Қазақша реферат: Оқиға орнындағы фотосуреттер |
Фотосурет қарау хаттамасының мазмұнын және хаттамада көрсетілмеген заттардың көрінісі немесе жеткіліксіз анық жазылмағандарды толықтырады. Оқиға орнындағы фотосуретте оның жалпы түрі бірнеше нүктеден белгіленеді, өйткені жағдайдың барлық бөліктерін толығырақ бекіру үшін. Фотоаппарат түсірген кезде жерден жоғары бір нүктеде орнатылады. Түсірген кезде жақсы шығу үшін объектіні бірнеше рет фотаға түсіреді. әрбір қарау хаттамасында ұсынылған суреттің артында түсініктеме жазылу керек, осы суретте қайдау көрініс юар, қандай жерде түсірілгендігі, сонымен бірге суретке түсірген тұлғаның, тергеушінің қолымен бекітілуі, мүмкіншілікке байланысты куәгерлердің қатысуы. Егер фотосуреттер фотокестеде жасалса, онда бұл жазулар осы кестенің ішінде жазылу керек. Егер қарау үрдісінде бейне жазу қолданылса, хаттамаға бейнежазба жазылған кассете қосылады.
Панораммалық фотосуреттер.
Панорамалық тәсіл дегеніміз- бұл бір объектілердің көрінісін бірнеше кадрға түсіріп алу. Панорамалық әдіс арнайы фотоаппараттар мен немесе кәдімгі фотокамерамен түсіруге болады. Бұл тәсіл тергеу нәтижелерінде кеңінен қолданылады. өйткені кең ара қашықтықтағы оқиға болған жерді түсіруге мүмкіндік береді. Панораманы түсіруге келесі арнайы фотоаппараттар- киев, горизонт, зорки және т.б. қолданылады. Фотопанораманы жай фотокамерамен түсіру үшін объектілерді бірнеше рет бөлек-бөлек түсіріп алып, фотосуреттерді қосып монтаждайды. Оқиға орындарында панорамалық фотосуреттеуді келесі жағдайларда қолдану керек: қашан белгіленген жағдай туралы жердің үлкен участкесінде болса, онда оны бір кадрмен ұстау мүмкін емес; қашан объектілерді бір суретпен көрстетіндей мүмкіншілік беретіндей суреттің нүктенің болмауы, мысалы, ұзартылған кеңістіктердегі заттарды, тұрғылықты жердің ыңғайсыз жерде орналасуы бекітуге кедергі жасайды.
Панораманың келесі түрімен түсіндіруге болады:
- айналмалы панорама;
- сызықтық панорама.
Айналмалы панорама дегеніміз- фотокамераны бір нүктеде ұстап, объектіні кезекпен түсіру және түсіру кезінде шекаралық фрагменттерді 10-15 пайыз артық түсіріп отыру қажет. әдетте бұл әдіспен екі не одан көп кадрлар түсіріледі.
Сызықтық панорама әдеттегідей объектілердің фотокамерадан жақын болған кездерден және объектілердің кең ара қашықтықта болған кездерде қолданылады. Сызықтық панорамада фотаға түсіру кезінде түсірілетін объектілердің бойымен жүре отырып, фотоаппаратты бір сызық бойынша жүргізе отырып кадрлардағы көріністерді кезекпен түсіреді.