Қазақша реферат: Коммерциялық банктер туралы қазақша реферат

0
83

Банк – бұл қаражатты тартып жинақтауға және оларды өз атынан қайтару, жедел, төлем шарттарымен орналастыруға арналып құрылған ұйым.
Банктің негізгі қызметі – қаражатты несие берушілерден қарыз алушыларға және сатушылардан сатып алушыларға тасымалдауда болады. Банктармен қатар, қаражатты нарықта тасымалдаумен басқа да қаржылық және несие-қаржылық ұйымдар (инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік, дилерлік фирмалар және т.б.) айналысады.
  Бірінші бөлімде аталып кеткендей, Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерді құру және олардың жұмысы Қазақстан Республикасының «Банктер және олардың қызметі туралы» Заңына негізделеді. Осы заңға сәйкес Қазақстанның банктері қаржы нарығында кең ауқымды операциялар жүргізеді: түрлі мерзімді несиелерді жеткізу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сақтау, сату және сатып алу, қаражатты түрлі салымдарға тарту, есеп айырысу, кепілдік және т.б. міндетткерліктер беру, делдалдық операциялар жүргізу және т.б..
Қазақстанда банктер меншіктің қандай да болсын түрінде құрыла алады – жеке және:
• Коллективті, акционерлік, аралас. Мемлекеттік меншік формасында негізделген банктерді құру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Олар ағымдағы заңнама бойынша өз жұмысын коммерциялық негізде атқаруы мүмкін.
Банктер жарғылық капиталын қалыптастыру әдісі бойынша акционерлік (ашыө және жабық түрлі) және пайлық болып ажыратылады. Бір тұлғаға тәуелді (заңды немесе жеке) банк құру мүмкіндігі ағымдағы заңмен жоққа шығарылған. Осы заң бойынша банктік жарғылық капиталы кем дегенде үш қатысушының қаражатынан құралуы қажет делінген.
Егер несиелік жүйені реформалаудың бастапқы кезеңінде коммерциялық банктер негізінен пайлық негізде құралса, ал қазіргі кезең пайлық банктерді акционерлік банктер формасы етіп қайта құрумен сипатталады. Акционерлік қоғамда капиталдың иемденушісі қоғамның өзі, яғни банк болып табылады. Ал пайлық коммерциялық банктерде капиталдың иегерлері бола алмайды, себебі әрбір пай иегері өзінің капитал үлесіне ғана иемденуге құқығы бар болады. Па йлық коммерциялық банктер жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық негізінде құрылған, яғни әрбір пай иегерінің жауапкершілігі оның банктің ортақ капиталына салымына тәуелді. Жарғылық капиталды кеңейту банк қатысушыларының қосымша салымдары, сонымен қатар, банктің құрамына жаңа қатысушылардың еңгізілуі арқылы жүзеге асырылады. Жаңа қатысушылардың еңуі туралы мәселе банктің қатысушыларының жиынында шешіледі.
Ал акционерлік қоғам ретінде жұмыс атқаратын банктерде жарғылық капитал бірдей номиналды құны бар анықталған акциялар (заңды және жеке тұлғалар арасына) санына орналастырылған. Акционерлер банктен осы салымды қайтаруға міндет ете алмайды. Осы жағдай банктің тұрақтылығын, беріктігін қамтамасыз етеді және оның ликвидтілігін басқаруға негіз құрады. Акционерлік банктер ашық және жабық түрлі болады. Жабық банктердің акциялары басым акционерлердің келісімімен ғана бір-біріне беріле алады. Ал ашық түрлі банктердің акциялары басқа кционерлердің келісімінсіз ауыстырыла алады.