Қазақша реферат: Офицер — педагогикалық ұжымның басшысы

0






Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери қүрылымдардың дамуы, оның алдында тұрған міндеттерді шешудегі басты рөл офицер корпусына тиесілі. Офицерлер — армияның адамдық факторының негізгі өзегі, әскерлердің адамгершілік рухының негізі. Бөлімшелердің, бөлімдердің, құрамалардың жетістігі шешуші дәрежеде оларды дайындау деңгейіне, қабілеттеріне және бағынышты жеке құрамды басқару дайындығына, әскер қызметшілерінің оқуы мен тәрбиесіне байланысты.
Осы тарауда офицер қызметінің негізгі педагогикалық аспек-тілері ашылады, педагогикалық бөлімше ұжымының басшысы, ұйымдастырушысы әрі әскери қызметшілерді оқыту және тәрбиелеу үрдісінің басты қатысушысы ретінде қарастырылады.
Әскери бөлімнің команда құрамасы ұжымы қызметінің критерийі болып бөлімніңжауынгерлікжәне мобилизацияланатын дайындықтың жоғары деңгейі ғана емес, қоластындағы қызметшілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жаттығу жұмыстары, әскер қызметшілерінің дені сау рухани-психологиялық жағдайын қамтамасыз ететін көтеріңкі көңілді атмосфера болып табылады.
Әскери қызметшілерді оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына жету үшін командирлердің (бастықтар), тәрбиеші-офицерлердің педагогикалық көзқарастарың оқыту-тәрбиелеу мақсаттары мен міндеттерін біріктіре отырып, әскери бөлімнің, бөлімшенің педагогикалық ұжымын құрады.
Педагогикалық ұжымды басқару бойынша қызметтің іс жүргізу және динамикалық жағы факторлар қатарымен. белгіленеді, соның ішінде, басшының жекелеген ерекшеліктерімен, оның әскери-кәсіби, психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейімен де анықталады.
Ең басты фактор — әскери-кәсіби (жауынгерлік, қызметтік, тәр-биелік, оқыту, әдістемелік, ғылыми) қызметтің нәтижесіне, педаго-гикалық ұжымдағы тұлғааралық қатынастардың, оның ұйымдасу деңгейіне ықпал ететін педагогикалық ұжымды басқару (жетекшілік ету) стилі.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!