Қазақша реферат: «Эксперименталды педагогика» мәні |

0






Эксперимент мүмкіндіктері мен оның қуатына көзі жеткен XIX ғасырдың аяғы мен XIX ғасыр басындағы педагог-зертеушілер бұл әдіске орасан үміт артып, оның пелагогикалық ақикатқа жетудің бірден – бір құралы боларына шүбәсіз сенді. Осыдан, «эксперименталды педагогика» атамасын алған өте күшті педагогикалық ағым пайда болды. Бұл педагогикалық ағым ғылым саласының өрістеуіне құндылықты бастау берді. А.Сикорсийдің диктанттардағы қателіктерді ескеру арқылы Шәкірттердің ақыл-ес шаршауын зерттеуге (1879), Эббингауздың материалды есте сақтауға арналған — (1885), Холл орындаған балалардың ұғымдар аймағын ашуға (1890), Бини және Симон басшылығында тәрбиеленушілердің зерделілігін анықтау үшін жүргізілген (1900) эксперименттік ізденістері педагогика тарихында атаулы іздер қалдырды. Мұндай эксперименталды педагогикалық зертеулерді кейін де ғалымдар бірлесе отырып жүргізді: Штерн, Нечаев, Лай: шәкірттерде қалыптасатын ұғым типтері; Бурдан, Ист, Мейман: балалар интеллекті жайында және т.б.

Аталған тақырыптарға және басқа да мәселелерге арналған экспериметалды педагогика зертеулері тамаша ойластырылып, ғажайып орындалып жатты. Осынысымен де бұл педагогикалық саланың кең ен жаюна үлкен өнеге болды. Дегенмен, бұл зерттеулердің нәтижелері мектеп тәжірибесіне айтарлықтай ықпал жасамағанымен, эксперимент арқылы тәлім-тәрбиенің аса күрделі мәселелеріне жауап табуға болатыны дәлелденді.

Уақыт озуымен эксперименталды педагогика адам тәрбиесіне байланысты қалаған құбылысты зерттеуге колданылатын болып, тіпті ұжымдарда болып жататын адамгершілік-ізгілік үдерістері заңылықтары да осы әдіспен зерттеліп, тиімді нәтижелерін берді. «Анықтама әдісі» аталған эксперименттік жұмыс формасы кең тарады: бала адамгершілік түсінігіне анықтама береді немесе оны, керісінше, белгілері бойынша атайды. Ұғымдарды анықтау үшін келесі әдістер қолданылды: 1) әдеби кейіпекр әрекеттеріне баға беру; 2) аяқталмаған әңгіме не мысалдарды соңына жеткізіп, олардың мазмұнын қандай да тәрбиелік «моральға әкелу», 30-жылдар басындағы «қайшылықтар әдісі» эксперименталды педагогикада өз үйлесімін тапты. Бұл әдісте балаға жасанды өмір киыншылықтары мәселе ретінде беріліп, одан шығу жолдарын табу талабы койылады. Жеңілдету үшін кейде әртүрлі бағыттарға дайын шешімдер: ұнамды, ұнамсыз, бейтарап — беріліп, олар арасынан сыналушы мазмұнға сәйкес келгенін таңдайды. Балалар мен жас өспірімдардің көңіл-күйі мен қызығуларын зерттеу үшін «бүркеме хаттар» әдісі де қолданылды: мектеп қабырғасына ілінген арнайы жәшікке шәкірттер өздерін кызықтырған сұрақтарды жазып, хаттар салады. Сұрақтарды талдау арқылы зерттеушілер балалардың немен қызығатынын, олардың көңіл-күйін, даму деңгейін біліп отырған.












.

Педагог — экспериментшілердің педагогика ғылымына қосқан үлесі мол. Олар анықтаған көптеген тәлім-тәрбие құбыластарының заң, заңдылықтары, принциптері, т.с.с. педагогиалық теорияның мызғымас қорына негіз салды.

Латын сөзі «эксперимент» қазақ тілінде «тәжірибе», «сынақ» дегенді аңдатады. Педагогикалық эксперимент – бұл дәл ескерілген жағдайларда педагогикалық   үдерісті   өзгеріске   келтіруге   арналып,   ғылыми ұйымдастырылған   тәжірибе.    Әдістер   бар   құбылысты   ғана   айғақтаса, эксперимент жасампаздық сипаты мен жаңа құбылыстарға жол ашады, яғни педагогикалық эксперименттен оқу-үйретім, үйренім, тәрбие іс-әрекеттерінің соны тәсілдері, әдістері, формалары, жүйелері өзінің тұрмыс-қызметтік бастауын алады.

Эксперимент – бұл мәндік тұрғыдан қатқыл қадағалауға алынған педагогикалық бақылау, айырмашылығы: экспериментатор бақылау үдерісін белгілі мақсатта өзі ойластырып, өзі жоспарлы іске асырып барады. Педагогикалық эксперимент балалар тобын, бір сыныпты, мектепті не бірнеше тәлім орнын қамтуы мүмкін. Кең аймактық эксперименттер де жүргізілуі мүмкін. Тақырыбы және мақсатына тәуелді мұндай зерттеулер ұзақ мерзімді не қысқа мерзімді бола алады.

Педагогикаклық экспермент жүргізу үшін келесідей талаптар орындалуы тиіс: іс-қызметтік болжам (гипотеза) негіздемесін жасау; зерттелуші мәселені сынаққа дайындау; эксперимент өткізудің мұқиятты жоспарын түзу; көзделген жоспардан ауытқымау; нәтижелерді нактылықпен дәл белгілеп алу; алынған деректерді зерделікпен талдау; ақырғы, қорытынды тұжырымдар жасау.

Тәжірибелік тексеріске алынған ғылыми болжамның ролі маңызды келеді. Осы болжамның қаншалықты шындыққа сай келетіндігін ашу экспериментке жүктеледі. Зерттеу барысында болжам «електен өткізіліп», дұрысы сақталып, бұрысына түзетулер беріледі. Болжам зерттеуі-жай бақылаудан құбылыстардың даму заңдылықтарын ашуға өту формаларының бірі.

Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі эксперимент шарттарын сақтауға тікелей тәуелді. Тексеріске түсетін жағдаяттардан басқасының бәрі мұқият теңдестірлуі тиіс. Егер, мысалы, жаңа оқу-үйретім тәсілі тексерліп жатса, осы тәсілден басқа жағдайлардың бәрі эксперименталды сыныпта да, бақылаулы сыныпта да бірдей болғаны жөн.





.

Педагогтар тарапынан өткізлетін эксперименттер түрі сан алуан. Әрқилы белгілеріне, яғни бағыт-бағдарына, зерттеу нысандарына, өткізу орны мен уақытына және т.б. орай олар бірнеше топқа ажыралады.






.

Алға тартылған педагогикалық мақсатқа тәуелді эксперименттің   келесі түрлері қолданылады: белгілеу эксперименті – қалыптасқан педагогикалық құбылыстарды біліп алу үшін жүргізіледі; тексеріс эксперименті – мәселені тиянақтау үдерісінде жасалған болжамның анық-қанығына жету үшін өткізіледі; жасампаз, қайта қалыптастыру   эксперименті   –   жаңа педагогикалық құбылыстарды пайда ету үшін ұйымдастырылады.

Өткізу орнына байланысты табиғи және зертханалық эксперименттер ажыралады. Педагогикалық үдерісіке ешқандай өгерістер ендірместен көзделген болжамды ғылыми ұйымдастырылған тәжірибеге салып, тексеру үшін табиғи эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрі педагогикалық жаңалық мәнін қалыптасқан жағдайда ғана тексеру қажеттігі туындап, әрі оның нәтижелері сабақ үдерісіне зиянсыз болса, ұйымдастырылады. Табиғи эксперименттің нысандары, әдетте, оқу-үйретім жоспарлары мен бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдары, тәлім-тәрбие тәсілдері мен әдістері, формалары және құрал-жабдықтары.

Егер қандай да жекеленген мәселені шешу немесе қажетті деректерге қол жеткізу үшін сыналушыларды мұқият қадағалау керек болса (арнайы құралдар көмегімен), эксперимент арнайы жабдықталған, ерекше зерттеу шарттарына сай бөлмеларде өткізіледі. Мұндай эксперимент зертханалық деп аталады. Педагогикалық зерттеулерде бұл ғылыми әдіс түрі көп қолданыла бермейді. Әрине, табиғи эксперимент зертханалыққа қарағанда құндылау келеді. Себебі, одан шынайы нәтиже алу ықпалдығы көбірек. Дегенмен, мұндайда табиғи жағдаяттар барша күрделіліктерімен бірге жүреді, олар арасынан қажетті оқу-үйретім, тәрбие құбылысын өз алдына бөліп алып, тексеру мүмкіндігі қиындық соқтырады. Осыдан, қадағалауға келіңкіремейтін жағдаяттардың  ықпалын кеміту мақсатында қосалқы, күтілген не күтілмеген нұқсанды себептерден арылу үшін қосымша қаржылыққа көніп, ғылыми сынаманы зертханаларда өткізуге тура келеді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!