Қазақша реферат: Ядролық қару дегеніміз не? |
Ядролық қару деп әрекеті бөліну немесе ядролық синтездің жарылғыш процесінің нәтижесінде бөлінетін ядроішкілік қуатты қолдануға негізделген қару аталады. Ядролық қуат ядроның түрлі өзгерісі кезінде шығады. Ядроішкілік қуаттың көп мөлшерінің шектеулі көлемде тез бөліну процесі яролық жарылыс деп аталады. Ядролық қаруды қолдану арқылы шешетін міндеттерге, ядролық жарылыс қолданылатын объектінің түрі мен орнына қарай ядролық жарылыстар түрлі биіктікте, жер бетінде, жер астында (су астында) орын алуы мүмкін. Ғарыштық жарылыс көзделген ғарыштық нысаналарды зақымдау үшін 65 км-ден жоғары биіктікте қолданылады.
Биіктіктегі жарылыс – 10-нан 65 км-ге дейінгі әуедегі нысаналарды зақымдау үшін қолданылады. Жер бетіндегі көзделетін нысаналар үшін жарылыс электрлік және радио аспаптарына қауіп төндіреді. Биіктіктегі жарылыстар ракеталардың, ұшақтардың және т.б. бас бөліктерін жою, радиолық байланыс пен басқаруда кедергілер туындату үшін қолданылады. Әуедегі жарылыс бірнеше жүздеген метр және бірнеше километрге дейінгі біктіктерде орын алып, қатты найзағайға ұқсас жарық пен дыбыс шығарады. Жарықтан соң жарылыс орнында тез ұлғайып, саңырауқұлақ формасын иеленетін отты шар пайда болады. Әуе шары қатты жылу және радиоактивтік сәулелерді бөледі. Сонымен қатар бұндай шарлар қатты қирату қасиетіне ие болады. Сондықтан ол жер бетіндегі құрылыстарды тез қиратып, жасырынбаған адамдарға да зақым келтіруі мүмкін.
Жер бетіндегі ядролық жарылыс деп жер бетінде немесе одан шығатын жарықтың жер бетіне тиетін биіктікте орын алатын жарылыстар аталады. Олар жер бетін қатты радиоактивті зақымдап, адамдарды, әскери жеке құрамды, жер бетіндегі құрылыстарды жою, сонымен қатар олардың төзімділігіне нұқсан келтіру мақсатында жүргізіледі.
Жер астындағы ядролық жарылыс кезінде жер бетінде бірнеше километрлік биіктікке дейін көп мөлшерле топырақ лақтырылып, сол жерде үлкен ойпаң пайда болады. Су асты жарылысы кезінде су бетінде қатты сәулелі дөңгелек дақ пайда болады. Содан соң бірнеше км биіктікке су атқыланып, 30 метрге дейінгі шеңбер формалы толқындар пайда болады.
Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары: қатты соққы беретін толқын, жарықтық сәулелену, радиация, электромагниттік импульс, жердің радиоактивтік зақымдануы.
Қатты соққы беретін толқын- жарылыс орталығынан жан-жаққа қатты жоғары дыбысты жылдамдықпен таралатын қатты қысымды ауа. Қатты соққы беретін толқынның көзі ядролық жарылыстың орталығындағы қатты қысым болып табылады. Тікелей (артық қысым мен қатты жылдамдықты ағынмын сипатталатын) және жанама (жерге соғу салдарынан, ұшқан сынықтармен жарақаттану) әсер ету нәтижесінде адамдар зақымданады.
Жарықтық сәулелену- бұл оптикалық диапазонның ультра күлгін немесе инфра қызыл спекторлар енетін электромагниттік сәулеленуі. Жарықтық сәулеленудің көзі – ауадағы шоғырланған жарық болып табылады. Жарықтық сәуле денені тіптен киім астынан да күйдіріп, адамнын құлағы шулап, күндіз 1-5 минутқа, түнде 30 және одан да көп минутқа көзі көрмей қалуы мүмкін, техника мен құрылыстардың және т.б. ағаш пен резеңкеден жасалған бөліктері жануы мүмкін. Жарықтық сәулелену кезінде кез-келган көлеңке жасай алатын тосқауылдың көмегімен күйік шалудан қорғануға болады.
Енетін радиация – бұл ядролық жарылыс кезінде 15-25 секунд бойына шығарылатын сәуле мен нейтрондардың ағыны. Иондық сәулеленудің зақымдау әрекеті биологиялық ткань сіңіріп алатын энергия мөлшерімен (сіңіру мөлшерлемесімен) анықталады. Сіңірілген мөлшерлеме бірлігі — рад. Радиацияның орнганизмге енетін радиацияның зақымдау әрекеті организм молекуласы мен атомдарының иондалып, сонымен қатар сүйек майының зақымдануына негізделеді.
Электромагниттік импульс ядролық жарылыстардың барлық түрлерінде де кездеседі. Бұл қоршаған ортада жарылыс уақытында бос электрлік зарядттардың пайда болуына негізделеді. Электромагниттік импульс әсерімен сымдардың, трансформаторлардың, конденсаттардың изоляциясы бұзылып, сақтандырғыштары жанып кетеді.
Жер мен әуе кеңістігінің радиоактивтік зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан РЗ түсуі салдарынан туындайды. Радиоактивтік зақымдану көзінің үш түрі болады: — жарылған ядролық реакциядан кейінгі жер бетіне түсетін ядролық зарядтан бөлінген радиоактивтік өнімдердің көп мөлшері; — уранның -235 немесе плутонияның — 239 әсерсіз заряды бөлігінің түсетін радиоактивтік заттары; — бағытталған радиация, оның көзі топырақтың беткі қабаты атомдарының ядросы әсер ететін ядролық жарылыстың нейтрондық ағынының құрамына енетін нейтрондар саналады.