Қазақша реферат: III-XI ғасырлардағы Қытай |
Жаңа дәуірдің алғашқы кезінде Қытай экономикасының негізін жақсы дамыған ауыл шаруашылығы қалады. Ол елдің көптеген аудандарында жасанды суару жүйесі арқылы жүргізілді. Тыңайтқыштарды қолдану, жерді өңдеу мен өсімдіктерді күтуді жетілдіру — өнімді арттырды. Қытайлықтар өте жоғары сортты темір өндірді, ол темірден жасалған сапалы еңбек құралы тек ауыл шаруашылығының ғана емес, сондай-ақ колөнерінің, құрылыс ісіңің, кеме жасаудың, сән бұйымдары мен қару-жарақ жасаудың жетіле түсуіне ықпал етті. Ертеде қытай халқы жібек мата тоқуды ойлап тауып, оның қүпиясын көпкедейін сақтады. Қытайда басы бос шаруалар көп болды. Жер мемлекет меншігі болып табылды. Ол әр отбасының жүмыска жарамды адамының санына қарай үлестірілді. Жер иемденуші шаруалар негізінен азық-түлік салығын астық, мал, қолөнер бүйымдары/ төледі. V — VI ғасырларда басыбайлы ша-руалары бар бақуатты отбасылары пайда бола бастады. Олар өздерінің кедейленген туыстары мен көршілерін кіріптарлыкка салды. Сонымен қатар будда монастырларының жер иеліктері де болды.
Б.з.д. 206 — б.з. 220 жылдары Қытайда Хань әулеті билік құрды. Бұл кезде құл иеленушілік қоғамның ішінде феодалдық қатынастар туа бастады. Ол қатынастардың орнауы ұзақ уақытқа созылды. Феодализмге өту процесі біздің заманымыздың ІІ-ғасырында Хань империясын үлкен дағдарысқа ұшыратты: экономика құлдырады, үкімет әлсіреді, сыртқы саясатта сэтсіздіктер бірінен кейін бірі жалғасты. Бұрыннан келе жатқан мемлекеттік тәртіп бұзылды, әлеуметтік кұрылым ыдырады. II ғасырдын аяғына қарай император іс жүзінде биліктеы айырылды. Жергілікті ел түткалары мен қолбасшылар елдің жекелеген аудандарында өз биліктерін нығайтып, бір-бірімен үздіксіз соғысып жатты.
Сол кездегі ойшылдар бұл дағдарысты хаостың, «дүрбелең ғасырдың», «жаппай жауығудың, көре алмаушылықтың» баста-масы деп бағалады. Хань әулетінің құлауымен қытайдың бірлігі бұзылды. Бұрынғы империяның аумағында бір-біріне қарама-қарсы тұрған үш патшалық: батыста Дуньхуаннан бастап (солтүстік Қытайдың көп бөлігін) шығыста Ляодунге және оңтүстікте Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығына дейінгі жерді алып жатқан Вэй (220—265) патшалығы; Сычуаньды, Ганьсу мен Шэньсидің оңтүстік аудандарын, Юньиань мен Гуйчжоудың көп бөлігін, Гуансидың батысын қамтыған Шу (221—263) патшалығы; империяның оңтүстік-шығыс аудандарын біріктірген У (222—280) патшалығы құрылды.
Бұл патшалыктардың негізін қалаушылар бүрынғы империяның үлгісімен мемлекет құруға тырысты. Бірақ олардың бұл әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Патшалықтардағы билік әскери диктатура түрінде жүзеге асырылды. Үш патшалық кезіне қарай жергілікті өкімет биліктерінің ішінде де құрылымдық өзгерістер орын алды. Ұзаққа созылған ішкі соғыстардың барысында империялық шенеуніктік әкімшіліктің орнына провинциялық бекзаттардан шыққан әскери және саяси жетекшілер үстемдік жағдайға ие болды. Өз позицияларын сақтап қалған облыстар мен округтердің басшылары да өз әскерлерін жасактап алып, халықтан жиналатын салықты жиі-жиі өздері сіңіріп кетіп отырды. Вэйдің (кейінірек басқа патшалыктар) орталык өкіметі бүл жағдайды шенеуніктерді мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа жүйесінің көмегімен өзгертуге тырысты. Ол жүйе «деревнялық категориялар» деп аталды. Арнайы бөлінген уәкілдер жергілікті жерлердегі үміткерлердің қадір-қасиеттерін ерекше «категориялар» бойынша бағалауға тиіс болды. Бірақ бүл жүйе тиімді болмады да, жергілікті бекзаттардың өз қалаулыларын тағайындау құралына айналып кетті. Үш патшалықтың ішкі тұрақсыздығы олардың арасындағы өзара соғыстармен онан әрі шиеленісе түсті.
Ақырында Вэй патшалығы жеңіске жете бастады. 263 ж. ол Шу, ал 280 ж. — V патшалықтарын бағындырып, өзіне қосып алды. Ел бір патшалыққа бірігіп, Цзинь империясы деп аталды. Оның негізін Сыма Янь қалады. Оның билігі де эскерге жэне жекелеген ақсүйектерге арқа сүйеді. Өз билігінің тірегін нығайту мақсатымен Сыма Янь 20-ға жуық облыстарды өз туыстарына үлестіріп берді. Олар тез байып алып, Сыма Янь өлген соң (290) өзара соғыса бастады. Ол соғыс «сегіз князь бүлігі» деп аталды. Небәрі 10 жылдан соң елдегі тұрақтылық пен бірлік қайта бұзылды. Талас-тартыстар мен төңкерістер 306 жылға дейін созылып, елді саяси-экономикалық дағдарысқа ұшыратты. Бұл қалжырау елді IV ғасырдың басында Қытайдың солтүстік және батыс аудандарына басып кірген көшпенді жэне жартылай көшпенділер тайпаларының оңай олжасына айналдырды.
IV ғасырдың басында Қытайға ғұндар шапкыншылығы күшейді. Ғүндардың 5 тайпасының өкілдері «шаньюй» деп аталған жоғары басшы сайлайтын. Шаньюйлер Қытай импера-торларының қыздарына үйленіп, олардың үлкен ұлдары қытай императорларының сарайында тәрбиеленетін.
Қытайдағы өкімет билігі әлсірей бастаған соң 308 ж. ғүндардың Лю Юань деген шаньюйі Хань патшасы деп жарияланды. 311 ж. ғүндар Лоянды, 316 ж.— Чанъаньды алды. Цзинь императо-ры түтқынға түсті. Енді ғүн эскер басшыларының арасында ала ауыздық туып, жікке бөліну басталды. Шаньюй Лю Юаньнның бір ұрпағы Қытайдың солтүстік-батысында Үлкен Чжао мемлекетін құрды. Ши Лэ деген әскер басшысы Лоянның шығысында Кіші Чжао мемлекетін құрды. Ғүндардың бұл екі патшалығының арасындағы күрес 324 ж. Кіші Чжаоның жеңісімен аяқталды.
Ғүндар шапқыншылығы нәтижесінде Қытайдың солтүстігінде Цзинь билігі жойылды. Ол эулеттің билігі орталық және оңтүстік-шығыс аудандарда ғана сақталды. Янцызы өзенінің оңтүстігіне қоныс аударуға мэжбүр болған Цзинь эулетінің өкілдері Шығыс Цзинь (317—420) деп аталған мемлекет қүрып, билік жүргізді. Осы кезден бастап елдің саяси тарихы екі жарым ғасыр бойы солтүстік жэне оңтүстік болып бөлінуі жағдайында өтті. IV ғасырдың 60- жылдары Қытайдың солтүстік-батысынан көшпелі сяньбиліктер басып кірді. Олардың ішіндегі күштілері муюн мен тоба тайпалары болды. 367 ж. тобалықтар солтүстік-шығыс Қытайда өз билігін орнатты. Ол 534 жылға дейін өмір сүріп, «Солтүстік Вэй» мемлекеті деп аталды. Солтүстік-батыста Қытайға тибеттіктер шабуыл жасап, Ганьсу, Шэньси, Нинся провинцияларын басып алды. Олар Цинь деп аталған мемлекет құрды. 383 ж. Фэйшуй өзенінде олардың әскері Оңтүстік Қытай әскерімен соғысып, жеңіліп қалды. Сөйтіп, солтүстікті қайтарып алу мүмкіндігі жүзеге аспай қалды. 420 ж. Цзинь әулеті құлап, кейінгі 160 жыл ішінде оңтүстікте 4 әулет бірінен соң бірі билік құрды.
Солтүстік Вэйдің аграрлык заңы мен практикасында сақталған жерді пайдалану тәртібі «тең жер жүйесі» деп аталды. Ең үлкен жер үлесінің көлемі 120 мудан аспауға тиіс болды. 485 жылғы низамда (декрет): «жер жеткілікті болып жатса, басқа жерге көшуге болмай-ды»,— делінді. Жер салығы үш түрлі болды: егістік жерден егінмен, өндірістік (бау-бақшалык) жерден — матамен немесе жіппен өтеу және еңбек-пен өтеу салықтары. Сыма Яньннің реформасынан айырмашылық — салықтың басты түрі еңбекпен өтеу емес, оброк, яғни азық-түлік салығы болды. Мұрагерлікпен өтейтін салық шаруалардың белсенділігін арттырып, мол өнім алуға ынталандыра түсті. Қытайды біріктіру үрдісін «Гуаньлун тобы» деп аталған әскери-саяси топ білдірді. 581 ж. осы топтың көрнекті өкілі, солтүстік Қытайдағы әскер басшысы Ян Цзянь тақты басып алып, Суй әулетінің (581—618) негізін қалады. Үш ғасырға жуық бөлінуден кейінгі Қытайдың қайта бірігуі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірде феодалдық катынастардың орнығуындағы маңызды фактор болды.
589 ж. Ян Цзянь Солтүстік және Оңтүстік Қытайды өзіне бағындырды. Ол Вэн-ди деген атпен император деп жарияланып, 581 — 604 жж. билік құрды. Оның мүрагері Ян Гуан (605 — 617) билік қүрған кезде Қытай Корея мен Вьетнамдық Вансуан мемлекетіне қарсы басқыншылық соғыстар (611—614) жүргізді. Согыс ауыртпалығы қарапайым салык төлеуші халыққа түсті. Олар өз наразылықтарын көтерілістер арқылы білдірді. Көтерілістің негізгі ошақтары Шаньдун, Хэбей, Хэнань болды. Суй әулетінің билігі ұзақ болмады. 618 ж. шыккан тегі жагынан жартылай түрік Ли Юань деген Солтүстік Қытай әкімі империядағы билікті басып алып, жаңа Тан әулетінің негізін қалады.