Қазақша реферат: Оқытудың жаңа технологияларының негізгі ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Бүгінгі күні біз әлем халқы бір кісідей Жаңа дәуір – Жаңа ғасыр – Жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз.
Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ? Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай.
Шәкәрім «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді. Құнды қасиеттерге адамды баулу – туған кезден басталса керек. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің орны зор. Яғни, білім жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі — бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.
Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – бүгінгі мектеп, ұстаздар қауымының міндеті. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған. Тарихта айтылғандай: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған.
Оқу мен тәрбие сапасындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет — талабы таудай дарынды — тұлғаны іздеп тауып оны жетілдіріп шығару.
Ал, еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада да дәлелденген.
Жеке адамды қалыптастыру үшін оған не керек? Ол үшін оқытудың мазмұнын жаңартатын жаңашыл, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз керек.
Міндет – ұлттық міндетті көтеру, ұлттық педагогиканы, әдет-ғұрып, халық ауыз әдебиетін пайдалану, діни дағдыларды зерделеп оқи отырып намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, Отанын, өз жанұясын қадірлейтін Азамат тәрбиелеу. Ол үшін ұлттық мектептерімізде жаңа типпен білім беруді жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізуіміз керек. Жасыратыны жоқ соңғы кезедері мектептердің аттарын гимназия, лицей етіп өзгертуге құмармыз, бірақ соған лайық білім сапасы, білім деңгейі көтеріліп жатыр ма? Мектеп атын өзгерткенімен жетістіктерге жете алмаймыз. Ендеше, атын өзгертелік, яғни оқыту жүйесін, мазмұнын білім беру технологиясын өзгерту керек. Баланың ыңғайына бейімі мен талабы, талантына, қабілетіне, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, тұлға қалыптастыруға бағытталу керек. Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып жаңа көзқарас, пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді. Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор []. Қазіргі педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педаогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В. Кларин «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», — деп жазады. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің докторанты Ш.Т. Таубаева және Атырау университетінің докторанты Б.Т. Барсайдың пікірлерінше, педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелігіне, жинақтылығынаұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компоненті)