылық етіп көрсетеді. Бұл ойлармен біз де келісеміз. Біртұтас педагогикалың процестің заңдылықтары оқыту мен тәрбие принциптерінде бейнеленеді. Принцип латын сөзі — негізгі, бастапқы деген үғымды білдіреді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!