Қазақша реферат: Нәсілдік және қоршаған орта |
Дамудың қай қырлары адамның өзіне тәуелді және қай тараптары сыртқы жағдайларға, жағдаяттарға байланысты? Дамуды айқындаушы себептер тобы — жағдайлар деп аталады, ал сол қарапайым себептердің ішіндегі ең маңызды, мәнді себеп — жағдаят (фактор) деп аталады. Даму үдерісі мен оның нәтижесіне әсер етуші жалпы жағдайлар мен жағдаяттар қандай?
Бөлгілі болғандай, адамныңдаму үдерісі мен оның нәтижесі үш өзекті жағдаяттардың бірлікті әрекетімен жасалады, олар — нәсілдік, қоршаған орта және тәрбие. Негізге «нәсілдік» деп аталатын адамның тума, табиғи ерекшеліктері алынады. Нәсілдік — бұл атадан балаға берілетін тұрақты сапалар мен ерекшеліктер. Нәсілдікті тасушы — биологиялық ген (грек сөзі — туындатушы). Ағза қасиеттері табиғат жаратқан гендік рәміздерде өрнектеліп, белгілі ақпарат күйінде тіршілік өкілі тәнінде сақталатынын және бірден бірге ауысып баратынын бүгінгі ғылым дәлелдеп отыр. Генетика — адам дамуының нәсілдік бағдарлама құпияларын ашып, жариялады. Адамның нәсілдік бағдарламасы адамды адам кейпінде танытатын жалпы, сонымен бірге әрбір адамның басқаға ұқсамас өзгешілігін білдіретін айрықша детерминантты (себепті) және ауыспалы бөліктерді өз ішіне алады. Нәсілдік бағдарламаның себепті бөлігі адамзаттың ұрпақ жалғастыру және адам тегіне тән нышандарды — сөйлеу, тік жүру, еңбек іс-әрекеті, ойлау, т.б. -қамтамасыз етеді. Атадан балаға адамның сыртқы белгілері: дене құрылысы, шаш, көз, тері түстері — ауысады. Қан тобы, резус-фактор, ағзадағы ақуыздардың әртүрлі бірігімі қатаң генетикалық бағдарламаға тәуелді түзілген. Адамның жүйке жүйесі, мінезі, психикалық үдерістердің өту ерекшелігі осы нәсілдік қасиеттер тобынан. Ата-аналар тәнінде болған жүйке жүйесінің кемшіліктері, олардың арасын-да психикалық күйзеліс, сырқаттар — патологиялық ауытқулар ұрпақтан ұрпаққа өтіп отырады. Сондай-ақ, қан ауырулары (ге-мофилия), қан диабеті, кейбір эндокриндік бұзылыстар, мыса-лы — ергежейлілік нәсілдік сипатқа ие. Ұрпаққа ауыр зиян келтіретін жағдаяттардың бір тобы — ата-аналардың алкагольдік және нашақорлық зиянды әдеттерінөн.
Нәсілдік бағдарламаның ауыспалы бөлімі адамға тіршілік жағдайларының өзгермелі шарттарына икемдесіп баруына көмегін тигізеді. Нәсілдік бағдарлама жетілдіре алмаған адамның сапа-қасиеттөрі өмір бойы жүріп жататын тәрбиемен толықтырылады. Бағдарламаның бұл бөлігін әрбір адам өз бетінше дамыта алады. Осылайша табиғат әрбір адамға өзіндік даму және өзіндік жетілу жолымен өзінің адамилық мүмкіндіктерін іске асыруға жол ашады. Сонымен, тәрбиө қажеттігі адамға оның табиғатынан берілген. Балалар өз ата-аналарынан нені мұра етіп алады — ақыл әрекетіне дайын қабілеттерді ме немесе қабілеттерді дамыту үшін қажет мүмкін болған нышандарды ма? Эксперименталды зерттеулерде топталған деректерді талдау бұл сұрақтарға нақты бір жауап мүмкіндігін берді: нәсілдіктен өтетін қабілеттер емес, тек қана — нышандар. Әулетке өткен нышан кейін дамуы да мүмкін немесе қолайлы жағдайлар болмаса, өшіп кетуі де ықтимал. Бәрі жағдайға байланысты: егер адамның нәсілдік бастаула-ры нақты қабілетке өту мүмкіндіктеріне кез болса және тұрмыс шарттары, тәрбиесі, адам мен қоғамның қажеттері орынды үйлесім тапса, нышан қабілет деңгейінен көрінеді.
Барша қалыпты адамдар табиғатынан өзінің ақыл және танымдық күштерін дамыту мүмкіндігіне ие, сонымен бірге шек-сіз рухани дамуға қабілетті. Жоғары жүйке қызметі типтеріндегі айырмашылықойлау үдерістерініңжүрісінғана өзгертуі мүмкін, ал ақыл-парасат әрекеттөрі деңгейіне олардың ешқандай әсері жоқ. Солай да болса, бүкіл дүние педагогтары нышандардың ақыл-ой қабілеттерінің дамуына кедергі де болатынын айғақтайды. Мысалы, маскүнемдерден туған балалардың бас миындағы енжар жасушалар, нашақорларда болатын гендік құрылым бұзылыстары, кейбір нәсілдік психикалық сырқаттар
— қабілеттердің орнығуына көп көдергі келтіреді. Шылымкеш ата-аналардан туған балалар өкпе ауруына шалдыққыш ке-леді.
Ақыл-ой әрекетіне негіз — жалпы нышандармен бірге ар-найы нышандар да ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Белгілі іс-әрекет түріне адамды қалыптастырудың бастауы осы арнайы нышан-дарда. Егер адамға қажетті жағдайлар жасалса, арнайы ны-шандар ерте жастан-ақ белгілі болады. Мұндай нышандар: ән-күй, сурет өнері, матөматика, ленгвистика, спорт және т.б. үлкен маңызға ие.
Биологиялық нәсілдіктен басқа адам дамуына үлкен ықпал жасайтын және бір жағдаят — бұл әлеуметтік нәсілдік. Осы нәсілдікке орай дүниеге жаңа келген адам өз ата-аналарынан және төңірегіндегілерден олардың әлеуметтік-психологиялық тәжірибесін (тіл, әдет, мінез бітістері, адамгершілік сапала-ры, т.б). белсенді игеруге қабілетті. Әсіресе қызықтыратыны
— моральдық нышандардың нәсілдікпен берілуі. Көп заманнан бері адам тумадан жауыз да, қайырымды да, мырза да, сараң да емес, — деген тұжырым қалыптасқан. Бала өз ата-аналарынан олардың моральдық сапаларын қабылдап — ұры не қарақшы болып, өспейді.
Ендеше, неліктен көп ғалымдар «тума жыртқыштық» теориясын ұстанады? Осыдан ғасырлар тұңғиығынан бізге дейін жеткен — «алма ағашынан ұзап түспейді» — дегөн мақал әділ ме? Бүгінгі таңца ғалым педагогтардың көбі адамның ізгілік қасиеттері биологиялық негізге ие деген пікірге ойы-сып отыр. Адамдар қайырымды немесе ашулы, адал немесе өтірікші, адамның жыртқыштығы, қайырымсыздығы, ашкөздігі табиғаттан берілген (М.Монтессори, К.Лоренц, Э.Фромм, А.Мичерлик, т.б.).
Адамның тұлға болып жетілуі әлеуметтену, яғни басқа адамдармен қарым-қатынасқа көлу үдерісінен, адамзат қоғамынан тысрухани, әлеуметтік, психикалықдамуы мүмкін емес. Маугли жөніндегі аңыз-ертегіні есіңізге түсіріңіз.
Нәсілдіктен басқа адам дамуына үлкен ықпал қоршаған ор-тадан. Орта — бұл даму жүріп жатқан шынайы болмыс, дүние. Тұлғаның қалыптасуына әрқилы сыртқы жағдайлар, солардың ішінде географиялық, әлеуметтік, мектеп, отбасы жағдаяттары себепші болады. Олардың кейбіреулері белгілі аймақтың бар-ша балаларына тиісті болса (географиялық жағдаят), екінші біреулері — жасаған ортаға байланысты (айталық, қала немесе ауыл) ал үшінші біреуі — кейбір әлеуметтік топтағы балаларға маңызды, төртінші жағдаяттар — бүкіл халықтың жалпы жақсарған өмірімен байланысты (соғыс және күйзеліс жылдары ең алдымен балалар қиыншылығын тудырады).
Араласу қатынастарына байланысты жақын және алшақ орта ажыралады. Педагогтарды көбіне қызықтыратыны әлеуметтік және отбасы ортасы. Әлеуметтік орта балалар үшін алшақ, ұзақ орта есептелсе, ал отбасы — жақын ортаны құрайды. Бұл ортада балалар ата-анасымен, туған-туысқандары, жекжаттарымен, достарымен қатынас түзеді. Үй ішіндегі тұрмыстық жағдаяттар нақты баланың дамуына ықпал жасайды және ол дамудан біз ең алдымен баланың қай дәрежеде тамақтанатынын, сабақ және демалыс тәртібін, тән-дене және ақыл-ой жүктемелерінің қажетті дәрежеде болуы, болмауын анықтаймыз.