Қазақша реферат: Отансүйгіштік және ұлтжандылық тәрбие |
Адамгершілік қасиеттің ең жоғары түрі — ұят, ар-ожданды сақтау, Отанын сүю. Жастарды «Кішіпейілдіктен кішіреймейсің», «Сіз, біз деген — сыпайылық белгісі», «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын», «Ел қамын жеген ер» -деген сияқты халық мақалдары арқылы өдептілікке, кішіпейілділікке, ңарапайымдылыққа, сыпайылыққа жөне Отанын сүюге тәрбиелеген жөн. Адамгершіліктің ең жоғары түрі — бауырмалдық, бү-кіл адам баласын бауыр, дос түту, көпшіл болу, ұлтжандылық қасиетті қастерлеу. Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып саяси-идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке (патриотизм), ұлтжандылыққа (интернационализм) әкеледі. Отансүйгіштік, ұлтжандылық екеуі — егіз ұғым. «Патриотизм (қазақшасы — отансүйгіштік, гректің «патриотес» — отандас деген сөзінен алынған) — Отанға де-ген сүйіспеншілік, бойындагы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жүмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғүрпы мен дөстүрін құрмет түту. Патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды» (Қазақ Совет энциклопедиясы. — Алматы, 1976.-9 т. 170 6.).
«Интернационализм (қазақшасы — ұлтжандылық, латынның «интернацио» деген сөзінен алынған. Қазақшасы халықаралық немесе ұлтаралық) — жаңа қоғамдық қарым-қатынастың нәтижесінде туған тарихи категория. Интернационализм тұңғыш рет капитализм дәуірінде пайда болып пролетариаттың қалыптасуымен бірге шынықты» (Қазақ Совет энциклопедиясы. — Алматы, 1974. -5т. 516.). Кеңес өкіметі кезінде социалистік немесе кеңестік пат-риотизм, социалистік интернационализм деп келдік. Бүкіл Кеңестер одағы — бәріміздің Отанымыз, ал ондағы өмір сүріп жатқан халықтар бауырымыз, керек болса дүние-жүзінің пролетариаттары бауырымыз болып келді. Сол үшін ата-бабамыз қан кешіп, жанын пида қылып, дүние-жүзін капитализмнен тазартпақшы болды. Осы рухта өзіміз тәрбиелендік, осы рухта шөкірттерімізге дәріс бердік.
Бүгінгі егеменді Қазақстанның жағдайында бұл екі үғым жаңа мағынаға ие болып отыр. Патриотизмді қазақстандық патриотизм деп немесе отансүйгіштік деп отырмыз. Ондағы маңсатымыз — Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір азамат тек осы Қазаңстанды сүйіп, соның азаматы болу, Қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына өз үлесін ңосу. Бұл — өсіресе, Қазақтандағы басқа ұлт өкілдерінің міндеті. Әсіресе, «қос тілдік», «қос азаматтың» деп Ресейге иек артып, Қазақстан мен Ре-сейді бір мемлекеттей көретін орыс ағайындарға қойылып отырған талап. Әрбір азаматта бір-ақ Отан бар. Бұл тақырып бойынша қазаң азаматтарына келетін болсақ, олар өз Отанын жанындай сүйіп, басқа ұлт өкілдеріне көш бастаушы болуы тиіс. Қазақтың белгілі ақыны Мүхтар Шахановтың «Төрт ана» атты өлеңінде былай деген:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басңа жебеп жүрер,
Демеп жүрер арқада
Болу керек қүдіретті төрт ана:
Туган жері — түп ңазығы, айбыны,
Туған тілі — сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы — тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы, еске алуға ңаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға өзін жалғай алмаған.
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын ңорғамаған халықтың
Ешқашан да баң жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана — тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес — күрестердің ұлысы.»
Осы өлеңді талдап көрсек, мүнда отансүйгіштік, ұлтжандылық тәрбиенің мазмұны жатыр.
Біз жоғарыда айтқан ойды сабақтай келе айтарымыз: кешегі кеңестік жүйенің жақсы жақтарын жоққа шығара алмаймыз. Кеңестік жүйе қазаң халңына еуропалық мәдениеттен сусындауға мүмкіндік берді. Біз Ресейден де қол үзейік деп түрғаньімыз жоқ. Біздің айтарымыз Қазақстан өзінше бірегей мемлекет болып дамуына жалпы ңазақ бастаған ңазаңстандың азаматтар ат салысуы тиіс. Сондыңтан да балаларымызды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа төрбиелеуіміз керек. Бұл жерде бір ұлт өкілде-рін екінші үлт өкілдеріне қарсы қойып, немесе ңазақ ұлтын басқа ұлт өкілдерінен бөліп қарау емес. Н.Ә.На-зарбаевтың Қазақстан халықтарының Ассамблеясында осы туралы жақсы айтып кеткен.
Алтыншы сұрақ бойынша қорытынды:
Мектеп оқушыларына адамгершілік төрбие беруде оларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуіміз қажет. Қазақстан жағдайында отансүйгіштіктің, ұлт-жандылықтың мұрындығы қазақ болуы керек. Қазақ басқа ұлт өкілдеріне үлгі болып Қазақстанды қорғап, көркеюіне өз үлесін қосуы тиіс, балаларымызды осыған тәрбиелегеніміз жөн.