Қазақша реферат: Көмекбайұлы Шорабек |

0






Көмекбайұлы Шорабек 1908 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Көкбұлақ ауылында Көмекбай шаңырағында дүниеге келген. Еңбек жолын Көкбұлақ  ауылындағы  шаруашылықта қатардағы жұмысшыдан бастап, ел ішінде сыйлы, ауыл-аймаққа белді және ерекше ұйымдастыру, жетекшілік қасиеттерімен көзге түсті. Жылдар бойы ферма меңгерушісі қызметін атқарды. Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесінде үздік фермер ретінде қатысқан. Ұлы Отан соғысының ардагері.  Ленинград қаласын азат ету шайқасында ауыр жарақаттанып елге оралды. Соғыс жылдарынан  кейінгі еңбекте де аянып қалған жоқ. Ел арасындағы  бітімгершілік, тұрақтылық пен бірлікті сақтауда беделді орын алды.  Шаңырағындағы 14 ұл-қыздың өнегелі тәрбие, жоғары білім алуына ерекше мән берді. Бүгінгі таңда балаларының барлығы әр саланың иегері атанып, Егемен елімізге қызмет етуде. Олардың ішінде заңгер де, мүғалім де, агроном да, теміржолшы да, дәрігер де, құрылысшы да бар.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!