Қазақша реферат: Христиандық мəдениет |
Өзiнiң табиғаты жағынан сан қырлы.,əрi жан-жақты болып келеткн христиан мəдениетi-Исус Христос дiнiн қабылдағанбарлық халықтарға тəн мəдениет болып саналады. Христиан дiнiн бiздiң заманымызға дейiн 1 ғасырда құдыреттi Рим импеиясының шығысында қалыптасты.Алғашқы кезде идайизмнiң бiр тармағы ретiнде пайда болған бұл дiнб.з.б. 50-шi жылдары қасиеттi Павелдың арқасында миссионерлiк дiн дəрежесiне жеттi. У ғасырда Рим императоры Константин Константинопльде христиан дiнiн мемлекеттiк дiн деп жариялады.1054 жылы христиан дiнi: католиктiк жəне православиелiк болып екiге бөлiнсе, ал ХУ ғасырда бұл дiннiң жаңа тармағы- протестанттық ағым пайда болды.
Иудаийзмнiң ықпалынан тез босанған христиан дiнi азғантай уақыт шеңберiнде өзiне тəн наным- сенiмдерi, құдайға құлшылық етi дəстүрлерi мен шiркеулiк ұйым жүйесi қалыптасқан тəуелсiз дiнге айналды. Исус Христостың “өмiрбаяны” б.з.1ғ. жазылған Евангелияларды жан-жақты баяндалған. Оларда былай делiнген: Христосты өмiрге келтiрген — Қасиеттi Мария. Христос христиандық дiни қағидаларды Палестинада уағыздаған, адамзаттың жарқын болашағы жолында талай таңғажайып iстер жасаған. Еврей абыздарының талабы жəне Рим прокураторы Поний Пиалттың бұйрығы бойынша Исус Христосты креске таңып тастайды, бiрақ оосы бiр ауыр азаптың үшiншi күнi ол қайтадан тiрiлiп, қырқыншы күнi аспан əлемiне шығады. Христиан дiнi құлиеленушi Рим империясының əбден құлдырыап, қоғамдық өмiрдiң терең экономикалық əлеуметтiк тоқырау белең алған кездi өмiрге келдi. Бұл тоқыраудың келеңсiз көрiнiстерi Рим қоғамының барлық саласын қамтып, кеңiнен қанат жайды. Байлық пен масапқұмарлық етек алып, қатыгездiк жауыздық iс-əрекеттердiң шегi болмады. Маскүнемдiк көре алмаушылық, бұзықтық сияқты адам бойындағы жат қылықтар қанат жайып, қоғамдағы əл-ахуал барған сайын шиеленiсе түстi. Құлдардың саны барған сайын көбейiп, олар малдан да жаман жағдайда өмiр сүрдi.
Римдiң қоғамдық өмiрiндегi қалыптасқан мұндай əлеуметтiк-экономикалық дағдарыс бұрыннан қалыптасқан дiндердiң құлдырауына əкелiп соқты. Атақты Рим тарихшысы Тацит ( 55-120 жылдар шамасында өмiр сүрген) өзi өмiр сүрген ортаны өткiр сынға ала отырып, тiптi көне замманның ел мойындаған даналарының да, олардың жолдарын қуушы iзбасарларының өз араларында да дағдарыстың орын алғандығынг, бiр-бiрiне кереғар, қарама-қарсы көзқарастардың күшййе түскендiгiн, тiптi құдайларға деген көзқарастардың да терең өзгерiстерге ұшырағандығын жəне қоғамда торығушылық көңiл-күйдiң белең алғандығын ашына жазды. Дəл осындац əлеуметтiк-экономикалық тоқырау жағдайында ақыл-ой иелерi тығырықтан шығудың жолданы жан таласа iздестiре бастады. Халықтың чсанасында берiк орныққан көне құдайлардың беделiнiң күрт төмендеу түрлi өсек-аяңның, мистиканың, дүмшелiктiң, ырымшылдықтың, жоққа- барға наушылықтың, сиқыршылық пен дуалаушылықтың сенушiлiктiң кең етек алуына əкеп соқты. Сөйтiп Рим империясындағы əлеуметтiк-экономикалық тəртiптердiң iрiп-шiруiнiң салдарынан қоғамдық өмiрде жағымсыз көрiнiстер барған сайын асқындап, адамгершiлiк қасиеттер аяққа тапталды. Осы орайда христиан дiнi пайда болғанға дейiн мессиандық идеяның өмiрге келгендiгiн атап өткен жөн. Көне ғасырдың жазбаларында, Вавилонның мифалогиясында, иудаизмде, зороастризмде дүниенi апттан құтқарушылар жайында дiни ұғымдар мен сенiмдер қалыптаса бастады. Мессиандық идеялар мен эсхотология өте тығыз байланысты дамыды (Эсхотология-ақырзаман жайындағы жəне дүниенiң қайта жанжануы жөнiнiдегi iлiм). Бұл iлiм бойынша, ақырзаманнан кейiн, яғни адамзат өзiнiң белгiлi бiр тарихи даму сатысына жеткеннен кейiн жаңа дəуiр басталады. Бұл қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған рахат өмiр мен əдiлеттiк үстемдiк ететiн “алтын ғасыр” болып саналады.
Христиан дiнiнң қалыптасып, оның кеңiнен таралуына көптеген ғұлама-даналар өздерiнiң қомақты үлестерiн қосты. Солардың бiрi- б.з.б. 20-шы жəне б.з. 54-шы жылдарында өмiр сүрген, Ф.Энгельс “Христиан дiнiнiң ңағыз атасы” деп дəрiптеген Филон Александрийский болды. Филонның дiни сарындаға белгiлi еңбектерiнде гректiң идеалистiк философиясы мен иудейлiк мифологияның көзқарастары жан-жақты талқыланды. Ұлы философ Плантонның тiкелеi ықпалыменөз санасындағы құдайдың бойынан əдемiлiк, даналық, iзгiлiк сияқты талай тамаша қасиеттердi табадыОло дүниенi құдайтағаланың жаратқандығы туралы идеяны өмiрге келтiредi., мансап пен байлықты аусыз сынап, құдай алдында барлық адамдар тең деп жариялады.Олай болса0 оның əлеуметтiк сарындағы идеялары-христиан дiнiнiң қалыптасуының алғашқы сатысында оған тiкелей əсер еткен құнды да, маңызды идеялар болып саналады. Христиан дiнiнiң болашағы мен оның өмiрлiк тағдыры. Сенеканың (б.з.б. 4-шi жыл мен б.з.б. 65- шi жылдар аралығында өмiр сүрген) атымен де тығыз байланысты. Сенеканың пайымдауынша, табиғи материя-дүниенiң төменгi бастамасы болып табылады, ал оны тiрiлтушы құдай. Құдай барлық тiршiлiк атаулының иесi, адамзат баласының, одан қалды бүкiл тiршiлiк атаулының тағдыры тек қана соның қолында. Олай болса тағдырмен таласуға мүлдем болмайды, Құдай өз жолымен ғана жүредi, ал дұрыс жолға түскендердi құдай əрқашанда қолдап, сүйемелдеп отырады. Адамның ақыл – ойы, рухы — құдай,рухының “ұшқыны” соның бiр бөлшегi ғана.
Христиандық мəдениетке Сенеканың “барлық” адамдардың жан-дұниелiк қарым- қатынастарының теңдiгi туралы ой-толғамдары, баға жетпес дiни тұжырымдары ерекше ықпал еткендiгi даусыз ! Бұл дiни қағидалар бойынша, жер бетiнде тiршiлiк етушi барлық адамзат баласының бiр ғана ортақ анасы бар, ол-бiздi қоршаған дүние. Құлдық жанның емес, адам денесiнiң жағдайы. Онда ерлiк, қайырымдылық, адамгершiлiк ,ара-нмыс бар, сондықтан да мұндай қасиеттерден жұрдай мырзалардың өздерi де əрқашанда қарамағындағы құлдарынан да төмен тұрады. Сенеканың осы бiр қағидасына байланысты болса керепк, алғашқы христиандық қауымдар жапа шеккендер мен қаналушылар есебiнен құрылды. Уақыт өткен сайын христиан қауымдары өз беделдерiн бұрынғыдан да нығайта түстi. Əсiресе олардың адамдардың бiрiн-бiрi қолдап, əр уақытта да бiр-бiрiне көмектесiпотыру қажеттiгi жайындағы ойлары халық тарапынан қолдау тапты. Христиандық қауымлар сананың қаулап өсуi христиан догматтарын бiр жүйеге келтiрудi қажет еттi. Христиан дiнiнiң негiзгi қағидалары Библиядан (Iнжiлден) жəне “шiркеу аталары”деген абыройлы атққа ие болған дiн қайраткерлерiнiңтаңдаулы дiни еңбектерiнен алынған. Христиан дiнiнiң негiзгi бағдарламалық құжаты – Исус Христостың өмiрi жайындағы жеке- жеке төрт əңгiмеден тұратын “жаңа заң” болып есептелiнедi. Ал христиан дiнiң басты қағидалары Никей (325ж) жəне Константинопль (381ж.) соборларында қабылданған 12 пункттен тұратын “Сенiм белгiсiнде” кеңiнен баяндалған, ал кейiннен өткiзiлген соборларда Никей соборында бекiтiлген жетi қағида мен Константинопль соборында бекiтiлген бес қағиданы өзгертпеу жəне толықтырмау туралы шешiм қабылданды.
Христиан дiнi жаңа дiн болғандықтан ғана емес, ең бастысы-бұл өмiрде жапа шегiп, əбден түңiлген мыңдаған адамдардың көкейкестi арман-мақсаттарына сай болғандықтан ғана қызу қолдау тапқандығын естен шығармаған жөн. Адамзат баласына деген ұлы махаббаты үшiн өз “ұлын” құрбандыққа шалған құдайға, оның құдреттiлiгне деген сенiм күшейе түстi. Христиан дiнiн уағыздаушылар Исус Христостың мəртебесiн көкке көтердi, халықтың саяси жəне əлеуметтiк жағдайлары мен тiл ерекшелiктерiне қарамастан халықты христиан дiнiн қабылдауға шақырды. Христиан дiнi-өзiнiң мазмұны мен мəнi жағынан өзгеше жаңа мəдениеттiң негiзiн қалауға тiкелей себепкер болды. Бұл жаңа мəдениет адам тұлғасын мойындады, адамның құдайтағаланың жер бетiндегi пендесi, ал Исус Христос адамзат баласының ең жақын қамқоршысы деп танылды. Жаңа дiн құрбандықтар шалуға қатаң тыйым салды жəне адамның өз бойындағы жағымсыз қылықтардан қалай арылуға болатындығының жолдарын көрсетiп бердi.Христиан дiнi ғасырлар бойы халықтың бойында қалыптасып, өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсетiп келе жатқан салт-дəстүрлерден де бас тартқан жоқ, қайта оларға қиянат жасамай, оларды жаңа өмiр талабына сай қайта жандандыру қажет джеп санады. Ал бұл жағдай христиандық сана-сезiмдi қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Халықтың ғасырлар қойнауында жинақтаған мол мəдени мұрасына қиянат жасау- қылмыс болып саналады.
Христиан дiнi- жаңа мəдениеттi қалыптастыруда тарихи бетбұрыс жасады. Жаңа дiн- Шығыс елдерiнiң түрлi дiндерiнiң идеяларын, көне грек-рим философиясының дəстүрлерiн, өткен заманның асыл мұраларын өз бойына сiңiре отырып, өзiндiк соны бағыт алып, жаңа мазмұнға ие болды. Ең бастысы-бұдан бұрынғы кезеңдерде қалыптасқан философиялық жəне дiни қағидалар ой елегiнен өткiзiлiп, дəуiрдiң рухани-iзгiлiк рухына са дамытылды, ал мұның өзi христиандық мəдениет туындыларының құндылығын одан əрi арттырып, оларға ерекше сипат бердi. Христиан мəдениетiнде құдайдың бейнесiн бейнелеудiң зi де түбегейлi өзгерiстерге ұшырады. Көне Грекиядағы құдайлардың адамдардан басты айырмашылығы-олардың мəңгiлiк өмiр сүретiндiгi мен құдыреттiлiгi едi. Бiрақ, ол құдайлар жер бетiндегi тiршiлiк иелерi-адамдарға өте ұқса болып келдi, өйткенi олар адамдар сияқты iштi- жедi, өмiрге сəби келтiрдi жəне т.б. Мысалы, грек құдайлары Зевстiң, Гераның, Афинаның бойынан өмiрдi сүю, iзгiлiкпен қатар атаққұмарлық, зұлымдық сияқта жаман қасиеттердi де табамыз. Мұндай жағдайдығ өзi адамдардың бойында үлкен үрей туғызып отырды. Сондықтан да болар, адамдар өздерiн аман сақтап, құдайлардың қаһарларына ұшырап қалмау үшiн үнемi құрбандықтар шалып отыратын болған.Ал христиандық құдай болса-тұнып тұрған құпия. Оның табиғаты мен тiршiлiгi адамдар мен жер бетiндегi түрлi заттарға мүлде ұқсамайды. Оның адамдарды желеп-жебеуi, оларға деген қарым-қатынасы құпия сырларға толы болып келедi. Библияда Христиан құдайы “Қазына құдайы” деп аталады, өйткенi мұндағы құдай пұт емес, адам еркiнiң көрiнiсi емес, ол адамнан мүлде тəуелсiзөмiр сүредi.”Құдай- ол нағыз махаббат” өйткенi оның адамзат баласына деген махаббаты өте шексiз, ол еш уақытта да адамдарға жамандық пе жауыздық жасамайды- адамдардың мəн-мағынасыз өмiрiнiң жəне бұл өмiрде жасаған күнəлəрiнiң жемiсi. Мiне, дəл осы сияқты христиан дiнiнiң адамгершiлiк пен iзгiлiкке толы қағидалары христиан мəдениетi туындыларының мазмұны мен бағдарына айрықша əсер етттi.
Қоршаған дүниенi христиандық дiн тұрғысынан қабылдау-христиан мəдениетiн тереңiрек түсiнуге мүмкiндiк беретiн келелi мəселелердiң бiрi болып саналады. Қай заманда болса да адамзат баласы өзiн қоршаған дүниенi танып – бiлудi өз тiршiлiгiнiң басты мақсаттарының бiрi еткен. Ғасырлар қойнауына тереңiрек көзжүгiртсек, ежелгi дəуiрлерде дүниенi қабылдаудың алғашқы тарихи түрлерi мифологиялық жəне дiни сипатта болғандығын байқаймыз. Бiрақ, тарихи даму барысында адамзат баласының өзiмiздi қоршаған дүние жайында ғылыми түсiнiктер қалыптаса бастады.(Мысалы, гелиоцентристiк, геоцентристiк жəне т.б. териялар). Демек, бұл түбегейлi мəселе христиан дiнiнiң де басты назарында болды. Христиан дiнi бүкiл дүниенi жаратушы жалғыз құдай деп түсiндi. Бұл көзқкркс өмiрге келмей тұрып-ақ дүниенiң жаратылуы туралы екi бағыт қалыптасқан болатын. Алғашқы мифологиялық болжамды генетикалық (эволюционистiк) деп атаса да болады, өйткенi мұнда дүние бейне бiр алғашқы элементтерден тұрады деген ұғым қалыптасқан. Екiншi креационистiк (креационизм жарату деген мағына бередi) бағытты жақтаушылар дүниенiң жаратылуын мистикалық бастаудан iздейдi, яғни құдреттi бiр күштiң дүниенi жаратып қана қоймай, соған өз үстемдiгiн жүргiзiп отырғандығын мойындайды.
Христиан дiнiнiң бұл мəселе жөнiндегi түрлi дiни-философиялық көзқарастардан басты айырмашылығы- оның құдайдың дүниенi ештеңеден де жаратпағандығы туралы идеяны жарыққа шығарғындығы едi. Бұл идея бойынша- құдай дүниенi бiр ауыз сөзiмен ғана жаратқан. Құдайдың құдретi шексiз, оның қолынан келмейтiн ешнəрсе жоқ, оған Жер мен Көкте ешкiм де теңесе алмайды. Бiр ескерте кететiн жəйт,христиан дiнiнiң қалыптасуына негiз болған идуизмде де дəл осындай қағидалар болған.Бiрақ, онда құдайдың ең алғашқы жаратқандары Жер мен Көк екендiгi баса айтылған. Христиан дiнi дүниенi көрiнбейтiн дүние (құдайлық) жəне көрiнетiн дүние (материалдық) деп екiге бөледi де, олардың аралығына адамды əкеп қояды. Құдай адамды өзiнiң қалауы бойынша жаратқан, яғни еркек пен əйелдi де жаратушы жалғыз құдай, оларға арнап мынандай тiлек айтқан:”Сендер құдайдың құлдары, ендiгi жерде жер бетiндегi тiршiлiктiң иесiсiңдер, сондықтан да ұрпақты жалғастыру сендердiң табиғи парыздарың, көбейiңдер, аспандағы құстарға да, теңiз бен мұхиттағы балықтарға дақожалық жасаңдар, оларды өз игiлiктерiң еркiн пайдалана бiлiңдер”. Христиандық антропоцентризiмнiң негiзгi қағидалары мен принциптерi, мiне, осындай.
Христиан дiнi адамды жан мен тəнге бөле отырып, рухани бастаманы басты орынға қояды. Адамның шынай нағыз сулұлығы оның жан дүниесiнiң сулұлығымен өлшенедi. Көне замандардағы өнер ттуындыларында сыртқы сулұлыққа үлкен мəн берiлсе, ендiгi жерде шиыршық атқан атлеттер бейнесiнен гөрi, адам бойындағы рухани байлықты көрсетуге баса назар аударылды. Библия мен Исус Христос апостолдарының белгiленген бұл дүниеге христиандық көзқарасты “христиандық шiркеу қайраткерлерiнiң” дiни еңбектерiнде одан əрi терңдетiле түстi. Олардың iшiнде Августин Блаженныйдың “Исповедь” жəне о граде божьем деп аталатын еңбектерi дүниежүзiлiк мəдениеттiң аса құнды туындыларының қатарына қосылды. Бұл шығармалар, негiзiнен, құдай мен жеке адам мəселелеоiне арналған. Дүниенi жаратушы да , оның басты қозғаушы күшi де бiр ғана құдайтағала. Олай болса, тылсым табиғат та, мəдени материалдық құндылықтар да, адамзат та-құдайдың туындылары. Августиннiң пайымдауынша, адам бүкiл болмысымен құдайға толық тəуелдi, ал адам бойындағы iзгiлiк қасиеттердiң барлығы да бiр құдайдың сыйлығы. Сонымен қатар Августиннiң дiни еңбектерiнде адамгершiлiкке мүлдем жатпайтын жат қасиеттер де сөз болады.Ол “О граде божьем” деген еңдегiнде бiр-бiрiне қарама- қарсы екi дүние жөнiнде, яғни құдай мен жын-сайтандар дүниесi жайында мəндi мағлұматтар бередi. Алғашысына күнəдəн пəк перiштелер мен адал адамдарды жатқызса. Екiншiсiне бұл дүниеде шаш етектен күнəға батып құдайдың қаһарына ұшырағандарды жатқызады. Оның ойынша, мемлекет бiр жағынан жын-шайтандар патшалығының ордасы, өйткенi онда қарақшылардың жəне т.б. топтары өздерiнiң зұлымдық əрекеттерiн жүзеге асырып жатады. Сондықтан да, Августин мемлекетке шiркеудi қарама-қарсы қояды. Рим империясының масқара болып құлауын жын-шайтандар империямының қылмысты iстерiнiң заңды нəтижесi деп анайды. Сөйтiп варварлар РИм империясын тас-талқан қылып жеңсе, христиан шiркеуде варварларды дəл осындай күйге ұшыратты деп түйiндейдi. Демек,0 ол тарихтың мəн-мағынасын христиан дiнiнiң баянды жеңiсiмиен байланыстырады. Сөйтiп, тарихтың бастауы Адам мен Еваның, Исус Христостың тұлғасыменжəне христиан дiнiнiң кеңiнен таралуымен тығыз байланысты екендiгi жайында тұжырым жасалынады. Августиннiң прогресс туралы идесясы да христиан дiнiнiң басты құндылығы болып табылатындығына шек келтiруге болмайды.
Батыс елдерi мəдениетi мен философиясының белгiлi маманы В.Виндельбанд Августинге мынандай баға берген: “Ол орта ғасырлар тарихының тамаша бiлгiрi болды. Оның философиясында христиандық жəне неоплатонистiк ой-толғамдар мен Ориген жəне Плотан сияқты ұлы ғұламалардың өмiрлiк қағидалары өзара үндестiк тапқан. Оның iлiмi-христиандық шiркеудiң философиясы” (Мартыненко Н.И. Христианский ти културы. В.кн.Попов Е.В. Введение в культуралогия.М.,1995.С.232). Олай болса Августиннiң дiни-философиялық қағидалары Еуропа халықтарыныңғ ғылыми бiлiм жүйесiнiң негi болып қала бередi.
Дүниеге христиандық көзқарастығ негiзiн қалаушылардың iшiнде Фома Аквинскийдiң шоқтығы биiк болып қала бередi (1225-1274ж.ж өмiр сүрген). Оның еңбектерiнде христиан мəдениетiнiң келелi мəселелерi жан-жақты зерттелiп , мүлде жаңа арнағ түстi. Өйткенi, бұл кезеңде бiлiмдi адамдардың арасында Августьиннiң iлiмiне көңiл толмаушылық байқала бастады.Осындай жағдайда өткенге көз жүгiрту, көне мəдени мұраларды қайта қарау қажеттiгi байқалып қалды, ал бұл мiндеттi шешуде Фома Аквинский орасан зор ғылыми-дiни жұмыстар атқарды. Ол ұлы Аристотельдiң философиялық iлiмiн дəуiр ттынысына сай қайта жаңғыртып, оны христиан мəдениетiмен тығыз байланыстыра бiлдi. Оның Августиннен бастыайырмашылығы-құдайдың бұл дүниеге өз үстемдiгiн жүзеге асыруын жаратылыспен тығыз байланысты қарастыруында жəне жаратылыстанудың өрiсiн кеңейте отырып, оны дүниенi христиандық тұрғыдан қабылдай бiлумен байланысты екендiгiн дəлелдеуiнде. Демек, Фоманың iлiмi бойынша-ғылым адамдар үшiнөте пайдалы, өйткенi ол адамзаттың болашағы үшiн қызмет етедi, оның жасампаздық қызметiн жандандырады. Ерекше атап өтетеiн бiр қызық жəйт, Фома Аквинский ғылымының адамдар үшiн өте пайдалы екендiгiн насихаттағанда жаратылыстану ғылымның дүниенi ғылыми тұрғыдан қабылдау көзқарасына нұқсан келтiредi деп ойланбаған болу керек, ол бiлiмнiң қандай саласы болса да құдайға деген адамдардың сенiмiн одан əрi нығайтады,ал ғалымдар болса, өз кезегiнде, Библияның(iнжiлдiң) дəрежесiн жаңа сатыға көтередi деп есептедi.
Христиан дiнiнiң, христиан мəдениетiнiң мəн-мағынасын тереңiрек түсiну үшiн, оның құндылық бағыттарына да көңiл бөлген жөн, өйткенi құндылық бағыттар-жеке адамның жан дүниесiнiң басты элементтерi болып табылады. Ол адамның өмiрде жинаған бай тəжiрибесiне, оның жан-дүниесiнiң толғаныстары мен iшкi сезiмдiк қасиеттерiне тығыз байланысты болып келедi. Демек, мəдени құндылық бағыттар адамның iсəрекетiне ерекше мəн-мазмұн бередi. Құндылық бағыттар-адамның философиялық, саяси,эстетикалық, адамгершiлiк көзқарастарының, ой-пiкiрлерiнiң мəндi жиынтығы болып саналады. Қай қоғамды алсақ та ондағы құндылық бағыттар белгiлi-бiр iс- қыимылдың, тəрбиенiң басты оъектiсi болып қала бередi. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, христиан дiнi құндылық бағытттарға өте бай болып келедi, ал солардың iшiнде адамгершiлiк – этикалық мəселелер басты орын алады. Христиан дiнi қоғамдық өмiрдiң сан*-саласын қамти отырып, адамзат баласының көкейкестi мəселелерiне ден қояды. Дəлiрек айтқанда, бұл жаңа дiндi адам қалай өмiр сүруi керек, оның өмiрiнiң мəн-мағынасы қандай болуы керек, ар-ождан, парыз бен қарыз сияқты өмiрлiк мəселелердi қамтитын ауқымды, тынысы кең дiн деп қарастырусыз қажет. Тiптi, құдайға құлшылық ету рəсiмдерiнде де адамгершiлiк-этикалық бағыттың белгiлерi басым болып келетiн де осы христиан дiнi.
Христиан дiнiнiдегi басты этикалық құндылық-құдайдың өзi. Құдай – ол махаббат. Құдай дүние жүзiндегi өмiр сүрiп жатқан халықтардың ешқайсысын даалаламайды, бəрiн тең санайды. Ендеше, христиан дiнi бiр халықтың екiншi бiр халыққа үстемдiк жасауын ешбiр қолдамайды. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, христиан дiнiнiң иудаизмнен түбегейлi айырмашылығы бар, өйткенi иудаизм еврей халқын басқа халықтардан əлде қайда жоғары қояды. Өз халқынан басқаның бəрiн төмен санап, олардың мəдениетiне жеккөрушiлiкпен, менсiнбеушiлiкпен қарау-бұл ағымға тəн қасиет болыпсаналады. Осы жағдайдың өзi-ақ христиан дiнiнiң мəртебесiн одан сайын асқақтата түсетiнiне ешбiр күмəн туғызуға болмайды. Христиандық адамгершiлiктiң мазмұны Исус Христостың дiни қағидаларында жан-жақты ашалп көрсетiледi. Ең бастысы-христиан дiнi тарихында тұңғыш рет адамгершiлiкке тəрбиелеудi тыйым салу рухында емес, үлгiлi рухында жүргiзудi жақтады, яғни христиандық ақыл-кеңестер адамның сана-сезiмiн, ар-ұятын оятуға, оның бойындағы асыл қасиеттердi тереңдетуге, жамандықтан бойын аулақ салуға бағытталды. “Ар-ұят” деген сөздiң өзiн апостол Павел көне мəдениеттiң əдеби қорынан алғандығы тарихтан, белгiлi, ондағы басты мақсаты-христиан iлiмiнiң “Сенiм” жайындағы идеяларын нақты көрсету жəне “ар-ұят” ұғымын Исус Христос қағидаларымен өзара байланыстыра қарастыру болатын. Жоғарыда атап көрсеткенiмiздей, Исус iлiмiнде адамзатқа деген шексiз махаббат, құдайға деген шексiз сенiм, адамның бұл өмiрдегi iс-əрекеттерi басты орынға қойылған болатын. “Шiркеу даналары” да ар-ұятты адамның рухани байлығының қайнар көзi жəне адамгершiлiктiң қазығы деп қарастырады.
Адамгершiлiк жайындағы христиандық дiн қағидаларының iшiндегi ең негiзгiлерiнiң бiрi-құдайтағала мен ең жақын адамыңа деген махаббат пен сүйiспеншiлiк болып табылады. Бұл жөнiнде iнжiлде былай деп жазылған: “Адамның бұл өмiрдегi ең басты парызы қандай деген сұраққа Исус былай деп жауап бередi; Бұл пəни дүнедегi ең үлкен парызың-құдайды бүкiл жан- дүниеңмен берiле сүю, ал екiншi парызың-ең жақын адамды өзiңдi қалай жақсы көрсең дəл осындай шынайы сүе бiлу”. Христиандық адамгершiлiк қағидаларының өзiндiк ерекшелiктерiнiң бiрi – оның iзгiлiк қасиеттердi жекелеген адамдардың бойында ғана емес , бүкiл халықтың бойында қалыптастыруға бағытталуында. Олай болса, Исус Христостың Iнжiлдi дүниежүзiнiң барлық халықтарының арасында насихаттауға шақыру сырын түсiну онша қиындыққа соқпайды. Христиан дiнi сонымен қатар коллектививзм идеяларына до толы болып келедi. “Жаңа өсиет” кiтабының iшiнен алғашқы христиандардың дүние-мүлiк принциптерiн өмiрге енгiзуi жайлы деректьердi көптеп кездестiруге болады. Онда былай деп жазылған:” Христиан дiнiндегiлер бiрге тұрған жағдайда, олардың дүние-мүлiктерi де ортақ болулары шарт, ал олар өз қарамағындағы имениелерiн, дүние мүлiктерiн сата қалған жағдайда, олар тең бөлiске түседi. Олардың жандары да, жүректерi де, мүдделерi де бiрдей болу қажет.”
Христиан дiнiнiң қалыптасуының алғашқы кезеңiнде байлыққа қызығушылыққа қарсы көзқарас қалыптасты. Исус Христостың жолына өз өмiрiн бағыштауға бет алған жас жiгiтке “Егер сен оның долын қуғың келсе, бар байлыыңды нашарларға тарат” делiнсе, ал екiншi бiр жерде Исус Христостың жолына “Түйеге иненiң көзiнен өту қандай қиын болса, байлықтың соңына түскен адамның құдайдың ризашылығына бөленуi де сондай қиын болады” деп опасыз дүниенiң соңына түскен пақырларды алдын ала сақтандырады. Ал апостол Иаков бұл жайында былай деп толғанады:”Ей, байлыққа кенелген мырзалар! Бiлсеңдер, байлық-сендердiң барып тұрған бақытсыздықтарың, ол байлық бəрiбiр сендерге опа əпермейдi, оларда шiридi, асыл да қымбат киiмдерiңе құрт түседi, алтын мен күмiстерiң тотығып, ол тот лаулаған жалындай сендердiң бүкiл денелерiңдi шарпиды Сөйтiп, сендер бұл өмiрден зарланып, күңiренiп өтетiн боласыңдар Кейiннен қоғамдағы саяси-қоғамдық терең өзгерiстерге байланысты байлыққа деген көзқарас өзгере бастады. Бұл процестiң негiзiн салушы апостол Павел болды.
Христиан iлiмi бойыншы, адам өмiрiнде тазару-өте үлкен роль атқарады. Оған жетудiң басты жолы-адамның рухани жағынан ұдаыйы жетiлiп отыру болып табылады.Мұндай жағдайда құдай жолына шын түскен адам өз тiршiлiгiндегi жаман қасиеттерден мүлдем арылып жаңа адамға- айналады. Христиан дiнiн қабылдаған əрбiр адам адам Евангелияның шарттарын қатаң орындауымен қатар, күнəдəн пəк болу шарт, ал əрбiр азаматтың өз бойындағы құмарлық, пендешiлiк сезiмдердi жеңе бiлуi-əр пенденiң өмiрiлiк мəнi мен мақсаты болмақ. Христиан дiнiнде Iнжiл шарттарын жүзеге асырудың басты жолдарының бiрi-монахтық өмiр болды. Монахтық өмiрдiң басты орталығы –ежелгi Мысыр мемлекетi болды. Өмiрдiң рахаты мен қызығынан саналы түрде безген тақуалық өмiрдiң негiзiн салушы-Ұлы Анатоний едi. Ол ен далада құдайға құлшылық етiп , шыдамдылық пен қажырлықтың керемет үлгiсiн көрсеттi. Кеiнен бұл дiни жаңа дəстүрдi бұрын Римде əскери қызмет атқарған,
Ал кейiннен ер адамдардың монастырьларының алғашқы ұйымдастырушыларының бiрi болған дiндар Ұлы Пахомий жалғастырды. Əйелдер монастрьлары да осы Мысырда алғаш рет ұйымдастырыла бастаған болатын, ал олардың негiзiн қалаушы Қасиеттi Пахомия болды. 1У ғасырдың аяғына қарай Мысырда монастрьлер саны күрт өсе бастады. Көп ұзамай-ақ бұл дiни дəстүр Палестинаға да кеңiнен тарай бастады. 1У ғасырдың басында Ұлы Антонийдiң шəкiртi Ұдлы Илларион Газаның маңында алғашқы монастрлердi қауымын ұйымдастырды. Кейiннен Палестиинадағы монастрлер ұйымдастыру ұлы Ефим мен Савва Освященный сияқты дiндарлар айрықша еңбек сiңiрдi. У1 ғасырда монахтық өмiр жолына түсушiлердiң көбею құбылысы Рим империясының көптеген провинцияларында да байқала бастады. Бұл дiни құбылыстан Сирия да сырт қалғанг жоқ, мұнда да монахтық қозғалыс етек ала бастады. Ұлы Василий монахтың өмiрдiң сан-саласын қамтитын ережелердi(уставты) құрастырып шығарды, ал мұның өзi Батыс елдерiне ғана емемс, сонымен қатар Шығыс елдерiнде де монахтық қозғалыстың дамуына зор ықпал жасажы. Византия империясының соңғы дəуiрiндеАфон талары Шығыстағы Монахтық өмiрдiң басты орталығы болды. Аңыз бойынша қасиеттi Мария бұл жерде өзiнiң жер бетiндегi өмiрiн аяқтаған. Мұндағы монахтық өмiрдiң негiзгi ерекшелiгi-тақуалық ерлiктердi рухани шығармашылықпен ұштастыру болды.Афон тауларында берiк орныққан монахтық қозғалыс Болгарияға, Валахияға, Сербияға, Ресейге жəне т.б.елдерге кеңiнен тарай бастады.
Монахтық қозғалыс Шығыс елдерiне қарағанда Батыс елдерiнде кеңiнен пайда болды. Оның негiзiн қалаушы Беннедикт Нурсийский болды. Ол 1У ғасырда өзiндiк уставы бар монастырлардың орталық бiрлестiгi-Беннедикт орденiн ұйымдастырды.Бұл орденнiң ережелерiнi (уставының) негiзiнде монастырларда əскери тəртiптiң үлгiсiмен қатаң тəртiп орнатылды. Беннедикт монастырлардың өздерiн-өдерi қамтамсыз етуiн қатаң талап еттi. Сондықтан да болар, мұндағы монахтардың басқалардан басты ерекшелiгi- олардың құдайға құлшылық етумен қатар еңбекпен, яғни егiн-егiп, бау-бақша өсiрумен шұғылдануы болды. Бiр ғажабы, жұмыс iстейтiн уақыт құдайға құлшылық етуге жұмсалатын уақыттан екi есес көп болды. У ғасырда Беннедикт орденiнiң үлгiсiмен Флавий Кассиодор шiркеуi ұйымдастырылды.Бұл шiркеу орта ғасырлық мəдениетiң қалыптасуына зор үлес қосты. Кассиодор монахтардан құдайға қайырымдылықты ағартушылықпен ұштастыра бiлудi талап еттi, сөйтiп бұл шiркеу шын мəнiсiнде ағартушылық орталығына айналды. Мұнда кiтапхана, оларды сақтайтын арнаулы қоймалар, кiтаптарды шығаратын шеберхана (кiтапты сату мақсатында да шығаратын болған) жəне мектеп болған.
Монахтық қозғалыстың христиандық мəдениет құндылықтарын байытуда үлкен үлес қосқандығын жоққа шығара алмаймыз. Шiркеулер мен монастырлар мемлекетке қырауыр пайда келтiрдi. Бiрақ, өкiнiшке орай, дiни өмiр саласында келеңсiз көрiнiстер де белең ала бастады. Қызмет орындары ғана емемс, сонымен бiрге индульгенция (күнəнiң кешiрiлгендiгi туралы айрықша ақыға берiлетiн Рим папсының куəлiк қағазы) де, қасиеттi заттар да (реликвия) ақшаға сатыла бастады. Ал бұл жағдайлар монахтық қозғалысқа əсер етiп, “монахтық” тəртiп пен “тазалық өмiрдi” рухани жағынан құлдыратты. Шiркеудiң сатқындық iс-əрекеттерi дiндар ғана емес, жалпы халықтың да наразылығын туғызды. Ең батысы-мұндай сорақылық қылықтар феодализмге қарсы бағытталған халықтық қозғалыстар тарапынан қатал сынға ұшырады. Христиандық мəдениет тарихында Қаситеттi жерге жасалған крест жорықтары қоғамда орын алған озбырлық пен жауыздық iс-əрекеттердiң заңды жалғасы болды. Еврейлердi жаппай қырып жоюдан басталып, одан кейiн 1099 жылы Иерусалимде, 1204 жылы Константинопольде орын алған бей-берекетсiздiктер, жаппай ұрып- соғу Мен тонаушылықтар халыққа қайғы — қасiреттен басқа ештеңе əкелген жоқ. Крест жорықтары халықтың есебiнен қаржыландырылды, пап үкiметi тарапынан түрлi сылтауларға негiзделген алым-салықтардың түрлерi де барған сайын көбейе түстi. Осындай шым-шытырық шиеленiскен қоғамдық жағдайлар барысында монахтардың өздерi де, крест жорықтарына қатыстырылып, шiркеулер арасындағы билiк үшiн болған талас-тартыстарға да тартылды. Сөйтiп, шiркеулер мен дiн адамдарының мүдделерi мен атқарар қызметтерi христиандық мəдениет идеяларынан бiртiндеп алшақтай бастады, “құдайшылық” пен “адамзаттық” құндылықтарға нұқсан келдi. Христиандық адамгершiлiктi, адамзатты сүюдi уағыздай отырып, католиктiк шiркеу 1022 жылы Орлеанда (Франция) еретиктердi отқа өртеп жiбердi, жалпы католик шiркеуi шiркеу тəртiптерiне қарсы шыққандардың бəрiн де қатаң жазалап отырды. Осындай тарихи кезеңде христиан мəдениетi қандай рухани дағдарысқа ұшыраса да, терең құлдырау кезеңдерiн басынан кешiрсе де дүниежүзiлiк мəдениетте өз таңбасын, өзiнiң өшпес iзiн қалдыра бiлдi.
Батыс Еуропада буржуазиялық қарым-қатынгастардың даму қарқыны жылдамдай түстi. Осы бiр тарихи сындарлы кезеңде христиан дiнiнiң жаңа бағыты ппротестанизм-жаңа саяси- əлеуметтiк қарым-қатынастардың идеологиялық бет-бейнесiне айнала бастады. Протестанизм- буржуазиялық хриистиан дiнiнiң буржуазиялық қоғам қойнауында қалыптасқан жаңа қоғамның төл перзентi десек қателеспейтiн шығармыз. Өйткенi протестанизм ХУ1 ғасырда Батыс Еуропа елдерiнде етек алған шiркеуге жəне феодализмге қарсы бағыталған халықтық қозғалыстардың нəтижесiнде дүниеге келдi. Католиктiк шiркеудiң шектен шыққан сатқындық iс-əрекеттерi немiс дiндары Мартен Лютердiң (1483-1546 жылы) қатты наразылығын туғызды. Ол 1517 жылы 3- қазанда Виттенберг шiркеуiне келiп өзiнiң 95 тезисiн жариялады. Өз тезистерiнде Мартин Лютер папа өкiметiн жоққа шығарды, монахтықты мүлдем жоюды, шiркеудi өкiметке бағындыруды, дiни салт-дəстүрлердi бiртəртiпке келтiрудi жəне т.б. талап еттi. Ол əрбiр христиан дiнiндегi адамның құтқару жолы-тек қана Исус Христосқа деген шексiз сенiм мен махаббат деп мəлiмдедеi. Лютер тарапынан қойылған бұл талаптардың барлығы да жаңадан туындаған қала бурржуазисының мүдделерiне сай келдi, сондықтьан да бұл реформаторлық қозғалыс буржуазия тарпынан кең қолдау тапты.
Реформаторлық қозғалысқа Т.Мюнцер (1490-1525) бастаған шарулар да қатынасты, ал оның “жер бетiндегi құдай патшалыға” туралы iлiмi утопиялық социализмнiң бастамасы болды. Бұл дiни қозғалыс Еуропаның басқа да елдерiне өзiнiң ықпалын тигiзе бастады. Мысалы, Швейцарияда реформаторлық қозғалыстың көсемдерi У. Цвингли (1484-1531) жəне Ж. Кальвин (1509-1564) болды.Олар шiркеу құрлысы мен христиан дiнiн насихаттау iстерiн қайта қарап, қалыптасқан жңаң тарихи, жағдайларға байланысты нақты шаралар белгiледi. Христиан дiнi саласында реформалар жүргiзудi көптеген князьдiктер де қуаттады, өйткенi папаның мемлекеттiң саяси iстерiне белсенен араласуы , папа қазынасына төленентiн қаржының шектен тыс көбейiп кетуi жəне т.б. шектен шығушылықтар олардың наразылығын туғызған едi. Немiс князьдерi 1526 жылы өз қарамағындағы халықтың қай дiнде болғандығын шешу құқығына ие болған болатын, бiраққ Шпейер рейхстагi бұл мəселенi қайта қарап, оны заңсыз деп тапты. Бұл заңсыз əрекетке қарсы бiр топ немiс князьдерi 1529 жылы Қарсылы(протест) жариялады, мiне, осы тарихи уақтғаға байланысты “протестанизм” терминi пайда болды. Протестанизм ағымының баты мəселесi-əр адамның өз күнəлəрiн өтеуiне тығыз байланысты болды., Протестанизм адам өз күнəлəрiнан арылу үшiн монастырларда өзiн-өзi азапқа салмауы жəне индульгенцияларды сатып алмауы тиiс, өйткенi бұлардың бəрi де Iнжiлге жат деп санады. Протестанттардыңы пiкiрiнше, құдайтағаланың өз күнəһарларынан күтетiнi-олардың өз кнəлəрiн шын жүректен мойындап, қапалануы болып табылады.
Католиктiк iлiм бойынша, адама өзiнiң табиғатында күəһар болуға бейiмдi болып келедi жəне күнəһар болып жаратылған да, сондықтан оларды шiркеудiң көмегiнсiз құтқаруға болмайды. Осы жағдайды ескере отырып, Лютер мынандай қағидаларды негiздейдi: ” Адам табиғатынан-ақ өз күнəсiн өзi мойындаға қабiлеттi Ең бастысы- мұндай жағдайда құдайға шын жүрегiмен құлшылық етiп, кешiрiм сұрау, сонда ғана адамның бар күнəсi кешiрiледi. Бiрақ, құдайға құлшылық жасау жан дүниенiң тазалығын, “рухани тазалыққы” деген шексiз құлшынысты, шынайы адалдықты, сенiмдi жəне т.б.iзгi қасиеттердi талап етедi. Адамды жамандықтан құтқару мен осы абзал мақсатты жүзеге асырудың жолдарын белгiлеп беру-христиандық дүниетанымды жаңа сатыға көтерудегi басты мəселе болғандығы ақиқат.”