Қазақша реферат: ЮВЕНАЛДЫ ӘДІЛЕТ |
Тәуелсіздіктің 20 жылында елімізде дербес сот билігі құрылды. Соттарды мамандандыру шаралары қабылданды. Атап айтқанда, қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстанның тарихында мамандандырылған экономикалық, әкімшілік, қылмыстық, ювеналдық және қаржы соттары ашылып, сот әділ- дігін өз дәрежесінде жүзеге асыруда. Соттарды мамандандыру – реформаның ең тиімді тұсы екенін байқатты. 2008 жыл 18 тамызда Н.Ә.Назарбаев өзінің жарлығымен БҰҰ ұйымының Қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдарға арналған ювеналды әділет жүйесінің даму тұжырымдамасын бекітті. Кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі соттардың қалай пайда болғанына тоқталсам. Алғаш ювеналды сот 1899 жылы АҚШ-та Иллинойс штатында құрылды. Жасөспірімдер деген әділет жүйесінің өзгеруіне XIX басы мен ХХ ғасырда Еуропадағы балалар қылмысының кең етек жаюы түрткі болды. Бұл жүйе бүкіл АҚШ-қа және Ұлыбритания (1908), Франция және Бельгия (1912),Испания (1918), Германия (1922) және Австрияда кеңінен тарады. 1931жылы ювеналдық соттар әлемнің 30 елінде болды. Ювеналды әділет кәмелетке толмағандардың әр түрлі мәселелер бойынша түрлі іс жүргізулерді дамытты: құқық бұзушылық, үйінен қашып кету, ескірткіге тәуелділік т.б.[1].
Қазақстан ТМД елдері ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау бойынша мемлекеттік саясатты тыңғылықты, әрі түсінікті жүргізуде елімізде алғашқы болып қадам жасады. Жоғарғы сот республикамызда жасөспірімдерге қатысты әділет жүйесін енгізуге және кәмелеттік жасқа толмағандар сотын құруға бірден бір бастамашы болды. Кәмелетттік жасқа толмағандар үшін мамандандырылған сот төрелігінің жүйесін құрудың қажеттілігі өмірдің өзінен туындады. Жасөспірімдер әділетін белгілі мақсаткерлікпен құру, сондай-ақ ол Қазақстанның халықаралық міндеттемелерімен де жарақтандырылған. 1994 жылы республикада «Балалар құқығы туралы» БҰҰ-ның Конвенциясы бектілді. Сондай-ақ, 1985 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған БҰҰ-ның шектеулі стандарттағы ережелері де бар. Осы нормада көрсетілгендей, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі сот төрелігі жасөспірімдер әділетінің ерекше жүйесі екенін анықтады. Оның орталық буыны мамандандырылған соттар әлеуметтік қызметпен өзара тығыз әрекет етуде. Оған қоса жеткіншектер сот өндірісінің ауқымына қалай түсетініне, үкім шыққаннан соң не күйге ұшырайтынына жете мән береді. Осы ретте жеткіншектердің құқығын қорғау туралы сөздің болуы немесе оның қылмысы үшін соттау керектігінің мәнісі де қалмайды. Ең басты тәртіп — сот төрелігі барлық кезеңде де кәмелеттік жасқа толмағандардың мүддесін және құқығын толық қамтамасыз етуі қажет [2].
2007 жылы алғаш рет Астана мен Алматы қалаларында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылған болатын. 2012 жылдан бастап республиканың барлық облыс орталықтары мен екі ірі елді мекенінде 16 ювеналдық сот құрылып, жұмыс істей бастады.Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттарды құрудағы негізгі мақсаты- қылмысқа барған жеткіншектердің түзелуі үшін мүмкіндік беріп, оларды қоғамнан ажыратпай, әлеуметтік жағынан бейімделуіне жағдай жасау. Кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі соттарды құрудың басты мақсаты, жеткіншектерді әлеуметтік тұрғыда ақтауға барынша мүмкіндік беріп, оны қоғамнан ажыратпау.Аталған қылмыстық істердегі санат бойынша сот төрелігін жеткіншектерге қолданғанда, заңдылық күшіне енетін жаза шараларындағы барлық аяушылық мән-жайларды есепке алып, сондай-ақ оның азаматтық құқығын тұтастай қорғауды қамтамасыз ету. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қолданылған жазалар, тұтастай алғанда түзету мен қайта тәрбиелеуге икемделуі тиіс. Бұл жердегі ең маңыздысы, қылмыстық әрекеттің себебін түсіндіру мен анықтау және кінәлінің жас ерекшелігін есепке алуға ықпал ететін тиімді тәсілді іздеу керек. Қоғамға тура осындай тәсіл тиімді, өйткені оған құқық бұзатын кәнігі қылмыскерден гөрі, ақыл-есі толық, салуатты азамат қажет. «Бұл — жасөпірімдер әділетінің негізгі идеясы. Әлеуметтік және психологиялық зерттеулер заңмен конфликтке тускен, кәмелетке толмағандардың көбі толық емес, көп балалы, аз қамтылған, көп жағдайда ассоциациялы отбасыға бөлінетінін көрсетеді.
Бұл балалар балалық шағында ата – ананың жылулығын, мейірімін, назарын және дамуын алмағандар. 2007 жылдың 1 маусымында республиканың тәрбие колонияларында кәмелетке толмаған 448 сотталғандар, 967 қылмыстық атқарушылық испекцияда тізімде тұрғандар [3]. Біздің елімізге ювеналды әділеттілік туралы заң қажет деп санаймын. Жасы кәмелетке толмағандардың өмірге қалыптасуының кемдігін, өмірлік тәжірибесінің жоқтығын, ой өрістерінің жетіспеушіліктерін ескеріп, олардың еліміздің Конституциясы мен басқа да заңдары кепілдік берген құқықтарын қорғау мақсатында кәмелетке толмаған әрбір жасөспірімнің құқықтары арнайы мамандардың көмегімен қорғалуы тиіс деп санаймын. Мұнда тек заң саласының мамандарын ғана емес, кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайын, оның ой өрісінің, интеллектуалдық және психикалық даму дәрежесін, мінезі мен тегеуріндік ерекшеліктерін, мұқтаждары мен мүдделерін түсініп, осы ерекшеліктердің негізінде оның құқығы бұзылмауын қамтамасыз ететін мамандар қажет. Бұл қызметте психология мен педагогика, әлеуметтік ғылымдар саласында тиісті кәсіби білімі бар, жеткіншекпен байланыс орнатуға бейімделген мамандар отыруы керек. – Жалпы, дамыған шетелдік тәжірибеде бұл мәселелерді шешу қалай жүзеге асырылған? – Басқа дамыған елдердегі тәжірибеге қарағанда ювеналды әділет органдарында қызмет істейтін әлеуметтік қызметкерлер кәмелетке толмаған жасөспірім заңбұзушылықтар мәлім болғаннан бастап, құқықбұзушылық тексеріліп, сот шешімі орындалып біткенге дейінгі аралықта өз назарында ұстайды. Кәмелетке толмағандарды қайта тәрбиелеу, өмірге бейімдеу бағытында жұмыс істейді, олардың бұл жұмыстары мамандандырылған сот бақылауында болады. Осы аталған мерзімде олар жасы кәмелетке толмағандар жөнінде оның өсуі, айналасы, отбасы жағдайын, қоршаған ортасы жөнінде толық мәліметтер жинап, жасы кәмелетке толмаған тап болған келеңсіз жағдайлар бойынша олардың зардаптарын жою, қарсы жақпен, ата-анасымен, отбасындағы басқа адамдармен тіл табысу туралы мәселелерді шешеді. Сондай-ақ, «жеке өсу ерекшеліктеріне байланысты оны қайта тәрбиелеу үшін қандай шаралар қолдану керек, оған қандай жаза беруге болады?» деген сұрақтарға жауап береді. Әлеуметтік қызметкерлер өз қызметтері аясында жасы кәмелетке толмағанға психологиялық, педагогикалық көмек қажеттігін анықтап, керек болған жағдайда ол мамандарды шақыртып, кеңестерін алады, ол жөнінде шешім қабылдаушы орынға ұсыныстар береді. Бұл жұмыстардың барлығы да соттың бақылауында жасалады.
– Қазақстан Республикасының ҚК-нің 82-бабында кәмелетке толмағанға қолданылатын тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары көрсетілген. Бірақ, бұл шараларды белгілегеннен соң ол қалай орындалуы тиіс, орындалғаны жөнінде қандай органға есепті болады, олар толық айтылмаған. Егер ювеналды әділет жөнінде арнайы заң қабылданса, бұл аталған мәселелер толық қамтылған болар еді. ҚК-нің 82-бабында көрсетілген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылған әрбір кәмелетке толмаған соттың бақылауында болып, олармен жүргізіліп жатқан тәрбиелік іс-шара, олардың нәтижесі жөнінде (істі қараған кәмелетке толмаған тұрып жатқан аудан бойынша мамандандырылған сотқа) ай сайын есеп берілуі тиіс. Сонда ғана жасы кәмелетке толмағанмен жүргізілген тәрбиелік жұмыстың, белгіленген шаралардың нәтижесі айқын болар еді. Сот жүйесінде қаралған әрбір жеткіншек кәмелетке толғанша не сот шешімі (үкімі, қаулысы) толық орындалғанша соттың назарында болып, олар жөнінде жүргізіліп жатқан барлық тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары соттардың бақылауында болуы тиіс [4].
Кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылғанынан бастап қаралған істер бойынша аталған арнайы мамандардың жоқтығы жеткіншекке тағайындалған жаза мен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының пәрменділігін төмендетіп келеді. ҚК-нің 63-бабы қолданылып, шартты түрде сотты болған жасөспірімге көріліп жатқан тәрбиелеу іс-шаралары туралы сұрау хаттарға Қылмыстық атқару инспекцияларынан «заңда мұндай есеп беру жоқ» деген жауаптар келуде [5]. Тұжырымдамада көрсетілген басқа да органдардың тиісті шараларды жүргізбей отырғаны байқалғаныма, сонда? Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңының 13-бабы 2-тармағына сәйкес, кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның ұсынысы бойынша кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберудiң орындылығы туралы шешiмдi сот қабылдайды.
Алайда, АІЖК-нің 308-1-бабында бұндай арыздар сотқа қорғаншылық және қамқоршылық органымен немесе ішкі істер органдарымен беріледі деп көрсетілген. Сондықтан да, аталған заңнан комиссияның сотқа осындай арыздар беру құқығын алып тастау қажет деп есептеймін. АІЖК-нің 33-1- тарауында кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарында ұстау мерзімін ұлғайту және мерзімінен бұрын босату мәселелерін қарау тәртібі қарастырылмаған. Және осындай санаттағы істерді қарау кезінде шығарылатын іс жүргізу құжаты белгіленбеген. [7] Мамандандырылған соттың тәжірибесінде асырап алудың күшін баланың денсаулық жағдайына, асырап алушы мен бала мінездерінің үйлеспеуіне және тағы осы секілді себептермен жою фактілері орын алуда. Бала асырап алудың күшін жою асырап алынған баланың психологиялық және психикалық жағдайына кері әсер етеді. Мұндай арыздардың негізгі себебі – қорғаншы және қамқоршы органдарының бала асырап алу туралы материалды дайындау кезінде жұмысты дұрыс жүргізбеуі, бала асырап алу туралы заңнаманың жетілмеуі болып табылады. Осы мәселені шешу үшін заңнамада асырап алушыларды асырап алынатын баламен сұхбаттасу уақытын белгілеу қажет. Осы уақыт ішінде асырап алушылар баламен ортақ тіл табысып, оны асырап алуына дайындалады. Нәтижесінде олар ары қарай бірге тұра алады ма, жоқ па, белгілі болады.