Қазақша реферат: Малдың жыныстық жетілуі |

0






Жоғары сатыда дамыған жануарлар төлдерінің жыныс ағзалары толық дамып-жетілмеген күйде болады. Осыдан олардың өніп-өсуге, ұрпақтану процесіне қабілеті белгілі даму кезеңінен өткеннен соң, жыныстық тұрғыдан жетілгеннен кейін ғана қалыптасады. Жыныстық жетілу кезінде жыныс ағзалары толық дамып жетіледі де, жыныс бездерінде жыныс торшалары өндіріліп, әр жыныс өкілдеріне тән жыныстық мінездер (жыныстық қозу, басқа жыныс өкілдеріне қүштарлық, жыныс рефлекстері, т.б.) пайда болады, жыныс бездерінің ішкі секрециялық бөліктерінде аталық және аналық жыныс гормондары қарқынды түзіліп, ұрғашы малда жыныс айналымы байқалады. Демек, жыныстық жетілу деп жыныс ағзаларының құрылымы мен қызметі жағынан толық жетіліп, организмнің ұрпақты жалғастыруға деген қабілетінің қалыптасқан мерзімін айтады.








Жыныстық жетілу организмнің жеке дамып-өсу кезеңінде кенеттен, күрт қалыптаса салатын жағдай емес, керісінше, ол белгілі бір мерзім ішінде эндокриндік статустың бірте-бірте өзгеруінің нәтижесінде туындайтын күй. Жыныстық жетілу процесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонадотроптық гормондары (ФЖГ, ЛГ) болып табылады. Олардың синтезінің күшеюімен байланысты аталық жэне аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс торшалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып, сыртқы жыныс белгілері қалыптасады және жыныстық рефлекстер пайда болады.
Жыныстық жетілу процесін реттеуде орталық жүйке жүйесі, атап айтқанда, гипоталамустың преоптикалық аймағы, бадам-шалық ядролар, лимбикалық жүйе қатысады. ОНЖ-де анық оқшауланған жыныс орталығы табылған жоқ. Жыныстық жетілу кезінде мидың әртүрлі бөлімдерінде, ең алдымен, гипоталаму-сте, гормондардың әсерімен жыныстық басымдылық (доми-нанта) пайда болады. Осының нәтижесінде малда тиісті мінез қалыптасады. Сондықтан организмнің гормондық статусына бай-ланысты малдың жыныстық белсенділігі өзгеріп отырады. Жыныстық жетілу мерзімі түлік түріне, малдың түқымдық ерекшеліктеріне, күтіп-бағылу, азықтандырылу деңгейіне, кли-мат жағдайларына байланысты.

Ұрғашы жануарларда, аймен санағанда, ол мына мерзіммен сипатталады:
Сиырда — 6 — 10 Бүғыда — 17
Қой — ешкіде — 7 Қоянда — 5
Шошқада — 6 Итте — 7
Жылқыда — 18 Мысықта — 5
Түйеде -24-36 Қара күзенде — 9,5

Шамамен, осындай мерзім ішінде аталық малда да жыныстық жетілу байқалады.
Жыныстық жетілу организмнің пісіп-жетілуінен, өсіп-даму процесінің аяқталар мерзімінен бұрын қалыптасады. Сондықтан жас малды жыныстық жетілу мерзімі толысымен шағылыстыруға болмайды. Бұл ереже орындалмаса, аналық малдың өсіп-жетілуі нашарлап, төлдеу процесі қиындайды, төл әлжуаз болып туады. Малды тек физиологиялық жетілу мерзімінен кейін ғана шағылыстырған жөн. Физиологиялық жетілу деп жас мал денесінің өсіп-жетілуінің, сақа малға тән пішіннің толық қалыптасуының аяқталған мерзімін атайды. Физиологиялық жетілу мерзімі жас малдың тірі массасы сақа мал салмағының 70-75% мөлшеріне жеткен шағына сәйкес келеді.

Әртүрлі жануарларда физиологиялық жетілу мерзімі, аймен санағанда, мына төмендегі көрсеткішпен бейнеленеді:
Сиыр-16-18 бұғы -30
қой-ешкі-12-15 қоян -6
шошқа- 10 ит -12
жылқы — 3 6; мысық -10
түйе — 48-60 қара күзен — 14

Ұрғашы мал аталық малмен, шапшаң өсетін мал тұқымдары баяу өсетін малмен салыстырғанда, ертерек жетіледі. Малдың қоректену деңгейінің, күтімінің жақсы болуы оның жетілу мерзімін қысқартады. Малдың шаруашылықта пайдалану мерзімі оның тұқымдық құндылығына, жасына байланысты. Жылқы ұрпақтану қабілетін 18-20, ірі қара 12-14, қой 7-8, шошқа 7-10 жасқа дейін сақтайды.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!