Қазақша реферат: Коммерциялық банктердің құқықтық негіздері және олардың құрылу тәртібі туралы қазақша реферат

0

Банк дегеніміз — өз атынан ақшалай қаражаттарды арқылы мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті – қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып алушы мен сатушы арасындағы ақша қаражаттарын аудуруда делдалдықты іске асыру. Нарықтық қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды аударуды банктермен қатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т.б. қаржылық мекемелер іске асырады.
Банк дегеніміз – Қазақстан Республикасының 31.08.1995 ж. (10.07.2003 ж толығымен) «Банк және банкілік қызмет туралы» Заңы банкілік қызметті іске асыратын коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып табылады. Банктің басқармасы орналасқан жер банктің орналасқан жері болып табылады. Банктің түріне қарай Ұлттық Банк жылдық есеп беру, бухгалтерлік баланс және пайда мен шығынды есептеудің әр түрлі стандартын бекітеді. Банктер мемлекеттік меншік негізінде құрылатын мемлекеттік банктен басқа, кез-келген меншік формасы негізінде құрылады. Қазақстан Республикасында 3 мемлекеттік банк бар. Олар:
1. Даму банкісі – 01.07.01 ж;
2. Қазақстан Эксимбанкі;
3. Тұрғын үй құрылыс сақтау банкі – 2003 жылдың қыркүйек айында құрылған.
Банк құрылтай шарт негізінде құрылады және өзінің заңына сай қызмет етеді. Банкті құру жөніндегі құрылтай шартында мынадай мәліметтер көрсетілуі керек:
— құрылтайшылар туралы мәліметтер: олардың әрқайсысының толық фирмалық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет, жеке тұлғалар үшін – аты-жөні, азаматтығы, жеке басын күәландыратын құжаттың мәліметтері, тұрғылықты жері;
— акциялардың құны, саны және категориясы туралы мәліметтер Банктің заңында міндетті түрде төмендегідей мәліметтер болуы керек:
— банктің толық және қысқаша атауы;
— банктің меншік формасы және құқықтық-ұйымдастырылу формасы туралы мәліметтер;
— банктің қорларын құру және оларды пайдалану принциптері;
— банкті басқару органдарының шешім қабылдау тәртібі. Банк өзінің Заңдарына жазылған фирмалық атауды банктің атауы ретінде қолданады. Бірде-бір банк негізгі Заңда жазылған атаудан басқа атауларды, құжаттарда, хабарландыруларда және жарнамаларда пайдалануға құқығы жоқ. Ұлттық Банктен басқа барлық банктерге өз атауында Ұлттық сөзін қолдануға тиым салынады.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттерін қамтамасыз етуге қызмет етеді және банкілік операцияларды жүргізудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Банктің жарғылық қоры / мемелекеттік банктік есепке алмағанда / алғашқы кезде акцияларды сату немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен құрылады. Құрылтайшылар мен акционерлер өздері алатын акцияларға тек қана ақшалай қаражат төлеуі керек. Акционерлік қоғам формасында қызмет ететін банктің акциялары үшін несиеге алынған, кепілдікке берілген қаражаттарды қолдануға тиым салынады.
Осы талаптарды бұзу жолымен жарғылық қорға түскен қаражат сондай-ақ, банкті пайдаланудан келіп түскен табыстар республикалық бюджет пайдасына өндіріліп алынады. Ал, акциялар одан әрі іске асырылу үшін банкке қайтарылады. Банк акцияларын алғаш рет сату олардың номиналды құнынан төмен емес бағамен және барлық құрылтайшылар үшін бірдей жүргізіледі.
Жаңадан құрылған банктің құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық қоры оның тіркелу сәтінде өзінің акционерлерімен 50% төленген болуы керек. Қалған бөлігі банк заңды тұлға түрінде тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде төленуі керек. Банктің жарғылық қорын көбейту мынадай жолдармен жүргізіледі:
— қосымша акциялар шығару;
— акциялардың номиналдық құнын көтеру.
Бәрінен бұрын банктерге анықтама берудің маңызы зор. Экономикалық тұрғыдан да, заң ғылымында да банкті несие алу немесе беру жөніндегі делдалдық қызметті атқаратын кәсіпорын деп түсіндіреді. Профессор, юрист М. М. Агарков пікірінше, банктер келесідей қызметтер атқарады. Банк өзінің клиенттеріне үш категориядағы қызмет көрсетеді. Біріншіден, банк бөтеннің ақшасын сақтау міндетін мойнына ала отырып тұлғалардың ақша қаражаттарын жинайды. Бір сөзбен айтқанда өз клиенттерінің кассирі болады. Екіншіден, банк клиенттен процентсіз ақша талаптары, көбінесе вексель талаптарын алу формасында несиелік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, заем немесе кепілдік несие формасында. Үшіншіден, банк клиенттердің төлем ақыларды қабылдау және іске асыру жөніндегі әр түрлі тапсырмаларын орындайды. Мысалы: чектерге, аударымдарға, аккредитивтерге ақы төлеу, вексельдер және басқа да құжаттар бойынша төлемдер инкассациялау. Қызметтің осы үш категориясына сәйкес банктерге тән үш міндетті ажыратып айтуға болады: 1) бөтеннің қаражатын жинау; 2) несие беру; 3) төлем айналымына ықпал ету.
Қазақстан Республикасындағы «Банктер және банкілік қызмет туралы» 1995 жылдың 31 тамызында шыққан заңының 1 бабында банк дегеніміз заңдарға сәйкес банкілік қызметті іске асыруға өкілеттігі бар коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға деп бекітілген.
Акционерлік қоғам түрінде қызмет ететін банктердің жарғылық капиталы жеке және заңды тұлғалардың арасында бөлінетін номиналдық құнын тең бөлетін акциялардың белгілі бір санына бөледі. Банктердің акциялары акционерлердің басым көпшілігінің келісімімен ғана қолдан-қолға өтеді.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы акционерлік қоғамдардың жалпы қабылданған басқару жүйесіне сай болып келеді. Коммерциялық банктің жоғарғы органы болып жылына кемінде бір мәрте болатын акционерлердің жалпы жиналысы саналады. Банк қызметінде жалпы басшылықты банк кеңесі іске асырады. Оған банктің басқармасының жұмысына бақылау мен қадағалауды жүргізу жүктелген. Коммерциялық банктің қызметін тікелей басқаратын басқарма акция акционерлердің жалпы жиналысы мен банк кеңесі алдында жауапкершілік атқарады. Банк басқармасының құрамына, әдетте, банк мүшелерінің неғұрлым ірі өкілдері кіреді. Мәжілістері жүйелі түрде болып тұрады және шешімдер басым көпшіліктің дауысымен қабылданады.
Ревизиялық комиссияны қатысушылардың жалпы жиналысы сайлайды және ол банк кеңесіне есеп беріп отырады. Ревизиялық комиссияның негізгі міндеті – қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауды ескертетін жағдай жасау, сондай – ақ банктің жылдық есебі мен балансы бойынша қорытынды дайындау.
Коммерциялық банктің қызметінің басты және негізгі қалаушы принципі іс жүзінде қолда бар ресурстар шегінде қызмет ету. Бұл принциптің мәні – коммерциялық банк өзінің ресурстары мен несиелік салымдар арасындағы сандық сәйкестікті ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге, банкілік активтердің сипаты мен жинақталған ресурстардың ерекшелігін сәйкестігіне қол жеткізу керек.
Бәрінен бұрын ол мерзімдерге қатысты. Мысалы: егер банк қысқа мерзімге қаржылар тартқан болса және сол қаржы есебінен ұзақ мерзімді несие оның өзінің міндеттемелерін уақытында жойып отыруына қауіп туады. Банк өзінде бар ресурстар шеңберінде активті операцияларын жүргізуге ерікті, яғни, оның активті операцияларының мөлшері әкімшілік, ерікті әдістермен шектелмейді. Әкімшілік шектеулер бір мәртелік, төтенше сипатта болуы мүмкін. Оларды жүйелі түрде қолдану банк қызметінің коммерциялық негіздеріне теріс әсер етеді.
Коммерциялық банктердің қызметінің негізі болып табылатын маңызды қағидалары – толық экономикалық еріктілік. Осы принцип банктер өздерінің нәтижесі үшін экономикалық жауапкершілік атқарады. Экономикалық еріктілік банктің өзінің меншігіндегі қаражаттары мен тартылған ресурстарды еркін билеуін, клиенттер мен салымшыларды ерікті түрде таңдауын, салықтарды төлеп болғаннан кейін қалған табысты билеуін білдіреді. Қазіргі банктік заңдармен барлық коммерциялық банктерге өздерінің қорлары мен табыстарын билеуге экономикалық еркіндік берілген. Банк салық төлеп болғаннан кейін қалған табыс акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сай бөлінеді. Жалпы жиналыс банктің әртүрлі қорларына аударылатын қаржылардың мөлшері мен нормаларын, сондай–ақ акциялар бойынша төленетін дивиденттердің мөлшерін бекітеді.
Коммерциялық банктің экономикалық жауапкершілігі оның ағымындағы табыстары ғана емес, капиталына да қатысты. Коммерциялық банк өзінің міндеттемелері бойынша меншігіндегі мүліктері және қаражаттарымен жауап береді. Жүргізетін операцияларының тәуекелін коммерциялық банк өзі атқарады.