Қазақша реферат: Наркоздың маңызы |

0






Наркоздың маңызы өте үлкен. Өйткені аса күрделі де, ұзаққа созылатын операцияларды тек наркоздың көмегімен ғана жүзеге асыруға болады, наркоз алмаған жануарларға қарағанда, наркоз алған жануарларда операциядан кейінгі жаралар тез арада жазылып кетеді. Наркоздалған жануарлардың жалпы жағдайы нашарламайтын болса, наркозсыз операцияланған жануарлардың өнімділігі мен өсімталдығы айтарлықтай төмендейді, салмағы азайып, жүйке жүйесінің әртурлі ауытқулары пайда болады.








Наркоздық заттар инфекция мен интоксикация кезінде болатын анафилактикалық естен тану, эпилептикалық сіреспеден, еттердің жиырылуынан және басқада қолайсыз өсерлерден сақтайды, наркоз кезінде жануарлардың көптеген зиянды заттарға төзімділігі күшейеді, наркоздық заттардың әсерінен жүйке торшалары оңай қалпына келетін болғандыктан, оларды орталық жөне вегетативтік жүйке жүйесінің әртүрлі ауруларына қарсы қолданады.
Терең наркоз организмді көптеген өзгерістерге енгізіп, өлімге душар етуі мүмкін. Сондыктан, наркоздық заттарды арық, буаз малға, сонымен бірге жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелері және бауыры ауыратын малға қолдануға болмайды. Кейбір өзіне тән иісі бар наркоздық заттар (эфир, хлороформ) етке өткізілетін малға қолданылмайды. Өйткені наркоздық заттардың жағымсыз әсері етте ұзақ уақыт сақталып қалады.

Наркоздық заттардың организмге қолайсыздығын азайтып, оның әсер ету мерзімін ұзарту үшін олардың біреуімен ғана шектеліп қоймай, бірнешеуін қолданады. Осыған байланысты наркоз бірнеше түрге бөлінеді: қарапайым наркоз — бір ғана наркоздық заттың әсерінен болатын наркоз; аралас наркоз -бірнеше наркоздық заттардың әсерінен болатын наркоз; комбинациялық наркоз — наркоздық заттарды әртүрлі жолмен енгізгенде болатын наркоз; тізбектік наркоз — әртүрлі наркоздық заттарды бірінен соң бірін тізбектеп беру арқылы болатын наркоз; потенцияланған наркоз -наркоздық заттардың әсерін күшейтіп, олардың қолайсыз өсерін азайтатын заттар қосып бергенде болатын наркоз. Соңғы кездері жалпы наркоздаудан бұрын премедикациялау (организм үшін қолайсыз жағдайлар кезінде қосалқы дәрілік заттар енгізу, мысалы ұйқы келтіретін заттар) жиі қолданылып жүр. Бұл жағдай тыныштандырып өсер етеді, жүрек -қан айналу жүйесі мен тыныс алу орталығына жағымсыз рефлекторлық әсерді тежеп, наркоздық заттардың әсерін ұлғайтады және оның қолайсыз өсерін әлсіретеді.