Қазақша реферат: Педагогикалық ғылымдар жүйесі |

0






Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика — кең ауқымды ғылым. Оның пәндік құрамының күрделілігі соншама: тәрбие мәні мен оның барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогиканың ірге тасы — философия, дәлірек айтсақ, тәрбие мәселелерімен арнайы шұғылданатын оның тәрбие философиясы атамасын алған тармағы. Тәрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тәрбиелік тәжірибеде әртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия -педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас және жүйелік, құрылымдық талдау әдістерімен бірге педагогиканың әдіснамалық негізі деп атау қабылданған.
Қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие дамуы мен педагогикалық білімдердіңөткенжолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көзтігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу және оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан сақтандырады.
Педагогика жүйөсі келесі салаларды қамтиды:
— жалпы педагогика;
— жас кезеңцер педагогикасы;
— әлеуметтік педагогика;
— арнайы педагогикалар.
Жалпы педагогика — адам тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша түрдегі тәрбиелік мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісініңжалпы нөгіздерін теориялық тұрғыдан қаластыратын іргелі ғылыми пән. Қалыптасқан дәстүр бойынша жалпы педа-гогика төрт бөлімнен тұрады: 1) оқу-тәрбие үдерісінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тәрбие теориясы; 4) мектеп тану. Осы құрылымды аталған бөлімдөрімен бірге бастауыш мектеп педагогикасы да қайталайды.
Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектеп-ке дейінгі және мектептік жүйешелерін өз алдына бөліп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан әулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тәрбиө іс-әрекеттері ерекшеліктерін бейнелөйтін тәрбие заңдылықтарын зерттейді. Қазіргі күнде өз алдына пән ретінде оқылатындары — мектепке дейінгі педа-гогика, кәсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы, т.б.
Ғылыми пәндер ішінде ересектердің педагогикалық мәселелерімен айналысып, қарқынды даму жолына түскен — жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері — барша деңгейдегі рөсми тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тәрбие үдерісініңзаңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы мәселелерін зерттеу, жоғары технологиялық және компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қызмөт етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кәсіпті игеру мәселелерімен шұғылданады.
Әлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мәжбүрлі тәрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогика дамуда.
Өз дамуында әрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы және тәрбиесімен сурдо-педагогика, зағиптермен — тифлопедагогика, ақыл-есі кемдермен — олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекелен-ген немесе пәндік әдістемелер құрайды. Олар оқу-тәрбие мекемелерінің барша типтерінде өтілетін нақты оқу пәндерінің оқытылуы мен игерілу заңдылықтарын ашып, мұғалімдерге ұсынады. Өз пәнін оқыту әдістерімен әрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы міндетті.
Педагогика өз дамуында басқа ғылымдармен өзара, тығыз байланысқа түседі. Философия ғылымдары (диалектикалық және тарихи материализм, ғылымтану, әлеуметтану, этика, эс-тетика, т.б.) педагогикаға тәрбие мағынасы мен мақсаттарын айқындап алуда, адам болмысы мен ойлаудың жалпы заңдылықтары ықпалын дұрыс ескеруде жәрдемін тигізеді. Педагогиканың аса тығыз да тікелей байланысы анатомия және физиология. Олар адамның биологиялық мәнін түсінуде тірек қызметін атқарып, жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктерімен, жоғары жүйке қызметінің даму жағдайларымен, бірінші және екінші сигналдық жүйе жұмысымен, сезім орган-дары, тірек-қозғалыс аппараты, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесі қызметтерімен таныстырады.
Педагогика үшін аса маңызды болған психиканың даму заңдылықтарын зерттеуші психологияғылымы.Психологиялық білімдер негізінде педагогика әр адамның жан дүниесі мен қылығында көзделген өзгерістерге келтіруші тиімді тәрбие жүйесін құрады. Пөдагогиканың әрбір бөлімі психологияның сәйкес тарауларында өзіне тірек болар білімдерді табады: мы-салы, оқу — ақыл-парасат дамуы мен танымдық үдерістер теориясына жүгінеді; ал, тәрбие теориясы тұлға психологиясын пайдаланады және т.б. Осы ғылымдардың бірігуінен (интеграция) педагогикалық психология және психопеда-гогика жарыққа көлді.
Педагогиканың тарих және әдебиетпен, география және антропологиямен, медицина және экологиямен, экономика және археологиямен байланыстары кеңеюде. Тіпті Жерден тыс өркениет жөніндегі ғылымдардың өзі де педагогикалық мәселелерді түсінуге жәрдемін тигізіп отыр. Адам, оның тіршілік аймағы, адамдардың қалыптасуына ықпал жасаушы ғарыштық әсерлер бұл күнде бүкіл дүниеде қарқынды зерттелуде.
Тәрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дәл және техникалық білімдермөн тоғысында қылаң бере бас-тады. Олар — кибернетикалық, математикалық, компью-терлік педагогика, суггестология (гипноздық сендірумен жедел оқыту жүйесі) және т.б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты ғылымдардың бірі ретіндө ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!