Қазақша реферат: Кейінгі Орта ғасырлардағы Қытай |

0






XV ғасырдың басында Қытай экономикасы мен мəдениеті гүлдену кезеңін бастан кешірді. Бірақ осы ғасырдың аяғында елде көтерілістер, бүліктер, қырқыстар орын алды. Бұл феодалдық құрылыстың ыдырай бастауының белгісі еді. Бұрын игерілмеген жердің есебінен егістік көлемі ұлғая түсті. Еңбек құрал-жабдықтары қарапайым күйінде қала берді. Бірақ шаруалардың еңбекқорлығы мен шеберлігінің есебінен еңбек өнімділігі арта түсті. Еңбек құрал-жабдықтарының қарапайымдылығы жердің құнарлығын сақтауға, соның арқасында түсімін арттыруға жағдай жасады. Қытай шаруалары дəнді дақылдар, бұршақ, шай егіп, жеміс-жидек, май жəне бағалы ағаштар өсірді. Мақта егістігі де кең қанат жая бастады. Тауар ― ақша қатынастары жетіле бастаған XV―XVII ғасырларда шаруалар жер иеліктерінен айырылып, тез кедейлене түсті. Олар өз жерлерін түгел немесе жартылай, ашық немесе жасырын сатуға мəжбүр болды. Мұның басты себебі өсімқорларға қарызданып қалу немесе салықты уақтылы төлей алмау еді. Шаруалардың қарыздануының өсе түсуіне əкімдердің парақорлығы мен əртүрлі қулық-сұмдықтары да себеп болды. Жерге жаңа помещиктер, өсімқорлар мен көпестер, ауыл əкімдері ие бола бастады. Феодалдар, олардың ішінде император үйінің мүшелері мүмкін болған жерлердің бəрін басып алып жатты. Бұл жолда олар императорларға жарлықтар да шығартты, күш қолданды, алдап арбады. Тек бос жатқан жерлерді ғана емес, əлсіз жеке меншік иелерінің жерін де, мемлекеттің жерін де өз иеліктеріне айналдыра бастады.

1456 жылы Миндік императорлардың өздері мемлекеттік жерді өз поместьелеріне айналдыра бастады. XVI ғасырдың аяғына қарай астаналық облыс маңында көлемі 1280 мың му болатын бес поместье пайда болды. XVII ғасырдың басына қарай императорлар поместьелерінің саны 300-ге жетті. 1489 жылғы есеп бойынша императорлар əулетіне кірмейтін 332 феодалдық жер иеліктерінің көлемі 3300 мың муға жетті. Помещиктерден алған жерлері үшін шаруалар азық-түлікпен де, ақшамен де, өз еңбектерімен де есептесіп отырды. Сонымен қатар шаруалар үкіметке жылына екі рет салық төлеп тұрды. Ол салықты ақшамен, азық-түлікпен, өнеркəсіп өнімімен де, мерзімді еңбекпен де өтеді. XVI ғасырдың аяғында салықтар жүйеге келтірілді, енді міндетті еңбек салығы ақшалай салықпен ауыстырылды. Мемлекеттік салықтың құрамы деревняға тауар ақша қатынасының ене бастағанын, шаруалардың айырбасқа араласа бастағанын көрсетеді. Қазынаға төленетін ақшалай салық күміспен есептелетін. Шаруалардың мұндай күміс теңгесі болмағандықтан мыс жəне темір теңгемен есептесетін. Теңгенің бір түрін оның екінші түріне есептегенде қазына қызметкері шаруаларды алдау арқылы көп пайда табатын. Мемлекет меншігіндегі жерді иеленуші шаруа феодал жеріндегі шаруадан салықты артық төледі. Көп жерлер жеке адамдардың меншігіне көшкенде, бірақ ол жер əлі мемлекет қарамағында деп есептелсе, шаруалар əрі помещикке, əрі үкіметке салық төлеп тұрды.

Шаруа шаруашылығының кедейлігі оны табиғи апатқа қарсы күресте дəрменсіз етті. Сондықтан егін шықпай қалушылық, ашаршылық жиі болып тұрды. Адамдар өсімдіктердің тамырын, ағаштардың қабығын жеген кездері болып тұратын дейді тарихшылар. Бір шаруаның құлдырауы қалған көрші шаруаларға да зиянын тигізетін. Мұндай қиыншылықтар XV―XVI ғасырларда шаруалар көтерілістерін жиілетті. Бұл көтерілістер, бүліктер мен қырқысулар ауылдық жерде феодалдық қатынастардың ыдырай бастауының белгісі еді. Қолөнерінің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығуы оның енді қалалық жерде шоғырлануына əкелді. Үлкенді-кішілі қалалар Қытайдың барлық провинцияларында жеткілікті болды. Мысалы, XVI ғасырда Юньнанда 90 ірі, 130 майда қала болса, Цзянсиде 37 ірі, 190 майда, Шаньсиде 174 қала болды. Жеке шаруалар үйіндегі өнеркəсіппен, цехтық қолөнерімен жəне қазыналық өнеркəсіппен қатар орталық жəне оңтүстік-шығыс Қытайда мануфактуралық өндіріс пайда болды. Қытай шеберлері жіп иіретін үлкен де күрделі станоктар ойлап тапты, қорыту пештерін жетілдірді, зеңбіректер мен мылтықтар жасауды меңгерді. Сарай газетін шығарып тұрды. Үлкен де мықты кемелер жасады, олардың мачталарын өте шыдамды затпен аптады.





.

Қалаларда үлкен сарайлар мен храмдар соғылды, тас көпірлер салынып, ұлы Қытай қабырғасын нығайту жүргізілді. Тоқымашы суретшілер сурет мата-кестерді ойлап тапты. Фарфор бұйымдарының сапасы жетілдірілді. Қытай шеберлері əдемі төсек-орындар жасауды меңгерді. Қант қайнататын, шəй өңдейтін, тəтті тағамдарын жасайтын шеберханалар ашылды. Тастан, ағаштан, сүйектен əшекей бұйымдар жасау онан əрі дамыды. Қала өнеркəсібінің дамуына мануфактуралардың ашылуы ықпал етті. Мануфактуралар негізінен ішкі рынокты қамтамасыз етті: біраз өнімін сыртқа да шығарып тұрды. Мануфактураларда таңдамалы шеберлер мен жұмысшылар істеді. Мануфактуралар ең қажетті тауарлар өндіріп, өндіріс тəсілдерін жетілдіре берді. Еңбектің аумақтық бөлінуіне байланысты жеке қалалар, аудандар мен облыстар тауардың белгілі бір түріне ғана мамандана бастады. Мысалы: Ханьчжоу мен Сучжоу жібек маталар шығарып тұрса, солтүстіктегі қалалар жүн матасын тоқуға маманданды. Аньхуде тушь жасалды. Цзянси фарфор мен қағаз жасау орталығы болды. Шаньси – пышақ, ал Фуцзянь-лак шығару орталықтары болды. Жекеменшік мануфактураларға қарсы үлкен қазыналық мануфактуралар тұрды. Қазыналық мануфактуралар негізінен фарфор, қару-жарақ жəне жібек тоқу өндірісінде болды. Сауда да өз дамуында айтарлықтай табысқа жетті. Көпестердің кемелері мен түйе керуендері тауарларды ауыл-ауылға таратып сатты. Елдің түкпіртүкпірінен шығарылған тауарларды қабылдайтын 33 ресми ірі жəрмеңкелік пункт болды. Пекин, Ханькоу, Ханьчжоу, Яньчжоу сияқты қалаларда қандай тауар іздесең де табатынсың. Нанкинде бүкіл бір флот сыйып кететін кемелер тұрағы /причал/ салынды. Сыртқы сауданы Қытай Жоңғария, Қашқария, Сібір, Жапониямен жасады. Бұл саудаға кейде мемлекеттік қазына да ат салысып отырғанымен, негізінен көпестер өз қаражаттары арқылы жүргізді. XV ғасырдың басында Сучжоуда 62 кемеден тұратын флотилия дайындалды. Оған Қытай тауарлары, алтын тиеліп, 27800 жауынгер отырғызылды. Бұл флотилия Чжэн Хэның басшылығымен ҮндіҚытай жағалауымен жүзіп отырып, Суматра мен Ява порттарына жетті. Ол флотилия екі жылдан соң көп табыспен жəне тұтқынға түскен патша Палембангамен оралды.








1408 жылы Чжэн Хэ тағы да Цейлон жаққа аттанды. Цейлонның патшасы мен басқа да басшылары тұтқындалып, Қытайға тəуелділігін мойындап, 1457 жылға дейін салық төлеп тұрды. Чжэн Хэ оңтүстік теңізі елдеріне: Малаккаға, Бенгалияға, Персид шығанағы мен Оңтүстік Аравияға, Шығыс Африкаға жеті əскери жорық жасады. Жиырмаға жуық патшалық өзінің Қытайға тəуелділігін мойындады. Олар өз порттары мен рыноктарын Қытай көпестері үшін ашты. Олардың қалаларында Қытай колониялары пайда бола бастады. Ұшан-теңіз сауда байланыстарының, қолөнері мен мануфактуралық өндірістің, ақша қатынасының дамуы қалалардың көбейіп, байи түсуіне əкелді. Қолөнершілер мен шəкірттер, ұсақ саудагерлер мен мануфактура жұмысшылары жалдамалы жұмысшылардың ең алғашқы тобы болды. Осылардың арасынан болашақ пролетариат шықты. Əлеуметтік полюстің екінші жағын қала байлары құрады. Оның құрамына бай көпестер мен қатар өсімқорлар, мануфактура иелері, ірі шеберлер мен цех старшиналары, ғұлама ұстаздар кірді. Бұл құрам болашақ буржуазияның негізін қалады. Индияға баратын жол ашылғаннан кейін еуропалықтардың Шығыс елдерімен қатынасы тез өсті. 1511 жылы португалдықтар Малаккада /Сингапурдың Солтүстігі, Тайландтың оңтүстігі/ қоныс тепті. Португалдықтардың Индиядағы губернаторы Албукерки Қытай жағалауын зерттеп келуге Рафаэль Перестреллоны жіберді. 1516 жылы Кантонға Фердинанд Перес Андрада басқарған Португалия кемелері келді. Елші Перес Пекинге барып орналасты. Еуропалықтар Қытайдың үнді мұхитындағы бай колонияларын басып алды. Малаккадан, тағы басқа оңтүстік теңізі жақтағы елден келіп тұратын байлықтар енді Лиссабонға қарай ағылды. Жақында ғана Қытайлықтар үстемдік жүргізген порттарда енді еуропалықтар кемелері орналасып алды. Еуропалық көпестер мен теңізшілер Қытай көпестерін қырып, жергілікті халықты тонай бастады.

Енді Қытай үкіметі еуропалықтардың Қытайға қоныс-тануына, сауда жасауына тыйым салды. 1521 жылы елші Перес Нанкиннен қуылды. Шет елдер кемелерінің Макаодан басқа Қытай порттарына кіруіне тыйым салынды. Алдымен португалдықтар, сонан соң испандықтар бұл бұйрыққа бағынғысы келмей, баса көктеп 248 249 кіргенде шайқастар болып, онда қытайлықтар жеңіп отырды. 1574 жылы испандықтар Филиппиныдан қуылды, голландықтардың Тайваньды басып алу əрекетінен түк шықпады. 1596 жылы ағылшын кемелерінің Қытай жағалауларына тоқтауына рұқсат берілмеді. Еуропалықтармен саудаға өте шектеулі мөлшерде ғана рұқсат берілді. Шетелдіктер Қытайдан жібек пен зергерлік əшекей бұйымдарын алып, өздері қару-жарақ, темекі əкеліп отырды.

Қытайға миссионер — иезуиттердің енуіне мүмкіндік болды. Матео Риччи деген иезуит өзінің сағат жасау шеберлігімен Мин сарайының назарына ілігіп, 1601 жылы Пекинге келіп орналасуға рұқсат алды. Риччиден кейін келген миссионерлер де өздерін астроном, механик, артиллерист деп жариялап, Қытайда тұру құқығын алуға тырысты. Мин сарайын олар өздерінің оқ-дəрімен атылатын қару-жарақты жақсы білетіндігімен қызықтырды. Миссионерлер Қытайда отарлар басып алуға дайын-дықтың бастамасы болды. ХVІ ғасырда Кытайдың Ресеймен қатынасы орнай бастады. Бурнаш Ялычев мырза мен атаман Иван Петров бастаған елшілікті IV Иван 1558 ж. Қытайға жіберген болатын. Олар Пекинге жеткен деген мəлімет бар. Екінші елшілік 1567 ж. Батыс Қытайға жіберілді. ХVІ ғасырда Қытай өз шекарасында қорғаныс шайқастарын жүргізді. 1529, 1550, 1563 жылдары моңғол феодалдары Қытайға бірнеше басқыншы шабуылдар жасады. 1550 жылы моңғолдар астанаға дейін жетіп, қытайлықтарды қырып, жойды, тұтқынға алып кетті. Тек өте көп халық жасақшыларының арқасында басқыншылар Қытайды жаулап ала алмады. 1549 жылы Чжецзян жағалауында Қытайға жапондықтар шабуыл жасады, ал 1555 жылы олардың кемелері Янцзы өзенінен өтіп, Нанкин, Тайпин жəне басқа қалаларға қауіп төндірді. 60жылдардағы ауыр шайқастардан соң Жапон флоты мен əскері талқандалып, Қытай жағалаулары Жапон қарақшыларынан тазартылды. 1592 жылы 140 мындық Жапон əскері Кореяға басып кіргенде Қытай өз вассалына көмекке көп əскер жіберді. Елді ұзаққа созылған Қытайдың вассалы болып есептелетін Манчжурлармен соғыс қатты күйзелтті. Манчжурлар негізінен мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысатын, егіншілік-пен, қолөнермен жəне саудамен тиіп қашты айналысатын. 1609 жылдан Манчжур елінің басшысы Нұрғазы Мин императорына салық төлеуден бас тартып, 1618 жылы оған соғыс жариялады. Нұрғазының қолы Қытай əскеріне соққы бере отырып, оның бірнеше қамалдарын басып алды. Нұрғазының мирасқоры Абықай /1626—1643/ Қытаймен соғысты жалғастырды. 1636 жылы ол өзін Хуанди /император/ деп жариялады. Өз əулетінің атын Цин /«светлая»/ деп өзгертті. Осы əулет кейін бүкіл Қытайды басып алып, 1911 жылға дейін билігін орнатады. Кейінгі жылдары Манчжурлар ішкі Моңғолияны, Кореяны толық басып алғаннан кейін /1637/ Қытайдың Чжили /қазіргі Хэбэй/, Шаньдун, Хэнань тағы басқа провинцияларын басып алып, талантаражға салды.

Қытай халқының манчжурлықтарға қарсылығы үкіметтің тарапынан жеткілікті қолдау таппады. Қытай əскербасылары көбінесе қорқақтық, ынжықтық, сатқындық танытты. Бұл сəтсіздіктер Қытайдың экономикалық жəне саяси жағдайын шиеленістірді. Осындай саяси жағдайдың шиеленісуінің барысында Дунлинь ұйымы құрылды. Ол феодалдық тəртіпке қарсы құрылған ұйым болды. Ол ұйымның негізін ірі əкім /чиновник/, əрі ғұлама оқымысты Гу Сянь-Чэн қалады. Ол сарай евнухтарының құпия қастандығынан кейін қызметінен босатылып, туған еліне қайтқан еді. Сондағы «Дунлинь шуюань» академиясында дəріс оқыды. Өз дəрістерінде сол кездегі өкімет билігінің кемшіліктерін сынады. Оның айналасына жақтас-тілектестері топтасып, «дунлиньдіктер» деп аталып кетті. Олар сауда мен қолөнеріне еркіндікті кеңінен беруді, феодалдық қанауды жеңілдетуді, парақорлықпен күресті күшейтуді, əскердегі тəртіпті жақсартуды, шекараны қорғауды күшейтуді, тағы басқа шараларды талап етті. Бұл ұйым үкімет тарапынан қуғынға ұшырап отырды.

Феодалдарға, олар орнатқан тəртіпке, сондай-ақ əскердегі көтерілістер де қауіп төндіріп тұрды. Шаруалар мен қала халықтары да үкіметке қарсы құпия ұйымдарға бірігіп жатты. Моңғолдар үстемдігіне қарсы күресте маңызды рөл атқарған «Ақ лотос» деген құпия ұйым қайтадан өз қызметін жалғастырды. Оның қатары тез өсе бастады. Сол ұйымның басшылығымен 1622 жылы Шаньдуньде үлкен көтеріліс болды. Бірақ үкімет бұл көтерілісті басып тастады. 1625—1627 жылдары Шэньси провинциясында үлкен толқулар болды. 1628 жылы бұл толқулар кең өріс алды. Көтерілісшілер кішігірім қалаларды басып алып, жергілікті үкіметтің кейбір мүшелерін өлтірді, олардың үйлерін тонап, түрмеден тұтқындарды босатты. Тауда жиналып, көтерілісшілер 10 отряд құрды, басшыларын сайлады. Шэньсидің оңтүстігінде көтерілісшілер Ханьчжун қаласына жақын келді: осы провинцияның солтүстігі мен батысында көтерілісшілер біраз жерлерді басып алып, өз биліктерін орнатты. 1629 жылдың аяғына қарай көтерілісшілер отрядтары Шэньси-Ганьсу провинциясын толығымен өз бақылауында ұстады. Көтерілісшілер отрядтарының кейбір жас басшылары, мысалы, Ли Цзычен, Чжон Сяньчжун кейін кеңінен танымал болды. Пекин үкіметінің Шэньсиге жіберген əскері көтерілісшілерді бірте-бірте ығыстыра берді. 1631 жылы 36 көтерілісшілер отрядтары бірікті. Оның қолбасшысы Ван Цзыюн болды. Ол кеңес мүшелерімен ақылдасып отырды. Келесі жылдың көктемінде көтерілісшілер Хуанхэ өзенінен өтіп, астанаға қарай жорық бастады. Шаруалар отрядтарының қатары күннен-күнге өсе түсті. Олар провинциялық əскерлерге соққы бере отырып, кішігірім уездік қалаларды басып алды, үстем таптар өкілдерін қырды. Шаруалар отрядтары оқпен атылатын қаруы бар күшті əскермен шайқаста жеңіліске ұшырай бастады. Көптеген басшыларынан, оның ішінде Ван Цзюннен де айрылды.

1633 жылдың қысында қатары өте қатты сирей бастаған шаруалар отрядтары Хуанхэ өзенінен кері қайтып, оңтүстікке қарай шегінуге мəжбүр болды. Хэнань, Хубей, Сычуан провинцияларының шаруалары көтерілісшілерді қуана қарсы алып, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды, олардың қатарына кірді. Янцзы жағасына жеткен соң көтерілісшілер отрядтары қайтадан солтүстікке қарай, Шэньсиге беттеді. Енді отрядтар бөлек əрекет жасады, əр отряд өз еркімен, өз мүмкіндігінше соғысты. Тек бір рет қана қосылып, бірлесуге əрекет жасады. 1635 жылы Хэнань провинциясында 72 отряд басшылары Ли Цзычэн ұсынған бірлесе қимылдау жоспарын қабылдады. Бірақ отрядтар көп ұзамай қайтадан ыдырап кетті. Біреулері Хэнаньда, енді біреулері Шэньсиде əрекет етті. Чжан Сяньчжун басқарған отряд Янцзы өзенінің алқабымен үлкен жорық жасады. Қайсыбір кездерде көтерілісшілер отрядтары үлкен үкімет əскерін де жеңіп отырды. Бірақ көтерілісшілер өз жеңістерін дұрыс пайдалана алмады. Кішігірім қалаларды басып алған соң онда берік базасын құрмай, əрмен қарай жылжи берді. Көтерілісшілер отрядтары кеткен соң ол қалалар қайтадан үкімет жағына шығып кетіп отырды.





.





.

Көтерілісшілер басып алған жерлерде халыққа барлық қарыздарынан, салық төлеуден құтқарамыз деп уəде берді. Бірақ өздері халықтан азық-түлік, қару-жарақ пен киім-кешек үшін қаржы жинап алып отырды. 1636 жылғы маусымда император барлық көтерілісшілерге кешірім жасайтындығы, өз жерлеріне қайтқан шаруаларға, үкімет əскеріне қайтып оралған солдаттарға көмек көрсету жөніндегі жарлығын жариялады. Көтерілісшілер отрядтарының басшыларына офицер атағын бермек болды. Кейбір салықтар мен қарыздар жойылды. Сөйтіп, көтеріліс басылды. 252 253 Бірақ үкімет уəдесін толық орындай алмады. Елдің экономикалық жағдайы нашар болды. Ашаршылық болып, халық қырыла бастады. Осындай қиыншылықтар 1639 жылы қайтадан шаруалар көтерілісінің басталуына себеп болды. Көтерілісшілер арасына бұрынғы басшылары Чжан Сяньчжун, Ли Цзычэн, тағы басқалары қайтып оралды. 1640 жылы Ли Цзычэн басқарған отряд Хэнаньге жорық жасап, 50 шақты қаланы басып алды. Хэнань қаласы императордың ағайыны Фудың резиденциясы болатын. Ол империядағы ең бай адам еді. Көтерілісшілер оны өлтіріп, байлығын талан-таражға салды. Көтерілісшілер өте күшті қала-қамал Кайфынды үш рет қоршап, ақыры ала алмады. 1642 жылы көтерілісшілер отрядтары бірікті. Оның қолбасшысы болып Ли Цзычэн сайланды. Қатаң тəртіп орнатылды. Отряд жауынгерлері тұрақты əскердегідей артық бұйым ұстамай, палаткада тұрып, соғыстан бос уақытында жаттығумен айналысатын болды. Чжан Сяньчжун ғана бөлініп кетті. Ол Хунаньдағы Чаншаға жорық жасады, кейін Сычуанға кірді. 1643 жылдың аяғында Ли Цзычэнь бастаған көтерілісшілер Шэньсиге кіріп, Сиань қаласын басып алды. 1644 ж. ақпанда ол өзін император деп жариялады. Қыста оның əскері Пекинге аттанды. Округтер мен уездердің шаруалары оның əскерінің қатарын толықтырып отырды. Қамалдар қақпаларын ашты. Көптеген қалалардың тұрғындары көтерілісшілерді «Чуан ваны /Ли Цзычэн/ келіп бізді салықтан құтқарды…» деген өлеңмен қуана қарсы алып отырды. Астана айтарлықтай қарсылық көрсете алмай, берілді. Император өзін-өзі өлтірді. 1644 жылғы 25 сəуірде көтерілісшілер Пекиннің «Ішкі қаласын», яғни ең маңызды үкімет органдары орналасқан мекемелерді басып алды. Көтерілісшілер барлық бай, бақуатты адамдарды /феодалдарды, князьдарды, əкімдер мен үкімет əскерінің басшыларын/қырды. Басып алған жерлерінде көтерілісшілер барлық қазына байлығын талан-таражға салды, халықты өкіметтің бұрынғы салықтарынан уақытша босатты. Сөйтіп, халықты көз бояушылықпен өз жағына тартып алуға тырысты. Астананы басып алып, үкімет басшыларын қамап, көбін өлім жазасына кесті. Байларға контрибуция /зорлық, күштеп салынатын салық/ төлеткізді. Кейбір қызметкерлерді қызметтеріне қайта алуға бүлікшілер мəжбүр болды. Көтерілісшілер өз өкіметін құрды. Өкіметке тек өздерінің тілін алып, тілектестігін білдіретін адамдарды тағайындады. Бүлікшілер көсемдерінің əлеуметтік құрамы бірдей емес еді. Олардың ішінде бақуатты отбасынан шыққандар да болды.

Феодалдар елдің солтүстік-шығысында күш жинай бастады. Ондағы ұлы Қытай қабырғасында маньчжурларға қарсы У Саньгуй басқарған күшті үкімет əскері тұрған еді. Бүлікшілер У Саньгуймен келіссөз жүргізді. Ол қарақшыларды қолдаудан бас тартты. Осы кезде Ли Цзычен мен Лю Цзунмын бастаған бүлікшілердің жақсы қаруланған əскері солтүстіккке қарай жорыққа аттанды. У Саньгуй манчжур князьдарынан көмек сұрады. Бірнеше рет жіберілген елшіліктен кейін манчжурлықтар көмекке келді. Олардың біріккен күштері бүлікшілердің тас-талқанын шығарды. Ли Цзычэн Пекинге қарай шегінді. Бірақ тез арада ол қаладан да қуылды. Жеңіске жеткен біріккен Қытай-манчжур əскерлері 1644 жылғы 6 маусымда Пекинге келіп кіріп, жас манчжур мұрагерін император деп жариялады. Осы маньчжур үрім-бұтағы Цин деген атпен Қытайда 1911 жылға дейін билік құрды. Шаруалар əскері астанадан шығып, батысқа қарай бет алды. У Саньгуй басқарған əскермен көтерілісшілер бірнеше рет шайқасты, бірақ шамасы келмей, шегіне беруге мəжбүр болды. Шаруалар көтерілісшілерді қолдай беру əбиір əпермейтінін түсініп, оларды қолдаудан бас тарта бастады. Көтерілісшілер лагеріндегі қолбасшылар арасында алауыздықтар туып, олардың қатары күннен-күнге ыдырай берді. Ли Цзычэн басқарған көтерілісшілердің бір тобы Сианьде орналасып алып, өз қолбасшысын император деп есептесе, көрші Сычуань провинцясындағы көтерілісшілер Чжан Сяньчжунді Батыстың патшасы деп жариялады. Екі көсем ортақ жауға қарсы бірікпеді. 1645 жылы көтерілісшілер Сиань, Шаньси провинцияларын тастап, алдымен Хэнаньге, кейін — Хугуанға шегінуге мəжбүр болды. Олар Янцзы өзенінен өтіп, онан əрі оңтүстікке бет алды. Хубэй провинциясында Ли Цзычэн қаза тапты. 1646 жылы Сычуаньда манчжурлықтармен шайқаста Чжан Сяньчжун да қаза тапты. Оның орнын басқан Ли Динго манчжурлықтармен соғысты онан əрі жалғастырды. Ақыры шаруалар көтерілісі толық жеңіліп, басылды. Ол дегенмен шаруалардың біраз жеңілдіктер жеңіп алуына мүмкіндік жасады.

Мəдениеттің дамуы. Өнеркəсіптің дамуы, мануфактураның құрылуы, техникалық жетістіктер, сондай-ақ алыс елдерге жүзу арқасында дамыған сыртқы жəне ішкі сауданың нығаюы — осының бəрі Қытай жұртшылығының ғылым-білімге құштарлығын арттырып, мəдениет пен өнердің дамуына ықпал етті. Сонымен қатар Қытайда ескі білім беру жүйесі, ресми чжусиандық идеология, ортағасырлық мистика мен схоластика үстемдік құрып қала берді. 254 255 ХV ғасырдың басында Қытай ғұламалары бұрынғы атам заманнан бері жинақталған білім жүйесін қамтитын көлемі жағынан алып энциклопедия жасады. Ол астрономия, медицина, математика, биология, тарих, философия, дін, ауылшаруашылығы жөніндегі шығармалардан құрылды. Ол император Юнлэ тұсында жасалғандықтан «Юнлэ да дянь» деп аталды. ХVІ жəне ХVII ғасырларда бірнеше салада сөздіктер /словари/, оның ішінде ауылшаруашылық энциклопедиясы жасалды. Медицина саласында біраз табыстарға қол жетті. Əсіресе Ли Шичженьнің фармакология мəселелеріне арналған «Бэн цао ганму» деген еңбегі кеңінен танымал болды. Ли Шичжень бұрыннан белгілі өсімдіктермен олардың шипалы қасиеті жөніндегі толып жатқан мəліметтерді жинап, ретке келтіріп жазып, медициналық білімнің дамуына зор үлес қосты. Чжан Чжунцзин деген оқымысты сүзек емдеу жөнінде зерттеу жазды. Географиялық мəліметтер мен Қытайдың толық, дəлме-дəл картасы пайда болды. Тарихшылар тарихи шығармаларды онан əрі жалғастырып, байыта түсті. Жаңа типті тарихи материалдар — мемуарлар өмірге келді. Оңтүстік-батыс Қытай халықтары мен тайпаларына арналған тарихи шығармалар көбейді. Кейбір шығармаларда ресми ғылым мен идеологияны сынау кездесе бастады. Ол сын қарама-қарсы тұрғыдан жасалды. Көрнекті ортағасырлық философ Ван Янмин /1472—1528/ адамның ой-өрісі, қоршаған өмір жайлы пікірі өзіне, оның туғандағы ақыл-ойының мөлшеріне байланысты болады деп, конфуциандық шындыққа күмəн келтірді. Ван Янминнің көптеген жақтастары болды. Оның ішінде ресми идеологияның Ли Чжи /1527—1602/ сияқты батыл сыншылары бар еді. Оны сыншыл көзқарасы үшін үкімет жиі-жиі қудалауға салды. Чжусиандық конфуцишілдікті, идеалистер мен мистиктерді материалистер өткір сынға алды. Олардың өкілі Хуан Цзунси /1610—1696/ үнемі өзгеріске ұшырап отыратын дүниенің негізінде материалдық субстанция жатады деп санады. Көрнекті философ-материалистердің бірі Ван Чуаньшань /1619— 1692/ болды. Ол материяның мəңгілігі, дене мен қозғалыстың бірлігі туралы теорияны жасады, ол табиғат қозғалыста байқалады деп санады. Ван Чуаньшань, Хуан Цзунси жəне басқалары жалынды патриоттар жəне антифеодалдық қозғалыстың белсенді мүшелері болды. Олар басты мəселені-жерді шаруаларға беру арқылы шешуді ұсынды. Өз заманының озық ойлы азаматтарының бірі — əрі тарихшы, əрі əдебиетші, əрі социолог Гу Яньу /1613—1682/ болды. Кейін ол өз өмірін манчжур басқыншыларымен күреске арнады. ХІV ғасырда көркем əдебиетте орын алған жана жанрлар онан əрі дами түсті. Тан Сяньцзудың «Пионовая беседка» пьесасы, “Цзинь Пин Мэй” романы сияқты көптеген драмалық шығармаларында феодалдық қоғамдағы келеңсіз көріністерге қарсы наразылық білдірді. Осы кезде алыстағы оңтүстік елдеріне саяхат, таулар мен шөл далалардағы шытырман уақиғалар жайлы драмалар мен романдар жазылды. ХVI ғасырда будда монахы Сюаньның VII ғасырда Орта Азия мен Индияға жасаған саяхатын əсерлеп бейнелеген “Батысқа саяхат” деген атақты романы жазылды. Бейнелеу өнері де онан əрі жетіліп, дами түсті. Қызықты əдеби шығармалар оның желісіне сай суреттермен безендіріліп отырды. Фарфор өңдеу, одан əсем əшекей бұйымдар жасау да күннен-күнге жетіле берді. Оған дəлел XVI ғасырда фарфордан жасалған «Будда» жəне «Бодистава Гуаньинь» мүсіндері.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!