Қазақша реферат: ХХ ғасырдағы мəдениттану ғылымы |

0






ХХ ғасырда мəдениеттану философиядан тысқары тұратын, бiрақ онымен мəдениет философиясы арқылы байланысқан жеке ғылым саласы ретiнде қалыптаса бастады. Мəдениет философиясынан мəдениеттануаға көшу – мəдениеттiң тоқырауын түсiнумен жəне адам мен табиғаттың үйлесiмдiлiгi бұзылғанын ұғынғын уақытта жүзеге асырыла бастады.(Мəдениет пен табиғаттың үзiлiсiн кезiнде романтиктер байқаған болатын). Бұрыннан қалыптасқан үйлесiмдiлiктiң рациональдық негiздерiн iзденуден бас тартылды, ал мұның өзi мəдени дəстүрлердi ой елегiнен өткiзiп қайта қарау болып табылатын сана-сезiмнiң философиялық iзденiстерiн тығырыққа тiредi.Өзiмiз байқағандай, өмiрлiк философияның қойнауында жəне оның əсерiмен мəдениеттi ұғынуға деген талпыныс мəдениеттану теорияларының дамуына ерекше ықпал жасады.Мəдениеттiң сан салалары мен түрлерiне жаңаша көзқараспен қарау – мəдениет мəселелерiне тiкелей байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге мол мүмкiндiк туғызады. Мiне, осы жағдайларға байланысты ХХ ғасырда өткн кезеңдердегi қол жеткен дəстүрлi жетiстiктердiң негiзiнде бiрнеше мəдениеттану мектептерi қалыптасты. Олар: а/ қоғамдық-тарихи мектеп; б/натуралистiк мектеп; в/социологиялық/əлеуметтiк/ мектеп; г/рəмiздiк /символдық/ мектеп. Ендi осы мектептердi жеке-жеке қарастырып көрелiк. а/Қоғамдық-тарихи мектеп. Бұл мектептiң қалыптасуының тамыры тереңдң жатыр, өйткенi оның классикалық дəстүрлерi Кант, Гегель, Гумбольд сияқты ұлы философтардың шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Қоғамдық-тарихи мектептiң қалыптасуына тарихшылар мен философтар ерекше ат салысты, бiрақ олардың қатарында дiни адамдардың даболғандығын атап өтуiмiз қажет.Бұл ағымның негiзгi қайраткерлерi Батыс Еуропада- Шпенглер мен Тойнби, ал Ресейде – Н.Я. Данилевский болды. Освальд Шпенглер (1880-1936)- əрi философ, əрi тарихшы. Өз заманында дүниенi дүл сiлкiндiрген “Закат Европы” деген еңбектiң авторы ( 2 том 1921-1923 жылдар аралығында шыққан). Бұл еңбегiнде ол тарихты түрлi мəдениеттердiң алмасуы деп қарастырады. Мəдениет саласында жалпы-адамзаттық мирасқорлықтың болуын Шпенглер жоққа шығарады.Ол мəдениеттi тарихи тұрғыдан сегiз түрге бөледi.

Олар; египеттiк, үндiлiк, вавилондық, қытайлық,антикалық ,исламдық, батыс еуропалық жəне орталық Америкадағы майя мəдениетi. Ол жаңа туындапқалыптасып кележатқан мəдениет қатарына орыс-сiбiр мəдениетiн жатқызады. Əрбiр мəденеттiң өмiр сүру ұзақтығын жобамен бiр мың жыл деп белгiлейдi. Олардың арасында өзара тең, мəндi байланыс болуы мүмкiн емес деп есептейдi. Оның пiкiрiнше, өмiр сүруiн тоқтатуға бет алған кез келген мəдениет дамудан “тоқырауға”, творчестволық шырқаудан “құлдырауға”, жаннан “интеллектiге”, батырлық iс- əрекеттен “утилитарлық қызметке айналды”. Мұндай жағдайд элинизм дəуiрiнде (б,з,д) грек-рим мəдениет өз басынан кешiрген, ал өткен ғасырды бұл тарихи құбылыстың куəгерi батыс-еуропа мəдениетi болған Өркениеттiң алға басып шарықтауына байланысты сауықтық мəдениет басты орынға шығады, ал көркемдiк жəне əбеби шығармашылық өз мəнiн жоя бастайды да, оның орнын руханиылықтан жұрдай техницизм мен спорт басады. “Закат Европы” атты еңбегiнде О Шпенглер Рим империясының құлауын мысалға келтiре отырып, Шығыстан келе жатқан революциялық күш – “варваолардың” қысымымен батыс-еуропа қоғамы жойылды деп есептейдi. Бiрақ, тарих Шпенглердiң бұл пайғамбарлығын жоққа шығарады, ал “орыс-сiбiр” мəдениетi жүзеге аспады( бұл мəдениет социалистiк қоғамның мəдениетi болатын). Өкiнiшке орай, оның консервативтiк — ұлтшылдық идеяларын фашистiк Германияның идеологтары өз қызметiнде өте шебер қолдана бiлдi.

Арнольд Джозеф Тойнби (1889-1975) ағылшынның тарихшысы, социологоi, 12 томдық “Исследования истории” (1934-1961) деп алатын көлемдi еңбектiң авторы. Адғашқы кезде Тойнби Шпенглердiң ықпалымен өркениет шеңберiндегi адамзат дамуын ғылыми ой елегiнен өткiзуге тырысып, өркениет терминiн мəдениет ұғымына синоним есебiнде қарастырды. Тойнби тарихты бiр-бiрiмен гентикалық байланысы аз бiр уақытта жүйелi түрде дамитын өркениеттердiң жиынтығы деп қарастырды. Оның ойынша, бұл өркениеттер өз дамуында, яғни шарықтаудан тоқырау мен апатқа ұшырарда бiрдей кезеңдердi бастан өткiзелi. Кейiннен ол өзiнiң бұл көзқарастарын сын көзбен қайта қарап дүниежүзiлiк дiндерден (хритиан, ислам, будда жəне т.б.) нəр алған мəдениетттердiң барлығы да “тарихтың мəуелi ағашы, адамзат бұтағыныңмəн-мағынасы” деген қорытындыға келдi. Олардың барлығы да бiрлiкте, тұтастықты, олардың əрқайсысы тарихтың бiр бөлгегi болып табылады. Өркениеттi бар болған сегiз түрге бөлген О.Шпенглерге қарағанда, Тойнби өз заманының терең ғылыми зерттеулерiне сүйене отырып алғашқыда 20-дан 30-ға дейiн атап, ал кейiннен өз дамуында белгiлi бiр дəрежеге жетiп, мəдениеттiң тұрақталған 13 түрiне тоқталды. Тойнби тарихтың қозғаушы күштерiнiң қатарына ұлы тұлғалар мен творчество адамдарын да жатқызады (творчестволық азшылық}. “Творчестволық азшылық” белгiлi бiр мəдениеттiң сұраныстарын, қажеттiлiктерiн өтеуге қабiлеттi болып келедi, ал бұл жағдай белгiлi бiр қоғамның алға қарай дамуына əсерiн тигiзбей қоймайды. Мұндай кезде “творчестволық азшылық” енжар көпшiлiктi соңынан ертедi, оған сүйенедi, тiптi өз қатарын солардың көрнектi өкiлдерiмен толықтырып отырады. “Творчестволық азшылық” өзiнiң мистикалық өмiрiлiк ұмтылысын жүзеге асыруға əрменсiз жəне тарихтың талабына жауап бере алмаса өзiнiң үстемдiгiн беделiмен емес, қару күшiмен мойындаттыратын үстемдiк етушi элитаға айналады, ал қағжу көрген халықтың басым көпшiлiгi “iшкi пролетариатқа” айналады. Ол өз кезегiнде сыртқы жаулармен бiрiге отырып, өздерi өмiр сүрiп отырған өркениеттi талқандап тынады. Тойнби адамзат дамуының қорытындыларын мойындай отырып, онда ең алдымен рухани байлықты жетiлдiру мен дiнге ерекше үмiт артады. Өз еңбектерiнде нəсiлшiлдiкпен “еуроорталықтықты” батыл сынай отырып, Тойнби ұлт-азаттық қозғалымтарды жақтайды, дүниежүзi халықтарының арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсiнушiлiктi батыл қолдайды.












.

Натуралистiк мектеп. Бұл мектептiң басты ерекшелiгi- мəдениеттiң биологиялық сипатын əсiрелеп көрсету. Бұл бағытты жақтаушылар; негiзiнен, дəрiгерлер, психологтар жəне биологтар. Мəдениеттану ғылымы саласында натуралистiк мектеппен кеңiнен танымал болған “əлеуметтiк дарвинизм” қабысады. Натуралистiк мектептiң қалыптасуна биологиядан басқа ХХ ғасырды пайда болған екi ғылым саласы: фрейдизм мен этология ерекше роль атқарды. Жануарлардың мiнез- құлқы туралы бұл ғылым салалсындағы ғылыми табыстары үшiн К. ЛОренц пен оның əрiптестерi 1973 жылы Нобель сыйлығын алды. Адамға биологиялық көзқарас тұрғысынан қарайтын бұл мектеп өкiлдерiнiң концепцияларын қысқаша қарастырып көрейiк. Зигмунд Фрейд (1856-1939) — австралиялық невропатолог, психиатр жəне психолог, психикалық талдау (психоанализ) мен фрейдизмнiң негiзiн қалаушы. Ғылымдағы бұл бағыт мəдени құбылыстарды, творчетволық прцестердi түсiндiруде, тiптi бүкiл қоғамның дамуын анықтап көрсетуде де психологиялық концепцияларды қолдануды қажет деп тапты. Психикалық талдауды этнография, тарих, дiн жəне мəдениеттiң ұлы қайраткерлерiнiң ғұмырнамаларын жазуда кеңiнен қолдана отырып. Фрейд пен оның iзбасарлары мəдениет – “жеке адам психикасының қоғамдық экрандағы көрiнiсi” деп қарастырды. Фрейдтiң ойынша, мəдениет, бiрiншiден, адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған бiлiмi мен өмiрлiк тəжiрибесiн қамтиды. Мiне, осындай жағдайда ғана адам табиғат күштерiн жеңiп, одн өз қажетiн ала алды, екiншiден, мəдениет адамзат баласының өзара қарым-қатынастарын бiр тəртiпке келтiретiн барлық институттарды қамтиды. Бұл анықтамадан биологиялық сарынды оп-оңай ағғаруға болады, өйткенi мəселе адамның өз қажетiн қанағаттандыру үшiн табиғаттан алар үлесi жəне оның тiршiлiгi жайында болып отыр. Ендеше , Фрейдтiң нағыз атеист болып, дiнге қарсы шығуын, тiптi дiндi “ұжымдық невроздың” ерекше түрi деп қарастыру сырын түсiну онша қиынға соқпайтын сияқты. Фрейдизм ғылым саласы ретiнде марксизм-ленинизмге қарама-қайшы еледi. Марксистер үшiн адам ең алдымен, əлеуметтiк құбылыс болып саналса, ал фрейдистер үшiн бұл биолоиялық құбылыс, марксистер үшiн тарихтың қозғаушы күшi – пролетариат пен таптық күрес болса, фрейдистер əйелдердiң ер адамдарға тəуелдiгiн қолдай отырып, барлық адамдар үшiн қажеттi” либидоны”( ұрпақты жалғастыру инстинктi, жыныстық инстинктi) басты орынға қояды.

Фрейдтiң өзi iрi материалист — ғалым жəне табанды атеист болса да марксизм iлiмiне сын көзбен қарады. Марксизмдi “кезектi қиял” деп бағалай отырып, Фрейд мынандай қорытындыға келдi: “Маркстiң шығармалары өзiнiң қарама- қайшылықтары мен күңгiрт жақтарына қарамастан Библия мен Құранның орнын басты” ( Фрейд З. Будущее одной иллюзии М., 1990. С.95 ). Фрейдтiң мəдениеттану саласындағы концепциялары шамадан тыс турашылдығы үшiн марксистер тарапынан ғана емес қатаң сынға ұшырағаны осы жағдайлардан болар. б)Социологиялық мектеп. Бұл мектептiң мəдениеттану саласындағы ғылыми зерттеулерi — қоғамның өзiне, оның құрылымы мен əлеуметтiк инститтарына бағытталған. Əрине, өзiне тəн бағыт-бағдары болғанымен социологиялық мектеп басқа мектептерден “қытай қорғаны” арқылы бөлiнiп тұр, ешбiр байланысы жоқ десек қателескен болар едiк. Шын мəнiнде, əр мектеп өкiлдерiнiң концепциялары көп жағдайда бiр-бiрiмен үндес, сабақтас келедi. Социологиялық мектептiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi- Томас Стернз Элиот ( 1888-1965) ол ағылшын американ ақыны, модерндiк бағыттың сыншысы, “Заметки к определению культуры” (1948) деген еңбектiң авторы. Мəдениет дегенiмiз – деп жазды Элиот, белгiлi бiр жердi мекендейтiн халықтың тұрмыс-тiршiлiгi. Мəдениеттiң нышандарын сол халықтың өнерiнен, əлеуметтiк жүйесiнен, дiнiнен, салт-дəстүрлерi мен қалыптасқан дағдыларынан байқауға болады. Бiрақ, бұлардың барлығын тұтастай алып қарастырсақ та, бұл мəдениеттi толық бермейдi, ендеше, мəдениеттi тек өнердiң, салт-дəстүрлердiң, дiни наным-сенiмдердiң жиынтығы деп қарастыру мəдениеттiң ауқымын түсiнбеушiлiк, өйткенi, мəдениет көз жеткiсiз байтақ даладай кең дүние ( Артановский С.Н. Некоторые проблему культуры. Л.,1977. С.13) Элиот ХХ ғасырдың ортасына қарай Еуропа мəдениетiнiң құлдырауға ұшырағандығын, оның бұрынғы адамгершiлiк жəне интеллектуалдық қасиеттерiнен айырылып, қазiргi заманда “сауықтық” мəдениетке көше бастағанын ашына жаза бастады. Одан əрi мұндай келеңсiз көрiнiске тосқауыл болар кұш – мəдени элита, сондықтан да оларды барынша қолдау керек деген тұжырымға келдi. Жалпы , “Элита теориясы” (əсiресе саяси) сонау көне заманда өмiрге келiп, одан кейiн де өзiнiң заңды жалғасын тапқан. Көне грек философы Платон (б.э.д. 427-347) элитаны тарихи процестцң қозғаушы күшi деп есептеген. Кейiннен бұл пiкiрдi италяндық Н.Макиавелли, ағылшын Т.Карлейль, немiс Ф.Ницше жəне т.б. одан əрi дамытты.

ХХ ғасырда бұл идеяның жаршысы италяндық Вильфредо Парето (1848-1923) болды. Ол тарихты “элитаның өкiметтi өз қолына алу жолындағы күрес аренасы” деп сипаттайды. Элиоттың сiңiрген еңбегi сол, ол мəдениет салалсында элиталық тəсiлдiң ерекше маңыздылығын айқындап, көрсете бiлдi. Өзiнiң замандасы, əрi отандасы Тойнби сияқты Элиот та қоғамда “рухани элита жəне қараңғы халық” деп екiге бөлiп, мəдениеттi жасап – дамыту тек қана бiрiншi топтың ғана қолынан келедi деп тұжырымдады. Элиоттың ойынша, творчестволық элита ешбiр тапқа жатпайды, ол əрқашанда сол қоғамдағы түрлi əлеуметтiк топтардан толықтырылып отырады, бiрақ творчестволық элитаның шығып, қалыптасуы үшiн байлық қажет жəне белгiлi бiр ерекше топқа жатуы шарт. Қоғамның əр түрлi топтарының ерекше дарынды жəне қабiлеттi өкiлдерi творчестволық элитаның қатарын толықтырып, мəдени процестiң жамуын қамтамсыз етедi. Социологиялық мектептiң тағы бiр көрнектi өкiлi əрi экономист, əрi социолог, “Социология истории и культуры “(1927) деген еңбектiң авторы, немiс ғалымы – Альфред Вебер (1868-1958). Ол тарихты бiр-бiрiмен тығыз байланысты, бiрақ өз заңдарымен дербес дамитын үш процеске бөлудiң тамаша теориясын ұсынды. Олар əлеуметтiк процесс ( əлеуметтiк институттардың қалыптасуы), өркениеттiк процесс (ғылым жəне техниканың алға басуы) жəне мəдени процесс ( шығармашылық, өнер, дiн жəне философия). Вебердiң концепциясы бойынша, соңғы екi ғасырда АҚШ-тағы əлеуметтiк жəне өркениеттi процестердiң басымдылығы мəдени процеске нұқсан келтiрдi, ал Ресейде əлеуметтiк консерватизм үстемдiгi мен ғылыми-техникалық жағынан артта қалушылыққа қарамастан Х1Х ғасырда орыс мəдениетiнiң “алтын ғасыры” басталды. Еуропаның көптеген елдерiнiң басым көпшiлiгi бұл процестердiң арасында белгiлi бiр тепе-теңдiк сақтады, ал Жапония сияқты экономикалық жағынан жоғарғы дамыған мемлекеттерде өркениеттiк процесс тек екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн бұрын болып көрмеген қарқынмен дамыды. Вебер белгiлi бiр мемлекеттiң немесе дəуiрдiң бет-бейнесiн жасауда ең бiрiншi кезекте мəдени факторларға сүйендi. Ол мəдени қозғалыс иррациональды, ал оны жасаушы – рухани интеллектуальды депр қортындылады.






.

Рəмiздiк (символдық) мектеп – жаппай ақпарат құралдарының қарқынды дамуының нəтижесiнде кейiннен қалыптасқан мектеп болса да, ХХ ғасырда қалыптасқан мектептердiң арасында үлкен дебелге ие болды. Олай болса, кейбiр философтар мен социологтардың, қазiргi замандағы ғылыми-техникалық революцияның орнын “ақпараттық революция” басады деген пiкiрлер дұрсқа шыққан сияқты. Шындығында да, мəдениетке адамдардың өздерiнiң түрлi интеллектуалдық (ғылыми) жəне сезiмдiк (өнер) хабарды беру жəне бiлдiру (тiл жəне тағы басқа белгiлер) қабiлетi тұрғысынан қарайтын болсақ, онда адамның бүгiнгi таңдағы ақпараттық мəдениеттiң шыңына шығу сырын айқын түсiнуге болады. Алғашқы қауымдық құрлыс адамы рəмiздiк жүйе тiлiнде өзiнiң қарапайым ойларын дауыстық қашықтыққа ғана жеткiзе алды, ал уақыт шеңберi тұрғысынан қарастыратын болсақ, тастағы таңбалы суреттер пайда болғанға дейiн адам өзiнiң жан дүниесiнен хабардар ету қасиетiнен ада болатын. Тiлдiң дамуы, көркемдiк өнер мен жазудың пайда болуы- адамның ақпараттық қабiлетiн жоғары сатыға көтердi. Одан кейiнгi замандарда қатынас құралдары мен баспасөздiң пайда болуы, рəмiздiк жүйенi одан əрi байыта түстi. Дүбiрлi уақиғаларға толы ХХ-ғасыр адамзат баласының телеграфты, телефонды, радио мен киноны, телеарнаны, вдеоны т.б. кеңiнен қолдануы- хабарлар тарату мүмкiндiгiнiң шексiз екендiгiн, тiптi сонау космос кеңiстгiмен де байланыс орнатуға болатндығын тəжiрибе жүзiнде көрсетiп бердi. Хабарды беру жылдамдығы мен оларды беру сапасы да айтарлықтай өзгерiстерге ұшырады. Қоғамдағы бұл өзгерiстер мен жетiстiктер ғалымдардың адамзат мəдениетiнiң қайнар бұлағы – адамның “белгi беру”, “хабар беру” қабiлетi, оның тек өзiне тəн қасиетi деген қорытындыға келуiне себепкер болды. Бұндай көзқарастың қаылтасуына ақпараттық хабарларды қабылдау, дайындау, қайта өңдеу, мен сақөтау сияқты жалпы заңдылықтарын зерттейтiн семиотика, информатика, кибернетика жəне т.б. жаңадан туындаған ғылым салаларының дамуын айтуымызға болады. Соңғы кездерге дейiн таза гуманитарлық ғылым болып есептелiнiп келген мəдениеттану ғылымы осы жаңа ғылым салаларының арқасында техник əлемiне тiкелей шығуға жəне ЭВМ-дi құру сферасына қатысуға да мүмкiндiк алды. Түрлi ғылым салаарымен қатар жаппай коммуникация саласында да жемiстi еңбек етiп “рəмiздiк” мектептiң көптеген өкiлдерiнiң iшiндегi ең көрнектiлерi, осы мектептiң атасы болып саналатын ұлы ғалымдар Э.Кассирер мен К.Леви-Строс. Эрнст Кассирер (1874-1945) немiс философы, “Философия символических форм “(1923-1929) атты монументальдық еңбектiң авторы. Оның мəдениет жөнiндегi концепциясының негiзiнде, адамның жаппай жүйелi жəне ұдайы рəмiздер арқылы (рəмiз- белгiлi бiр идеяны бiлдiретiн бейне, зат , əрекет) берiлетiн қабiлет басты орын алады, яғни мəдениеттi семиотика тұрғысынан қарастырады. Оның пiкiрiнше, тiл, ғылым,нер, дiн, миф, жəне тюб. Адам өмiр сүрiп отырғансимволдық шеңбердiң құрамдас бөлiктерi. Жануарларданөзгеше, адамның символдық жүйесiнiң қоршауында болуының өзi, адам өмiрiнiң өзiндiк ерекшелiгi болып табылады.





.

Жер бетiндегi басқа тiршiлiк иелерiмен салыстырғанда адамзат баласы жəй ғана физикалық емес, нағыз (символдық) əлем дүниесiнде өмiр сүредi. Тiл, миф, өнер, дiн жəне т.б. адам баласының басқа датолып жатқан рухани көрiнiстерi – осы бiр жарық дүниенiң бөлшектерi болып саналады. Кассирер адамға бұраннан берiлiп дəстүрге айналған “ақылды жануар” деген атақтан мүлде бас тартып, адамды “рəмiздiк /симводық/ жануар” деп атауға ұсынады. Клод Леви – Строс (1908 жылы туған) — француз этнографы, əрi социологi, құрылымдық антропологияның негiзiн қалаушы. Бұл ғылымның негiзiнде мəдениет пен алғашқы қауымдық құрылыс тайпаларының əлеуметтiк құрылымын талдауда құрылымдық лингвистика мен информатиканың кейбiр əдiстерiн пайдалану жатыр. Леви-Строс артта қалған көптеген мемлекеттерде этнографиялық зерттеулер жүргiзудiң нəтижесiнде еуроорталықтық мен нəсiлшiлдiктi жоққа шығарады,”тағы” ұғымының жалаңдығын дəлелдей отырып сонау, неолит дəуiрiнде техникалық жəне индустриалдық прогрестiң негiзiн қалаған тағы адамдардың ойлау қабiлетiнiң өзiндiк ерекшелiктерi мен күшiне ерекше мəн бередi. Леви — Строс қауымдық құрлыс деңгейiндегi халықтарды артта қалған немесе дамымаған деп айтуға болмайды, өйткенi олар кейбiр жағдайда, кейбiр салаларда бүгiнгi өркениеттi елдердi артқа тастап кететiндей жетiстiктерге жетуi мүмкiн (К. Леви – Строс.Стуртурная антропология М., 1983. С.186) деп топшылайды. Ол Француз этнографы Жан Жак Руссо сияқты алғашқы қауымдық құрылыстың адамгершiлiк негiздерiн аса жоғары бағалай келiп, қазiргi заман өркениетiнiң салдарынан қаймыға бұзылған адам бойындағы сезiмдiк жəне рациональдық бастаманың бiрлiгiн қалпына келтiру қажеттiгi туралы ойға келедi.

Леви-Стростың құрылымдылық (структуралық) антропологиясында” миф-коллективтiк сананың басты мазмұны, тұрақты əлеуметтiк құрылымның негiзi” ретiнде қарастырылуы ерекше атап өтетiн жəйт болып саналады. Мифтiң ерекшелiгiн француз ғалымы былай деп айқындайды. “Миф өткенен ғана емес, сонымен бiрге қазiргi заман мен болашақтан да хабар бередi”. Мифология саяси идеологияны еске түсiредi, басқаша айтқанда, мифология мен идеология синонимдер. ХХ ғасырда талай мифтер (фашист рейхының “мың жылдық өмiрi” туралы гитлерлiк миф, “коммунизм салтанаты” жөнiндегi миф, дүниежүзiлiк революция туралы миф) өмiрге келсе, ал көне заманда адам тəрiздес құдайдың бар екендiгi туралы миф кеңiнен тараған. Ежелгi замандағы мифтердi еске алсақ, түрлi ағымдар мен доктриналарға толы қазiргi заман идеологиясы сол мифтер негiзiнде құрылған жоқ па екен деген ойға да ерiксiз келетiн сияқтымыз.