Қазақша реферат: Ядролық зақымдану ошағы |

0






Ядролық зақымдану ошағы –адамдар өмір сүреті, ғимараттар мен құрылыстар орналасқан ядролық қарудың әсері тиетін жер. Ықтимал бұзылуларды бағалау және жұмыс көлемін анықтау үшін ядролық ошақты төрт аумаққа бөледі. Әрбір аумақ оның шектеріндегі артық қысым  шамасы бойынша, осыған сәйкес зақымдану сипатына қарай анықталады. Толық бұзылған аумақ. Қатты соққы шебіндегі артық қысым шамасы 0,5 кг/кв. см артық болған жағдайда туындайды. Барлық жер беті құрылыстары бұзылады. Жарылыс орталығының жан-жағындағы жасырыну имараттары, жер төлелер қирап, жер астындағы коммуналдық-энергетикалық желілер бұзылады.   Бұл аумақтарда жалынның соққы толқынмен өшіп қалу салдарынан өрт туындамайды. Төзімді ҚИ жасырынған адамдар тірі қалғанымен, радиацияның әсерімен улануы мүмкін. Толықтай бұзылу аумағы барлық зақымдау аумағының  13% құрайды.








Қатты бұзылулар аумағы. 0, 3 –ден 0,5 кг/кв. см дейінгі артық қысым шамасында туындап, барлық зақымдалу ошағының 10% құрайды. Ғимараттар мен имараттар түрлі деңгейде бұзылып, жасырыну имараттары мен коммуналдық-энергетикалық желілер сақталып қалады. Жарықтық импульстан қатты өрттер мен от дауылдары туындауы мүмкін. Адамдар мен жануарлар түрлі шамада жарақат алып, РЗ  уланады (сыртқы сәулелену және іштей зақымдану).         Орташа зақымдану аумақтары. 0,2 –ден 0,3 кг/кв. см дейінгі артық қысым шамасында туындап, барлық зақымдалу ошағының 15% құрайды. Ғимараттар мен құрылыстар орта және әлсіз бұзылып, өрт ошақтары пайда болады. Адамдар контузияланып, жарақаттанады,сонымен қатар күйік шалуы мүмкін. Әлсіз бүлінулер аумағы.  0,2 –ден 0,2 кг/кв. см дейінгі артық қысым шамасында туындап, барлық зақымдалу ошағының 65% құрайды. Ғимараттар мен имараттар әлсіз бүлініп, жарық импульсынан өрт туындауы мүмкін.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!