Қазақша реферат: Күләш Байсейітова өмірбаяны |

0






Күләш Байсейітова XX ғасырда өркендегін қазақ ұлттық өнері мен мәдениетінің төрінен ойып тұрып орнын алатын қазақ халқының талантты да аяулы қызы, ата аңызға айналған қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, ҚКСР халық әртісі Күләш (шын аты -Гүлбаһрам) Байсейітованың есімі ерекше аталады. Ол 1912 жылы 2 мамырда Верный (Алматы), қаласында қарапайым етікшінің жанүясында дүниеге келеді.
Гүлбаһрамның әншілікке бейімдігі, музыкалық табиғи таланты кішкене күнінен-ақ байқалған. Бұлай болуға әкесі Жасын кезін-де жап-жақсы әнші болғаны, ел аралап ән салғаны да елеулі се-беп болса керек. Бірақ әншілік өнер Жасынға ішер ас, киер киім болмаған соң үйлі-баранды болған шағында ол етікшілікті кәсіп еткен. Сөйтсе де ара-түра көрші-қолаңның ауыл-аймақтың той-томалағында ән салудан қол үзбеген. Сөйтіп, болашақ әнші-ар-тистше сауықшыл әкенің өнері игі әсері кішкене Күләшке ерекше әсер етеді. Бұл жайлы Қанабек Байсейітов өзінің кітабынд: «Әкесі Жасын — әжептәуір әнші болған, сері адам. Кезінде әйгілі Әсетпен, Балуан Шолақпен бірге жүріпті. Бір ағасы Манарбектің әншілігі — анау, өзге ағалары да өнерсіз болмаған, тек кәсіп етпеген. Айтбек те (ағасы) әнді әдемі салатын, сырнайға қосылып айтқанда айызыңды қандыратын. Осындай ортада өскен, тәрбие алған Күләш өнерге жақын жүрмей қайтсін», — дейді [1,61]. Әкесі айтқан әндерге ынтыға қүлақ түріп, ол жырлаған хиссаларды қызыға тыңдай зердесіне тоқып өскен зерек қыз тамаша музыкалық есте сақтау қабілетімен, қиялдай білер кең әсерлі ой-өрісімен осіп жетіледі. Күләш бала күнінде асқан әншілігімен суырыла шығып ел аузына аса ілікпесе де жеті жылдық мектепте, кейін Қазақтың педагогика институтына түскеннен кейін оқи жүріп, жаңадан бой көтеріп келе жатқан көркемөнерпаздар үйірмесіне үзбей қатысады. Қала жастары көркемөнерпаздарының байқауында әншілік талан-тымен көзге түседі. Күләш белгілі себептермен оқудан қол үзіп қалады.
Бұл Қазақстанның астанасы Қызылордадан Алматы қаласына ауысып жатқан тарихи кезең болатын. Алғашқылардың бірі болып Қызылордадан көшіп келіп шығармашылық жүмысын қарқынды жалғастырған қазақ драма театр труппасына көптеген талантты жастар осы кезде келе бастады. Солардың бірі болып Күләш 1929 жылдың аяғында қазақтың драма театрының труппасына «отыз алты сом белгілеп, ең төмен ставкамен» қабылданады [1, 63]. Алғашында спектакльдерде көпшілік сахналарда кішігірім қосалқы рөлдермен сахнаға шығып жүрген Күләш не бары бір-екі жылдың ішінде әнші-әртістік шеберлігімен көрініп, театрдың бел-ді өнерпаздарының қатарынан орын алады.
Оның репертуардағы спектакльдерге қатысып, оны тамашалап көруі барысында кейіпкерлердің репликаларын рөлдің сахналық іс-әрекетін жаттап алуы есте сақтау қабілетінің жоғары деңгейде болғандығын көрсетеді. Осының арқасында ол сахнаға өзінің шығармашылық жолының басындағы жауапты рөлі Ж.Шаниннің «Шахта» спектакліндегі Зейнепті алып шықты. Бұл аяқ асты-нан болды. Жарнамада хабарланған актриса Жанбикенің ауырып қалуына байланысты режиссер тығырыққа тірелген сәтте жас Күләш осы рөлді орындауға өзі сүранады және спектакльді аяғына дейін іркіліссіз алып шығады. Басы артық дайындықсыз спекталь-ге шығуға ерік білдірген жас Күләштің бойында өнер кернеген жанның сахнаға үмтылысын көреміз.
К.Байсейітова отызыншы жылдардың басында театр сахнасы-на қойылған І.Жансүгіровтің «Кек» драмасында байдың тоқалы Қарысты, Б.Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліш рөлін ойнап, драма театр сахнасында өнерге деген өзіндік қабілет-қарымын та-нытады. Алғашқы келген күнінен бастап театрдың жылнамасын жазып келген қазақ сахнасының ардагер актері Қапан Бадыров күнделігінің бетінде Күләштің драма театр сахнасындағы сомдаған елеулі рөлдерінің бірі Пүліш жайлы: «Күні кеше көрінгеннің қолындағы ататын тасы болған момын Пүліштің екі ұдай жерде аруақ-қүдайға, дінге, кертартпа әдет-ғұрыпқа қарсы күрескенін актерлік шеберлікпен көрсетіп, рольді трагедиялық шыңына көтеретін. (Сөз арасында айта кету міндет: бұл образ қазақ сах-насында драмалық биіктен асқан жоқ, Пүлішті трагедиялық деңгейге көтерген тек қана Күләш, оны кейін ешкім қайталаған емес.) Күләштің сахнадағы ерекшелігі: қажетті жағдайда неше түрге түсіп, екі беті қып-қызыл болып қызара да, бозара да білетін. Қанын ішіне тартып, сүрланып алғанда, жүзінен жан шошитын» [3, 61], — дейді. Ол Күләштің орындаушылық шеберлігі мен таби-ғи талантын орыстың үлы актрисалары В.Ф.Комиссаржевская, П.А.Стрепетовалардың терең трагедиялық рөлдерімен қатар қоя отырып, оның Пүліш образында көрсеткен ойын кестесін «сон-дай трагедия-ау деп ойлаймын» деген ой айта отырып: «Күләшті пэлендей біреуге теңеудің орны жоқ. Ол бір сырлы, сегіз қырлының тап өзі. Мыңнан озған өрен жүйрік, мүның өз жолы, өз мектебі бар талант, тыңнан жарып шығып жол салған жаңашыл қазақ ән, опера өнерінің пионері де, революционері де өзі еді», — деп өте жоғары баға береді.
Жас Күләш драма театрында орыс драматургтерінен Н.В.Го-гольдің «Үйленуінде» Агафья Тихонованың, М.Тригердің «Сүңгуір қайығында» Клавдияның рөлдерін сомдауда өзге халықтар репер-туарына еніп, аударма пьесаларда сол үлттың салт-дәстүрі мен жан дүниесін жан-жақты игеруге күш салады. «Клавдияның бойын билеген сан түрлі қайшылықтар мен жүрегін тебіренткен себеп-терді актриса (Күләш — М.А.) шындықпен ашқан. Клавдияның бойындағы қиын жағдайларды Байсейітованың жете сезініп пси-хологиялық терең шешуі нәтижесінде Клавдия нәзік жанды сым-батты әйел емеспіз Клавдия рольінде байқалған бұл қабілеті Байсейітованың үлкен актрисалық талантына тән ерекшеліктер еке-нін оның бүкіл сахналық өмірінен де көруге болады» [2, 216], — де-ген жолдар театр тарихының бетінде жазылып қалған.
Ол Қ.Байсейітов пен А.Шанинің «Зэуресінде» Зэуренің, М.Әуе-зовтің «Еңлік — Кебек» трагедиясының бас кейіпкері — Еңліктің рөлдерінде ерекше көрінді. Соның ішінде Еңлік образын жасауда жас актриса көп еңбектенеді. Табиғи талантының арқасында ол режиссер көрсеткен мизансценаларды өзіндік түйсікпен қорытып сахнада қазақ қызының қарапайым да шынайы, өжет те өткір бейнесін толымды сипаттайды. Ол эке шешесінің көздерінің қа-рашығындай болған үлы да, қызы да болған келбетін актриса на-нымды береді. Еңліктің «Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім-ау, Тен-тек ел, талқысына тастап кеттім, есен бол туған елім» деп баста-лып, көрерменнің жан жүрегін шымырлатар «Қоштасу» әнін нэзік үнімен мөлдірете айтқан Күләш драма театр тарихында сахнадан әндетіп айтудың дәстүрін алғашқылардың бірі болып қалайды. Кезінде тамаша орындалған рөлдің сахналық жолы күні бүгінге дейінгі Еңліктер үшін өзгеріссіз келе жатқан дәстүр сол Күләштің орындауынан бастау алады екен. Ол жайлы қазақ өнерінің белгілі қайраткері, композитор, дирижер Латиф Хамиди өзінің естелігінде: «Күләш симфониялық оркестрге қосылып ән салған түңғыш қазақ екенін де еске алғым келеді. Драма театрының сахнасында «Еңлік — Кебекті» дайындап, оны оркестрмен сүйемелдеуді жоспарладық. Әрине, ол кезде дайын оркестр жоқ, 1933 жыл ғой. 17 адамдық ор-кестр біз қаладағы ресторандардан, кинодан жинап қүрастырдық. Иә, иә, оны үйымдастырдық деп емес, күрастырдық деу дұрыс. Еңлікті ойнаған Күләш сол сол оркестрдің сүйемелдеуімен ән сал-ды. Бір ғажабы: Күлекең сол оркестрді тосын көрген жоқ, қайта бүрын біз байқамай жүрген дауыс мүмкіндігін ашып берді. Және халыққа да жақындай түсті. Мынадай жаңалыққа тосырқаған еш-кім болған жоқ. Қүлағы қоңыр домбыра мен сызылған қобызға үйренген халыққа симфониялық оркестр (дэл сол кезде толық қалыптаспаған болса да) дегеннің не екені әркімге белгілі. Ал, соны, жалпы көпшілік жатырқамай қабылдаса, бүған тікелей эсер еткен Күләш деп айтуымыздың еш артықтығы жоқ. Сонымен бір-ге, кейін бүкіл әлемді шарлап кеткен Күләштің бұлбұл үні де хал-қына сол жолы бірінші рет танылды (бөлектеу біздікі М.А). Оған дейін театрда спектакль үстінде бар дауысымен дербес, яғни во-калдық сипатта, ән салмайтын. Еңліктің «Қоштасуы» қолма-қол ел аузына тарап кетті.
Кейін ашылған музыкалық театрға Күләштің ауысуына мүрын-дық болған да сол Еңлік бейнесі» [3, 38], — дейді. Бұл көлемді үзіндіні толық келтіре отырып біз, қазақ театрының тарихында үлттық орындаушылық дәстүрдің бастауында түрған талантты сахна шебері Күләш Байсейітованың өмірінің аяғына дейін опе-ра театрында еңбек еткен шығармашылық келбеті мен өсу жолын айқындай түссек дегеннен.
Күләш туралы өзінің естелігінде Қ.Байсейітов оның сахнаға деген ерекше қүштарлық қырларына ерекше тоқталады. «Сахнаға шығуды жаны сүиетіні соншалық — егер өз рөлі бітіп қолы сэл босай қалса, көпшілік ішіне ілесіп сахнаға шығуға өзі келіп сүранатын…. Күләш көпшілік сахналарына араласқан кездерінде де басқалардан ерекшелене білетін, спектакльдің мазмүнына сэйкес киіне қоятын. Көбінесе үл баланың кейпін жасап, солай киінетін. Бірде жалқау баланың кейпін жасап, бірде кепкасын баса киіп үры балаша шығатын, кейде бүзақылау балалар қүсап көзін сығырайтып ала-тын. Әдейі сүрініп-жығылып жататын кездері де болушы еді, аз сәттің өзін де көрермен жүртқа эсерлі етіп көрсетуге тырысатын» [1,61],- дейді. Актрисаның сахнаға, өнерге мүншама ашкөздене үмтылу әншінің бойындағы буырқанған талант көзі іште бүғып жатпай қасиетті сахнадан көрерменге жол іздеген кейпін, жас актрисаның сахналық өнерге деген ерекше қүштарлығын көреміз. Сорғалаған талант көзі шығар жолдың сайы мен саласын іздеп та-уып буырқанған күйі өз дегенін істетіп ауыздық бермейтін үлкен селдің екпінді ағынындай көрерменге жол тартқандығын айнала-сы бірнеше жылдардың ішінде көз жеткіздік.
1933 жылы қабылданған үкіметтің арнайы қаулысымен жаңадан ашылған музыкалық драма техникумы талантты жастардан театрға әртіс мамандар дайындау ісі қолға ала бастайды. Осы оқу орны-на түңғыш қабылданған талапкерлер қатарында халық арасынан шыққан тамаша өперпаздардың бірегейі Күләш Байсейітова да бар болатын. Оның табиғи дарыны, әншілік келбеті осы студияда ашы-лып, бар қырынан көріне бастады.
Қазақ музыкалық театрының шымылдығы алғаш рет 1934 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің И.Коцык музыкасымен әрленген «Айман -Шолпан» музыкалық комедиясымен ашылды. К.Байсейітова бас-ты рөлде ойнап, қазақ қызының небір қиын-қыстау кезеңде ар-на-мысын, жеке басының тағдырын қорғай білген ақыл, парасат иесі Айманның образын, кескін-келбетін. характерін үлкен шеберлік-пен сомдады.
Күләштің бұл театрдағы екінші орындаған партиясы Б.Майлин-нің «Шүғасында» Шүғаның бейнесі болды. Жас эртістің сахнадағы шеберлігі үшталып, тэжірибе жинақтап шығармашылығы кемел-дене түсті. Осы екі спектакльге музыкалық жетекші болған ком-позитор-хормейстер И.Коцык, танымал қазақтың түңғыш режис-сері Жүмат Шанинмен бірге музыкалық театрдың алғашқы спек-такльдерін жасауда халық әндерін кеңінен пайдаланған болатын. Қазақ музыкалық театрының іргетасын қалау ісіне ерекше үлес қосқан композитор, сол тарихи кезеңнің куәгері Е.Г.Брусиловский Күләштің Шүға рөлін орындауы жайлы: «Бұл пьесада Күләштің драмалық дарыны ашыла түсті. … музыкалық театрда бұл оның түңғыш трагедиялық рөлі еді. Бүкіл соңғы актіде Шүға өмірімен қоштаса, ажал қүрсауында жатып, халықтың қайғылы әні «Бурыл-тайды» сыңсып айтумен болады. Зал іші күңірене күйзеліп, қоса еңірегендей күй кешті. Шыдай алмай, кеңкілдей сыңсыған қайсыбір әйелдерді залдан сүйемелдей жетелеп, сыртқа шығарып та жат-ты» [4, 53-54], — дейді. Осы келтірілген үзіндіден сол бір көмескі тарта бастаған уақыттың тынысын, талантты балаң Күләштің трагедиялық табиғатын, аты Одаққа әлі жария болмай түрған кезіндегі қазақтың маңдайына біткен үлкен сахна жүлдызының алғашқы алып адымын көргендей боламыз.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!