Қазақша реферат: Оқыту технологиялары |
Технология (грек тілінен аударғанда techne — өнер, шеберлік) -материалдарды, шикізаттарды өңдеу мен қайта өңдеу, алу тәсілдерінің жиынтығы. 1960 жж. басынан бастап «педагогикалық технология» ұғымы тарала бастады. Оның пайда болуына ғылыми-техникалық прогресс жағдайында білімді жаңа сапалық деңгейге көтеруге тырысушылық себеп болды. Бастапқыда білімді технологияландыру негізінен оқытудың жаңа техникалық құралдарын қолданумен байланысты болды. Алайда қазіргі таңда педагогикалық технология — оқытудың құралдарын қолданудың әдістемелік тәсілдері мен ұйымдастырылған түрлерінің жиынтығы ғана емес, сонымен қатар білім беру үрдісінің тиімді тәсілдерін табу, даму қағидаларын анықтау, жаңа әдістемелік тәсілдер қолдану және оқу-әдістемелік материалдар мен оқытудың техникалық құралдарын жасау мақсатында жүргізілетін зерттеулер.
1986 жылы ЮНЕСКО-ның формулировкасы берілді:
Педагогикалық технология — оқыту мен білімді игеру үрдісінің бәрін білім берудің тиімдірек түріне жету үшін адам және техникалық ресурстарды ескеру жолымен және олардың арасындағы өзара әсерін бағалау мен қолданудың, жоспарлаудың жүйелік әдісі.
Оқыту технологияларына жалпы сипаттама
Педагогикалық технология келесі түрде жіктеледі: оқыту, тәрбиелеу, дамыту технологиялары.
Оқыту технологиясы деп оның қойылған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқыту құралдарының, әдістерінің, тәсілдерінің, формаларының жүйесінен тұратын оқу бағдарламасымен қарастырылған мазмұнын жүзеге асыру үрдісін айтамыз.
Әрбір сабаққа дайындық оның жетекшісінен көп еңбекті және технологияны жасауды талап етеді. Өз кезегінде сабақты өткізу технологиясын жасау келесі алгоритм түрінде көрсетуге болатын әрекеттердің анықталған тізбектілігімен байланысты:
Оқытудың мазмұнын талдау
1. Оқу-тәрбиелік мақсаттарды қалыптастыру мен талдау. Мұнда әскери-педагогикалық үрдістің соңғы мақсаттары мен нақты сабақтың мақсаттарына да талдау жасау керек.
2. Сабақ үрдісіндегі оқыту әрекеттерінің негізі қызметін атқаратын оқыту тұжырымдамаларын таңдау.
3. Оқыту технологиясын жасау. Бұл саты әрекеттердің анықталған тізбегінен тұрады:
1) Оқу материалын үйымдастыру (оны таңдау, құрылымдау, аргументтерді, дәлелдерді, есептердің анықтамаларың мысалдарды, дағдыларды қалыптастыруға, үйренуге арналған тапсырмаларды таңдау);
2) Сабақты өткізу формасын таңдау;
3) Сабақтарда қолданылатын оқытудың рационалды әдістерін таңдау;
4) Оқыту құралдары мен оқу-лабораториялық жабдықтарды (оқулықтар, көрнекі құралдары, қондырғылар, оқытудың техникалық құралдары) таңдау;
5) Қатысушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіру тәсілдерін таңдау.
Көрсетілген жіктеуге сәйкес оқыту сабақтарын жүргізу технологияларын қалыптастыру мысалдарын қарастырамыз.
Бастапқы саты оқыту жұмысын ұйымдастыру бойынша құжаттарда қарастырылған оқытудың мазмұнын талдаудың қажеттілігімен сипатталады. Алынған қорытындылар негізінде білім беру үрдісінде басымдық берілуге тиісті мақсаттарды анықтау жүргізі леді. Анықталған мақсаттарға сәйкес оларға жиынтық түрінде немесе олардың біреуінің басымдығының арқасында жетуді қамтамасыз ететін мазмұнды дидактикалық өңдеу жүзеге асырылады.
Келтірілген мәліметтер жасалатын технологияның негізін құрайды. Жасалатын технологиялық үрдістің өзіне оқыту материалын ұйымдастыру, сабақтың түрі мен өткізу формасын таңдау, оқыту құралдарың әдістерін, және оқыту-материалдық базасын таңдау кіреді.
Осылайша, оқыту технологиясы — әрекеттердің анықталған тізбектілігі мен белгілі бір мақсатқа жетуді қарастыратын оқыту үрдісін ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша шаралар жүйесі. Оны келесі параметрлер сипаттайды:
— оқыту мақсаттары нақты әрі өлшемді болуы керек;
— операциялар орындалады;
— операциялар мақсатқа жету бойынша аяқталған үрдіс ретінде болады;
— педагогтың субъективизмі барынша азайтылады. Оқушының еркіндігі мақсатқа жуықтауды қамтамасыз ететін
әрекеттер аумағында болуы мүмкін. Технологияны жүзеге асыруға педагогикалық үрдіс жүзеге асатын шарттармең педагог пен оқушылардың ерекшеліктерімен байланысты көптеген айнымалылар әсер ететіндіктен, педагогтың шығармашылығы болмауы мүмкін емес. Ол кез келген технологияда оны жасау сатысында да, оны жүзеге асыруда да болады. Оқыту технологиясын келесі параметрлер бойынша жіктеуге болады:
— әсер ету объектісі бойынша (курсанттарды, тыңдаушыларды оқыту, қосымша кәсіби білім беру жүйесінде кәсіби қайта дайындау мен біліктілігін жоғарылату, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби дайындау жүйесінде кәсіби дайындау):
— пәндік орта бойынша (бейне техникалық, ақпараттық, мәселелі-әрекеттік, рефлексті т.б.);
— оқу әрекеттөрін ұйымдастыру бойынша (жеке, топтық, ұжымдық, аралас);
— әдістемелік есеп бойынша (бір пәннің, пәннің бір тарауының, бір тақырыптың, оқыту сабақтарының бір түрінің (бір сұрақтың), бір әдістің, бір құралдың т.б. технологиясы);
— инновациялық технология бойынша (жобалық — жаратушы, оқытуды дамытатың компьютерлік, қашықтықтан оқыту, мультимедия, ақпаратты модульдік, интегралдық, графиктік.
Прогресс үнемі алға жылжиды, оның ішінде білім беру әрекетте-ріне де өз түзетулерін енгізеді. Қайтадан жасалған оқыту формалары, әдістері, құралдары, оқыту-материалдық база элементтері потенциалды мамандар дайындаудың тиімділігі мен сапасын көтерудің мүмкіндіктеріне ие болады. Осындай жаңартулар оқытудың жаңа түрін — инновациялық түрін анықтады.
Педагогикада инновация деп білім берудің сапалық параметрле-ріне айтарлықтай өзгерістер енгізетін әртүрлі жаңалықтарды енгізу мен жасауды айтады.
Сапалық параметрлер мұнда модернизациялайтын және реформа жасайтын педагогикалық инновациялардың типіне байланысты ерекшелене алады. Бірінші жағдайда бұл білім беру үрдісін технологияның бар элементтерінің сапасын жақсарту арқылы, ал екінші жағдайда сабақ өткізу жүйесін түбірімен өзгертетін жаңалықтар енгізу көмегімен жетілдіру.
Дәстүрлімен салыстырғанда оқытудың инновациялық техно-логиялары білім беру үрдісінің тиімділігі мен сапасын басқару жүйесінің құрылымдық элементтерімен сипатталатын параметр-лерге, оқыту мақсаттарына, оқушы мен педагогтың көзқарастары мен функцияларына, оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру спецификасына сәйкес арттыруға мүмкіндік береді.
Жоғары әскери-кәсіби білім беру жүйесіндегі бұрын тексерілген оқыту технологияларын жасап және қолданып, білім беру үрдісі болашақ әскери мамандар білім алуға, дағдылануға, болашақ кәсіби әрекетінің құрылымын қалыптастыруға өз бетімен үйренетіндей етіп жасалуы керек.
Ары қарай оқытудың негізгі инновациялық технологияларын қарастырамыз.
Оқытудың жобалық-жасампаз технологиялары
Жобалық-жасампаз технологияларының негізінде ғылыми зерттеулер жасау, ғылыми-техникалық есептерді шешу, нақты жобалар жасау үрдісіндегі оқушылардың шығармашылық әрекеті жатады. Мұндай технологиялардың базасы -түлғалық-әрекеттіктәсіп Оған сәйкес білім білімді игеру ғана емес, сонымен қатар осындай оқушылардың шығармашылық потенциалы мен танымдық күштерді игеру мен дамыту тәсілі.
Жобалық-жасампаз жүйеде бірінші орынға оқушының әрекеті (жобаларды жасау, зерттеулік сипаттағы әртүрлі өзекті есептерді шешу) мен түлғасы шығады. Оның кәсіби жауапкершілігі өзінің жаса-ғандарың жобаларын жүзеге асыру нәтижелеріне бағытталады.Мүн-дай жүйедегі білімдер мен дағдылар оқытудың мақсаты ретінде емес, оқушының ойлаудың методологиялық стилін қалыптастыруды дамы-ту құралдары ретінде қарастырылады. Негізгі мақсат ретінде бірінші орынға түлғаны дамыту, технологиялық қоғам жағдайларында тір-шілік етуге дайындау мәселелері шығады. Бұл мақсат қабілеттерді дамыту мен өзін-өзі оқытуда практикалық тәжірибе жинау, өмірлік және оқу жағдайларында жасалған және енгізілген нақты жобаларға жеке жауапкершілікке тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Бұл технологиялық модельде оқытудың мазмұны айтарлықтай өзгереді. Дәстүрлі білім беру технологияларында дайын түрде көрсе-тілетін қалыптасқан білімдер жүйесінен ерекшелігі, жобалық-жасампаз тәсілді жүзеге асыруда теорияларды, заңдар мен формулаларды оқудың орнына мүмкін болатын барлық теориялық және практикалық мәселелерді шешуді үйренуді дамытуға ерекше назар аударылады. Бірінші орынға әртүрлі объектілер мен үрдістерді құрастыру, жобалау, модельдеу, зерттеу үрдістері шығады. Бұл жағдайда білім танымдық объектілер мен үрдістердің иерархиясына сәйкес құрылымдалады жәнежүйеленеді. Оқушылар оларға мәліметтер базасы, анықтамалар, оқулықтар арқылы ашық шыға алуы керек және оларды жобалау, модельдеу, құрастыру немесе зерттеу үрдістерінде меңгеруі керек. Оқыту ақпараттарының көрінісінің құрылымы: оқушы бұл білімнің шығу тарихын тек хронологиялық тізбектілікте ғана емес, сонымен қатар қарама-қарсылықтардың болуының қорытындысы ретінде де қарай алатындай болуы керек. Сонымең бүл модельде білім тек тұлғаны дамытудың объектісі ғана емес, құралы да бола алады.
Тиімділігіне оқыту материалының көлемі, өзектілігі, қиындығы, формасы, қүрамы әсер ететін дәстүрлі технологиядан ерекшелігі жобалық-жаратушылық модельде негізгі механизм — практикалық әрекетпен бірге беріктігі жоғары, жақсы қүрылымды білім алуға мүмкіндік беретін есте сақтау. Оқыту материалдарының формасы дәстүрлі дидактикалықтан өзгеше болып, көріністің көрнекілігін арттыратын арнайы компьютерлік орталарда жасалған нақты объектілер мен үрдістер түрінде бола алады.
Әдетте оқыту материалдарының қиындығы орташа оқушыға арналған. Ұсынылатын білім орталығы олардың әрқайсысына танымның нақты фрагментінде толық меңгеру моделін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзінің күрделілік деңгейін өзі орнатуына мүмкіндік береді. Материалдың құрылымы дәстүрліден — сәйкес ғылымның алдымен шектелгең сосын формалды логикасымен ерекшеленеді. Байланыстың жобалық-жаратушылық моделінде оқыту материалындағы байланыс материалдық әлем иерархиясының қағидаларына сәйкес орнатылады.
Осыған үқсас технологияларда оқытушының рөлі де өзгереді. Ол «ақиқат пен білімнің жеке сақтаушысы» болудан қалады, жобаның жетекшісіне, әріптеске, кеңесшіге айналады. Бүл жағдайда авторитарлық педагогиканың орнына осы технологиялық модельде шектеліп жазылатын бірге жұмыс жасау мен қолдау қағидалары келеді.
Дамыта оқыту технологиялары
Дамыта оқыту теориясы өзінің бастауын И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский еңбектерінен алады. Оның ғылыми негізін Л.С.Выгодский берді. Теория ары қарай Л.В.Занковтың, Д.Б.Элькониннің, В.В.Давыдовтың, Н.А.Менчинскийдіңжұмыстарында дамытылды. Олардың тұжырымдамаларында оқыту мен дамыту бір үрдістің диалектикалық өзара байланысқан жүйесі түрінде болады. Оқыту адамның психикалық дамуында ерекше мәнге ие, онда тұлғалық сапалардың бүкіл жиынтығының қалыптасуының басты қозғаушы күші деп мойындалады. Қазіргі кезде мақсаттық бағдарларымең мазмұны мен әдістемелерінің ерекшеліктерімен ажыратылатын технологиялар қатары жасалған. Олардың көбі мектеп оқушыларын оқытуға арналған, дегенмен, олар ЖОО педагогикасына да белсенді енгізілуде. Осылайша үздіксіз білім беру тұжырымдамасы жүзеге асырылады.
Берілген технологияның кілттік звеносы — арнайы әдістемелермен жүзеге асырылатын тұлғаны жан-жақты зерттеу және интеллектуалды дамудың бастапқы деңгейін анықтауға ғана емес, сонымен қатар ойлау стильдері мен стратегияларға алып келетін тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған. Бұл мәліметтер ары қарай оқытудың тиімді технологиялық құрылымдарын қалыптастыруға, негізгі міндеттері оқушылардың когнитивтік қабілеттерін дамыту, олардың тұлғалық типтеріне жоғары дәрежеде сәйкес келетін оқыту әрекеттерінің, рефлекстік қабілеттерді дамытудың өнімді тәсілдерін игеруі болатын білім беру үрдісін психологиялық қолдау үшін қолданылады. Оқыту үрдісінде жеке мақсаттарға жетудің оперативті диагностикасы мен оқылатын процедуралар мен материал мазмұнының коррекциясы қарастырылады. Коррекция циклдары курстардың модульдік-блокті құрылымының шеңберінде ұйымдастырылады.
Дамыта оқытудың ғаламдық мәселесі тұлғаны жан-жақты дамыту болғандықтан, жеке мақсаттар да оның орындалуын қамтамасыз етуі керек. Жеке топтарға дидактикалық, тәрбиелік, дамытушы мақсаттарды, психологиялық дайындық мақсаттарын бөлу қабылданған.
Осы технология шеңберінде дидактикалық мақсаттарды әрекеттің сәйкес эталондық модельдері ретінде қалыптастыру мақсатты түрде болады. Бұл жағдайда оларды жүзеге асыру критерийі әрекеттің нақты түріне дайындық бола алады.
Дамыта оқытудың көп деңгейлі құрылымы келесі түрде болуы мүмкін:
бірінші деңгейлі мақсаттар — белгілі бір әрекетке кәсіби дайындық;
екінші деңгейлі мақсаттар — болжанатын әлеуметтік-саяси, экономикалық, әскери-кәсіби, экологиялық жағдайлардағы өнімді әрекетті қамтамасыз ететін тұлғалық сапалар жүйесін қалыптастыру; үшінші деңгейлі мақсаттар — тұлғаның қажетті орнықтылығын барлық (интеллектуалды, психологиялық, физикалық) параметрлері бойынша қалыптастыру;
төртінші деңгейлі мақсаттар — өзінің шығармашылық потен-циалын максималды жүзеге асыру, өзін дамыту үшін іс жасау.
Төртінші деңгейлі мақсаттар дамытушы оқытудың негізін құрайды. Сонымең сәйкес мақсаттарды алға жылжыту дамытушы білім берудің технологиялық моделін құрылымдық синтездеу процедураларын тұйықтап, психологиялық қолдауды ұйымдастыру қажеттілігін көрсетеді.
Осыған сәйкес оқытудың сәйкес мақсаттарына жетуді диагностикалау мүмкіндігіне ие болу үшін білімді игеру деңгейлерін анықталған түрде жүйелеу керек.