Қазақша реферат: Кәсіпкерліктің экономикалық түсінігі туралы қазақша реферат
Буржуазиялық экономикалық теорияда «кәсіпкер» ұғымы XVIII ғасырда қолданыла бастады.
А.Смиттің ойы бойынша кәсіпкер сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәукелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның нәтижесінде оған иелік жасайды.
Ж.Б.Сэйдің анықтамасы бойынша, бұл өндіріс факторларының қиылысын келтіріп ұштастыратын, экономикалық қызмет атқаратын адам.
Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп иелігіндегі қажетті құралдары бар пайдалы жұмысты ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар: шағын кәсіпорындардың иелері, акционерлік қоғамның басқарушылары, кооперативтің жетекшілері және шаруалық бірлестіктердің менеджерлері.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр. Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз – аталған субьектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, өнімді өткізуде және тағы басқа таңдауда олардың жиынтық бостандығы мен құқығы болуы керек. Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт.
Үшіншіден, өзін-өзі басқару және шаруашылықты таңдауда бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін – нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге қолайлы жағдай туғызу.
Кәсіпкер дегеніміз кім? – Бұл сұраққа жауап іздестіру барысында тікелей жеке адамдардың еңбекке бейімділігі мен қабілеттілігін және олардың
өздерінің ой-пікірлерін жүзеге асырудағы әрекеттерін сипаттауға тура келеді.
Осы орайда, кәсіпкер – қашанда өз бетінше шешім қабылдамайды, белсенді
жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімділік танытады; нысаналы нәтижеге
жұмыс істейді; сыңарлы сынға және орынды мадаққа дайын; ашық, іскер адамдар арасында өзін еркін сезінеді; өзіне және серіктестеріне қатаң талаппен қарайды; адамдарды басқаруға, оларды әрдайым рухтандырып, іс-қимылдарын үйлестіріп отыруға бейім, икемді адамдар болып келеді.
Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы — өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылық.
Кәсіпкердің пайдасын меншік иелерінің табыстарынан ажырата білу қажет. Акция бойынша, дивидент, депозиттерге процент, жер үшін алатын рента, бұлар – меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте, бұл табыстың көзі – акционерлік компанияның басқару органдары, банк, арендаторлар өз қолына басқа біреудің меншігін алып, жаңа өнімдер өндіріп, кредит беріп немесе жалға алған жерді ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, оны өткізуді ұйымдастыру барысында нарықта белесенді қызмет атқара отырып түсірген пайда болып саналмайды. Сонымен, меншік иесі – енжар, ал кәсіпкер – нарықтық байланыстарды қалыптастыратын және дамытатын белсенді тұлға болып табылады.
Кәсіпкерлік қажеттілік немесе тапқырлық кәсіпкерлердің бірімен-бірі байланысты төрт қызметтері арқылы сипатталады. Олар: а) кәсіпкер – жер, капитал, еңбек ресурстарының біркелкі өндіріс және қызмет процесінде ұштастыру үшін өз тарапынан ынташалық білдіре отырып, оларды өз қолына алады; б) кәсіпкер – бизнесті ұйымдастыру және жүрізу процесінде кәсіпорынның әрекеттік бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін анықтайтын негізгі шешімдер қабылдау үшін міндеттеме алады; в) кәсіпкер – жаңашыл коммерциялық негізінде жаңа өнімдер, жаңа өндірістік технология
және тіпті бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге ынтасы бар адамдар; г) кәсіпкер – жоғарыда айтылған оның үш қызметін талдаудан шығатын қорытынды: ол тәукелге бел буған адамдар. Кәсіпкер тек өзінің ісіне жұмылдырылған қаржысымен тәуекелдікке бармайды. Сонымен бірге, ол өз уақытымен, еңбегімен, тіпті өзінің іскерлік атағымен де тәукелге барады.
Кәсіпкер болу үшін капиталдың иесі болудың қажеті жоқ, оның басты капиталы – ұшқыр қиял және тұтынушылардың психолгиясын сезіну. Нақ осылар кәсіпкерге пайда түсіреді.