Қазақша реферат: Педагогикалық коррекцияның міндеттері |

0






Шетелдік және отандық ғалымдар дәлелдеп отырғанындай, да-муында және мінез-құлқында психофизикалық ауытқулары бар ба-лалар саны жыл санап көбеюде. Бұл жағдайға бірнеше патологиялық эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) факторлар: генетикалық ауытқулар, физикалық және психикалық жарақаттар (травмалар), соматикалық және инфекциялық аурулар, қоғамның және жекеле-ген отбасыларының келеңсіздіктері, кей жағдайларда болашақ ана мен балаға деген жайлы экономикалық, экологиялық, гигиеналық жағдайлардың жасалмауы, мектеп пен отбасының жеткілікті түрде тәрбие жұмысымен айналыспауы, т.б. әсер етуде. Мұндай ауытқушылықтарды бастапқы сатысында-ақ байқап қажетті ша-ралар қолданбаса, олар асқынып 2-інші, 3-інші кезеңдерге көшіп, баланың жағдайы ауырлап кетуі мүмкін. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, педагогикалық қажеттіліктерден жоғары оқу орындар-да арнаулы психологияның негіздеріне сүйенетін «Коррекциялық педагогика» курсы енгізілуде. Бұл курс белгілі бір деңгейде негізгі дефектологиялық проблемаларды шешуде педагогтарға бағыт-бағдар береді деп күтілуде.
Балалардың дамуындағы аномалия немесе ауытқушылықтар сантүрлі. Олар баланың психофизикалық дамуының түрлі жақтарына қатысты болуы мүмкін. Мысалы: сөйлеу жүйесі, сезімдік қабылдауы, интеллектуалдық, эмоциялық-еріктік, қимыл-қозғалыс сферасы, т.б. Олардың пайда болу себептері де әралуан. Педагогтарға балалар-дағы ауытқушылықтардың шығу, пайда болу себептерін анықтап қана қоймай, оларды түзетудің әдістері мен тәсілдерін де игерген абзал. Бұл білімдер мен дағдылар болашақ педагог мамандарға ар-найы білім беру мекемелерінде ғана емес, жалпы білім беретін мек-тептер мен оқу орындарында жұмыс жасау үшін сөзсіз қажет.
Сонымен, коррекциялық педагогиканың немесе дефектологияның объектісі — психофизикалық дамуы мен мінез-құлқында ауытқулары бар балалар жэне оларды жолға қоюдың әдіс-тәсілдері мен диагно-стикасы, түзету процесінің түрлі технологиялары. Соңғы кездерге дейін бүл сала «дефектология» деп аталып келді. Кейінгі жылда-ры халықаралық қатынастардың жан-жақты дамуына байланы-сты барлық салада жалпы және арнайы терминологияны бір ізге түсіру үрдісі қалыптасты. Соған байланысты бүрынғы «дефекто-логия» қазір «коррекциялық» немесе «арнаулы педагогика және психология» деп аталады. Коррекциялық педагогиканың құрамына арнайы педагогика мен психологияның түрлі бөлімдері кіреді: сурдопедагогика жэне сурдопсихология (есту қабілеті бүзылған балалардың оқуын, тэрбиесін, дамуын зерттейді); тифлопедагогика жэне тифлопсихология (көру қабілеті нашар баланың оқуын, тэрбиесі мен дамуын зерттейді); олигофренопедагогика жэне олигофренопси-хология (ақыл-ойы кеміс балалардың оқуын, тэрбиесін жэне дамуын зерттейді); логопедия жэне сөйлеу қызметінің бүзылуын зерттейтін психология (сөйлеу қызметі бүзылған балалардың оқуын, тәрбиесін және дамуын зерттейді); арнайы педагогиканың жэне психологияның қимыл-қозғалыс қызметі бүзылған, басқа да күрделі кемістіктері (эрі соқыр, эрі мылқау, т.б.) бар балалар дамуын зерттейтін салалары.
Педагогикалыц энциклопедияда «коррекция» үгымы нормадан тыс балалардыц физикалыц және психикалыц дамуындагы кем-шіліктерді зерттейтін арнайы тәсілдер мен шаралар жүйесі бар педагогиканыц көмегімен түзету (жекелеген жацтарын немесе толыцтай) деп аныцталган.
Коррекциялық жүмыс жүргізудегі дефектологтардың басты мақсаты — қалыптағы және шынайы кемістігі бар жағдайдағы айыр-машылықтарды азайту немесе толығымен жою.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!