Қазақша реферат: Ішкі секреция жайлы жалпы түсінік

0






Ішкі секреция туралы жалпы түсінік деп отырғанымыз — маманданған торшалардың торша аралық кеңістікке, ары қарай қанға биологиялық белсенді заттарды бөлу процесі деп түсінеміз. Организмде әртүрлі химиялық процестерге әсер етіп, оның тіршілік әрекеттерін өзгертіп отыратын арнаулы органдардың болатыны жайлы болжамдарды кейбір зерттеушілер XVII ғасырдың басынан айта бастаған. Бірақ, нақтылы деректер мен фактілер болмағандықтан, ондай органдардың қызметі ұзақ уақыт белгісіз болып келді. Тіпті, XIX ғасырдың орта кезінің өзінде осы ерекше безді органдардың маңызы жайлы әртүрлі болжамдар сақталды. Мысалы, қалқанша без көмекейді дымқылдау мидағы қан айналымды реттеу үшін қажет деген ұғымдар болған.

Кейінірек бұл бездердің кейбір дерттерге тікелей қатысы болатыны анықталды. Мысалы, шырышты ісіктің (микседема) қалқанша безінің семуіне (атрофия), Аддисон дертінің бүйрек үсті бездерінің қызметінің бүзылуына байланысты екені дәлелденді. Осы сияқты деректер аталған безді органдардың физиологиялық маңызының зор екенін көрсетті. 1856 жылы Броун-Секар бүйрек үсті безін сылып тастағаннан кейін малда діріл пайда болып, оның өліп кететінін анықтады. Организм тіршілік әрекетінің ауытқулары басқа бездерді сылып тастағанда да байқалған. «Ішкі секреция» деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген. Ол ішкі секреция бездеріне дененің барлық органдарын жатқызған. Бұл тұжырымды ол барлық органдардан алмасу өнімдерінің қанға бөлінетінімен негіздеген. Шын мағынасында К.Бернар бұл жүйеге қалқанша, айырша (тимус), бүйрек үсті бездерін, көк бауырды (талақ), лимфа түйіндерін жатқызған.













.

Ішкі секрециялық құбылыс организмнің көптеген ұлпаларында орын алады. Мысалы, өзінің тіршілік әрекеті үстінде гипоталамустың нейро секрециялық ядролары, ас қорыту жолының эндокриндік торшалары, әртүрлі ұлпалар физиологиялық процестерге әсер ететін өнімдер бөледі. Организмде осындай құрылымдар бөлген гормондар, нейросекреттер және үлпалық алмасу өнімдерінің әсерімен сұйықпен (гуморальдық) реттеу тетігі қалыптасады. Гуморальдық заттар органдар арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етіп, организм қызметін сыртқы орта жағдайына бейімдеуде маңызды рөл атқарады. Ішкі секрециялық қызметке көп жағдайда тым кең мағына беріледі. Кейбір зерттеушілер бүл түсінікке ішкі секрециялық бездерге жатпайтын органдардағы биологиялық белсенді заттардың түзілу процесін де жатқызады. Шынында көптеген органдар мен үлпалар организмнің эртүрлі тіршілік эрекетін реттеуге қатысатын биологиялық белсенді заттар (көмір қышқыл газы, гистамин, ацетилхолин, ренин, гепарин, т.б.) түзеді. Бірақ аталған заттардың барлығын гормондарға жатқызуға болмайды, себебі оларда гормондарға тән барлық қасиеттер болмайды.





.

Ішкі секрециялық (эндокриндік) бездер деп безге тән құрылымы бар және өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін органдарды айтады. Грек тілінен аударғанда «эндон» деген сөз — ішкі, «крино» -бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (грек тілінен аударғанда гормон қозғаймын деген сөз) деп атайды.
Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: 1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездер, гипофиз, бүйрек үсті бездер, эпифиз және тимус жатады. 2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.
Ішкі секреция бездерінің мөлшері үлкен болмайды, бірақ олар қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды. Сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді. Без тамыр қимылдатқыш және секрециялық жүйкелермен жүйкеленеді.

Эволюциялық даму кезінде ішкі секреция бездері жүйке жүйесінен элдеқайда кеш пайда болған. Мысалы, ішек қуыстыларда шашыраңқы (диффузиялы) жүйке жүйесі байқалса, ішкі секреция бездеріне ұқсас құрылымдар алғаш рет тек буылтық қүрттарда кездеседі. Демек, эндокриндік бездер филогенездік тұрғыда кешірек пайда болады. Ішкі секрециялық қызмет жоғары маманданған арнаулы эндокриндік бездерге тэн қасиет ретінде омыртқалы жануарларда қалыптасады. Ол алғаш рет жұмыр ауыздылар мен балықтарда байқалады. Сонымен, ішкі секреция филогенез тұрғысында кешірек қалыптасқан және эндокриндік бездердің дамуына байланысты пайда болған процесс. Сол себепті ішкі секреция деген түсінікті органдардың, үлпалардың, торшалардың алмасу өнімдерін бөлетін эрекетімен, ал гормонды — алмасу өнімдерімен шатастыруға болмайды.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!