Қазақша реферат: ІІІ—VІІ ғасырлардағы Иран |

0






1. Иранның саяси тарихының негізгі фактілері.
2. Сасанилер əулетінің билікке келуі.
3. І — V ғасырлардағы Иранның қоғамдық құрылысы. Дін.
4. Маздакшылар қозғалысы.
5. І Хосров реформалары.
6. VІ—VІІ ғасырлардағы Иранның сыртқы саясаты.
7. Сасанилік Иранның мəдениеті.

224 ж. Парфян патшалығының вассалы, Парсы (Персия) билеушісі Ардашир Ормиздаган алқабында Артабан V-ң əскерін талқандады. Бұл жеңілістен кейін Парфян патшалығы Персияның құрамына еніп, дербестігін біржолата жоғалтты. Парсылар — Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының халқы. Оның астанасы алғаш Истахр, кейін, Буйилер мемлекеті кезінде — Шираз қаласы болды. Сөйтіп 224 (226) ж. Парфяндар əулетін құлатып, билікке келген парсылық Сасанилер əулетінің негізін қалаушы Ардашир [224(226) —241] болды. Ол əулеттің билігі кезінде, яғни 224—651 жж. Иранның халықаралық аренадағы шоқтығы биіктей түсті. Иран бұл кезде Риммен, кейін, ІV—VІІ ғасырларда Византиямен қырқысқан соғыстар жүргізді. Ардашир оңтүстіктегі Фарс облысындағы княздердің бірі бола- тын. Таққа отырған соң ол Ктесифон қаласын астанаға айналдырды. Ардашир билікке заратуштра (зороастризм) дінбасыларының қол- дауымен келді. Оның атасы Сасан осы діннің басшысы болатын. Сасанилер ірі ақсүйектерге қарсы күресінде орташа жəне майда жер иелеріне арқа сүйеуге тырысты.

Парфян патшалығында тақ мұра арқылы көшіп отырса, жеке облыс басшылары вассалдық тəуелділікте ғана болса, жаңапарсы- лық Сасанилер патшалығы бір орталыққа бағындырылған мемлекет болды. Ел олардың тұсында 18 сатраптыққа бөлінді. Əр сатрап басында губернатор тұрды. Губернаторды патша өзі тағайындап отырды. Оны патша қалаған кезінде алып тастай алатын. Сондықтан губернаторлар патшаға толық тəуелді еді. Патшаның қатаң тəртіпке бағынған атты жəне жаяу əскері болды. Өзіне қарсы ақсүйек- мықтыларды патша күшпен құртып отырды. Кейде керісінше де болатын. Ебін таба білген ақсүйектер өздері жек көретін патшаны құртып, оның орнына өздері қалаған Сасан əулетінің өкілін таққа отырғызатын… Жаңа əулеттің ресми астанасы Персеполь болды. Бірақ тоқтаусыз жүріп жатқан соғыстарға байланысты Шахиншах мекені іс жүзінде шекара маңындағы, Тигр өзені бойындағы Ктесифон (Бағдад маңында) болды. Иран Риммен, кейін — Византиямен Қара теңіз жағасы үшін күрес жүргізді. І Шапур тұсында (241—272) парсылықтар жеңіске жетіп, Кіші Азияны басып алды. 256 ж. Антиохия басып алынды.





.

260 ж. Рим əскері талқандалып, император Валериан тұтқынға түсті. Иран əскерінің онан əрі жылжуын арабтық Пальмира патшасы Одейната қарсылығы тоқтатты. 266—272 жж. патшалық құрған Одейнатаның əйелі Бат-Заббай Римге қарсы көтеріліс жасап, бүкіл Кіші Азия мен Египетті басып алды. Бірақ 272 ж. Бат-Заббайдың əскері Рим императоры Аврелианның əскерінен жеңілді. 273 ж. римляндар Пальмираны біржолата құртып жіберді. Рим əскері 283 ж. Сасанилер астанасына дейін жетті. Оны басып ала алмады. 298 ж. парсылықтар Нисибин түбінде тағы да рим əскерінен жеңілді. Нисибин шарты бойынша Армения мен Месопотамияның солтүстігіндегі 5 провинция Римнің қол астына көшті. Иран-рим соғыстарының жаңа кезеңі ІІ Шапур (309—373) тұсында басталды. Ол алдымен парсы шығанағындағы Бахрейінді басып алды. Иран мен Рим қатынастарының сипатына христиан дінінің тарауы елеулі ықпал етті. ІV ғасырдың басында Грузияда, Армения мен Солтүстік Əзербайжанда христиан діні қабылданды (301—303 жж.). Арме- нияның христиан дінін қабылдауы оны Риммен байланысын нығайтуға итермеледі. Армения халқының бір бөлігі Римді, хрис- тиандықты қолдаса, бір бөлігі Иранға бағыт ұстанды. 338 ж. ІІ Шапур Риммен соғысты қайта жалғастырып, Армения мен солтүстік Месопотамияға басып кірді, 363 ж. Иранға жасаған сəтсіз жорығы кезінде Рим императоры Юлиан өлді. Оның орнына таққа отырған Иовиан Иранмен бітім шартын жасады. Ол шарт Иран үшін тиімді болды. Грузия мен Арменияның шығыс бөліктері Иранның қол астына көшті (387 ж.). V ғасырда Иран мен Шығыс Рим империясы — Византия ара- сында тыныштық болды. Ол екеуі енді солтүстіктен қауіп төндірген ортақ жау — гунн көшпелі тайпаларына қарсы күреске бірікті. ІІ Шапур өлген соң 20 жыл бойы тақ үшін талас, сарай төңкерістері болды. Ол төңкерістер тек 399 ж. таққа І Иездигерд отырған соң тыйылды. Бұл патша христиандарды қудалауды тоқтатты, тұт- қындарды босатып, бұзылған шіркеулерін қалпына келтіруге рұқсат етті. Христиандарды қудалау V Бахрам Гур (421—438) тұсында қайта жалғасты. Бұл кезде солтүстік пен солтүстік-шығыстан көшпелілер шабуылы күшейді. V Бахрам Мерв (Мары) түбіндегі шайқаста эф- талиттерді жеңіп, Сасанилер державасының шекарасын Амударияға дейін жылжытты. ІІ Иездигерд (438—457) тұсында Армениядағы үстемдікті ны- ғайтып, онда зороастризмді таратуға күш салынды. Армения автономиясына қастандық көтеріліске əкеп соқты. Армяндарға Византия көмектесе алмады. Көтеріліс 451 ж. басылды. Бірақ Армения автономиясы мен христиан дінін ұстану құқын сақтап қалды.








ІІ Иездигерд өлген соң екі жылдай таққа талас жүрді. 458 ж. таққа оның баласы Пероз (458—484) отырды. Көшпелі эфталиттер Хорасанның жартысын басып алды. Оларға қарсы екінші рет жасал- ған жорық тағы да сəтсіз аяқталды. Иран əскерлері талқандалып, Пероз қаза тапты. Сасанилер əскері шығыстағы жорықтарда жүргенде Закавказье халқы Иранға қарсы көтеріліске шықты. Оны Картли патшасы Вахтанг Горгасал мен армян батыры Ваган Мамиконян басқарды. Ол көтеріліс Пероздың мұрагері Валаш (484—488) шахиншахтың тұсында тоқтады. Валаш Картлидің, Арменияның жəне Албания- ның (Дағыстан) басшыларымен бітім шартын жасады. Шарт бойынша Иран ол елдердің автономиясын мойындап, христиан дінін қудалаушылығын тоқтатты. Валаш Иранның өзінде де несториандық түріндегі христиан дінін ұстауға рұқсат берді. Валаш таққа отырғанда қазына қаңсып бос тұрған еді. Сондықтан ол көп əскер ұстай алмады. Төрт жылдан соң Валаш тақтан құлатылып, оның орнына соғыста қайтыс болған Пероздың баласы Кавад отыр- ғызылды (488—496).

іншілер белгілі болатын. ІV ғасырға қарай қоғам мүшелері төрт топқа: абыздар, жауынгерлер, есеп-қисапшылар (писцы), шаруалар (податное население) болып бөлінді. Мемлекет басында шахиншах тұрды. Оның ең бірінші көмекшісі, əрі кеңесшісі Мобедан-мобед деп аталған зороастризм дінбасшысы болды. Сондай-ақ кеңесші- көмекшілер еран-спахбад (əскер басшысы) пен дабирбед (хатшылар басшысы), вастриошан — салар болды. Алғашқы үш сословие (абыздар, жауынгерлер, хатшылар) жер иелері болса, төртінші сословиенің көпшілігі тəуелді диқандар еді. Барлық алым-салықтар осы төртінші сословиенің мойнында жатты. Құлдар шаруашылықта шешуші рөл атқарған жоқ. Құлдық біртіндеп жойылып келе жатты. Сасанилер тұсында бұрынғы парфяндық синкретизм орнына зороастризм діні келді. Оның қасиетті кітабы Авеста болды. Ол энциклопедия іспеттес еді. Оған діни білімнен басқа астрономиялық, космогондық, заңдық, моральдық білімдер енгізілді. Зороастризм ілімі негізінде екі бастаманың: адалдық пен арамдықтың күресі туралы түсінік жатты. Адалдық құдайы Ахурамазда (күн, ай, …), зұлымдық құдайы Анхра майнья (ауру, өлім, қыс, жұт, т.б. жаманшылық құдайы). Бұл екеуінің күресінде түбі жарқын күштер жеңеді деп уағыздалады. Адам бұл күреске Ахурамазда жағында қатысуы тиіс. Əр түрлі əдет-ғұрыптарды қатаң сақтау арқылы адам өмірде өзін зұлымдық күштерден қорғай алады.





.

Зороастрилықтар сонымен қатар отқа, жер мен суға табынды. Ғұрыптарды орындау орны от храмдары болды. Абыздар тек діни ғұрыптарды ғана орындаумен шектелмеді. Олар өз қолдарында ағарту ісі мен сот ісін де ұстады. Мұра бөлу де солардың билігіне тиді. Олар барлық адамдардың өміріне араласып отырды. Сол себепті де ІІІ-V ғасырлардағы халық қозғалыстары сектанттық тұрғысынан немесе жаңа дінге ауысу ұранымен өтіп отырды. ІІІ ғасырдың ортасында тарай бастаған жаңа дін манихейлік болды. Оның негізін қалаушы Мани зороастризм мен христиан дінінің ортасынан жаңа дін шығармақ болды. Оның жаңа діні бойынша алғашқы адамды жарық күші өмірге келтірді. Бірақ оны туысымен зұлымдық құдайы — түнек — тұтқынға алды. Жарық күші əрең дегенде алғашқы адамды ол тұтқыннан босатып алды. Дегенмен адамның бойында түнек патшалығының зұлымдық қасиеттері де қалып қойды. Ол зұлымдық қалдығынан құтылу үшін адам материалдық игіліктен, байлықтан бас тартып, өзін-өзі жетілдірумен шұғылдануы керек. Мани аскетизмге, үйленбеуге, қан төкпеуге шақырды. Өз уағызын Мани 241—242 жылдары бастады. Ол елден кетуге мəжбүр болды. Иранға қайтып келгенде ұсталып, 276 ж. зороастризм дінбасыларының үкімімен өлім жазасына кесілді. Манихейлік ізі ХІ ғасырға дейін сақталды. Ирандағы христиан дініне көзқарас туралы жоғарыда айтылды. Сасанилер державасында иудейлер колониялары да болды. Иудаизмді уағыздаушылар қуғындалған жоқ. Елдің шығысында, Балхта, буддизм кеңінен өріс алды. V—VІ ғасырлар кезінде Иранда кең өріс алған бұқаралық халық қозғалысы маздакилер қозғалысы болды. Ол Иранда V ғасырдың аяғында басталды. Оның қозғаушы күші қауымдас диқандар мен кедейленген қолөнершілер болды.

Қозғалыстың басшысы Маздак жарқын болмыстың, əділетті- ліктің зұлымдықты қалай да жеңетіндігі туралы ұран тастады. Ол жеңіс əйтеуір бір кезде, құдай сəтін салғанда ғана емес, осы өмірде, табан астында келуі тиіс деп есептелді. Тек адамдардың белсенділігі арқасында жер бетіндегі зұлымдықтан құтылуға болады делінді. Зұлымдықтың нақтылы көрінісі — адамдар арасындағы мүлік теңсіздігі деп табылды. Ең алдымен сол мүлік теңсіздігі жойылуы керек болды. Меншікті тепе-тең етіп қайта бөлу талабы қойылды. Өз бағдарламаларының əлеуметтік талаптарын жүзеге асыру үшін маздакилер байлардың мал-мүлкін тартып алып, кедейлерге бөліп бере бастады. Байлардан алынған жер қауым аумағына қосылды. Қозғалысты үстем таптың біраз бөлігі де, шахиншах І Кавад өз мақсаттарына пайдаланып қалуға тырысып, оған алғаш қолдау- шылық көрсетті. Кавад күшті байлардан құтылмақшы болды, əрі əскердің негізін құрайтын азат-дехкандардың көңіл-күйін де есепке алды. 496 ж. шонжарлар Кавадты құлатып, зынданға тастады. Бірақ 499 жылы Кавад билікті қайтарып алды. Кавадтың көмегімен маздакилер өз жоспарларын жүзеге асырып қалуға тырысты. Маздак мемлекет басшыларының бірі болып тағайындалды. 502—506 жж. Иран Византиямен соғысты табысты аяқтады, көшпенділер шабуылын тойтарды. Иранда бірнеше қалалар салынып, каналдар жүйесі кеңейтілді. Қауым ішіндегі пысық, бақуаттылары біртіндеп маздакиттер қатарынан шығып, оған қарсы бола бастады. Оның үстіне Кавад та ақсүйектермен, дінбасылармен келісімге бет бұрып, өз позициясын өзгертті. Себебі біраз əлсіреген ақсүйектер енді Кавадқа қауіпсіз болды. Азат-дехкандар да қозғалыстан шықты. Қозғалыс 529 ж. толық талқандалды.

І Хосров реформалары. Халық қозғалыстары үстем тапқа ескі тəртіптер бойынша өмір сүруге болмайтынын көрсетті. Сондықтан да сасанилердің жаңа патшасы І Хосров (531—579) феодалдық укладты дамытып, нығайтуға бағытталған қайта құру (реформа) жолдарын іздестіруге мəжбүр болды. Маздакилердің байлардан тартып алған жерлері кəмпескеленді. Ол жер енді мемлекеттік жер қорына қосылды. Байлығынан айырыл- ған ақсүйек əулеттерін, азат адамдарды Хосров патша қызметіне қабылдап, өзіне тəуелді жаңа əлеуметтік топ құрды. Салық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Бұрынғы əртүрлі салықтар жойылып, негізгі екі түрі ғана қалды. Ол «хараг» деп аталған жер салығы жəне «гезит» деп аталған жан басы салығы. Жаңа салық мөлшері маздакиттер қозғалысына дейінгі мөлшерден əлдеқайда төмен болды. Бұл шаруаларға жасалған жеңілдік еді. Айлық табысы белгіленген тұрақты армия құрылды. Елде 4 əскери округ құрылды. Əскери билік азаматтық биліктен бөлінді. Ел оңтүстік, батыс, солтүстік, шығыс деген төрт облысқа бөлінді. Ол облыстардағы азаматтық үкімет билігі əскери билікке — спахабадтар деген əскер басыларына бағынышты болды. Патшаның тең праволы үш уəзір-фармардары тағайындалатын болды. Бұл өзгерістер, жаңалықтар патша билігін нығайтуды көздеді.






.

VІ—VІІ ғасырлардағы Иран. І Хосров белсенді сыртқы саясат жүргізді. 540 ж. Византиямен соғысты жалғастырды. Шахиншах əскерлері Сирияны басып өтіп, Оронттағы Антиохияны (Таяу Шығыстағы) талан-таражға салды. Сонан соң соғыс қимылдары Кавказға ойысты. Онда Иран Византиядан Лазиканы (батыс Грузия) тартып алуға тырысты. 561 ж. І Хосров Ануширван мен император І Юстиниан арасында «мəңгілік» «бейбітшілік» бітімі жасалды. Ол бітім бойынша Византия өзінің бұрынғы шекарасын сақтап қалды. Бірақ көп өтпей бұл бітім қайта бұзылды. Енді Иран мен Византия Оңтүстік Аравия үшін қырқысты. 577 ж. Сайф ибн зу-Иазан бастаған Иемен ақсүйектері І Хосров жіберген əскердің көмегімен Византия мүддесін қорғаушы Эфиопия əскерін елден қуып, өкімет билігін өз қолына алды. Иемен шахиншахқа салық төлеп тұруға тиіс болды. 598 ж. Иемен Иранға қосып алынды. 628 жылға дейін оның басшысы марзбанды шахиншах тағайындап отырды. 563—567 жылдары І Хосров солтүстік-шығыста эфталиттерді жеңіп, бұрын жоғалтқан жерлерін қайтарып алған болатын. 579 ж. І Хосров Ануширван өлген соң таққа оның баласы ІV Хормузд (579—590) отырды. Бұл кезде Иранға қарсы Кавказдың солтүстігінен хазарлар, шығыстан — Амудария жақтан — түріктер, оңтүстіктен — арабтар шабуылға шықты. Оларға тойтарыс берілді. 589 ж. күзде түріктерді жеңген əскер басшысы Бахрам Чубин көп олжа түсіріп, оның азғантай бөлігін Ктесифонға жіберді. Оған ашуланған ІV Хормузд Бахрамның əскер басшылығынан түсірілге- нін жариялады. Бұл бұйрыққа қарсы Бахрам көтеріліске шықты. Оған қарсы жіберілген əскердің көпшілігі көтерісшілер жағына шығып кетті.

Бұл кезде астанада ІV Хормуздқа қарсы қастандық ұйымда- стырылды. Оны шахиншахтың ағайындары Биндой мен Бистам басқарды. Олар ІV Хормуздың көзін ойып алып, орнына баласы ІІ Хосровты отырғызды. ІІ Хосров Парвиз (590—628) жас болғандықтан, қастандықты басқарған ағайындарының қолындағы қуыршаққа айналды. Ол басқарған əскер Бахрам қолынан жеңілген соң ІІ Хосров Византияға қашты. Бұл кезде Биндой мен Бистам оның əкесі ІV Хормузды өлтірді. Бахрам астананы басып алып, елді бір жылдай басқарды. 591 ж. ІІ Хосров византиялықтар көмегімен тақты қайтарып алды. Бахрам Чубин түріктер қағанатына қашып барып, сонда өлтірілді. ІІ Хосров ағайыны Биндойды өлтірткізді. Хорасанда əкім болып жүрген Бистам көтеріліс жасап, 595 ж. жеңілді. 602 ж. ІІ Хосров вассалдық тəуелділіктегі арабтық Хира патшалығының өзін-өзі басқаруын жойды. Бұл əрекетке наразы болған араб-бедуиндер Зуқарада 604 жəне 605 жылдары шахиншах əскерін талқандады. 604 ж. Иран мен Византия арасындағы ең үлкен соғыс басталды. Оның алғашқы кезеңі (622 жылға дейін) ирандықтар үшін сəтті болды. Олар Месопотамияны, Сирияны, Арменияны бағындырып, Египетке жақындады. Соғыстың екінші кезеңінде (622—628) Византия жоғалтқан иеліктерін қайтарып алды. 628 жылдың аяғында астанада қастандық ұйымдастырылып, ІІ Хосров Парвиз тақтан құлатылды. Сол жылы су тасқыны болып, өз жағаларынан шыққан Тигр мен Евфрат өзендері егістікке орны толмас зиян келтірді. ІІ Хосров өз мұрагеріне соғыстағы жеңілістер мен бүлінген шаруашылықты қалдырды. Ол тақтан түскеннен кейінгі төрт жылдың ішінде оншақты мұрагерлер бірінен соң бірі ауысты. Кейбір облыстардың орталықпен байланысы үзілді. ІІІ Иездигерд (632—651) тұсында елді қайта біріктіріп, нығайту əрекеті жасалды. Бірақ экономикасы əлсіреген Иран араб шапқыншылығына қарсы төтеп бере алмады.

Мəдениеті. Иран — байырғы мəдениеттің отаны. Сонау ерте орта ғасырларда Иранда сəулет өнері жоғары дəрежеде дамыды. Ктесифон мен Сервистанда зəулім сарайлар салынды. Мүсін өнері де елеулі табыстарға жетті. Оған дəлел Накш-и-Рустам мен Би-Шапурдағы І-Шапур патшаның Рим императоры Валерианды жеңгендігін бейнелейтін мүсіндер. Сасанилер билігі кезінде жаратылыстану ғылымдары үлкен табыстарға жетті. Математика, астрономия, медицина, ветеринария жəне ауыл шаруашылығы салаларында ежелгі сириялық жəне пехлевилік тілдерде жазылған кітаптар сақталған. Əдебиет сала- сындағы жетістіктерге «Авеста» дəлел бола алады. Иран — ғажайып ертегілердің, керемет ақындардың отаны. Сасанилер билігі кезінде Иранда грек ғылымы, оның ішінде неоплатонизм кеңінен тарады. Оны христиандық Византиядан қуылған пұтқа табынушы оқымыстылар дамытты. VІ—VІІ ғасырларда ақын-сазгер Барбадтың аты кеңінен танымал болды. Базигер театры туралы мəліметтер сақталған. Иранда сол кезде пантомима өнері де едəуір өріс алды. Сондай-ақ көлеңке театры мен қуыршақ театры да қалысқан жоқ. Сүйтіп, ІІІ—VІІ ғасырларда Иран мəдениеті өзіндік ерекшелік- тері бола тұра басқа, көрші елдердің де озық мəдениетін бойына сіңіре отырып, дамып, жетіле берді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!