Қазақша реферат: Морфиндік ұйқы |

0






Морфиндік ұйқы — (Morpheus-ұйқының құдайы) көп реттерде адамда, итте және қояндарда байқалады: есек, жылқыларда шала ұйқы түрінде өтеді, ал ірі қара малда бұл құбылыс өте сирек кездеседі. Морфиндік ұйқы наркоздық заттар мен ұйқы келтіретін заттар шақырған үйқыға қарағанда өзгеше болады. Ол сезім мүшелерімен рефлекторлық қозудың күшейген түрінде өтеді. Егер морфин берілгенге дейін жануарлар тынышсыз қалыпта болған болса, морфиндік ұйқы бірқалыпты және терең болады, ал қалыпты жағдайда болса тынышсызданып, тағатсыздана бастайды. Жануарлар құлағын еліртіп, бір орыннан екінші бір орынға жиі қозғала береді. Иттерді ояту үшін шамалы дыбыстың өзі жеткілікті болады. Бірақ, оянған иттер үйқыға қайта кетеді. Осы қалып 1-3 сағатқа дейін созылады. Морфиннің мөлшерін көбейткенде ұйқы терендей түсіп, наркозға айналып кетеді. Тыныс алу баяулай түсіп, Чейн-Стокс (тыныс алудың толық тоқтауы) түріне айналады. Жануарлардың бұл қалпы тыныс алудың тоқталуынан өлімге соқтыруы мүмкін. Иттердің морфиннен өліп қалуы жиі кездесетіндіктен, оны иттерді ұйықтатуға көп қолдана бермейді. Бір жағынан оның ауырсыну сезімділігін өлсірететін және ұйықтататын әсері өте жақсы болатындығынан оны аралас наркоздар үшін қолданады.













.

Морфиннің ас қорыту жүйесіне әсері көңіл бөлерліктей. Морфинді көп ретте ас қорыту жұйесінің ауруларында ауырсыну сезімділігін әлсірету үшін қолданады. Ac қорыту жүйесінің бір ауруларында ол жақсы нәтиже берсе, ал екінші бір ауруларында кері әсері байқалады. Сол себепті морфинді тек дұрыс диагноз қойғаннан кейін ғана қолданған жөн. Жануарлардың барлығында морфиннің есерінен перистальтика баяулайды, ал кейбір жағдайларда тіптен тоқтап қалады. Морфиннің жоғары мөлшерінен перистальтика баяулап қана қоймай, қайта жылдамдауы да мүмкін. Жануарлардан қан аралас іші өтуі мүмкін. Перистальтикамен бірге ас қорыту бездерінің секрециясы да өзгереді.

Морфиннің аз және орта мөлшерінде перистальтика да, секреция да баяулап, ал жоғары мөлшерінде күшейе бастайды. Перистальтикалық баяулау бір жағынан қарын мен ішектің бірыңғай салалы еттер қозғалысының тоқтап қалуынан болса, екінші жағынан — ас қорыту түтігіндегі сфинктерлердің күрт жиырылуынан болады. Морфиннің жоғары мөлшерінен перестальтикалық жиырылу күшті болғанымен, сфинктерлер жабық күйінде қалады. Мұндай жағдай жьшқылар мен күйіс қайыратын мал үшін өте қауіпті, өйткені олардың ас қорыту жүйесі көлемді болып келеді, қарынды аш ішек пен тоқ ішектен бөліп түратын сфинктерлер өте күшті дамыған. Ac қорыту жүйесіне түскен өсімдік тектес азықтық заттар ашыған кезде бөлінген газ қарынның көлемін едәуір ұлғайтып жібереді. Жылқыларда қарыны мен ішектері жарылып кету құбылысы жиі кездеседі. Ірі қара малдың бүйені және соқыр ішегі жарылуы мүмкін.





.

Морфин қуықтың сфинктерлерін жиырып, оның толып кетуіне, соның салдарынан жарылуына әкеп соқтырады. Морфиннің әсерінен зат алмасуының нашарлауы, өкпедегі газ алмасудың бұзылуы мүмкін. Қан мен ұлпаларда зат алмасудың шала өнімдері жинақталады. Көміртек алмасу қатты өзгереді. Бауырда гликоген ерекше қарқынмен ыдырап, несепте қант пайда болады. Барлық жануарларда температураны реттеу орталығының қызметі бұзылады. Мал денесінің температурасы аздап өзгеріп, жануарлар тынышсызданған кезде көтеріледі де, ұйқыға кеткен кезінде төмендейді. Кейбір жағдайларда морфиннің әсерінен идиосинкразия құбылысын байқауға болады. Ол жылқыларда, шошқаларда жөне ірі қара малда бөртпе жөне қышыма тәрізді тері ауруларымен қатар жүреді. Морфинді ұзақ қолданғанда организм оған үйреніп, өте жоғары мөлшерінің өзін оңай көтереді. Өте жиі қолданғанда морфинге деген төзімділік адамдар мен итгерде пайда болады, ал жылқылар мен шошқаларда бұл төзімділік онша емес. Морфинге үйреніп калу құбылысы оның организмде өте жақсы тотығатындығынан болар. Иттерде морфиннің 70 %-ға жуығы нәжісімен бірге бөлініп шығады, ал жиі қолданған кезде бүл көрсеткіш 3-5 %-ға дейін төмендеп, сонан соң тіптен жоғалып кетеді. Морфиннен улану жіті түрде өтеді де, тыныс алу орталығының салдануынан өлімге душар етеді. Иттер өте терең ұйқы немесе наркоз кезінде өліп қалады, көп жағдайларда ұйқы дене тырысуларына жалғасады.