Қазақша реферат: Офицердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру жолдары

0






Әскери педагог ретіндегі офицердің шеберлік мәселесі — оның жеке және қызметтік мәселесі оның шығармашылығының мәселесі. Педагогикалық шеберлік дегеніміз не? Бұған біз бірден жауап бере алмаймыз. «Педагогикалық энциклопедия» мындай анықтама берілген: «Педагогикалық шеберлік — оқыту мен тәрбиелеу бойынша әрбір педагогқа берілген жоғарғы және тұрақты жеті лдірілетін шеберлік. Педагог өз ісінің шебері, жоғарғы мәдениеттің маманы, өз пәнін терең білетің белгілі ғылыммен таныс, психология сұрағында практикалық дамитың оқыту мен тәрбиелеу әдісін жетік игеретін маман». Офицердің педагогикалық шеберлігінің құрылымы мен мазмұның қарастырайық.
1) Педагогикалық шеберліктің негізі- мәдениет. Энциклопедиялық сөздікте мәдениетке мынадай анықтама берген. «Мәдениет (лат. cultura — қоғам дамуының тарихи анықталған деңгейі: адам қызметін-де Және өмірді ұйымдастыру тәсіліндегі шығармашылық күш пен адам қабілеттілігі». Мәдениет түсінігі өте күрделі: ол материалдық, рухани, әскери-кәсіптік және тіл мәдениеті, әдістемелік мәдениет және т.б. болып бөлінеді. Қазіргі кезде педагогикалық қызметте мәдениеттің даму тенденциясын көруге болады. Педагог өз мәні бойынша, тек мәдениет тасымалдаушысы ғана емес, мәдениеттің тірі үлгісі болуы керек. Қазіргі кездегі педагогтардың мәдениеті диалогиялық (коммуникативті) сипатта болуы керек.
2) Педагогикалық қызметтің офицер шебері үшін оның жеке сапасының жоғарғы деңгейлігі тән. К.Маркс айтуы бойынша, «Тәрбиелеуші өз тәрбиелі болуы керек». Офицер жекелігі жан-жақты. Әрбір офицердің өзінің сапасы бар, оларды былай топтастыруға болады:
— Идеалық-саяси;
— Әскери-кәсіптік;
— Моральдық-қүрылымдық;
— Ұйымдастырушылық-басқарушылық;
— Психологиялық;
— Педагогикалық;
Ақырғы топқа тоқталып, толық қарастырып өтейік. Маңызды педагогикалық сапаларға мыналар жатады: Психологиялық-педагогикалық эрудиция, Педагогикалық бақылаушылық, Педагогикалық болжаушылық, Педагогикалық ойлау, Педагогикалық талаптылық, Педагогикалық такт, Педагогикалық интуиция, Педагогикалық импровизация, Педагогикалық оптимизм және т.б.
Жоғарыда көрсетілген кейбір сапаларды қарастырып өтейік. Педагогикалық эрудиция-психология және педагогика саласындағы кең және жан-жақты сезіну әскери психологиялық ғылым негізін игеретін офицер әрекеттің, фактінің, құбылыстың психологиялық-педагогикалық анализін еркін жасай алады, педагогикалық әрекеттің нақты шарасын анықтайды, оқу-тәрбие жүмысының тәсілін, әрекетің нысаның әдісін анықтай алады.
Педагогтың жоғарғы деңгейдегі педагогикалық бақылаушылық қасиеті болуы керек. Педагог өз бағынушыларын бақылай алуы керек. Бақылаушылықпен қатар педагогикалық алдын ала көру қатар жүреді. Шебер офицер бағынушының ішкі әлемің психологиялық қалпын анықтай алуы керек. Бағынушының әрекетіне байланысты әртүрлі жолдарды қарастыруы керек.
Педагогикалық ойлау. Әскери педагогикалық қызмет өз мәні бойынша интеллектуалды боп есептеледі. Ол көптеген педагогикалық мақсатты шешумен байланысты. Педагогикалықойлаудың маңыздысы — өзінің бағынушының әрекеттерін тез талдай алуы. Дәлелдерді, құбылыстарды салыстыру қабілетінің болуы. Офицердің маңызды педагогикалық сапасы — талап. Педаго-гикалық талаптылық қоршаған ортаға қатынасынан көруге болады. Талаптылық офицердің ішкі қасиетін көрсетеді және оның педагогикалық шеберлігінің даму деңгейінің тікелей сипаты. Офицердің педагогикалық қызметінің жетістігі педагогикалық такт орындауымен байланысты. Педагогикалық такт — офицердің басшы, оқытушы, тәрбиелеуші ретіндегі кәсіптік сапасы. Педагогикалық такт ішкі құрылымы бойынша күрделі интеллектуалдық дағдысының жиынтығы, ол психологиялық-педагогикалық және этикалық білім негізінде құрылған. Педагогтың негізі кәсіптік маңызды сапасы — офицердің жеке бағыттылығы. Жеке бағыттылық әскери педагогикалық қызметте жоғарғы деңгейге жетудің маңызды субьектілік факторы. Оның үш түрі болады:
1) Шынайы педагогикалық;
2) Формальды педагогикалық;
3) Жалған педагогикалық;
Бірінші түрі педагогикалық қызметте жоғарғы нәтижеге жетуге әсер етеді. Атақты педагог Н.В.Кузьминнің ойы бойынша, «шынайы педагогикалық бағыттылық оқушының жекелігін қалыптастыруға тұрақты мотивация береді, яғни берілетін пән тәсілі арқылы әсер етеді».
Шынайы педагогикалық бағыттылықтың негізгі мотивациясы -педагогикалық қызмет мазмұнына қызығушылық. Педагогикалық бағыттылыққа жоғарғы деңгейі ретінде талап жатады.
3) Офицердің әскери педагогикалық қызметінің негізі — білім, дағды жүйесі. Білім жүйесі әлемтану, жалпы мәдениеттік деңгей және арнайы білім деңгейі.
Жалпы мәдениеттік білімге әдебиет және өнер саласындағы әдебиеттер жатады, әскери ісі, саясат, экономика, құқық, әлеуметтік өмір, дің ғылым, техника саласында бағыт жасай алу, оның төмен деңгей болуы біржақтылыққа әкеледі және бағынушыларды оқыту мен тәрбиелеуде шектеуге әкеледі. Арнайы білім педагогикалық психоло-гия, оқыту әдісі, жеке құрамды тәрбиелеу, әскери-педагогикалық қызметті ұйымдастыру бойынша білімдерден тұрады. Тәрбиелік мақсаттарды шешу үшін педагогикалық араласу, жауынгерлердің жеке ерекшелігін ескеру, оқу және әскери ұжым психологиясы бойынша дағдысы болуы керек.
4) Педагогикалық шеберлік құрылымында ерекше орынды педагогикалық техника алады. Педагогикалық техника — жеке тұлға мен ұжымға қатысты педагогты белгілі бір нәтижеге жеткізетін әртүрлі дағды, тәсіл және құрал жиынтығы.
Педагогикалық техника мыналардан тұрады:
— Техникалық сөзді, араласу өнерін игере алу;
— Өз көңілін және бағынушының көңілін басқара алу; -Жауынгердің ішкі дүниесін анықтай алу;
— Өзінің субъективтік қатынасың белгілі сезімін көрсете алу;
— Педагогикалық әрекетте болу;
— Әртүрлі нысандағы сабақ пен тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыра алу және дағдысының болуы;
— Оқыту мен тәрбиелеуде әртүрлі педагогикалық оқиғаларды қалыптастыра алу технологиясы;
— Оқу мен тәрбиелеуді педагогикалық бақылау мен ескеру;
— Бағынушылардың белсендіре алу және олардың өзіндік қабілетін дамыту;
— Оқыту мен тәрбиелеу және т.б. үрдісте жеке құрамда қолайлы эмоциясын қалыптастыра алу.
Педагогикалық техниканы игеру педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі, ол офицерден терең психологиялық-педагогикалық білімді талап етеді.
5) Офицердің педагогикалық шеберлігі оның педагогикалық қабілеттілігімен тікелей байланысты.
Қазіргі кезде педагогикалық қабілеттіліктің бірнеше тобы бар.
Дидактикалық қабілеттілік — оқушыға оқу материалдарын жеткізе алу қабілеттілігі, материал немесе мәселені түсінікті қылып жеткізу, пәнге қызығушылығын қалыптастыру, оқушыларда белсенді өзіндік ойын қалыптастыру. Педагог дегеніміз — қабілеттілігімен қиынды -оңай, күрделіні — қарапайым, түсініксізді түсінікті қыла алатын тұлға.
Академиялық қабілеттілік — белгілі салада ғылыми білімге қабілеттілігі (Әскери іс, тарих, саясат, әдебиет және т.б.). Қабілетті педагог өз пәнін тек бір курс көлемінде ғана емес, одан кеңірек және терең біледі, материалды еркін игереді және оған үлкен қызығушылығы болады, өзінің зерттеу жұмысын жүргізеді.
Перцептивті қабілеттілік — оқушының ішкі дүниесіне кіру қабілет-тілігі, оның психологиялық қалпын түсіне алуы. Қабілетті оқытушы немесетәрбиелеуші байқалмайтын белгілермен өзініңбағынушысының ішкі дүниесіне әсер етеді. Сөздік қабілеттілік. Өзінің ойы мен сезімін сөз арқылы нақты және түсінікті жеткізу қабілеттілігі. Педагог сөзімен және ішкі күшімен ерекшеленеді.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!