Қазақша реферат: Педагогикадағы сандық әдістер |

0






Сапа – заттың өзін не оның нендей мәнге ие екендігін танытатын қасиеттер жиынтығы. Сан – заттың шамасын, өлшем шектерін, есебін анықтайды. Сапа ежелден зат белгілерін сипаттау жәрдемімен айқындалып жүр.

Сапаны талдай отырып, зерттеуші назарға түскен материалдың бұрыннан таныс болған қай заттар тобына кіретінін және оның басқалардан айырмашылығы қандай болатынын анықтайды. Сан құбылыстар арасындағы себеп-салдарлы  тәуелділіктерді ашады. Сандық талдау міндеті – анықталған  қасиеттерді өлшестіру  және есептеу.

Дүние құбылыстарын тану, оларды меңгеру сапалық танымнан бастау алған. Адам аса көп қиындықсыз заттар мен мүліктердің сапалық ерекшеліктерін байқастыра, жинақталған білімдерін табысты пайдаланады. Алайда, күнделікті тұрмыс-тәжірибе жалпылай ұқсас келген заттардың әрқилы  қасиеттерін жіктеу және әртүрлі сапалыққа ие болған заттарды ортақ қасиеттері бойынша салыстыру талаптарын алға тартты. Осылайша, сандық өлшеу және есептеу қажеттігі пайда болды.





.

Қоршаған дүние құбылыстарындағы сандық және сапалық сипаттар ажыралмас байланыста, сондықтан да педагогикалық құбылыстардың сандық және сапалық деректерін бірлікті зерттеу қажет.

Соңғы кезге дейін педагогика ғылымы сапалық деңгейден әрі аса алмады. Бұл деңгейде зерттеудің байқаулар мен эксперименттен алынатындары мол материал сипатын көрсететін  эмпирикалық бөлімі нақты көзге түседі, оларды қорытынды жүйеге келтіруші теориялық тұжырымдар алуға болады. Дегенмен, әзірше педагогикада дамыған ғылым белгісін құрайтын үшінші қисындық (логика) бөлім-математика жоқ. Ғылым кемелі сол  ғылымның математиканы қолдана алуынан көрінетіні белгілі. Өз  пәні жөніндегі сапалық ұғымдарды формальдасқан қорытулармен толықтыра отырып, педагогика теориясы қажетті реттілік пен тұрақтылыққа еріседі.

Педагогикалық құбылыстардың сандық зерттеулері жолында кездесетін кедергілер баршылық. Солар арасында аса көзге шалынатыны – ежелден қанға сінген үрдіс: сапалық талдауға машықтанған педагогтардың өздеріне белгісіздеу математикалық  көзқарастарды қабылдамауы. Және бір ірілеу кедергі – педагогикалық құбылыстардың табиғаты мен сипаты. Бұлардың біздің санамызға үйреншікті өлшем не есеп көрсеткіштері жоқ. Дәстүрлі математикалық құрал күрделілігімен ерекшеленген педагогикалық құбылыстарды талдауға икемдестірілмеген. Дегенмен, мұндайда екі тәсілмен жол табуға болады: бір тараптан, құбылыстарды дәстүрлі математикалық талдауға келетіндей етіп, қарапайымдастыру, екінші жағынан – жаңа формальдасқан  сипаттау тәсілдерін ойластыру және қолдану.








Педагогикада сандық әдістерді пайдаланудың екі негізгі бағытын ажырата білу қажет: біріншісі – бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін өңдеу үшін; екіншісі – оқу-тәрбие үдерісін жобалау, нақтамалау, болжастыру, компьютерлестіру үшін. Алғашқы топ әдістері көп танымал әрі кең қолданымда. Ал зерттеушілер қызметінде өзінің жоғарғы тиімділігімен аса белгілі болған әдіс-статистикалық (есеп-қисап) әдіс. Мұның құрамында жиі іске қосылып жүрген нақты әдістеме түрлері төмендегідей:

Белгілеп алу (регистрация) – көзделген құбылыс тобының қандай да сапасына көз жіберіп, оны барына не жоғына орай сандық есепке келтіру (мысалы, үлгерімді не үлгермейтін балалар санын анықтау, т.с.с.);

Деңгейлеу (ранжирование) – жинақталған деректерді белгілі бірізділікке түсіру (байқалған көрсеткіштердің артуына не кемуіне орай), зерттелуші нысандардың сол тізімдегі орнын анықтау (мысалы, қатыспаған сабақтар санына тәуелді шәкірттер тізімін жасау т.с.с.)

Деңгейлі өлшемге келтіру (шкалирование) – зерттеліп жатқан сапаларға балл беру не басқа сандық көрсеткіштермен шамалап, жоғары нақтылыққа жеткізу.  Деңгейлеп өлшестірудің төрт негізгі түрі белгілі: 1) атамалар (не нақтылық) өлшемі; 2) реттік (не дәрежелік) өлшемі; 3) аралық (не интервалдық) өлшемі; 4) қарым-қатынастар өлшемі.

Атамалар өлшемінде зерттелуші нысанның қандай санда, қаншалықты белгілі топта байқалатындығы не байқалмайтындығы есепке алынады. Мұндай өлшем мысалына әрқилы белгілеріне орай топтастыру: мамандық тізімі, шәкірттер мінездемесіне орай  санау, үлгірмеу себептерінің саны  т.с.с.

Реттік (дәрежелік) өлшемде нысан сапалары «аз» не «көп», жалпы басымдық көрсеткіштеріне байланысты ретке, тізімге түсіріледі, осыдан «бестіктер саны көбірек», «қатыспаған сабақтар саны кемдеу» сияқты қорытындылар шығаруға негіз қаланады.

Аралық (интервалды) және қарым-қатнас өлшемдерінде бір сапа бойынша алынған сандар арасындағы алшақтық не жақындық анықталады. Қарым – қатнас өлшемінде бастау нүкте («0» саны) есепке алынады: термометр, волтьметір өлшемдері.





.

Педагогикалық зерттеуларді түбегейлі жаңалудың күшті құралы ретінде ой құрылымына келтіру (моделирование) әдісі алға шепке шығуда. Ой құрылымы – бұл санада өрнектелген не заттай іске асырылған жүйе. Осы жүйеде зерттеуші нысанды (затты) ұқсастыра бейнелеп, оның орнына қолданады, осылайша педагогикалық құрылымды ойда түзіп, алдағы қажетті нысан жөнінде жаңа ақпарат алу мүмкіндігі туады. Құрылымда ойды түзудің пайдалылығы – ақпарат біртұтастығына қол жеткізу. Жүздеген жылдар бойы педагогика бүтінді бөлікке келтіріп, талдаумен айналысып келді; біріктіру (синтез) қажеттігі еленбеді. Ой құрылымын түзу әдісі бірігімдік бағытты негізге алып, біртұтас жүйені байланыстарымен ажырата, оның қызмет орындау мәнін қарастырады.

Бүгінгі таңда жасалған педагогикалық ой құрылымдарының көбі дидактикалық құбылыстар. Ал қазіргі педагогикаға аса қажет, яғни «бірінші» мәселе – тәрбелік үдерістер. Бірақ бұл құбылыстың ой құрылымын жасау бұл күнде кемшіндеу. Себебі тәрбие ісінің аса күрделілігі, оған ықпал жасаушы жүздеген жағдаяттар, сондай-ақ шынайы тұрмысқа жанастыру мүмкіндігі болмайтын, «жанды» тірегі жоқ математикаластырылған, яғни формальды теорияға жол ашудан  сақтану.

Дидактикадағы ой құрылымын түзу әдісі келесідей маңызды міндеттерді шешу үшін қолданылуда:

Оқу-үйретім материалы түзілімін оңтайластыру;

Оқу-үйретім үдерісін жоспарлауды жетілдіру;

Танымдық іс-әрекетті басқару;

Оқу-тәрбие іс-әрекетін басқару,

Оқу-үйретімді нақтамалау, болжастыру, жобалау.

Ой құрылымын жасау әдісі, әрине, жемісті, дегенмен оның қауіпті тарапы барын естен шығармаған жөн. Іс жүзінде ол үш пайдалы қызмет орындайды:

Шығармашылдық (эвристикалық) қызметі – топтастыру, жаңа заңдар табу, соны теориялар жобалау және алынған деректерге түсініктеме беру үшін;

Есептеу қызметі – ой құрылымдары жәрдемімен есептік мәселелер шешімін шығару үшін;






.

Эксперименталдық қызметі – қандай да бір ой құрылымдарын қолдану жәрдемімен алға қойылған мәселе болжамына байланысты тексеру жұмыстарын орындау  үшін.

Ой құрылымының барша тартымдылығына, жүйені толықтай қамту мүмкіндігіне қарамастан, ол өте қатерлі де әдіс. Оның қауіпті болатыны-нақтылық пен дәлдікке келе бермейтін, шартты сұлбалардың қолданылуы мен ықтималдықтардың көптігі. Нәтижеде мұндай жағдаяттар жобалануы тиісті болмысқа жанаспайтын қиялды ой құрылымдарының пайда болуына ықпал жасайды. Ал мұндайдағы зерттеулер – уақыт пен күш қуатты бекерге сарп ету: алдымен ойластырылған құрылымның әділдігін дәлелдеп алу алдағы нәтиженің кепілі.

Педагогиканы математикаластырудың танымдық мүмкіндігі орасан. Ол ғылымды біржақты сапалық түсініктеме,баяндаулардан құтқарып,шынайы тексеруге жол ашып, жетілген өрнек белгілерін пайдалана отырып, табыстарды әділдікпен талдап, қорытуға септігін тигізеді. Зерттеулер формальдығының толық тиімділігіне жетуде маңызды шарттар сақталуы тиіс: ғылым ережелеріне сай дәлелденген анық та қайшылықсыз болжамдар; бұдан соң болатын қажетті сандағы аусымдарды қамтыған ой құрылымы; жобаны ой елегіне салып, кейін шынайы өлшемдарге келтірілген эксперименттік деректермен толықтыру. Осы бірізділік арқылы нақты құбылыстан оның математикалық суреттемесіне өтудің қисынды тізбегін жасауға болады.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!