Қазақша реферат: Кеңестік кезеңдегі әскери педагогикалық дамуы
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтік-саяси жүйе өзгерді, басқа әскери-педагогикалық тұжырымдама, әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің мәселелерін басқаша жүргізу қажеттілігі пайда болды. Қорытындысында, отандық әскери-педагогикалық ой-пікірлер жетістігіне бағытталған кеңестік әскери педагогика құрылды.
Кеңестік әскери педагогика Ресейлік әскери-педагогикалық теория мен практиканың тәжірибесінің негізінде әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің шынайы бағыттары мен көзқарасын қалыптастырған күрделі және қайшылықты жолдардан өтті.
Қызыл Армияның жұмысшы-шаруа және Қызыл Флоттың жұ-мысшы-шаруасының қалыптасуы үрдісінде К.Маркстың, Ф.Энгельстің, В.И.Лениннің таптық көзқарастары мен жалпы халықтық жетекші рөл туралы теоретикалық-әдістемелік құрылымдарына негізделген жаңа әскери педагогика қалыптаса бастады. Әскери-педагогикалық үрдісте ең бірінші социалистік мемлекеттің қорғаушыларының әлеуметтік маңызды қасиеттерін, жауынгерлер мен офицерлердің коммунистік санасын қалыптастыруға бағытталған әскери қызметшілерді саяси тәрбиелеу ерекше орынды иелене бастады. Тәрбиенің жетекші әдісі ретінде сендіру әдісі қолданылды, сондай-ақ үлгі ету, мадақтау, мәжбүрлеу және т. б. әдістер кеңінен қолданылды.
Жаңа әскери-педагогикалық жүйе төңкеріс жауларына жек-көрініштілікті қалыптастырды, оған белгілі бір деңгейде саяси оқыту да әсерін тигізді. Бұл үшін 1918 жылы 6 сәуірде әскери комиссарлар институты, ал 1919 жылы 14 қазанда рота саяси жетекшілері институты құрылды. Тәрбиенің жалпы жүйесінде саяси саналылықты, Кеңестік биліктің жауларын мұқият іздеу және тәртіптілікті қалыптастыруға баса көңіл бөлінді. 1918 жылы сәуірде алғашқы кеңестік әскери жарғының мәтіні бекітілді, 1919 жылы әскери жарғы енгізілді. Әрбір әскери қызметшіге бір бөлімі толықтай Суворовтық «Жеңу ғылымына» арналған, өз кезегінде әскери-саяси оқулық болып табылатын, арнайы «Қызыл армияшының қызметтік кітапшасы» таратылды.
Жеке құрамды тәрбиелеуде партиялық және комсомолдық ұйымдар, қызыл армиялықтар (қызыл флоттық) белсенді араласып, жауынгерлердің көңіл-күйін көтеруді қамтамасыз етті, оларды біріктірді; жолдастық және достық рухта, социализмге адалдық, қырағылық және жауды таптық жек көруге тәрбиеледі.
Тәрбиемен тығыз байланыста халықтың жалпы әскери оқуың қосымша, резервтік және қимылдағы жауынгерлерді дайындауды қосатын әскери оқыту жүйесі құрылды. Полкта сауатсыздықты (1917 жылы ол 90% еді) жою мақсатында мектептер (1918 жылы олар 500, 1919 жылдың ортасында 3600-ден көп) құрылды, саяси сабақтар жүйесі енгізілді. Қорытындысында 1920 жылы әскери қызметшілердің 80%-ы оқып, жаза алатын болды.
Әскери және әскери-педагогикалық мамандар дайындауға аса мән беріліп, әскери-оқу мекемелер жүйесі әскери курстар, училищелер, әскери мектептер мен академияларға айналдырылды. Петроградта, Петергофта, Москвада, Тверьде жаңа әскери-оқу мекемелері (қысқа мерзімді командалық курстар) ашылды. Азамат соғысының майданында қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты, курсанттарды 3 айдан 6 айға дейінгі қысқа мерзімде, ал 1919 жылы 2 айдан 4 айға дейін оқытты; жеке жоғары оқу орнында негізінен техникалық бағытта бір жылдан оқытты.
1918 жылы Ресейде әскери-оқу мекемелерінің саны 63-тен асты, олардың ішінде: Бас штаб Академиясы, Артиллериялық, Әскери-инженерлік, Әскери-медициналық, Әскери-шаруашылық академиясы, Мұғалімдік институт (В. И. Ленин атындағы Әскери-саяси академияның негізін салғаң қазіргі Әскери университет) және т.б. бар.
Сол уақыттағы әскери-педагогикалық ғылымның негізін қалыптастыруда үлкен рөл атқарған Г.Ф.Гирс, П.И.Изместьев, М.И.Калинин, Н.И.Подвойский, С.С.Каменев, Ф.Э.Дзержинский және т.б. болды. Әскери басшылардың жеке тұлғалық қасиеттері әскерді дайындау жүйесін қалыптастыруға әсер етпей қойған жоқ. Ол бір жағынан зорлаудан бас тартуға, жауынгерлердің енжарлығынаң солдаттың тұлғасын көтеруге ұмтылуынан; екінші жағынан құрылымның қатаңдығы, қаталдықтың ақталмауы мен теорияны бағаламауда байқалды.
Әскерде қызыл армияшыларды жал пы тактика, ұрыстық дайындық, қарудың материалдық бөлігін оқу, топография, саптық және денелік дайындық негіздері бойынша саяси сауаттылыққа оқытты. Бұнда оқытудың формалары мен әдістері ретінде әңгіме, түсіндіру, талқылау, сұхбат, тәжірибе жүзіндё көрсету, жаттығу, дайындалу, өзіндікжұмыс, тактика-саптық сабақтар, ұрыстық атыспен тактикалық үйрету қолданылды. Қызыл армияшыларды оқыту жүйесінде жетекші құрал ретінде әрекет басты орынға шықты. Азамат соғысы жылдарында бұрынғы армиялық тәжірибе белсенді оқытылды, төңкеріске дейінгі жетекші мамандар Қызыл Армия қатарына тартылды. Сонымен, 1918 жылы қызметке Н.М.Александер, Г.Ф.Гирс, П.М.Изместьев кірісті. Олар оқыту қағидаларын негіздеуге белсенді қатысты: соғысқа не қажет, соған оқыту, көрнекілік, белгіліден белгісізге өту және т. б. жайттарды қарастырды. Ары қарай оқыту қағидаларын жасауда әскери теоретиктер А.И.Верховский, А.И.Сычев, М.Н.Тухачевский, М.А.Фрунзе және т. б. үлкен рөл атқарды. Олар өз еңбектерінде тәрбиелік оқытудың партиялық және таптық, ғылыми, саналылық және белсенділік, жүйелілік, бірізділік және кешенділік қағидаларын негіздеді.
Офицер қүрамының дайындығы теориясын дамытуға мақсатты болжаушылық және оқыту үрдісінің мазмұнын жасау талап етілді. Бүның негізі үшін төңкеріеке дейінгі орыс әскери мектептерінің жинақталған тәжірибесі алынды, оқыту мазмұны, қолданылған пәндер тізімі, Бірінші Дүниежүзілік соғыс жағдайындағы дайындық қорытындысының шынайылығы талданды. Әскери-оқыту мекеме-лерінің Бас басқармасының жұмысшылары Қызыл Армияның курсанттарында дара жауынгер ретінде ұрыстық қимыл жүргізе алу, сосын бөлімше командирінің, взвод командирінің дағдысын қалыптастыру және оларды саяси тәрбиелеу керек деген шешімге келді.
Аталған мақсаттарға сәйкес офицерлерді оқытудың мазмұны қалыптастырылды. 1918 жылғы өткізілген Бүкіл Ресейлік I съезде командалық курстың өкілдері бұл кезеңдегі ең басты міндет курсанттарда кең білімді қалыптастыру емес, қысқа мерзімде оларды ұрысқа тәжірибелік дайындау деп ескертті. Бұл кезеңдегі оқыту бағдарламасы курсанттан қысқа мерзімде жақсы дайындалған жауынгерді, бөлімше командирің ал курсты толық аяқтаса — взвод командирін жасап шығару есебі бойынша құрылды. 1920 жылдан бастап бағдарламаның мазмұнында Азамат соғысының қозғалмалы және орағыту ұрыстық қимылдары тәжірибесі ескеріле бастады.
Азамат соғысы мен шетел интервенциясының аяқталуы болашақ офицерлерді дайындаудағы оқытудың теориясы мен тәжірибесінің өзара қатынасының тиімділігі үшін жағымды жағдай тудырды. 1921 жылғы қалыпты әскери мектептерде қысқа мерзімді командалық курстарды 3-5 жылдық оқыту мерзіміне қайта ұйымдастыру бірқатар өзгерістер әкелді: оқыту жоспарларын қайта жасады; курсанттардың білімін бағалау мен ескеру өзгерді; оқыту үрдісі дайындалған оқыту теориясы мен тәжірибесінің сұрауына сәйкестендірілді; болашақ офицерлерді дайындау тәжірибесінде ұрыстық тәжірибе кең қолданыла бастады.
1924 жылдан бастап армия мен флот жан-жақты қайта қүрыла бастады: аралас, территориялық-мамандар жинақтауға көшу жүзеге асырыла бастады, бірқатар әскери құрылымдар құрылды, жаңа жарғылар жасалды, біртіндеп біртұтастық енгізілді, әскери-оқыту мекемелерінде кеп сатылы жүйе құрылды.