Қазақша реферат: Оқиға болған жерде қалатын іздер
Жоспар
- Іздерді жіктеу
- Адам қолының тері қабатын зерттеу
1. Іздерді жіктеу
Барлық қылмыстардың, оқиғаның оны бейнесін көрсететін, артынан оның қоршаған ортасында белгілі бір іздер қалады. Оқиға, адамның санасында және оқиға болған жердегі заттарда қалады. Бұл іздер оқиғамен байланысты заттарда, обьектілерде қалуы мүмкні. Заң негізінде табылған, бекітілген, және алынған іздер, дәлелдеме ретінде қолдануға болатын мәліметтерден тұрады.
Әр қылмыстың нәтижесінде болған жерінде әртүрлі іздер қалады. Іздер әртүрлі қылмыстарды ашу үшін қолданылады (әртүрлі деңгейәдегі дене жарақаттары, ұрлық, тонау, адам өлтіру және т.б.). Негізінен із қалдыру байланысына байланысты олар қол, аяқ, тіс, аяқ-киім, бұзу құралы және инструменті, көлік құралы, оқты қару іздері болып жіктеледі.
Пайда болу механизмі бойынша олар бетіндегі, көлемді, статистикалық, динамикалық, боялған және түссіз болып бөлінеді.
Іздерді қалдыру обьект бойынша жіктелудің келесі түрі – із қабылдаушы обьектінің өзгеру сипатына байланысты. Осы негіз бойынша барлығы екі топқа бөлінеді: көлемді және беттік. Көлемді іздер – із қалдырушы обьектінің өзгерісі барысында қалыптасады, оның үш өлшемі бар: ұзындық, тереңдік, ені. Көлемді іздер өз кезегінде келесі топтарға бөлінгеді.
— деформация іздері – тұрақты және икемді беттің елеулі өзгерісінен қалыптасады;
— қабаттасу іздері – ауа немесе ұнтақты беттің нығыздалуына байланысты пайда боладыЯ;
— бұзу іздері – із қабылдаушы обьектінің бөліну нәтижесінде қалыптасады (кесу, тесу іздері);
— із қабылдаушы обьектінің бөлігінің орнын ауыстыру іздері – ол шана, шаңғы, бульдозер іздеріне тән.
Беттік іздер екі өлшемді. Негізі олар белгілі бір тереңдікке ие болуы мүмкін, алайда ол қазіргі кезде өлшенбейді немесе тарасологиялық сұрақтарды шешуде мәні де жоқ. Трассологияда беттік іздері үш топқа бөлінеді:
— қабаттасу іщдері – із қалдырушы обьектінің беттік бөлігінің бөлінуінен пайда болад;
— қабат бөліну – із қабылдаушы обьектінің із бөлігі қабаттан басқа обьектіге көшекді;
— термикалық немесе фотохимиялық өзгеріс іздері – обьект бетінің жануының пайда болады (өрт кезінде, күнде қағаздың күюі).
Беттік іздердің дәстүрлі жіктелуіне әдетте адам денесіндегі шекаралық тіс іздері. Олар көбінесе өзіндік процесс барысында қалыптасады. Обьектілердің механикалық жағдайы мен пайда болатыніздердің байланысы бойынша іздерді жіктеуі екі топқа бөлінеді: динамикалық және статистикалық іздер.
Динамикалық іздер із қалдырушы обьект паралельді түрде із қалдырушы бетпен жылжыған жағдайда пайда болады (таю, аралару, тесу іздері).
Статистикалық іздер қозғаушы обьект қозғалыссыз қалып немесе қозғалыс бағытын өзгерткен жағдайда пайда болады.
Із қабылдаушы бет — өзгерісі аумағының із қалдырушы обьектіге қатынасы бойынша жіктелуі локальды және перифириялық іздер.
Локальды іздер із қалдырушы обьектінің контакттық бетінің астында қалыптасады (терезедегі қол іздері, жолдағы аяқ ізі).
Перифириялық іздер – із қалдырушы обьектіпен контакт ауданнан тыс қабылдаушы беттің өзгерісі есебінен пайда болады.
Іздерге микро және микро іздерді бөлуді қолдануға болады – ол іс жүзінде ол іздердің мөлшері бойынша жүзеге асырылады. 4-7 есе ұлғайтудың қажеттігі жоқ іздерді макроіздерге жатқызуға болдады. Одан көп ұлғайтуғды немесе арнайы ідістерді қолдануды талап ететін іздер микроіздерге жатады.
Іздерді тапқан жерде жұмыс іздеу криминалистік техникадағы жалпы ережелер бойынша табу, қарау, алу, сондай-ақ оқиға болған жерді зерттеуден туындайды.
Іздерді табу, бекіту, зерттеу келесі тәжірибелік міндеттерді қамтамассыз етеді:
— із қалдырған огбьект туралы ақпарат алу;
— қылмысты жасау тетігін, оқиға мән-жайын анықтау;
— із қалдырушы обьектіні сәйкестендіру;
— хабар-ошарсыз кеткен адам қалдырған іздер бойынша белгісіз мәйіттің тұлғасын анықтау;
— есеп жүргізу.
2. Адам қолының тері қабаттын криминалистік зерттеу
Адам қолының тері қабатын криминалистік зерттеуге трассологияның «дактиласкопия» деген тарауы арналған. Алайда оқиға болған жерде табылған алақан іздері де дактиласкопиялық зертеуде қолданылуы мүмкін. Адам терісі екі негізгі қабаттан тұрады: үстіңгі – эпидермис, және дермалар – терінің өзі.
Дерманың екі қабаты бар: бұрмалы бұдырлы, торлы бұдырлы. Жоғарғы бұдырлы қабатта пирамидалы екі құрылым орналасқан. Папилярлы сызықтар белгілі бір тәртіппен орналасқан. Папилярлы үш ағымды жақындасуы үш бұрышты құрайды, ол дельта деп аталады.
Тергеуші (сарапшы-криминалистің көмегімен) папилярлы өрнек іздерін табылған жерде алдын-ала зертеуі тиіс. Бұл: іздің қай қолымен, қай саусақпен қалдыррылғаны, өрнек түрі мен типін, жеке белгілерін анықтауға көмектеседі. Оқиға болған жердегі күдіктілерді анықтағанға дейін дактиласкопиялық диогностикалық сараптама тағайындалуы мүмкін.; сонымен бірге сараптама іздері әйел немесе еркектің қалдыруы, оның ескіруі тураклы сұрақтар қоюға болады. Күдіктілерді табу оларды дактиласкопиялап, берілген тұлға нақты ізді қылдырғаны туралы дактиласкопиялық идентификациялық сараптама тағайындпауға болады. Оқиға болған жерде капилярлы өрнектердің бейнеленуі қылмыскерлерді криминалистік есепке қою құралы болып табылады. Сонымен бірге, дактиласкопияда бекітілген өрнек іздері із-түссіз жоғалған адаманың тұрғын жері бойынша папилярлы өрнектерді салыстырғанда мәйіттің тұлғасын анықтауы мүмкін.