Қазақша реферат: Лучано Паваротти туралы қазақша |

0






Италияның әйгілі перзенті Лучано Паваротти. Италия елінің дара туған ардагер ұлы, тербелген тенор, шын мәнінде, өзінің жетпіс екі жылдық азды-көпті ғұмырында әлемдік операның ең жарық та жарқын жұлдызы болды. Ақтық тынысы біткенше, көмейіне тыным болмаған осынау әншіні әлем тыңдармандары тікесінен тік тұрып, шын пір тұтты. Құлыншақ үнді, биік ноталардың қанатында еркінше, суырыла самғайтын алып ән иесінің аса танымал зор даусы сан құрлықтарды кезіп кеткен еді. Италия елі әлемге керемет әншілер берді. Энрико Карузо, Беньямино Джильи, Джованни Мартинелли, Франко Корелли, Тито Скипа, Джузеппе ди Стефано опера өнерін жер жаһанға танытқандар. Сондай ән сүлейлерінің ішінде аса шоқтықты көрінер Паваротти тұлғасы елден ерек. Оны замандастары «Дэу», «Алып» деп еркелетті. Әріптестері арасында ол «Ұлы Па» деген лақап есімімен де мойындалған. Бұл жерде оның жүз елу келі тартатын салмағы емес, шын мәніндегі оның мінез дархандығы, кеңпейілділігі есепке алынып отыр. Алпысыншы жылдардың басында халықаралық байқаудан алғаш қара үзіп, алға шыққан бір кездергі балаң энші уақыт өте келе «Жиырмасыншы жүзжылдықтың супержүлдызы», «Жоғарғы «До»-ның королі» атанған. Музыка сыншылары оны Энрико Карузодан кейінгі опера өнеріндегі жарқын құбылыс ретінде бағалаған. Екінші октава бойынша «до» нотасын тоғыз рет шырқырата көтерген аса биік дауысты тербелген тенор осы Паваротти пақырыңыз. Бұрын-соңды болмаған табыс. Жетпіске келгенше шырқады сабазың. Таңдайына бүлбүл үя салғандай дерсіз. Неге екені белгісіз, біздің жігіттер елуге жетпей ентігіп жатады. Әншілік сүйегіне біткен, сол өнерге өліп-өшіп әбден берілгендер ғана ұзаққа шапса керек. Мақтаулы деген Әлібек Дінішевтің өзі, операны қоя түрыңыз, кезекті концерттерде эн шырқауды сиреткелі қашан? Таспаға түскен әндері де саны жағынан мардымсыз. Әлбетте (түсініп отырмыз), энші біткеннің табиғи мүмкіндіктері әрқалай. Дауыс дарыны да әркімдерге әр түрлі берілген. Әйтсе де, жан сала еңбектену деген бір асу бар ғой, сол өткелден өтер түста, кім де болса, сыр беріп қалары хақ. Жо-жоқ! Іркілмейтіндер де бар екен.













.

Әлемдік ән бәйгесінде алдына жан салмаған дарабоз Лучано Павароттиді айта түссек, ол Солтүстік Италияның Модена деп аталатын шағын шэһарында дүниеге келген қатардағы қара бала қаршадайынан таңдайы тақылдап, көмекейі бүлкілдеп, ән шырқау жағына бейім тұрды. Таңның атысы, күннің батысы, күйбең қу тіршіліктен қолы тимейтін әкесі Фернандо Павароттидің де есіл-дерті ән болатын. Бірақ, тумысынан жасқаншақ, жүрт көзінше «эу» деп жақ ашпайтын тым ұяң мінезді Фернандоның тек жақсы қасиеттері ғана өз ұлы Лучаноның бойына дарығандай еді. Небәрі тоғыз жасында экесімен бірге шіркеу хорында эншілік сапқа түрған. Жергілікті профессор Дондиден сабақ алар түсы осы кезең-тін. Он тоғыз жасқа толысымен ол елге танымал тенор Арриго Поладан өнер үштады. Өзінің өмірлік алғашқы жары, әнші Адуа Веронимен бас қосу бақытына ие болды. Көп ұзамай, қызмет бабымен жапон еліне қоныс аударған Арриго Поланың орнын басқан аса тәжірибелі ұстаз Эттори Кампогаллиани Лучаноның тым зор музыкалық қабілетіне таңдай қақты. Осы шақтардан бастап, әншілік өнерге беріле ден қойған бозбала Паваротти өзінің өмірлік мүратын барынша терең сезінгендей болған. Өзі де мектеп жасындағы бүлдіршіндерге сабак беруді бастап кетті. Сондай-ақ, сол энші Адуамен шаңырақ көтерген 1961-ші жылдан бастап, оның өнердегі бабы да, бағы да көтеріле берген. Ең алғашқы халықаралық байқауда бас жүлдені қанжығасына байлап үлгерген күміс көмей тенордың түңғыш опералық партиясы Дж.Пуччинидің «Богемасындағы» Рудольф еді. Көп үзамай, бұл партия Вена және ағылшындардың «Ковент-Гарден» театрлары сахнасында зор табыспен орындалды.

1965-ші жылы Америка құрлығы «құрықталды». Г. Доницеттидің «Лючия де Ламмермур» операсындағы Эдгар партиясын әлемдік аты бар атақты әнші, эйгілі сопрано Джоан Сазерлендпен серіктесе шырқады. Сол-ақ екен, ол Беллинидің «Сомнамбуліндегі» Эльвиноны, Дж.Вердидің «Травиатасы» мен «Риголеттосындағы» Альфред пен герцог Мантуанскийді, Доницеттидің «Полк қызындағы» Тонионы өзгеше шабытпен үздік орындап, халықаралық деңгейдегі танымалдылық биігіне өрлей бастады. «Жоғарғы «ДО»-ның королі» атанып үлгерген отты эншіні даңқты «Ла Скала» сахнасындағы түсаукесерін Беллинидің «Капулетти мен Монтекки» операсындағы Тибальт партиясымен бедерледі. Уақыт өте келе, ол драмалық рольдерге бет бүрды. Каварадосси, Риккардо, Манрико, Радамес, Калаф партиялары Пуччини, Верди сынды үлы композиторлардың аса күрделі кейіпкерлері. Паваротти өнерінің парқын түсіне түсу үшін көптеген дэлелдер келтіре беруге болады. Нью-Иорктің жазғы саябағында үйымдастырылған кезекті бір концертте (дүлдүл әншінің құрметіне) жүз алпыс бес рет ашылып-жабылған шымылдық «жаны» неткен сірі еді?! Жиналған жұртшылықтың есебіне жету эбден қиынға түскен. Бүл жағдай Гиннестің рекордтар кітабына енген. Жалпы, ашық аспан астында, атшаптырым стадион алаңдарында, дала сахналарында эн салуды үрдіске айналдырған аты шулы үш тенордың тосын әрекеттері музыка мамандарын дүдәмал ойларға қалдырғаны да рас. Сонау өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастау алған алпауыт трио мүшелері — Лучано Паваротти, Пласидо Доминго, Хосе Каррерас — дауыстары элем олимпиадалары мен чемпионаттар аралықтарын толассыз жалғастырып жатты. Әлбетте, бұл көріністерге тұлабойымен қарсы тұрғандар да болды. «Опера сынды дегдар өнердің құтын қашырды» деп жазғырды оларды. Бірақ, қосыла ән шырқаған әйгілі тенорлардың бар мақсаты — ауыр дертке ұшыраған өз эріптестері Хосе Каррерастың денсаулығын қалпына келтіру үшін қаржы көздерін ұйымдастыру ғана еді. Әйтпесе, олар бұрын-соңды «Үштік одақ» құруды ойларына да алмаған-тын. Тіпті, Доминго мен Паваротти опералық сиектакльдерге бірге қатысып та көрменті. Қысқасы, бас изесіп амандасқаннан эріге бармаған. Паваротги небәрі отыз жеті партияны жете меңгерсе, Доминго жүзге тарта рольді ұршықша иірген. Осылайша, өзара өнер тәкаппарлығы пендешілігінен арыла алмай жүрген қос мықты тағдырларының тоғысуына дәнекер болған үшінші мықты — Каррерастың (дімкэстігіне қарамай) үн қуаты да жер жаһанды тітіркендіргендей еді. Осынау үш ноянның ән дискілері, ұнтаспалары бүкіл дүниежүзіне тарағаны көпке мәлім.





.




.

Сондай-ақ, «Паваротти және оның достары» атты жобамен жарық көрген қайырымдылық концерттері де ел арасына кеңінен танылды. Поп, рок музыканттарымен ынтымағы жарасқан Лучано Паваротти Элтон Джон, Эрик Клэптон, Джон Бон Джови, Брайан Адамс, Селин Дион, тіпті, Майкл Джексонмен де оркестрге қосылып ән шырқады. Бұл тұста да опера өнерінің жанашырлары Лучаноға деген өкпе-наздарын білдірмей қалған жоқ. «Күрделі жанр жауапкершілігін ұсақ-түйек ойын-сауық көріністеріне сатып кетті» деп налыды олар бірауыздан. Бірақ, қалың көпшілік үн әсемдігі, дауыс тазалығы, жанға жайлы келісті ырғақ алдында шарасыз екендіктерін жасыра алмады. Паваротти аңыз тұлғаға айналып бара жатты. Кісі үні әдемілігінің символы һәм синонимы ретінде бағаланған Лучано Паваротти кәсіби ән шырқау әлемінде мәдени-рухани көтеріліс жасаған алып та алпауыт орындаушы. «Алып», «Алпауыт» демей, не дерсіз, салмағы жүз елу келі тартатын аса ірі артистке қойылым кездерінде арнайы жасалған орындықтар ұсынылары да жалған емес еді. Әйтсе де, театр қабырғасын қақыратарлықтай керемет күшті дауыс иесі жөнінде аңыз әңгімелер жетерлік.Паваротти катысқан кезекті бір қойылым үстінде жер сілкіне женелген. Дүр етіп көтерілген нөпір халық есіктерге лап қойған.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!