Қазақша реферат: Іс-әрекет және тұлға дамуы |

0






Дамуға нәсілдіктің, қоршаған ортаның және тәрбиенің ықпалына қосымша әсер ететін аса маңызды жағдаяттардың және бірі – бұл тұлға іс-әрекеті. Іс-әрекет ұғымы қандай да жұмысты орындау үшін жасаған адам қимыл-қозғалыстарының бәрін аңдатады. Тарих тұңғиығынан іс-әрекет бабында небір дана бақылаулар бізге дейін жеткен: «Балаңның немен және қалай шұғылданатынын айтсан, оның қандай адам болып жетілетінін айтып беремін»; «Қаңғыбас болғанның ешқайсысы да дегеніне жете алмаған»; «Қанша тер төксең – сонша емерсің»; «Адам өз бақытының ұстасы»; «Ерте тұрғанның ырысы артық»; «Еңбегіне қарай сый-сияпаты»; «Өнерлінің қолы гүл» т.б. Даму нәтижелері мен іс-әрекет қарқындылығы арасында тікелей байланыс болатыны айдан анық. Бұдан даму үдерісінің және бір жалпы заңдылығы ашылады: шәкірт неғұрылым белгілі салада көбірек іс-әрекет жасаса, оның сол саладағы даму деңгейі соншама жоғары келеді. Әлбетте, бұл заңдылықтың шексіз қолданыла беруі мүмкін емес. Ол жағдай әрбір адамның қабілеттеріне, жасына, іс-әрекеттің өзінің қарқындылығы мен ұйымдасуына тәуелді келеді.

Іс-әрекет барысында адамның жан-жақты және біртұтас тұлғалық дамуы жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, қарым-қатнасы қалыптасады. Таңдалған іс-әрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру және келелі бағдарлап отыру қажет. Бұл тәрбие болмысында өте күрделі іс. Өкінішке орай, көп жағдайларда осы күрделілік даму мүмкіндіктерін шектейді; кейде тәрбиеленушілер ең қажетті болған жағдаяттарға – қоғамдық, еңбек, таным әрекеттеріне белсене араласа алмай, енжар бақылаушы күйінде қалып, дайын ережелерді жаттаудан ары өте алмайды.

Балалар мен жас өспірімдердің іс-әрекеттерінің негізгі түрлері – ойын, оқу-үйренім,еңбек. Бағдары бойынша іс-әрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем өнерлік, техникалық, кәсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыратылады. Барлық жастағы балалардың іс-әрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу (ортақтасу).












.

Іс-әрекет өз сипаты бойынша белсенді (актив) және енжар (пассив) болуы мүмкін. Тіпті, құрттай ғана сәбидің өзі белсенді тіршілік иесі болып көрінгенді қалайды. Ол жасына қарамай үлкендерге, қатарына қандай да талаптар қояды, төңірегіндегі кісілерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға өз қатынасын білдіруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған орта және тәрбиенің ықпалы арқасында белсенділік көтерілуі де мүмкін, кейде төмендеуі де ықтимал. Мысалы, адам көп жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске құлықсыз, көңілі құламай, орындауы қалай болса, солай – енжар. Әлбетте, мұндай іс-әрекет адамды жоғары нәтижелерге жеткізбейді. Дамудың тиімді болуы іс-әрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй жарасымдылығына тәуелді. Адам таңдаған ісіне жан-тәнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіншіліктердің бәрін іске жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға ретінде көрсете білуі қажет. Мұндай қызмет адамға қанағат ләззатын әкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне айналады. Сондықтан да, іс-әрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана емес, сол әрекетте көрінетін тұлға белсенділігінің деңгейіне байланысты.

Белсенділік оқу-үйретім барысында шәкіртке тезірек және табысты әлеуметтік тәжірибе топтауға мүмкіндік береді. Оның қарым-қатынас, тілдесу қабілеттерін дамытады, қоршаған болмысқа деген көзқарасын қалыптастырады. Баланың ақыл-парасат дамуын танымдық белсенділік қамтамасыз етеді. Бұл үшін балаға танымдық мәселелерді шешумен бірге игерілген білімдерді тұрмыста қолдану қажеттігі де тән болуы тиіс. Себебі, еңбектегі белсенділік тұлғаны өзінің рухани және адамгершілік дүниесін тез арада және тиімді қалыптастыруға ынталандырады, оны көп және нәтижелі еңбектенуге  бағыттайды.





.





.

Белсенділіктің барша көріністерінің негізінде бір ғана тұрақты дерек көзі – қажеттік орын алған. Адам қажеттіктерінің көп түрлілігі оларды  қанағаттандыру үшін қолданылатын іс-әрекеттердің де санқилылығын туындатады. Өсіп келе жатқан адамға белсенділіктің пайдалы бағыттарын көрсетіп, алдамшы қырларын мейлінше бәсеңсіту – педаготар үшін тұрақты да, өте күрделі де міндет. Күрделілігі-адамның жеделдете кемелденуі дәуірінде іс-әрекет қажеттері мен сеп-түрткілері (мотивтері) өте қозғалмалы және ауыспалы келеді. Сондықтан әртүрлі жас сатыларында іс-әрекет түрлері ауысып баруы шарт. Жалпы мектептік тәрбиенің өзгерістер ізімен үлгере орындалуы өте қиын, солай да болса, әрқандай тәрбиелік іс мезетінен бір де кешікпей жүргізіліп, келеңсіз салдардың алдын алып отыруы қажет.

Әрбір адамның өзіндік белсенділігі оның қабілеттері мен дарынының дамуы және табыстарға жетуінің міндетті кепілі. Бала тәрбиесімен қандай да бір ғажайып тәрбиеші шұғылданбасын, оның өз әркет-ықыласы болмаса, ешқандай нәтиже болуы мүмкін емес. К.Д. Ушинский пікірінше, бала өзі  оқып-үйренуі тиіс, ал педагогтың қызметі оған игерілуі қажет материалды ұсыну, оның оқу-үйренім үдерісін басқару. Осыдан, дұрыс қойылған тәрбиеде шәкірт педагогикалық ықпалдың тек нысаны ғана емес, ол сонымен бірге өз тәрбиесін белсенді өз қолына алған – субъект.

Іс-әрекет сияқты тұлға белсенділігі де таңдамалы сипатқа ие. Тұлғаның дамуы кез-келген әсерден болмайды, солардың ішінде адамның өз қажетіне сай  келген, оның тұлғасына жарасымды болған, шынайы болмысқа деген оның көзқарастарына сәйкес ықпал болса ғана,  бала дамуы қарқынды жүреді. Тұлғаның белсенділігі дамудың алғышарты ғана емес, оның нәтижесі де. Қоғамдық белсенді,  ынталы, шығармашыл және өзі мен төңірегіндегі қатысқан адамдардың бәріне бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптасуына ықпал етуші тәрбие әрдайым өз мақсатына жетіп отырады. Саналы, педагогикалық сынақтан өтіп, ұйымдастырылған шәкірт іс-әрекеті белсенділіктің қай түрін де қамтамасыз ете алады. Өсіп келе жатқан адамға толық іс-әрекет мүмкіндігін ашып беру, өз күш-қуатын белсенді қолдануға қажет әрекет тәсілдерімен қаруландыру, тұлғалық ерекшеліктерді жете зерттеу және әр тұлғаның болмысындағы табиғаттан берілген нышандар мен дарындылық белгілерін мейлінше жайып салу — әрбір тұлғаның даму үдерісін ақылгөйлікпен бағыттаушы ұстаз – педагогтың өз ар-намысы мен қоғам алдындағы борышы. Сонымен, бала, жас өспірім дамуының маңызды жағдаяттарының бірі – оның меншікті өз әрекет – қызметі.  Мұғалім қаншама жақсы бола берсін, өз үстінде еңбектенбеген шәкірт көздеген мақсатына жете алмайды. Әрқандай іс-әрекет бала ықыласымен орындалып, шартты түрде белсенді болуы қажет. Орындаған ісінен шәкірт ләззат және қанағат табуы лазым. Белсенді іс ешқашан шаршатпайды.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!