Қазақша реферат: Малдың түрлі жасанды жағдайларға бейімделуі

0






Жасанды микроклимат жағдайында жануарларда қалыпты физиологиялық күй сақталады, бірақ тыныс жиілігі, жүрек жұмысы, дене температурасы, қан қысымының көрсеткіштері ең жоғарғы деңгейде қалыптасуы мүмкін. Мол өнімді сиырларда зат алмасу процесінің ауытқулары байқалады. Қыс — көктем маусымдарында сиыр организмінде сілтілік қор азайып, ацидоз құбылысы байқалады, қан кұрамында кальций мөлшері төмендеп, фосфор мөлшері жоғарылайды. Рационға жазғы балауса азық араласқаннан кейін жоғарыда аталған ауытқулар қалпына келеді. Малды тар қораға қамаған жағдайда олардың тіршілігіне қажетті физиологиялық қимыл белсенділігі шектеледі. Гиподинамия және шектен артық азықтандыру нәтижесінде сиырлар семіріп, кетоз ауыруына ұшырайды, малдың қысыр қалуы ықтимал. Бұл ауытқулар физиологиялық адаптацияның қалыптаспауының салдарынан туындайды.








Организмнің қалыпты физиологиялық функциялары сақталып, зат алмасу процесі бұзылмас үшін мал қораларында белгілі микроклимат қалыптастыру керек. Сиыр қорада қыста ауа температурасы 5-6(С, жазда — 25(С, ылғалдылығы — 70-85%, көміртегі қостотығының мөлшері 0,25 көлем пайыздан, аммиак мөлшері -0,01-0,02 мл/л, күкіртті сутегі мөлшері — 0,005-0,1 мг/л-ден аспау керек. Сонымен қатар сауын және буаз сиырларды күнделікті серуенге шығарып, малға кемінде 3-5 км жер жүруге мүмкіндік туғызған жөн. Бейімделу процесін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті без жүйесінің функционалдық күйіне сиырды сауу жиілігін өзгерту немесе қолмен саууды машинамен саууға алмастыру да үлкен эсер етеді. Сауу жиілігі және сауу әдісі өзгергеннен кейін алғашқы күндері қан құрамында кортикостериодтар көбейіп, олар едэуір мөлшерде зәр құрамында бөлінеді. Машинамен сауу тәсіліне мал өз организмінің ерекшеліктеріне, өнімділігіне сэйкес 10-15 тэулік ішінде бейімделіп үлгереді. Бейімделу процесі жылдамырақ жүру үшін малдың күтіп-бағылымын, азықтандырылу деңгейін жақсартып, машинамен сауу технологиясын қатал сақтау керек. Бұл талаптарды әсіресе, тұмса малды сауу процесіне үйрету кезінде мұқият сақтаған жөн. Малдың бұл тобы үшін табынның өзгеруі, сауу процесі, механикалық қондырғылар шуылы бейімделуді қажет ететін күшті тітіркендіргіш болып табылады. Сақа сауын сиырлар жүрегінің сол жақ қарыншасы үлкейіп, толғау (пульсация) ырғағы тым жиі болған жағдайда экстросистолия байқалды. Бұл қүбылыс толғау аппаратының жұмыс ырғағы жүрек жұмысының ырғағынан жиі болған жағдайда байқалады. Аппарат ырғағы жүректің жұмыс ырғағынан төмен не оған сәйкес болған жағдайда жүрек соғысында ауытқулар сезілмейді. Осымен байланысты толғау аппаратының жүмыс ырғағы жүрек жүмысының ырғағына сәйкес, не одан 10-11 пайызға төмен болғаны жөн (А. Н. Голиков). Сонымен, әртүрлі жасанды жағдайларға бейімделу процесі дұрыс жүру үшін малды күтіп-бағу, азықтандыру, қора-жай микроклиматтарының организмнің функционалдық жүйелеріне әсерін тиімді пайдаланған орынды.