Қазақша реферат: Күрделі, қосарлы және қысқарған мақал-мәтелдер

0






Мақал-мәтелдер — тұрақты тіркес категориясына жататын курделі синтаксистік бірлестік. Тұрақтылык ұйытқысы үшеу: біреуі- тіркестің басын қосып, бір тұтас бірлік ретінде шоғырлан-дырып тұратын жинақтау мағынасы да, екіншісі — айтылуы мен жазылуы тіл қауымына ортақ, сараланып қалыптасқан құрамдық бөлшектері мен олардың орын-тәртібі тұрақтанған тіркестің өзі. Үшіншісі — әуезділік (эвфония). Мақал-мәтелдердің құрамдық бөлшектерін біріктіріп, бір тұтас етіп отырған да осы үш фактор. Олардың «турақты тіркес» деп аталуы да осы үшеуіне байланысты. Алайда, бұл үшеуі де абсолютті ұғым емес. Тұрақты тіркеске жататын мақал-мәтелдердің турақтылыгы о бастағы (алғашқы) мағынасынан аб-стракцияланып барып туындаған ауыс мағынасы әзгере қоймай-тын ММ-дердің болмысындағы негізгі іргетасы болып саналса, мақал-мәтелдердің тұлғалық құрылымын олай деп қарауға бол-майды. Керісінше, ММ-дер — құрамдық құрылымы ылғи өзгеріп, алмасып, қысқарып, «ұзарып» орын-тәртібін ауыстырып, тұрақ-ты түрде модификацияға ұшырап отыратын жанды құбылыс. Бірақ мақал-мәтелдер, қалай өзгеріске түссе де, тіл қауымында ортақ қолданысы мен мағынасы қалыптасқан, әдеби тіл нормасына сәйкес номинативтік тұлғасы белгілі категорияға жатады.








Алайда, сол мақал-мәтелдерді тілдегі реальді өмірі мен қол-данысын олардың сол әдеби нормаға сәйкес қалыптасқан номинативтік тұлғаларымен салыстыра қарайтын болсақ, тіпті адам танып болмайтын, бастапқы құрамының ұштығы мен пұштығы да калмаған үлкен модификациялық өзгерістерге ұшы-райтынын көреміз. Бұл қүбылыс қазақ мақал-мәтелдерінің тіл практикасында (узуальды және окказиональды) қолданысын кдрастыратын V тарауда арнайы сез болады. ММ-дердің тұлғалық-құрамдық өзгерістеріне байланысты біздің бұл тарауда айтарымыз — олардың үзак даму барысында еленіп-екшелену, колданысқа қолайлану, мағынасы кеңею, не тарылу барысында қайта жаңғыру нәтижесінде пайда болған тұлғалары жайында. Оларды біз, негізінен, үш топқа бөліп карауды жөн көрдік. Бірінші топқа қазак. ММ-дерінің тұлғалық, мағыналық жағынан күрделенген түрлерін, екінші топка — косарланған түрлерін және үшінші топқа — қысқарған түрлерін жатқызамыз.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!