Қазақша реферат: М.Ю. Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театры

0






Қазақстанның Мемлекеттік орыс драма театры 1933-ші жылдың қазан айында Семей қаласында К.А.Треневтің «Любовь Яровая» пьесасымен ашылды. 1934-ші жылдың қаңтарында жас театр Алматыға көшіп келіп, «Алматы қалалық кеңесінің орыс драма театры» аталды. 1938-ші жылдан бастап Қазақстанның мемлекеттік орыс драма театрына айналды. 1964-ші жылы оған орыстың үлы ақыны М.Ю.Лермонтовтың есімі, 1975-ші жылы «Академиялық» деген құрметті атақ берілді. Театр ашылған күннен 1938-ші жылға дейін оның көркемдік жетекшісі Ю.Л.Рутковский болды. Классикалық драматургияны сахнаға шығаруда театр үлкен жетістіктерге жетті. Олардың ішінде А.Островскийдің «Жазықсыз жапа шеккендер» (1933), Ф.Шиллердің «Қарақ-шылар» (1935), М.Горькийдің «Соңғылар» (1938), «Егор Булычев жэне басқалар» (1951) және т.б. пъесалар бар еді.








1941-ші жылы театр ұжымы қазақ драма театрымен бірлесіп жұмыс істеді. Сол жылдың аяғында Шымкент қаласына уақытша көшіп, 1943-ші жылы Алматыға қайта оралды Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары кеңес адам-дарының қаһармандық іс-эрекетін бейнелейтін А.Е.Корней-чуктың «Майдан», К.М.Симоновтың «Орыс адамдары» мен «Біздің қаланың жігіті», Л.МЛеоновтың «Шапқыншылық» пъесалары қойылып, ол спектакльдерге соғыс жылдары эва-куациямен келген Киевтің Леся Украинка атындағы театры актерлері Д.М.Голубинский, П.И.Киянский, О.В.Смирнова т.б. қатысты. Театр труппасы екінші дүниежүзілік соғыс жылдары эскери бөлімшелер мен госпитальдарда, шекара бекеттерінде болып, бірнеше концерттер қойды. 1945-ші жылы театр жанынан актерлер дайындайтын студия ашылды. А.Н.Толстойдың «Азапты сапарда», П.Маляревскийдің «Найзағай қарсаңында», В.Вишневскийдің «Үмытылмас 1919-шы жыл» сияқты қаһармандық-романтикалық спектакльдері жарық көрді. А.Н.Толстойдың «Иван Грозный», Д.Гоу мен А.Д.Юссонның «Терең тамырлар» т.б. бірқатар спектакльдерде қазақ актерлері Ш. Айманов, Х.Бөкеева, Ә.Жолымбетов т.б. қатысып елеулі рольдер ойнады. Классикалық туындылардан Н.В.Гогольдың «Ревизор», А.Н.Островскийдің «Жасаусыз қалыңдық», «Түсім орны», «Василиса Мелентьева», М.Г.Горькийдің «Дүшпандар», Ф.М.Достоевскийдің «Қорланғандар мен қор болғандар» жэне «Степанчиково селосы мен оның тұрғындары», У.Шексиирдің «Король Лир» т.б. пьесалар сахнаға шықты. Режиссерлер Я.С.Штейн, М.В.Сулимов, А.И.Лакшин, А.Л.Мадиевский, Б.Астахов, В.В.Голубович, Т.А.Афанасьева театрдың қалыптасып нығаюына, өсіп-өркендеуіне мол үлес қосты. Театр репертуарынан қазақ халқының өткен өмір жолын, салт-дэстүрлері мен түрмыс-салтын көрсететін жэне орыс халқымен достық қарым-қатынасын сөз ететін М.Әуезовтің «Махаббат пен намыс», «Қара қыпшақ Қобыланды», «Абай», З.Шашкиннің «Да-ла таңы», Н.И.Анов пен Я.С.Штейннің «Жүректің әмірімен», Д.Исабековтің «Тор» атты пъесалары орын алды. Театр үжымы 1958-ші жылы Мэскеуде өткен қазақ эдебиеті мен өнерінің онкүндігіне катысып, Н.ИАновтың «Мүрагерлерін», Г. В.Николаеваның романы бойынша «Жолдағы шайқасын», О.Окулевичтің «Джордано Бруно» жэне А.П.Чеховтың «Платоновын» көрсетті. Театр ұжымының соңғы көп жылдардағы шығармашылық жолы Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, бас режиссер Р.С.Андриясанның басқаруымен жалғасып келеді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!