Қазақша реферат: Кейінгі орта ғасырлардағы араб елдері

0






XVI ғасырдың басында араб елдері түріктер шапқын- шыншылығына ұшырады. Месопотамияны басып алған соң І-Селим /1512—1520/ сұлтанның əскері Сирия, Ливия жəне басқа мамлюктер кол астындағы араб облыстарын жаулап алуға аттанды. Түріктер мен мамлюктер армиялары 1516 жылғы тамызда Халебтін Солтүстігінде бетпе-бет кездесті. Бұл шайқаста каруы жағынан да, соғысу тактикасы жағынан да басым осман армиясы жеңіске кетті. Мамлюктер армиясы талқандалып, үкімет басшысы Кансу Гури шайқаста қаза тапты. Қазан айының ортасында түріктер Дамаскті басып алды. Сөйтіп, бүкіл Сирия түріктер қол астына көшті. Түріктер жаулап алушылығының жеңілдеуінің бір себебі жергілікті халықтардың мамлюктерді өздерін қанаушы деп са- науында болды. Сондықтан олар түріктерді өздерін азат етушілер ретінде қарсы алып отырды. Тек Египетте ғана мамлюктер барлық күштерін жинап, қатты қарсылық көрсете алды. Бірақ түріктер мамлюктер əскерінің бұл қарсылығын басып, 1517 жылдың басында Каирды алды. Түріктер Египетті басып алған соң Меккенің басшысы сұлтан Селимге елшісін жіберіп, оған бүкіл Хиджаз облысының бағынатындығын білдіріп, адал болуға ант берді.

1538 жылы түріктер Аденді /Меккеден де төмен, оңтүстікте/ де басып алды. Оның алдында, 1534 ж. түріктердің Ирак үшін Иранмен соғысы жеңіспен аяқталды. Сөйтіп, ХVІ ғасырда арабтар қоныстанған Ирак, Сирия, Ливан, Палестина, Египет, Хиджаз /Сауд Аравиясы/, Алжир, Ливия, Тунис Осман империясының құрамына енді. Түріктер барлық жерлердің, шаруашылықтың есебін анықтап, олардан алынатын салық мөлшерін белгіледі. Барлық басып алынған араб елдері пашалықтар мен эйалеттерге /уалаят/ бөлінді. Сирия үш провинцияға: Дамаск, Триполи, Халебке бөлінді. Иракта Бағдад, Басра, Мосул уалаяттары құрылды. Египет өзінше жеке пашалыкка бөлінді. Иемен, Бахрейн /Аравия/, Ақ /Палестинада/ пашалыктары құрылды. Əр облыстың басында пашалар тұрды. Пашалардың қарамағында жергілікті көмекші отрядтармен қатар сұлтанның тұрақты армиясының бөлімдері болды. Мысалы Багдад эйалетінде 12 мыңдық янычарлар орналасты. Ал пашаның қасында тағы да үш мың қарулы жауынгерлер болды. Пашалыққа 1-2 жылға тағайындалатын, бірақ көптеген пашалар əлдеқайда ұзақ қала беретін.

Əр пашалыктың, эйалеттің бағыныштылығы əртүрлі болды. Бағдад, Басра, Лахса /Азияда/, Египет, Тунис, Алжир, Триполи / Солтүстік Африка/ салық төлеп тұрды, ал ішкі құрылысы, тəртібі бұрынғысынша қала берді. Тек Бағдад эйалетінде біраз өзгешіліктер болды. Ол 20 санжақка бөлінді. Оның 8-інде түріктік жер иеленуші- лік тəртібі үстемдік етті. Дамаск, Триполи /Сирияда/, Халеб, Мосулдағы көптеген жерлер түрік феодалдарына үлестіріліп берілді /тимар, зеаметтер ретінде/. Ирак Османдық түріктер мен сефевидтік Иран арасындағы күрес аренасына айналды. 1516 жылы жоғарғы Месопотамия кызылбасылардан тазартылып, Осман империясы- ның құрамына қосып алынды. Орталық жəне оңтүстік Ирак Иран- ның қол астында қала берді, 1516 жылы түріктер Бағдадты басып алды. Сунииттік, шииттік ағымдарға бірдей бостандық берілді.





.

1546 жылы Оңтүстік Ирак Осман эйалетіне айналды. Оның орталығы Басра қаласы болды, 1550 жылы түріктер Португалияның Парсы шығанағындағы маңызды порты Аль-Катифты басып алды. Бірақ оны ұзақ ұстап тура алмады. 1555 жылғы Амасиядағы бейбіт бітім бойынша сефевидтер Ирактағы түріктер үстемдігін мойындады. 1574—1595 жылдардағы Мосул провинциясында заң бойынша жердің ең төменгі /аз/ мөлшері 40 қадамға /ені, ұзындығы/ тең денюм болып табылды. Ал суармалы, құнарлы жерлердегі шаруалардың толық үлесі 80 денюмге теңелді. Ол үлес “чифтилик” деп аталды. Нашар жерлердегі чифтилик мөлшері 150 денюм болды. Егер кімде- кім өз үлесін игермей, тастап кетсе, бос қалдырса, ол 75-тен 300-ге дейін ақша төледі. Толык үлесі бар мұсылмандар 50 ақша төледі. Əр үй 3 күндік /аптасында/ барщина өтеуі тиіс болды. Оның əр күні 2 ақшаға бағаланды.

Жиналған бидайдын 1/5, кара бидайдын 1/6, арпаның 1/7 бөлігі салық ретінде өткізілетін. Малшылардан да салық жиналды. Мосулда əр 100 қойдың біреуі, ал келімсектерден — екеуі алынатын. Малшылар қыста өз жерінде қыстап шықса, əр 300 қойдың біреуін беретін болды. Салық бал ұяларына да, диірмендер мен алма ағаштарына, жүзім, мақта егістеріне де салынатын. Қалыңдық үшін де салық салынатын. Күйеуге тиетін қыздардың əкесі 60 ақша, жесір əйелдің əкесі /туысы/ 30 ақша төледі. Бұл ақшаның жартысы ірі жер иесіне, жартысы қазынаға кететін.








Сирия мен Ливан. Сирия эйалеті он бір санжакка бөлінді. Оның жетеуінде түрік феодалдарының өздері салық жинап алып отырды. Калған төртеуінде санжақтан түсетін салық қазынаға кететін. Бұл екі эйалет 10 мың əскер жасақтап беріп отыруға тиіс болды. Сирия эйалетіне Дамаск, Сафад, Иерусалим, Наблус, Сайд, Бейрут округтері кірді. Түріктер билігі кезінде таулы Ливанның феодалдары біраз жеңілдіктерді пайдаланды. Түріктер басып алғаннан кейінгі 100 жылдай бойы Ливанда феодалдық Маанид əулетінің беделі күшті болды. Түрік үкіметі маанидтерді əлсірету үшін басқа феодалдарды оған қарсы айдап салып отырды. Бірақ бұл əрекеттері айтарлықтай нəтиже бермеді. 1584 ж. ливандықтардың қарулы отряды Сирия мен Египеттен жиналған алым-салықты Стамбулға алып бара жаткан керуенге шабуыл жасады. Сұлтан үкіметі бұл шабуылды Маандар ұйымдастырды деп жала жауып, Египет пашасына маандарды талқандауға бұйрық берді. Түрік əскерлері Маанидтер иелігіне басып кіріп, талқандады. Маан эмирі тауда корғаныс ұйымдастырып, берілмеді. Ақыры сол қамалда өлтірілді. Ливанның кейбір феодалдары Стамбулға пара апарып, өз бастарын əрең корғап қалды, Түрік үкіметінің мұндай зорлық-зомбылығына қарсы халық наразылығы калыптасып, көтерілістер болып тұрды. Бұл көтерілістерді Маанидтер Ливанның толық тəуелсіздігін жеңіп алу үшін пайдаланып қалуға тырысты. Бұл əрекет ІІ-Фахреддин эмирдің атымен тығыз байланысты. Оны Ливан феодалдары 1585 жылы, 13 жасар кезінде барлық Маанидтер иеліктерінің билеушісі деп мойындады. Ол билікке іс жүзінде 16 ғасырдың аяғына жуық ие болып, күннен- күнге ұлғая түскен иелікті 1635 жылға дейін басқарды. Алғашында ол түрік сұлтаны алдындағы міндетін адал орындап отырды. Иелігі өскен сайын салықты да көп төледі. Сондықтан түрік өкіметі оның иелігін кеңейте беруіне қарсылық көрсетпеді. Фахрединнің карулы күштерінің саны бірте-бірте 40 мыңға жетті. Осындай қуатты қарулы күші мен бай қазынасы бар Фахреддин Түрік үкіметінің рұқсатынсыз өз бетімен шет ел- дермен дипломатиялық қатынас орната бастады. Ол Италиямен, Франциямен қатынас орнатты. Флоренциямен де сауда каты- насына барды. Түркияға бұл тəуелсіздік ұнамады. 1609 ж. Дамаск пашасы болып Ахмед Хафиз тағайындалды. Оның карамағына əскер бөлініп, Фахреддин иеліктеріндегі түріктер билігін калпына келтіру тапсырылды. Бірақ Ахмед Хафиз түріктер билігін бірден орната алмады. Тек 1613 жылы Фахреддин күресін тоқтатып, Француз кемесімен Италияға барды. Онда Фахреддин Италия мен Францияны Осман империясына карсы күреске тартуға тырысты. Бірақ 5 жыл бойғы бұл əрекетінен түк шықпаған соң, 1618 жылы ол Ливанға қайтып келді. Ливанда Фахреддинді жергілікті халық ұлттың батыры санап, қатты кұрметтейтін. Фахреддин еліне кайтып келіп, түріктерге қарсы үндеу тастағанда оның қол астына 100 мың адам жиналды. 5 жыл ішінде Фахреддин Дамасск пашасын талқандап, Антиохиядан Сафадқа дейінгі аралықта Түрік үстемдігін жойды. Көп кешікпей Палестинаны жаулап алды. Ұланғайыр аумақты басып алу Фахреддиннің күшін ыдыратты. Осындай жағдайды түрік үкіметі пайдалана қойып, Фахреддинді жеңді. Өзін тұтқынға алып, 1635 жылы өлім жазасына кесті.






.

Солтүстік Африка. ХVІ ғасырдын басында Солтүстік Африкаға жаңа басқыншылар — түріктер келіп кіре бастады. Хайреддин Барбаросса деген Мителендік қарақшы түрік Алжирге келіп коныстанып, оны түрік сұлтаны І-Селимнің иелігі деп жариялады. Сұлтан Хайреддинге көмекке екі мың артиллеристер мен төрт мындык янычарлар үлгісінде құрылған əскер жіберді. 1518 жыл- дан бастап Хайреддин Алжирдің маңызды портты калалары — Бен, Колло, Шершельді басып алып, елдің ішіне ене бастады, Константинаны басып алып, Кабилия тауындағы тайпаларға алым- 350 351 салық төлеткізді. 1529 жылы түріктер Алжирде түпкілікті бекініп, испандықтардың жақсы қорғалған қамалы Пеньонды алды. Түрік басқыншылары жергілікті феодалдардың иеліктері мен таптық артықшылықтарына зиян келтірмей, сол қалпында кал- дырды. Хайреддин паша болып тағайындалып, “бейлер — бей” де- ген атақ алды. Ол жаулап алынған жерлердегі феодалдардан салықты уақтысында жəне толык төлеп отыруды талап етті. Жинап алынған салықтың жартысын Стамбулдағы қазынаға жіберіп, жартысын өз қарамағындағы əскер, кеңсе, уəзірлер ұстау үшін жұмсап отырды. Хайреддиннен кейінгі Алжирдегі түрік сұлтанының пашасы 1541 жылы V Карлдың испандық əскерін талқандады. Испандықтарды Алжирдегі бекіністерінен ығыстырды. Батыста олар Тлемсен үшін мароккандықтармен күресте жеңіске жетті. 1535 жылы Тунисте испандықтар өзін V Карлдың вассалы деп мойындаған Эмирді таққа отырғызды. Түріктердің өз үстемдігін орнату əрекетінен еш нəтиже шыкпады. Тек 1574 жылы ғана Түрік сұлтанының əскері испандықтарды қуып шығып, Тунисті Осман империясына қосты. Солтүстік Африкадағы Триполи қаласы үшін еуропалықтар мен түріктер арасында күрес жүрді — 1510 жылдан 1530 жылға дейін бұл облыс испандықтар билігінде болды. Сонан соң ол Родос аралынан түріктер қуып шыққан Мальта рыцарьларының қол астына көшті. 1551 жылы түріктер теңізден шабуыл жасап, Триполиді басып алды. Рыцарьлар Мальтаға қашты /Италияның оңтүстігі/. Сөйтіп, Солтүстік Африканың үш елі — Алжир, Тунис, Триполитания / Ливия/ түріктер қол астына көшті. Тек Марокко өз тəуелсіздігін сақтап қалды. Суфизм бағытын ұстанушы мұсылмандар халықты христиан дініндегі испандықтар мен португалдықтарға қарсы “қасиетті соғыска” — Джихадқа ұйымдастыра алды. 1550 жылы өзінің шыққан тегі жағынан “ислам дінінің негізін қалаушы “Мұхамедтен тарайтын-мыс шериф Мұхаммед-аль Махди Фесті басып алды. Ол бұған дейін Оңтүстік Мароккода қант тростнигі егістігін иеленуші болатын. Маринидтік əулеттің түрік- тер көмегімен өз билігін калпына келтіру əрекетінен түк шықпады. 1554 жылы Маринидтер əулеті толық қуылды. Шерифтер Оңтүстік Мароккодағы өз тіреніштері болып табылатын араб тайпаларына көп қаражат бөліп отырды. Ахмед-алъ Мансур /1578—1603/ шерифтің тұсында бұл тіреніш көмегі онан əрі кеңейтілді. Түріктердің кол астында калғысы келмеген Солтүстік Шығыс Марокко тайпаларына Фес облысынан əскери лендер бөліп берілді. Марокконың қорғаныс қабілетін күшейту жəне феодалдардың өзара қақтығыстарын тежеп отыру мақсатымен тұрақты армия құрылды. Оны арнаулы мекеме — махзен басқарды. Бұл армия ислам дінін қабылдаған еуропалықтардан, негрлерден тұрды. Əскерді түрік офицерлері мен солдаттары оқытып, үйретті. Канша мықты болғанымен бұл армия феодалдық быты- ранқылыққа карсы тұра алмады. ХVІ ғасырдын ортасында ше- рифтерге қарсы Марабуттар көтірілісі болды. Оның нəтижесінде Марокко бірнеше феодалдық иеліктерге бөлініп кетті.





.

Сауда, колөнері. Африка төңірегіндегі теңіз сауда жолының ашылуы Египет саудасына ауыр соққы болып тиді. Соған қарамастан Египет көптеген Шығыс жəне Батыс елдерімен сауда жасай берді. Сыртқы саудаға ауыл шаруашылық өнімдері /бидай, мақта, кендір, күріш, тері/ мен қолөнер бұйымдары /мата, кант т.б./ шығарылды. Египет көпестері Индиядан, Еуропа мен Қиыр Шығыстан келген шетелдік тауарлармен де сауда жасады. Сауда Каир, Александрия, Булак, Дамъетт, Розетт, Суэц, Кусеир, Тальх, Абузир, Фуэ калаларында шоғырланды. Египеттің басты порттары Жерорта теңізі жағалауындағы Дамьетт, Розетт жəне Александрия, Қызыл теңіздегі Суэц пен Кусеир болды. Суэц пен Кусеир арқылы Үнді жəне Аравия тауарлары түсіп тұратын. Сол кездегі Египеттің ең ірі сауда орталықтарының бірі Александрия Каирмен канал арқылы қосылған болатын. Александрия гаванына көп елдердің сауда кемелері ағылып келіп жататын. Мұнда венециялык та, флоренциялық та, католондық та, Генуя мен Франция көпестерін кездестіруге болатын. Александрияда тек халықаралық сауда ғана шоғырланып қойған жоқ. Қала тұрғында- ры жақын маңдағы ауылдардың ауыл шаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз етіліп тұратын. Нил өзені негізгі сауда жолдарының бірі болды. Каир тек сауданың ғана емес, қолөнерінің де ірі орталығы болды. Ол көлемі мен халқының саны жағынан Египеттің ең үлкен қаласы болды. ХVІ ғасырда Каирдің халқының саны 100 мыннан асатын. Онда армяндар, итальяндықтар, гректер, француздар, поляктар, еврейлер тұрды. Египет саудасында құл сату кең орын алды. Жыл сайын елге 4—5 мың африкандық құлдар əкеліп сатылатын. Каирде көптеген Еуропа елдерінің консулдығы орналасты. Көптеген консулдар мен шетелдік көпестер Египетте 20, одан да көп жылдар бойы тұрып жатты. Мұнда дінге қудалаушылық болған жоқ, əр діннің шіркеу- мешіттері жеткілікті болды. 352 353 Қолөнері негізінен қалаларда шоғырланды. Дегенмен қолөне- рімен ауылдық жерлерде де кеңінен айналысты /кəрзеңке тоқу, жіп иіру т.б. Египетте мақтадан маталар тоқылды, қару-жарақ, оқ-дəрі, гончарлық бұйымдар жасалды, иіссулар мен шараптар, нашатырь, селитра шығарылды. Бұл өнімдер Еуропа елдеріне, Осман империясына, Африкаға жөнелтіліп жатты. Қазынаға саудадан көп табыс түсіп жатты. Негізгі табыс жер салығынан жиналатын. Сонымен қатар қолөнері өнімдерінен де салық жиналып, казынаға түсіп тұрды. Үкімет барлық қолөнері өнімдерінің 5 процентін алып отырды. 1568 жылы ақындар мен жазушыларға салық салына бастады. Сумен қамтамасыз ету үшін де салық төленді. Александрия, Розетт, Дамьетт, Суэц жəне Булак қалаларында мемлекеттік кедендер болды. Алым-салық шеттен əкелінетін ақшаларға да салынатын. Құлдыққа түсіп калған, бірақ əлі ис- лам дінін қабылдап үлгермеген христиандарды сатып алу бағасы белгіленді. ХVІ ғасырда шетелдік христиан дініндегі көпестер тауарының құнынан 10 процент салық төлейтін. 1535 жылғы Францияға берілген жеңілдіктен кейін ол жеңілдікке ие болғандар 2—3 процент, ал Осман империясының көпестері 10 процент салық төлейтін болды. Осман империясындағы мұсылман емес тұрғындар /байлығына қарай/ үш категорияға бөлінді; 1) жы- лына төрт алтын монета телейтіндер; 2) екі монета; 3) бір монета төлейтіндер. Жеке бас салығы — джизья. Бұл салық тек еңбекке жа- райтындардан алынатын. Батыс Еуропа елдері көпестеріне берілген артықшылықтар, көптеген ішкі кедендер, түрік үкіметі мен жергілікті феодалдардың зорлық-зомбылықтары сауда байланысының дамуына көп кедергі келтірді.

Мəдениет. Ислам дінінің абыздары Африка елдеріндегі мəдениеттің дамуына елеулі үлес қосты. Солардың бірі аш-Шарани (1565 ж. өлген) болды. Оның басты еңбегі «Шашыранды маржан- дар кітабы» болып табылады. Бұл еңбегінде аш-Шарани жаман мінез-құлықтарды келемеждеп, жақсы мінез-құлықты уағыздады, байлардың дүниеқоңыздығын сынап, кедейлерді қорғады. Тарихнама саласында ибн-Халдун (1332—1406) зор еңбек сіңірді. Өзінің «Кіріспе» деген еңбегінде тарихи процестердің теориясы- на талдау, мұсылмандық тарихына шолу жасады. Мароккандық Маккари (1590—1632) «Андалусияның Коңыржай желі» деген еңбегінде арабтардың Пиреней жарты аралындағы үстемдігінің тарихын баяндайды. Тарихшы Мұхаммед ибн Ияс (1524 ж. өлген) «Ғасырлар оқиғаларына байланысты түстер ерекшелігі» («Бадан аз-зухур фи вакаи аз-духур») деген еңбегінде осман түріктерінің Египетті басып алып, алғашқы 6—7 жылдық билік жүргізуін ба- яндайды. Египетті түріктердің жаулап алу тарихын («Фатх Мыср») ибн Зунбул ар-Раммал да (1553 ж. өлген) жазды. ХVІ ғасырда араб елдерінде кітап басу ісі қолға алына баста- ды. Ең алғашқы баспахананы 1519 ж. Алеппо қаласында еврейлер ашты. 1605 ж. еврейлер баспаханасы Дамаскіде де ашылды. 1610 ж. Казхайяда (Ливан) Римнен əкелінген баспа станогінде сирия тілінде дұғалар басылып шықты. Бұл кездегі сəулет өнерінің ескерткіштерінің қатарына Дамаскі- дегі Теккис, Дервишие, Синание мешіттерін жатқызуға болады. Олар фаянспен өте əсем безендірлген. Сондай-ақ Фахр-ад-диннің тұсында зəулім құрылыстар Бейрутте де салынды.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!